Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

Жамбыл облысында 400 шақырым суару каналын реконструкциялау басталды

Жамбыл облысында 400 шақырым суару каналын реконструкциялау басталды

Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

АСТАНА, 12 маусым – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі Ислам даму банкімен бірлесіп Жамбыл облысындағы 400 шақырым суару каналын реконструкциялауды бастады

Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында халықаралық қаржы ұйымдарының қолдауымен жүзеге асырылып жатқан ирригация каналдарын салу және реконструкциялау жобаларының барысымен танысты.

Жамбыл ауданында министр ұзындығы 9,2 шақырым болатын "Исмаил" каналындағы құрылыс-монтаж жұмыстарын көрді. Еуропалық қайта құру және даму банкінің қолдауымен жүргізіліп жатқан жұмыстар биыл қаңтар айында басталған. Қазіргі таңда каналдың 3,2 шақырым бөлігі реконструкцияланды.

Жоба аясында каналды бетондау, су шығару құрылғыларын, бөгет құрылыстарын және нөсер су ағызу жүйелерін орнату, сондай-ақ гидробекет салу көзделген. "Исмаил" каналы арқылы Аса өзенінен Жамбыл ауданының суармалы алқаптарына су жеткізіледі. Каналдың өткізу қуаты - секундына 6 текше метр. Реконструкция нәтижесінде 1454 гектар жерге су жеткізу жақсарып, шығын азаяды.

Одан кейін Нұржан Нұржігітов биыл басталған "Саза", "Төменгі Саза", "Айтақ", "Бошақай", "Бошақай-1" және "Бошақай-2" каналдарын бетондау жобаларының жүзеге асырылу барысымен танысты. Бұл жұмыстар Еуропалық қайта құру және даму банкімен бірлескен ирригация желілерін жаңғырту жобасы аясында үнемделген қаражат есебінен жүргізілуде. Жалпы алғанда үнемделген қаржыға облыста ұзындығы 85,5 шақырым болатын 14 каналды бетондау жобасы іске асырылып жатыр.

Байзақ ауданында министр "Өтеміс", "Сеңкібай" және "Белқожа" шаруашылықаралық каналдар жүйелеріндегі жұмыстарды тексерді. "Өтеміс" жүйесінде жалпы ұзындығы 28 шақырым болатын учаскелерге бетон төселіп, гидротехникалық нысандар жөнделіп және қайта жаңғыртылуда. Жоба іске асқаннан кейін жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 5131 гектарға дейін ұлғаяды. Қазір бұл нысан 1626 гектар егістік алқапты суармалы сумен қамтамасыз етіп отыр.

"Сеңкібай" шаруашылықаралық каналында ұзындығы 17,8 шақырым болатын учаске реконструкцияланды. Жалпы 21,8 шақырым канал жаңғыртылады. Барлық жұмысты жыл соңына дейін аяқтау жоспарланған.

"Белқожа" жүйесін реконструкциялау аясында жалпы ұзындығы шамамен 19,5 шақырым болатын учаскелер бетонмен қапталып, гидротехникалық нысандар жаңартылды. Қазіргі уақытта мердігер ұйым анықталған ескертулерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр. Жоба аяқталған соң жүйе арқылы суарылатын жер көлемі 2896 гектарға дейін ұлғаяды. Бүгінде нысан 1860 гектар егістікке су жеткізіп отыр.

Одан кейін министр Ислам даму банкінің қолдауымен жүзеге асырылып жатқан "Климатқа төзімді су ресурстарын дамыту" жобасының бірінші кезеңіне кіретін Ново-Михайлов каналының жұмыстарымен танысты. Байзақ ауданында осы жоба аясында жалпы ұзындығы 64 шақырымнан асатын 17 каналды жөндеу және қайта жаңғырту көзделген. Жобаларды 2027 жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған. Ал Жамбыл облысы бойынша жалпы ұзындығы шамамен 400 шақырым болатын 71 жоба іске асырылады.

"Облыста каналдарды бетондау мен реконструкциялау бойынша ауқымды жобалар жүзеге асырылып жатыр. Бұл бағытта үлкен жұмыс атқарылуда. Шетелдік инвестициялар тартылып жатыр. Сонымен қатар шаруалар су үнемдеу технологияларын белсендірек енгізуі қажет. Бұл жүзеге асырылып жатқан жобалардың тиімділігін арттырып, суару кезінде судың ысырабын едәуір азайтуға мүмкіндік береді. Мемлекет тарапынан бұл үшін субсидиялар түрінде барлық қажетті жағдай жасалған", - деді Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов.

Байзақ ауданында министр сондай-ақ жалпы ұзындығы шамамен 20 шақырым болатын "Сембет" және "Байзақ" магистральдық каналдарын бетондау жобасы аясындағы жер қазу және бетондау жұмыстарымен танысты. Бұл жұмыстар да ЕҚҚДБ-мен бірлескен өңірдің ирригация желілерін жаңғырту жобасы аясында үнемделген қаражат есебінен жүргізілуде.

Сонымен қатар министр МР-3 және МР-4 каналдарын аралады. Қазіргі уақытта жоспарланған 24 шақырымның 13 шақырымында қайта жаңғырту жұмыстары аяқталған. Жобаны жыл соңына дейін толық аяқтау көзделіп отыр. Нәтижесінде 2,4 мың гектар суармалы жерге судың тұрақты жеткізілуі қамтамасыз етіледі.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:122
embedДереккөз:https://sputnik.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Маусым 2026 10:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see165

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see162

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see158

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see158

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see142

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see139

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see129

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see123

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see123

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see122

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see119

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see117

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see116

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see107

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see106

Алматының элиталық ауданындағы өртті куәгерлер видеоға түсіріп алды

03 Қараша 2026 16:22see103

Аға буын өкілдерімен сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттары талқыланды

03 Қараша 2026 17:44see101

Павлодарлық мектеп оқушысының ағасы ChatGPT ге айтқан сырынан кейін 20 жылға сотталды

03 Қараша 2026 16:45see100

Жолдастары альпинисті беткейде қалдырып кетті: Австрия тауларында нағыз драма орын алды

03 Қараша 2026 18:15see100

Ауруханаға дене қызуымен түскен : Шымкентте төрт айлық сәбидің бірнеше башпайы кесілді

03 Қараша 2026 16:12see100
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары