Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жамбылдық мұғалім жасанды интеллект негізіндегі виртуалды көмекші әзірледі

Жамбылдық мұғалім жасанды интеллект негізіндегі виртуалды көмекші әзірледі

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып мәлімдеме жасады..

Жамбыл облысында жаңашылдыққа ұмтылып, заманауи оқыту тәсілдерін тәжірибеге енгізіп жүрген педагогтердің басын қосқан «Ізденіс. Тәжірибе. Нәтиже» форумы өтті. Партияның облыстық филиалы мен өңірлік білім басқармасының ұйымдастыруымен өткен іс-шара педагогтер арасында тәжірибе мен идея алмасуға арналған алаңға айналды. Форум барысында заманауи білім беру технологияларын тиімді қолдану, сондай-ақ ұлттық және дәстүрлі тәрбие құндылықтарын оқу үдерісімен ұштастыру мәселелері талқыланды, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Тамыз конференциясының пленарлық отырысында мемлекет білім беру жүйесін дамытуға айрықша мән беріп отырғанын атап өтті. Мұғалімдердің беделін арттыру және оларға жан-жақты қолдау көрсету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізіліп жатыр. Биыл «Педагог мәртебесі туралы» заңға білім беру саласының қызметкерлеріне қосымша құқықтық және әлеуметтік кепілдіктер беруді көздейтін бірқатар өзгеріс енгізілді.

Қазіргі уақытта мұғалімнің қоғамдағы рөлі қарқынды өзгеруде. Педагог енді тек білім беріп қана қоймай, цифрландыру дәуірінде баланың жан-жақты дамуына бағыт-бағдар беретін тәлімгерге айналып отыр. «Әділет» партиясы Жамбыл облыстық филиалының төрағасы Дәурен Каипов білім беру саласының дамуы, адами капиталды нығайтумен тікелей байланысты екенін атап өтті.

«Бүгінде партия мүшелерінің шамамен үштен бірі – мұғалімдер. Бұл – біз үшін үлкен сенім әрі зор жауапкершілік. Сондықтан педагогтердің кәсіби ізденістерін қолдау және озық тәжірибелерімен бөлісуіне мүмкіндік жасау маңызды. Цифрлық технологиялар мен жасанды интеллект білім беру саласына жаңа мүмкіндіктер ұсынып отыр. Алайда олардың басты мақсаты – балаға сапалы білім мен саналы тәрбие беруге қызмет ету», – деп атап өтті Дәурен Каипов.

Қатысушылар баяндама жасап қана қоймай, өз тәжірибелерінен алынған нақты мысалдар мен тиімді тәжірибелерді ортаға салды. Солардың қатарында ерекше әсер қалдырған Тараз қаласындағы №1 гимназияның тарих пәні мұғалімі Әділбек Қыздарбеков болды. Ол ақпараттық технологиялар саласының маманы болмаса да, жасанды интеллект негізінде жұмыс істейтін виртуалды көмекші әзірлеген.

Жоба идеясы қарапайым қажеттіліктен туындады. Еңбек жолын енді ғана бастаған жас мамандар жоғары жүктемеге, күрделі жағдайларға және психологиялық күйзеліске жиі тап болады. Әділбек Қыздарбеков әзірлеген виртуалды кеңесші сабақ жоспарын құруға емес, педагогтерге рухани қолдау көрсетуге бағытталып отыр. Мұғалім жасанды интеллект жүйесіне «Мен шаршадым, өзімді қалай қалыпқа келтірсем болады?» немесе «Жұмыста келіспеушілік туындады, оны қалай шешуге болады?» деген сұрақтар қойып, тиісті кеңес алады.

Осындай жаңашыл бастамаларды талқылау ашық пікірталас алаңында жалғасын тапты. Тараз қаласы мен облыс аудандарынан келген он қатысушы цифрлық құралдарды білім беру үдерісіне енгізу, балалардың қабілеті мен талантын дамыту, сондай-ақ педагогикалық көшбасшылықтың жаңа бағыттары жөнінде пікір алмасты. Жобаларды таныстырып, оны қорғаумен қатар, мұғалімдер өздерінің күнделікті еңбек жолы мен кәсіби қызметі туралы эссе жазып, бейнероликтер дайындады.

Форумның барлық кезеңінің қорытындысы бойынша қазылар алқасы мазмұнды әрі өзектілігі жоғары жобаларды анықтады. Бірінші орынға жасанды интеллект негізіндегі виртуалды көмекші әзірлеген Әділбек Қыздарбеков ие болды. Екінші орынды Тұрар Рысқұлов ауданынан келген Ақжарқын Сәрсенбай иеленді. Үшінші орын Сарысу ауданынан Гүлзипа Сыздықова мен Байзақ ауданынан Жаңыл Рахметқұловаға берілді. Жеңімпаздар диплом және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Ал форумға қатысқан барлық педагог белсенді атсалысқаны үшін арнайы сертификаттарға ие болды.

«Әділет» партиясы үшін мұндай бастамаларды қолдау – білім беру саласының дамуына және болашақ ұрпақтың әлеуетін арттыруға бағытталған маңызды қадам. Заманауи технологиялар мен авторлық педагогикалық әдістемелердің тиімді үйлесуі білімі терең, ойлау қабілеті жоғары әрі жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеуге мүмкіндік береді.

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:147
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 18:00
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары