Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жаңа кітапхананың жаңалығы мол

Жаңа кітапхананың жаңалығы мол

Aikyn.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Мемлекет басшысы жиында биылғы жыл Қызылорда облысы үшін маңызды бастамалардың тоғысқан кезеңі болатынын жет­кізді. Атап айтқанда, жыл енші­сін­де өңірде жаңа заманауи кітап­хана мен драма театр құрылысы жоспарланып отырғанын жария­лады. Өз кезегінде бұл жобалардың әрбірі аймақтың мәдени-рухани дамуына тың серпін беретінін ерекше атап өтті.

Жалпы, Сыр өңірінде кітап­ха­на салу бастамасы жоғары мәнге ие. Жаңа құтхана тек кітап сақ­тай­тын орын емес, білім мен мәден­иеттің, цифрлық технологиялар мен инновациялардың орта­лы­ғына айналдыруға бағытталып отырған бірегей жоба саналады. Өйткені жаңа кітапхана ғимара­тын заманауи инфрақұрылыммен жабдықталған көпфункционалды орталыққа айналдыру көзделген.

Аймақтық айшықты келбетіне айналатын жаңа кітапхана ғима­раты өңірдің ірі зияткерлік орта­лығы болады деп күтілуде. Жалпы аумағы 13 мың шаршы метрді құрайтын нысанда миллионнан астам кітап қоры сақталатын болады. Оған жыл сайын 300 мың­ға жуық оқырман келіп, білім нәрімен сусындайды деп жос­пар­ланған. Заманауи құтханада ашық оқу залдары, медиа-зертхана, подкаст студиясы және цифрлық ресурстармен жұмыс істеуге ар­нал­ған арнайы кеңістіктер қарастырылатын болады.

Негізі, Қызылорда облысы­ның кітапхана саласында соңғы жылдары қарқынды даму үдерісі байқалады. Бүгінде өңірдегі 209 мемлекеттік кітапхана халыққа заман талабына сай қызмет көр­сетіп келеді. Бұл жөнінде Әбділда Тәжібаев атындағы Қызылорда облыстық әмбебап ғылыми кітапханасы басшысының мінде­тін атқарушы Айгүл Жанғабылова­дан сұрап білдік.

«Аймақта кітап оқу мәдениетін қалыптастыру бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Халықтың кітап оқуға деген қызығушылы­ғының артып келе жатқаны бай­қалады. Мұны кейінгі кездегі оң көрсеткіштен байқауға болады. Атап айтқанда, өткен жылдың қоры­тындысы бойынша кітапха­налар 266 103 оқырманды қамты­ған. Сондай-ақ былтыр облыс кітапханаларында 10 818 мәдени іс-шара ұйымдастырылып, оған 257 557 адам қатысты. Бұл іс-ша­ра­лар оқырман санын арттырып қана қоймай, рухани құндылық­тарды дәріптеуге де үлкен үлес қосып отыр», – дейді бұл жөнінде Айгүл Есенқызы.

Кітапхана басшылығының мәлімдеуінше, облыста жастарды кітапханаға тарту мақсатында жаңа форматтағы жүйелі бастама­л­арға бетбұрыс жасала бастады. Оның ішінде кітапханалардан  коворкинг орталықтарын ашу ісінде ілгерілеушілік бар. Нәти­жесінде, аймақтағы 89 кітапханада коворкинг орталығы жанданып, жастардың білім алып, шығарма­шылықпен айналысуына мүм­кіндік беретін заманауи алаңға айналдырыпты.

Өткен жылы Ә.Тәжібаев ат­ын­дағы облыстық әмбебап ғыл­ыми кітапханасы ғимаратына ауқымды жөндеу жұмыстары жүргізілген. Соның негізінде оқу залы, өнер залы, мерзімді басы­лымдар бөлімі, коворкинг орта­лығы мен электронды оқу залы жаңартылып, мүмкіндігі шектеулі азаматтарға қолайлы жағдай жа­сал­ды. Мұны кітапхананы зама­науи талаптарға сай бейімдеудің нақты көрінісі деуге болады.

«Аймағымызда ашылған «Руханият» орталықтары да кітапхана қызметінің жүйесіне жаңа серпін беріп отыр. Әсіресе, аудандарда ашылған  орталық­тарда түрлі мәдени-танымдық шара өткізіліп тұрады. Оған келушілер саны да жыл санап артып келеді. Осы орайда облысқа қарасты Сырдария ауданындағы Нағи Ілиясов және Бесарық ауыл­дық кітапханалары жергілікті кәсіпкерлердің қолдауымен тол­ық­тай жаңғыртылғанын да ерек­ше атап өтер едім. Биылғы өңірде өткен Ұлттық құрылтай барыс­ында Мемлекет басшысы Қыз­ыл­­­ордада заманауи кітапхана салу қажеттігін атап өткені көпке мәлім. Бұл бастама сала маман­да­рына жігер сыйлады. Жаңа орталық еліміздің мәдени-рухани дамуына тың серпін беретініне зор сеніммен қараймыз», – дейді облыстық әмбебап ғылыми кітап­ханасы басшысының міндетін атқарушы.

Өңірде кітапхана ісін дамыту арқылы білім беру, мәдениет, ақпарат және демалыс орталығын қалыптастыру жоспары бар. Бұл бағытта кітапханалар дәстүрлі кітап мәдениеті мен заманауи цифрлық технологияларды қатар үйлестіріп келеді.

Биылғы 2026 жыл Прези­денттің пәрменімен «Цифрлан­дыру және жасанды интеллект жылы» деп жариялағаны мәлім. Бұл кітапхана саласына да жаңа міндеттер жүктеп отырғаны аң­ғарылады. Яғни, кітапханашылар атаулы жыл аясында жасанды интеллект мүмкіндіктерін пайда­ланып, оқырмандарға қызмет көрсетуді жетілдіре бастаған. Нақты айтқанда, цифрландыру бағытында  облыстық әмбебап ғылыми кітапханасында 74 компьютер жергілікті желіге қосылып, интернет 100 мбит/сек жылдамдықта жұмыс жасап тұр. Соның негізінде, электронды каталогтағы кітап саны 403 091 данаға жетсе, оның ішінде қазақ тіліндегі кітап қорының үлесі айтарлықтай басым.

Сонымен қатар бүгінгі күнге дейін кітапханада 9399 кітап (1 858 119 бет) цифрлық форматқа көшірілген. Сол сияқты сирек қордағы 917 кітап пен облыстық газеттердің жүздеген топтамасы да цифрландырылғанын айтады.

Кітапхана басшысы сала ма­мандарының жетістіктерімен де мақтанатынын жеткізді. Бұл тұрғыда өткен жылы кітапхана­шылар республикалық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болып, кәсіби біліктіліктерін жоғары деңгейде таныта білгенін ерекше атап өтті.

Жалпы, Сыр өңіріндегі дәстүр мен жаңашылдықты ұштастырған руханият ордаларында атқарылған жұмыстардың ауқымы кең. Ал­дағы уақытта заманауи талаптарға сай салынатын жаңа кітапхана аймақтың зияткерлік әлеуетін ны­ғайтып, цифрландыру мен жасанды интеллект мүмкіндік­терін одан әрі кеңінен пайдалануға оң ықпал боларына сенім зор.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:157
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Сәуір 2026 04:08
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see140

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see138

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see137

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see137

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see136

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see135

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see134

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see129

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see128

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see126

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see125

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see124

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see124

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see123

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see123

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see121

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see121

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see117

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see116

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары