Жаңа Конституция күшіне енді: Теңге ресми конституциялық мәртебеге ие болды
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..
Фото: istockphoto.com
Ұлттық банктің мәліметінше, бұл норма теңгенің ұлттық валюта, төлем және жинақтау құралы ретіндегі құқықтық мәртебесін айқындайды. Сонымен қатар ұлттық валютаны эмиссиялау құқығының тек мемлекетке тиесілі екеніне кепілдік береді.
Ұлттық банк бұл шешімнің стратегиялық әрі институционалдық маңызы жоғары екенін атап өтті. Ұлттық валютаның конституциялық мәртебеге ие болуы ұзақмерзімді ақша-кредит саясатын жүргізудің құқықтық негізін күшейтіп, қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге ықпал етеді.
Сондай-ақ бұл өзгерістер азаматтардың, бизнестің және халықаралық серіктестердің ұлттық ақша жүйесіне деген сенімін арттырып, елдің орнықты экономикалық дамуы мен макроэкономикалық тұрақтылығына берік негіз қалайды.
Жаңа Конституцияға сәйкес Ұлттық банк сәйкес инфляцияны төмендету және Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақтылығын нығайтуға бағытталған ақша-кредит саясатын жалғастыратынын мәлімдеді.
Еске сала кетейік, жаңа Конституция 11 бөлім мен 95 баптан тұрады. Мұнда 77 бап жаңарып, 4 бөлімнің атауы өзгерді.
Айта кетейік, бүгіннен бастап елімізде Жаңа Конституция күшіне енді. Соған байланысты Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына үндеу жасады.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:26
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Шілде 2026 15:55 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















