Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт бағдары

Жаңа Конституция жобасы: ел тұрақтылығының бағыт бағдары

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алматы қаласында Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева бастаған «Әділетті және прогрессивті Қазақстанның халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық коалициясы мүшелері бірқатар кездесу өткізді.

Суретті түсірген – Юрий Беккер

Шығармашыл ұйымдардың парасаты мен ұстанымы

Аталған топ алдымен шығармашылық зиялы қауым өкілдерімен кездесті. Жиын барысында коалиция мүшелері – Мәжіліс депутаты Аманжол Әлтай, Қазақстан Жазушылар одағының төрағасы Мереке Құлкенов, халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігінің президенті Рауан Кенжеханұлы сөз сөйлеп, конституциялық реформалар тарихи сабақтастықты сақтай отырып, мемлекетті дамудың жаңа сапалық кезеңіне бастайтынын атап өтті.

Жиынға мәдениет және өнер сала­сы­ның таны­мал өкілдері, шығар­ма­шылық одақ­­тардың жетек­шілері, жоғары оқу орын­дарының профессорлық-оқыту­шы­­лық құрамы, студенттер, сондай-ақ министр­лікке қарасты ұйымдардың басшылары мен қызметкерлері қатысты.

Кездесу барысында вице-премьер елімізде жүргізіліп жатқан ауқымды сая­си реформалар мен жаңа Конституция жобасының мән-маңызына кеңінен тоқталды. Ол Мемлекет басшысының Әділеттілік, Заң мен тәртіп қағидаттарына негізделген бастамалары ел дамуының жаңа кезеңін айқындап отырғанын атап өтті.

Аида Балаева 15 наурызда өтетін рес­публикалық референдумның тарихи маңызына назар аударып, бұл таңдау тек бүгінгі буын үшін емес, келер ұрпақ үшін де жауапты шешім екенін айтты. Сонымен қатар Конституциялық комиссияның жарты жылға жуық уақыт бойы қоғаммен ашық форматта жұмыс жүргізгенін, мыңдаған ұсыныс қаралып, жаңа редакцияда ескерілгенін жеткізді.

Вице-премьер жаңа Конституция жобасының өзегі – адам құқықтары мен бос­тан­дықтарын ең жоғары құнды­лық ретінде айқындау екенін атап өтті. Преамбулада бір­лік пен ынтымақ, ұлтаралық және дінаралық келісім, егемендік пен аумақтық тұтас­тық өзгермейтін құндылықтар ретін­де бекітілгенін айтты.

Сондай-ақ жаңа редакцияда мәдениет пен руханият мәселелеріне ерекше мән берілгені атап өтілді. Атап айтқанда, тарихи-мәдени мұраны сақтау, төл мәдениетті қолдау, зияткерлік меншікті қорғау, шы­ғар­машылық еркін­дікті қамтамасыз ету нормалары конс­ти­ту­циялық деңгейде айқындалған. Алғаш рет азаматтардың цифрлық ортадағы құқық­тарын қорғау туралы норма енгізілгені де айтылды.

«Жаңа Конституция жобасының ең басты өзегі – азаматтардың игілігі, елдің тұрақты дамуына негізделуі. Жаңа преамбулада адам құқықтары мен бостан­дықтары алғаш рет мемлекеттің ең жоғары басымдығы ретінде айқын белгіленді», деді А.Балаева.

Оның айтуынша, жаңа редакцияда бірлік пен ынтымақтастық, ұлтаралық және дінаралық келісім Қазақстан мем­лекеттілігінің берік іргетасы ретінде бекітілген. Егемендік пен Тәуелсіздік, елдің аумақтық тұтастығы өзгермейтін құндылықтар санатына енгізілген.

Сонымен қатар коалиция мүшелері өз сөздерінде әділеттілік, заң мен тәртіп, табиғатқа жауапкершілікпен қарау қағи­дат­тары алғаш рет Негізгі заң деңгейінде айқындалып отырғанын атап өтті. Бұл қоғамдағы әділдік пен тәртіпті нығайтып қана қоймай, келер ұрпақ алдындағы экологиялық жауапкершілікті де заңдық тұрғыда бекітетінін жеткізді.

Өз кезегінде вице-премьер жаңа Ата заңның бүкіл қоғам үшін ортақ жауап­кер­шілік екенін ерекше атап өтті.

«Жаңа Ата заңның тағдыры – тек заңгер­лер мен саясаткерлердің емес, бүкіл қоғам­ның ортақ ісі. Әсіресе мәдениет пен өнер саласының өкілдері үшін бұл құжаттың мәні терең», деді ол.

Кездесуде жаңа Конституция жобасында мәдениет, ғылым мен білімді дамытуға ерекше мән берілгені айтылды. Алғаш рет «тарихи-мәдени мұраны сақтау» мен «төл мәдениетті қолдау» негізгі қағидаттар ретінде айқындалып отыр. Сондай-ақ азаматтардың тарихи және мәдени мұраға ұқыпты қарау міндеті бекітілген.

Мемлекет мәдени әралуандықты, ғылыми ізденісті және білімге негізделген дамуды стратегиялық басымдық ретінде белгілейді. Зияткерлік меншікті қорғау конституциялық деңгейде бекітіліп, шығармашылық еркіндік мазмұндық тұрғыдан нақтыланған.

Бұдан бөлек, алғаш рет азаматтардың құқықтарын цифрлық ортада қорғау туралы норма енгізілген. Бұл жаңа технологиялар дәуірінде адамның жеке деректері мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Отбасы институтына қатысты да нақты норма бекітілген. Конституцияда неке ер адам мен әйел адамның ерікті таңдауы мен тең құқығына негізделген одақ екені айқын көрсетілген. Жалпы алғанда, жаңа Конституция жобасы адам құқықтарына түбегейлі бағдарланған және жаңа қоғамдық келісімнің берік негізін қалыптастыруға бағытталған құжат ретінде ұсынылып отыр.

«Бұл референдум – кезекті саяси науқан емес, болашағымыздың басты құқықтық кепілі. Оның сәтімен өтуі сіз бен бізге тікелей байланысты. Сондықтан баршаңызды жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырамын», деді А.Балаева.

Кездесуде театр және кино актері, Қазақ­станның Халық әртісі Болат Әбділманов, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясының ректоры Арман Жүдебаев, Қазақстан Республикасы Ұлттық орталық музейінің директоры Сержан Саров және өзге де қатысушылар жаңа Конституция жобасына қатысты пікір білдіріп, саланы одан әрі дамыту бағытындағы ұсыныстарын ортаға салды. Қатысушылар елдің болашағы үшін жауапты таңдау жасау қажеттігін атап өтті.

Жиын соңында қатысушылар конс­титуциялық реформаның ел бола­шағы үшін стратегиялық маңызына тоқта­лып, референдумның сәтті өтуі барша аза­мат­тың жауапкершілігі екенін атап өтті. Өз кезегінде А.Балаева барша қазақстандықтарды 15 наурызда өтетін референдумға белсенді қатысуға және жаңа Конституция жобасын қолдауға шақырды. 

Ұлттық зияткерлік арқауы

Бұдан соң Премьер-министрдің орынбасары бастаған жалпыұлттық коалиция­сы­ның мүшелері ғылыми қауымдастық өкіл­дерімен кездесті. Жиын жаңа Конс­титуция жобасының маңызы мен оның зияткерлік әрі инновациялық ұлт қалып­тас­­тырудағы рөліне арналды. Кездесу барысында білім, ғылым және инновация салалары ел дамуының негізгі ресурстары мен қозғаушы күшіне айналып отырғаны атап өтілді.

– Білім, ғылым және инновациялар жаңа экономикалық өсім моделінде шешуші орын алады. Бұл – табиғи ресурстар мен өндірістік әлеуетпен қатар, адам капиталы сапасының алдыңғы орын­­­ға шығуы деген сөз. Жаһандық эко­но­­­микалық дағдарыстар мен геосаяси тұрақ­сыздық кезеңінде елдің бәсекеге қабі­леттілігі ең алдымен азаматтардың білімі мен кәсіби деңгейіне байланысты, – деді Аида Балаева.

Министр жаңа Конституция жобасы азаматтардың әл-ауқатын арттыруға және мемлекеттің орнықты дамуын қамтамасыз етуге бағытталғанын, онда адам құқықтары ең жоғары құндылық ретінде айқындалғанын жеткізді. Цифр­ландыру мен технологиялық трансформация үдерісінде ғылыми әзірлемелер мен ұлттық зияткерлік әлеуетті дамыту айрықша маңызға ие болмақ.

Өз кезегінде Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек конституциялық реформа еліміздің жаңа даму үлгісіне көшуін заңдық тұрғыда бекітетінін атап өтті.

– Бүгінде басты ресурс – шикізат та, инфрақұрылым да емес, азаматтардың интеллекті, білімі мен құзыреті. Қабыл­данған өзгерістердің формалды орындалуы емес, олардың жүйелі әрі толық жүзеге асуы – Әділетті Қазақстанды құру жолындағы негізгі міндет, – деді министр.

Кездесуде ғылыми қауым өкілдері де өз пікірлерін білдірді. Атап айтқанда, Ұлттық ғылым академиясының вице-президенті Асқар Жұмаділдаев, Философия, саясаттану және дінтану институтының бас директоры Айгүл Сәдуақасова, Ұлттық ғылым академиясының академигі Вячеслав Локшин, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Болат Тілеп, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Жансейіт Түймебаев ғылым мен білім басымдықтарын конституциялық деңгейде бекітудің стратегиялық маңызын атап өтті.

– Бұл референдум – ел дамуының маңызды кезеңі. Азаматтардың саналы таңдауы құқықтық жүйенің нығаюына және мемлекеттік институттарға деген сенімнің артуына тікелей әсер етеді. Сондықтан ғылыми қауымдастықтың қоғамдық диалогке қосар үлесі ерекше, – деп түйіндеді А.Балаева.

Кездесу соңында қатысушылар респуб­ликалық референдумға белсенді қатысу­дың елді жаңғырту мен оның зияткерлік әлеуетін күшейтудегі шешуші қадам екенін ерекше атап өтті.

АЛМАТЫ 

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Михаил Шайдоровты Олимипиада чемпионы атануымен құттықтады

Президент • Бүгін, 09:15

Әуе тасымалының әлеуеті заманауи авиациялық хабқа айналуы керек

Экономика • Бүгін, 09:10

Су үнемдеу мәдениетінің өзектілігі

Қоғам • Бүгін, 09:05

Екі ойыншықтың бірі – жарамсыз әрі қауіпті

Қоғам • Бүгін, 09:00

Ойшыл туралы ой

Тұлға • Бүгін, 08:55

Жеңіс жалауын желбіреткен жасақ

Айбын • Бүгін, 08:50

Әскери дрон – қуатты қару

Айбын • Бүгін, 08:40

Аманатқа адалдық

Қоғам • Бүгін, 08:35

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:30

Рубиндегі ертоқым

Жәдігер • Бүгін, 08:25

«Париждегі екі әйел»

Өнер • Бүгін, 08:20

Күн қайда асығады?

Қоғам • Бүгін, 08:15

Көлік өтетін бекеттердің тиімділігі артады

Экономика • Бүгін, 08:10

Міндет – айқын, талап – нақты

Саясат • Бүгін, 08:05

Саяси жүйені нығайту қадамы

Саясат • Бүгін, 08:00

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:216
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 14 Ақпан 2026 10:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары