Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жаңа Конституция жобасында адвокатура институтының рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінген Абзал Құспан

Жаңа Конституция жобасында адвокатура институтының рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінген Абзал Құспан

Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..

Астанада «Конституциялық реформа және қоғамдық диалог: келешекке бағдар» атты сарапшылар алаңы өтті. Іс-шараға Парламент депутаттары, саясаттанушылар, академиялық қауымдастық өкілдері, журналистер мен қоғам қайраткерлері қатысты. Қатысушылар жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін және орнықты мемлекеттің институционалдық архитектурасын қалыптастыруға бағытталған өзгерістерді талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz. 

Талқылау барысында білімге негізделген қоғамды дамыту, инновацияларды қолдау және азаматтардың цифрлық құқықтарын қорғау мәселелеріне де ерекше назар аударылды.

«Жаңа Конституция институттары: орнықты мемлекеттің архитектурасы» атты бірінші панельдік сессияда Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан сөз сөйлеп, Конституция жобасының азамат құқықтарын қорғау бағытындағы негізгі жаңалықтарына тоқталды.

Депутаттың айтуынша, жаңа Конституция жобасы тек құқықтық құжат қана емес, адамға бағытталған мемлекеттік басқарудың жаңа философиясын қалыптастырады.

«Жаңа Конституцияның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын нығайтып, әділетті мемлекет құру. Негізгі заңның преамбуласында адам, оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары мемлекеттің ең жоғары құндылықтары ретінде белгіленген», – деді Абзал Құспан.

Оның айтуынша, жобада азаматтардың құқықтарын қорғауға ерекше мән берілген. Мемлекет әрбір адамның ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауға, жеке өмірінің қол сұғылмауын қамтамасыз етуге міндетті. Сонымен қатар заң алдындағы теңдік қағидасы күшейтіліп, азаматтардың құқықтары бұзылған жағдайда оларды әділ қорғаудың тиімді тетіктері қарастырылған.

Депутат жаңа Конституция жобасындағы маңызды жаңалықтардың бірі – жеке тұлғаны қорғаудың құқықтық кепілдіктерін күшейту екенін атап өтті. Осы мақсатта халықаралық тәжірибеде кеңінен танымал «Миранда қағидасына» ұқсас нормаларды енгізу ұсынылады.

«Бұл қағида бойынша адамды ұстау кезінде оған өзінің негізгі құқықтары түсіндірілуі тиіс. Атап айтқанда, азаматтың үндемеу құқығы, адвокаттың көмегін пайдалану құқығы және қажет болған жағдайда тегін заң көмегін алу мүмкіндігі қамтамасыз етіледі», – деді депутат.

Сонымен қатар жаңа Конституция жобасында адвокатура институтының рөлін күшейтуге ерекше көңіл бөлінген. Адвокатураны Конституция деңгейінде бекіту азаматтардың құқықтарын қорғаудың қосымша кепілдіктерін қалыптастыруға мүмкіндік береді.

Жобада құқықтық суверенитет қағидасына да ерекше назар аударылған. Бұл қағида бойынша Конституция мемлекет аумағындағы ең жоғары заңдық күшке ие болады, ал халықаралық шарттар ұлттық негізгі заңнан жоғары тұрмауы тиіс.

Конституциялық реформаның тағы бір маңызды бағыты – Конституциялық сот институтын күшейту. Ұсынылып отырған өзгерістерге сәйкес, Конституциялық сот мемлекеттік органдармен қатар азаматтардың да өтініштерін қарай алады. Егер қандай да бір нормативтік құқықтық акт азаматтың конституциялық құқықтарын бұзса, азамат тікелей Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндігіне ие болады.

Депутаттың пікірінше, жаңа Конституция құқықтық әрі әділетті мемлекет құруға бағытталған маңызды қадам болмақ.

«Конституцияда белгіленген теңдік қағидасына сәйкес, ұлтына, діни нанымына немесе әлеуметтік жағдайына қарамастан, барлық азаматтардың құқықтары бірдей қорғалуы тиіс. Сондықтан жаңа Конституцияның басты мақсаты – әрбір азаматтың өз әлеуетін іске асыруына, жеке табысқа жетуіне және әл-ауқатын арттыруына мүмкіндік беретін әділетті құқықтық жүйе қалыптастыру», – деп түйіндеді Абзал Құспан.

Сарапшылар алаңындағы талқылау конституциялық реформаның тек мемлекеттік институттарды жаңғыртуға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған құндылықтық негізді қалыптастыруға арналғанын көрсетті.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Наурыз 2026 14:36
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары