Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Абзал Құспан: Президенттің айналасына топтасу ғана қалады

Абзал Құспан: Президенттің айналасына топтасу ғана қалады

Arasha.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан жаңа конституциялық жоба аясындағы өзгерістерге қатысты өз ұстанымын arasha.kz тілшісіне айтып берді. Ол қазіргі геосаяси ахуал, ұлттық қауіпсіздік мәселелері және Қазақстанның тарихи-саяси ерекшеліктері тұрғысынан президенттік басқару институтын сақтау маңызды деп есептейді.

– Жаңа конституциялық жобадағы ең елеулі өзгеріс мемлекет басшысының өкілеттігіне қатысты. Президенттің өкілеттігіне тым басымдық беріліп отырған жоқ па?

– Менің ойымша, әлемде көптеген мемлекеттер бұл тұрғыда өзгерістерге барады деп есептеймін. Өйткені қазір әлемде болып жатқан геосаяси шиеленістерді көріп отырмыз. Бір елдің екінші елге барып, ұрыс қимылдарын жүргізуі. Төрт жылдан бері жалғасып жатқан соғысты былай қойғанда, бір елдің мемлекет басшысын оп-оңай ұрлап алып кетуі, Біріккен Ұлттар Ұйымы ықпалының күрт төмендеуі – мұның бәрі бізге етек-жеңімізді жиюға мәжбүрлейді, шешімдердің тез қабылдануын қажет етеді.

Ұзақ кеңеске салатын болсақ, көптеген мәселеде біз қиындыққа тап болуымыз мүмкін. Осы бір апта бұрынғы жаңалықтарды қарасаңыз, Данияның астанасы Копенгагенде жиналыс өтіп жатыр. Мен Еuronews-тан ғана көріп қалдым, арнайы құжаттарын қарағаным жоқ. Сонда «Еуропаның адам құқықтары жөніндегі конвенциясын қайта қарауымыз керек» деп мәселе көтеріп жатыр. Бүкіл әлемге өз моделін ұсынып, соны талап етіп отырған Еуропаның өзі «адам құқығы мәселесін тым жайып жібердік, енді біздің етек-жеңімізді жинайтын уақыт келді» деген мәселені айтып жатыр. Өйткені Еуропаға барып жүрген адамдар көріп жүр. Бәріміз де көріп жүрміз, оларға босқындар қаптап кетті. Олар адам құқығы деп, «азамат, ұлт деп бөлмейміз, бәрі адам, адамның бәрінің құқығы тең» дейді. Ол жақсы норма. Демократиялық құндылық жөнінен алып қарасақ, өте тамаша! Оны жоққа шығара алмаймын. Бірақ сол елдердің ұлттық қауіпсіздігіне зор нұқсан келтіретін бағыт.

Ресми тұлғалардың тарапынан «шекарамызды бекітпесек болмайды» деп айтылып жатыр. Бұл тек Қазақстанда ғана емес, әлемдегі үрдіске айналғалы отыр.

Қазақстан – унитарлы ел, федеративті ел емес. Екіншіден, біз президенттік басқарудағы елміз. Ол сонау тоқсан үшінші жылғы Конституцияда солай болды, қазіргі тоқсан бесінші жылғы Конституцияда да солай. Біз осы қалпымызды сақтап қала береміз. Бізге басқа жол жоқ.

Менің Парламенттің рөлін күшейтуге қатысты ұсыныстарым бар, бірақ ол «парламенттік республика» деген әңгіме емес. Таяу арада ол біздің еліміз үшін мүмкін емес мәселе. Біздің еліміз президенттік мемлекет болып қала береді, сондықтан Президенттің айналасына топтасу ғана қалады.

– Неге парламенттік республика сіз үшін мүмкін емес?

– Онда сіз қойып отырған сұрақтың барлығы актуалдылығын жойып алады. Шешімдер басым дауыспен қабылданады. Басым дауысты сіз реттей алмайсыз. Депутаттардың көңіл күйі қалай толқиды, солай шешім қабылданып кететін болады.

ТМД елдерін қараңыз,парламенттік басқару нысанындағы қай елді көріп отырсыз?! Барлығы президенттік басқару нысанында. Неге? Неге десеңіз, ол түсінікті. Абай айтпақшы, «әр нәрсенің шегі бар, шегінен асса боғы шығады». Бұл мәселеде де шегінен шығып кетпеуіміз керек.

Қазақстанның геосаяси орналасуы өте күрделі. Абылайдың заманында да оңай болмаған. Мен осыдан 4–5 жыл бұрын ХХІ ғасырда мұндай деңгейде ұрыс қимылдары болады деп ойлаған жоқпын. Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін ондай соғыс болмайды дегенге сенімді едім. Бірақ қазір көріп отырмыз ғой – «кім күшті, соныкі дұрыс» деген принципке келіп жатырмыз. Ал сондай жағдайда әрбір шешімді көпшіліктің дауысына салып отыратын болсақ, оның зардаптары қандай болатынын болжап біле алмаймыз.

Бір ағамыздың сөзі бар, қателеспесем, Ауған соғысының ардагері Бақытжан Ертаев айтқан болуы керек: «Батыр таққа таласпайды, батыр тақты қорғайды». Қазіргі Президент орынтағында қандай басшы отырғаны маңызды емес, біз қазіргі тақты қорғауымыз керек. Сол үшін соның айналасына жиналуымыз керек.

Иә, «Президент те адам, қателесуі мүмкін» дейтіндер бар. Не үшін Парламент бар? Не үшін сот бар? Не үшін азаматтық қоғам бар? Үнімізді жеткізіп, қажет болса түзетеміз. Бірақ жедел шешім қабылдау үшін президенттік тетік қажет.

Мен 2023 жылға дейін Назарбаевтың өзіне де, оның айналасына да өте қатты қарсы болғанмын. Жаңаөзен оқиғасында тегін адвокат болып жүріп, ОБСЕ-мен бірге талай жұмыс істедік, талай үлкен-үлкен мәлімдемелер жасадым, 2016 жылғы жер митингісінде ұйымдастырушы ретінде ұсталдым, қамалдым. Кейін жер кодексін өзгерту туралы Үкіметтің жұмысына араластым. 2022 жылы қаңтарда Оралдағы ұйымдастырушы ретінде ұсталдым, қамалдым. Осының бәрінде де мен Назарбаевқа өлердей қарсы болдым және сол қалпымда қала беремін. Бірақ сол кездің өзінде әсіресе оппозициялық бағытта жүрген азаматтардың «Президент билігінен параламенттік билікке өтуіміз керек» дегенде бірден қарсы шығатын едім.

Біз шығыстық менталитеттегі халық екенімізді ұмытып кетеміз. Қарапайым деңгейдің өзінде «әкім қайда қарап отыр? » деген түсінік бар. Яғни жауапкершілікті бір орталықтан, бір адамнан күту табиғатымызда қалыптасқан.

Ал батыс менталитетінде келісімге келу және сол келісімді қатаң сақтау мәдениеті ғасырлар бойы орныққан. Олар айлап талқылауы мүмкін, бірақ бекітілген талапты бұлжытпай орындайды. Бізде керісінше бағыныштылық басқару принципі тарихи түрде қалыптасқан. Бұрын хан болса, бүгін президент. Қоғамда ұжымдық жауапкершілік деңгейі төмен. Бізде жеке спорт түрлері дамиды, ал Еуропада ұжымдық спорт алда. Бұл да жауапкершілік мәдениетінің айырмашылығын көрсетеді.

Ли Куан Юды неге мақтаймыз? Ол демократ болмаған, бірақ өз халқының менталитетін ескеріп, қатаң тәртіп арқылы мемлекетті көтерді. Бүтін бір халықты бір сәтте демократ етіп жіберу – әдемі ұран, бірақ шынайы өмірде бәрі күрделірек.

– Конституцияның жаңа жобасында «Президент екі рет өзінің ұсынылған кандидатурасын Құрылтай (Парламент) қайта кері қайтарған жағдайда Құрылтайды тарату құқығына ие болады» делінген. Мұны қалай түсінуге болады?

– Ол – биліктегі кризистің алдын алу үшін. Егер мұндай шектеу қоймасақ, онда де-юре Құрылтай он рет қайтарып жіберуге құқылы болады. Мысалы, премьер-министрді алып келеді, Құрылтай қайтара береді, қайтара береді. Сонда Үкімет қашан жұмыс істейді? Премьер-министр қашан жұмысына кіріседі? Бұл – әлемдік практикада бар нәрсе. Мемлекеттік биліктегі кризиске жол бермеу үшін қойылған шектеу. Екі рет қайтару – өз алдына үлкен мүмкіндік.

Біздің Конституциямыздың түп-төркіні француздық модель. Франция Конституциясымен салыстырсаңыз, ондай нормалар бар. Бірақ біздің сыншылар міндетті түрде өздеріне ыңғайлы басқа елдің тәжірибесін мысалға келтіреді. Американікі бізге жарамайды. Америка – федеративті мемлекет. Әр штаттың өз заңы бар. Кей штаттың губернаторлары Трамппен (АҚШ президенті, ред.) соттасып жатады. Бұл – федеративті елдің ерекшелігі. Ал біз унитарлы мемлекетпіз.

Сондықтан біз президенттік басқару нысанындағы унитарлы мемлекет болып қала береміз. Негізгі бағыт өзгермейді. Жекелеген өкілеттіктер қайта бөлінуі мүмкін, бірақ жүйенің өзегі сақталады.

Сондай-ақ сұхбаттың алғашқы бөлімінде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған Парламенттік өзгерістер мен Alatau City жобасының мән-жайын тарқатып берген еді. Бұл сұхбаттың бірінші бөлімін осы сілтемеден оқи аласыздар.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:153
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 16:45
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары