Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

Жаһандық үндестікке бастар жол

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

Жаңа Конституция жобасында адвокатура мәртебесінің бекітілуі қандай маңызға ие?

Жаңа Конституция жобасында адвокатура мәртебесінің бекітілуі қандай маңызға ие?

Egemen.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Елімізде жаңа Ата заң жобасы ресми түрде жарияланды. Басты құжат жобасының сегізінші бөлімі «Сот төрелігі. Прокуратура. Құқық қорғау тетіктері» деп аталып, осы бөлімге жаңа 86-бап енгізілді. Аталған бапта адвокатура институты алғаш рет конституциялық деңгейде айқындалып отыр. Бұл өзгеріс мазмұндық әрі құқықтық негіз тұрғысынан ерекше маңызға ие. Себебі бұған дейін адвокатураның мәртебесі салалық заңмен ғана реттеліп келсе, енді ол құқықтық мемлекет жүйесінің ажырамас институты ретінде негізгі заңда айқын көрініс тапты. Мамандар бұл бастаманы тарихи маңызы бар шешім деп бағалап отыр. Астана қаласының адвокаттар алқасының адвокаты Бақыт Нұрлықұлдың айтуынша, жаңа норма адвокатураның қоғамдағы рөлін тереңірек түсінуге, оның сот төрелігі жүйесіндегі теңгеруші институт ретіндегі орнын айқындауға мүмкіндік бермек, деп жазады Egemen.kz.

Фото: legal-business.ru

Адвокатура мәртебесінің Ата заңда айқындалуы азаматтардың құқығы мен бостандығын қорғау сапасын жаңа деңгейге көтереді. Сөз болып отырған норманың кәсіби жүйе мен қарапайым азаматтар үшін атқаратын өзге де негізгі функциясын Бақыт Нұрлықұл толық айтып берді. 

– Бақыт Ғалымжанқызы, жаңа Ата заң жобасында адвокатура мәртебесінің алғаш рет айқындалуы сала мамандары үшін қандай мәнге ие?

– Адвокатураның мәртебесін конституциялық деңгейде бекіту – оны жай ғана кәсіптік бірлестік емес, құқық қорғау жүйесінің ажырамас институционалдық элементі ретінде тану деген сөз. Бұған дейін адвокатура қызметі салалық заңдармен реттеліп келгенмен Конституцияда адвокатураның құқықтық табиғаты мен рөлі нақты көрсетілмеген еді. Енді ол Ата заң деңгейінде бекітілсе, адвокатураның мемлекеттік билік тармақтарымен тең дәрежедегі құқықтық маңызын айқындайды. Оның тәуелсіздігін конституциялық кепілдікке айналдырады және азаматтың қорғану құқығын институционалдық тұрғыда нығайтады. 

– Осы орайда бұған дейін адвокатура мәртебесінің Конституциялық деңгейде белгіленбеуі жұмыс барысында қандай қиындықтар туғызғанын айтып беріңізші?

– Бұрынғы құқықтық модельде бірқатар жүйелік мәселе байқалды.

Адвокаттардың тәуелсіздігі заң жүзінде жарияланғанымен, конституциялық деңгейде бекітілмеген және мемлекеттік органдардың адвокат қызметіне жанама ықпал ету тетіктері сақталған еді. Сондай-ақ адвокаттың процессуалдық теңдігі іс жүзінде әрдайым қамтамасыз етілмегені мен адвокат мәртебесінің қоғамдық салмағы жеткілікті деңгейде институционалданбағаны назар аударуды талап ететін. Бұл олқылықтар адвокат қызметін толыққанды тәуелсіз құқықтық институт ретінде қабылдауға кедергі келтіріп келді. 

Алматы жастары мен IT қауымдастық конституциялық реформаны қолдайды

– Жаңа норма адвокаттың қоғамдағы рөліне қалай әсер етеді?

– Конституциялық мәртебе – символикалық емес, мазмұндық өзгеріс. Адвокат енді тек қорғаушы ғана емес, құқықтық мемлекет қағидаларын жүзеге асыратын конституциялық субъект ретінде танылады. Бұл қоғам сенімін арттырып, адвокаттың пікірін кәсіби ғана емес, институционалдық деңгейге көтереді. Сонымен қатар, азамат пен мемлекет арасындағы тепе-теңдікті нығайтады.

– Заң жобасы адвокаттардың тәуелсіздігіне қалай ықпал етеді?

– Егер заң жобасында адвокаттың тәуелсіздігі, адвокаттық құпияның мызғымастығы, адвокатты жауапқа тартудың ерекше тәртібі, кәсіби қызметке араласуға тыйым салу секілді нормалар нақты бекітілсе, бұл тәуелсіздікті шынайы күшейтеді. Тәуелсіздікті күшейтетін ықтимал тетіктер: адвокатқа қатысты тінту, алу, тыңдау әрекеттерін ерекше рәсіммен шектеу, адвокаттық құпияны абсолюттік қорғау, кәсіби қызметіне кедергі келтірген тұлғалардың жауапкершілігін нақтылау, өзін-өзі басқару органдарының дербестігін арттыру.Мұндай нормалар мемлекеттік органдардың ықпалын азайтып, адвокаттың еркін кәсіби позициясын қамтамасыз етуге бағытталуы тиіс. 

Бибісара Асаубаева: Еліміздің тұрақтылығына арналған реформаларды қолдаймын

– Ал енді Ата заңдағы жаңа норма шапағатын қарапайым азаматтар қалай сезінеді?

– Адвокат мәртебесі өскен сайын, азаматтың қорғалу деңгейі де артады.

Қысқаша айтқанда, тәуелсіз адвокат – батыл қорғау, қорғалатын адвокат – қорғалған азамат, конституциялық мәртебе – сенімді құқықтық кепілдік.

Азамат сотта өзін жалғыз сезінбеуі керек. Адвокаттың институционалдық салмағы артқан сайын, әділ сотқа деген сенім де күшейеді деуге болады.

Конституциялық реформаның тарихи мәніне талдау жасалды

 – Сала маманы ретінде жаңа нормада екіұшты қағидалар бар-жоғын айқындай алдыңыз ба?

– Кез келген реформада тәуекел болады. Егер мәртебе берілгенімен нақты кепілдіктер жеткіліксіз болса, бұл декларативтік сипатта қалуы мүмкін.

Сондай-ақ адвокатураның өзін-өзі басқару жүйесіне шамадан тыс мемлекеттік бақылау сақталса да конституциялық мәртебенің мазмұны әлсірейді. Сондықтан заң жобасының мәтіні тек идеялық емес, практикалық кепілдіктерге толы болуы қажет деп санаймын.

– Сөз соңында заң саласының өкілі ретінде жаңа Ата заң жобасын қалай бағалайсыз?

– Адвокат ретінде мен бұл бастаманы құқықтық мемлекетті нығайту жолындағы маңызды әрі символдық қадам деп бағалаймын. Адвокатура – заң үстемдігін қолдайтын институт. Егер жаңа Ата заң жобасында адвокат мәртебесі нақты кепілдік, тәуелсіздік және кәсіби еркіндікпен бекітілсе, бұл тек адвокаттардың жеңісі емес, әрбір азаматтың жеңісі болмақ.

Құқықтық мемлекет адвокатсыз толық болмайды. Ал адвокаттың мәртебесі биік болған жерде азаматтың құқығы да биік тұратынына сенемін.

– Әңгімеңізге рақмет!

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда қай бағыттағы жолдар жабық?

Қазақстан • Бүгін, 09:40

22 ақпандағы валюта бағамы жарияланды

Қаржы • Бүгін, 09:15

Сарапшылар қауымдастығы жаңа Конституция жобасының негізгі ережелерін талқылады

Ата заң • Кеше

Егемендікті нығайтудағы кешенді тәсіл

Ата заң • Кеше

Жазушы Смағұл Елубаев жаңа Ата заңның халыққа жақындай түскенін айтты

Ата заң • Кеше

Роза Рымбаева ел тұрғындарын референдумда дауыс беруге шақырды

Ата заң • Кеше

Қазақстан құрамасы фристайл-акробатикадан Олимпиаданың финалында сынға түсті

Олимпиада • Кеше

Тұңғышбай Жаманқұлов: Мемлекет пен халық үшін жаңа Конституцияның мәні зор

Ата заң • Кеше

Ерлан Қарин: Жаңа Конституция еліміз қайда бара жатыр және Қазақстан болашақта қандай болады деген сұраққа жауап береді

Ата заң • Кеше

Үш қазақстандық гимнаст Әлем кубогы кезеңінің финалына шықты

Спорт • Кеше

Адам құқығы – басты назарда

Ата заң • Кеше

Президентке қасиетті Рамазан айының басталуына орай құттықтау жеделхаттары келіп түсті

Президент • Кеше

Күзет қызметін бақылау комитетінің төрағасы тағайындалды

Тағайындау • Кеше

Азаматтардың 78%-дан астамы жаңа Конституцияны қолдайды

Ата заң • Кеше

Сот әкімдікке арнайы өтініш жасады

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Ақпан 2026 11:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see142

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see137

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see135

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see135

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see132

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see127

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see126

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see126

Украинада мектеп оқулықтары казактар ​​тарихын қалай жазып жатыр видео

07 Қазан 2026 05:13see123

Елімізде заңсыз су саудасы мен қара нарыққа қарсы анонимді шағым қабылдау басталды

06 Қазан 2026 07:56see120

Тоқаев Оман Сұлтанының бітімгерлік рөлін жоғары бағалады

06 Қазан 2026 19:07see119

Жаһандық үндестікке бастар жол

06 Қазан 2026 06:32see117

Жазира Байырбекованың келінімен түскен видеосы көрерменді сүйсінтті (видео)

06 Қазан 2026 21:25see117

Әріп танымайды : Оралда 10 жастағы бала қоқыс алаңында өмір сүрген

06 Қазан 2026 14:21see116

Жалақы 300 мың, пәтер 100 миллион: салық қызметі не сұрайды

06 Қазан 2026 11:13see115

Қазақстан мен Оман бірлескен мәлімдеме жасады

06 Қазан 2026 15:01see112

Варшавада сарапшы Қазақстанның азаптауға қарсы тәжірибесіне тоқталды

06 Қазан 2026 15:43see111

Астанада автотұрақта бес көлік өртеніп кетті

06 Қазан 2026 09:24see111

Белгілі спорт журналисі Аслан Қаженов өзіне қысым жасалып жатқанын мәлімдеді

06 Қазан 2026 21:25see108

Кеңестік кезең Латвиядағы сайлауға әлі де әсер ете ме? Сарапшы талдауы

06 Қазан 2026 11:33see108
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары