Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жаңа Конституциядағы 21 бап: азаматтың жеке кеңістігі қалай қорғалады?

Жаңа Конституциядағы 21 бап: азаматтың жеке кеңістігі қалай қорғалады?

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Еліміздің жаңа Конституциясы жобасында жеке өмірге қол сұқпаушылық пен ақпаратқа қолжетімділік мәселесі бұрынғыдан да кең әрі нақты деңгейде қарастырылып отыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Атап айтқанда, 21-бап цифрлық дәуір жағдайында мемлекет пен азамат арасындағы жауапкершілік шекарасын айқындайтын маңызды норма ретінде бағаланып келеді. Осы баптың мәні мен қоғамдық-саяси салмағына философия ғылымдарының кандидаты, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың аға оқытушысы Мейіргүл Жетпісбаева пікір білдірді.

– Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасында ұсынылған 21-бап қоғам алдына бұрын-соңды дәл осылай өткір қойылмаған сұрақты шығарып отыр: мемлекет пен азаматтың жеке өмірі арасындағы шекара қай жерде аяқталады? Бұл мәселе бүгінде тек құқықтық емес, толыққанды қоғамдық-саяси сипатқа ие. Себебі цифрлық технологиялар дамыған сайын азаматтың жеке кеңістігі кеңейіп қана қоймай, сонымен бірге бұрынғыдан да осал бола түсуде.

21-бап жеке өмірге қол сұқпаушылықты дәстүрлі түсініктен әлдеқайда кең мағынада қарастырады. Бұған дейін жеке өмір көбіне тұрғын үйге, хат алмасуға немесе телефон арқылы сөйлесуге қатысты ұғым ретінде қабылданса, енді ол дербес деректермен, цифрлық платформалармен және электронды қызметтермен тікелей байланыстырылып отыр. Бүгінгі азаматтың өмірі банк қосымшаларында, мемлекеттік ақпараттық жүйелерде, мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде қатар жүретіні жасырын емес. Конституция жобасы осы шындықты мойындап, цифрлық кеңістікті де жеке өмірдің ажырамас бөлігі ретінде таниды.

Мысалы, азаматтың банктік операциялары мен онлайн төлемдері тек оның қаржылық жағдайын ғана емес, өмір салтын, қозғалысын, тіпті әлеуметтік ортасын да сипаттап бере алады. Сол сияқты жеке жазысулар мен электронды хабарламалар адамның ойы, көзқарасы және азаматтық ұстанымы туралы түсінік қалыптастырады. Осы тұрғыдан алғанда, 21-бапта банк операцияларының, салымдардың, хат алмасудың, телефон сөйлесулерінің және цифрлық байланыс арқылы берілетін хабарламалардың құпиясын бірдей деңгейде қорғау - жеке өмірді тұтас жүйе ретінде қабылдаудың айқын көрінісі.

Бұл тәсіл халықаралық тәжірибемен де үндес. Мәселен, Еуропалық одақта дербес деректерді қорғау адам құқығының негізгі элементі ретінде қарастырылады. Ал көптеген дамыған елдерде цифрлық құпияны бұзу азаматтың жеке өміріне тікелей қол сұғу ретінде бағаланады. Қазақстан Конституциясының жаңа жобасында осы үрдістердің ескерілуі елдің құқықтық дамуда жаһандық стандарттарға бет алғанын көрсетеді.

Алайда 21-баптың қоғамдық-саяси мәні тек жеке өмірді қорғаумен шектелмейді. Оның үшінші тармағы билік пен қоғам арасындағы қатынастың сапасына тікелей әсер ететін норманы бекітеді. Мемлекеттік органдардың, лауазымды тұлғалардың және бұқаралық ақпарат құралдарының азаматтарға өз құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз ету міндеті - ашық қоғамның өзегі.

Бұл норма тек ақпарат алуға құқық беріп қана қоймай, басқару мәдениетін өзгертуді талап етеді. Қоғамдық тәжірибеде жиі кездесетін «қызметтік ақпарат», «ішкі пайдалану үшін», «құпия емес, бірақ жарияланбайды» секілді формулалар азаматтардың құқықтық сеніміне нұқсан келтіретіні белгілі. 21-бап осы ескі тәсілдерден арылып, ақпаратты жасыруды емес, түсіндіру мен ашықтықты басқарудың қалыпты қағидатына айналдыруды көздейді.

Қоғамдық-саяси тұрғыдан алғанда, жеке өмірдің қорғалуы мен ақпаратқа қолжетімділік бір-бірімен тығыз байланысты. Жеке деректері қорғалмаған азамат өзін қауіпсіз сезіне алмайды. Ал ақпаратқа қол жеткізе алмаған қоғам билікке сенім артпайды. Сондықтан 21-бап азаматтық еркіндік, саяси тұрақтылық және қоғамдық келісім арасындағы балансты сақтауға арналған кешенді норма ретінде қабылдануға тиіс.

Конститциялық реформа жөніндегі комиссияның ұстанымы айқын: 21-бап - мемлекеттің азаматты бақылау объектісі ретінде емес, құқық иесі ретінде тануға бағытталған саяси-құқықтық таңдауы. Бұл - күшті мемлекеттің белгісі. Өйткені өз азаматтарының жеке өміріне нақты шекара қоя алатын мемлекет қана олардың сеніміне ие бола алады.

Сонымен бірге, бұл норманың шынайы салмағы Конституция мәтінінде ғана емес, қоғамдық тәжірибеде айқындалады. Азаматтар дербес деректерге, хат алмасуға және ақпаратқа қол жеткізуге қатысты өз құқықтарын талап еткен сайын, бұл баптың өміршеңдігі арта түседі. Ал мемлекеттік институттар оны формальды талап ретінде емес, басқарудың жаңа мәдениеті ретінде қабылдағанда ғана 21-бап шынайы қоғамдық келісімнің негізіне айналады.

Жеке өмірге құрмет - әлсіз мемлекеттің емес, өз азаматтарына сенетін, құқықтық жауапкершілігі жоғары мемлекеттің белгісі. 21-бап дәл осы сенімге негізделген жаңа қоғамдық қатынастардың конституциялық көрінісі болуға тиіс,-дейді әл-Фараби атындағы ҚазҰУ,  аға оқытушы, философия ғылымдарының кандидаты Мейіргүл Жетпісбаева.

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:171
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Ақпан 2026 20:47
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары