Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

ТМД тарихшылары Ұлы Жеңіс туралы бірлесіп кітап жазып шықты

Қару ұстауға рұқсат алу үшін медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшіріледі

Ауыл шаруашылығы саласына $650 млн: Берік Асылов түрік инвесторымен кездесу өткізді

​Мәскеу мен Вашингтон қарым қатынасы: Лавров пен Рубио телефонмен сөйлесті

7 мамырға валюта бағамы

Кедергісіз келешек : Ұлытау облысында мүгедектігі бар тұрғынның мәселесі шешілді

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

Қорғаста 17 қазақстандық жүк көлігі өртенді

Атбасар түрмесіндегі азаптауға қатысты атышулы іс: сотталушыларға жаңа айып тағылды

57 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді: қазақстандық боксшы америкалық рейтингке ілікті

Атырауда тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты

Хромтауда көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан ер адам өлі күйінде табылды

Қазақстандықтарға коммуналдық тарифтер үшін миллиардтаған теңге қайтарылады

Нұрай Серікбай ісі: күдіктінің туыстары да тексеріліп жатыр

Астанада Нұрлы жол маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі

Әрқашанда “ас пен тас“ стратегиясын жүргізуге дайын болуымыз қажет Тоқаев

Алматыда сессияны тапсыра алмағандықтан бірінші курс студентімен болған қайғылы жағдай туралы хабарланды

Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% ға өсті

Берік Асылов Әсем Орынбайды стендтік атудан Әлем кубогы кезеңіндегі айқын жеңісімен құттықтады

Венгрия тәркіленген қаражатты Украинаға қайтарды Зеленский

Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты

Жаңа Конституциядағы зайырлылық қағидаты

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

15 наурызда бүкіл қазақ қоғамы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып, еліміздің басты құқықтық іргетасы – жаңа Ата заңды қабылдады. Президент айтқандай, бұл құжатты «Халық Конституциясы» деп атауға толық негіз бар. Негізгі заңның басты құндылықтарының бірі – мемлекетіміздің зайырлылық сипатын бекітуі. Бұл – мемлекет пен дін қатынасының теңгерімді, әділ әрі өркениетті үлгісін айқындайтын басты ұстаным.

Коллажды жасаған – Зәуреш СМАҒҰЛ ,«EQ»

Зайырлылық діннің мем­ле­кеттік биліктен бөлінгенімен, қоғам өмірінен ажыратылғанын білдірмейді. Керісінше бұл ұстаным – барлық азаматтың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететін, ешбір дінді үстем немесе кем санамайтын құқықтық жүйе. Ата заңымыз елімізді зайырлы мемлекет деп жариялай отырып, әрбір адамның сеніміне құрметпен қарауды әрі діни алауыз­дыққа жол бермейтін орта қа­лыптастыруды басты мақсат тұтады.

Осы орайда жаңа Конститу­ция­дағы зайырлылық қағидаты мен оның ерекшеліктері жайында сала мамандарының пікі­рін білген едік. «Нұр-Мүба­рак» Египет ислам мәдениеті уни­верситеті Дінтану кафедрасының аға оқытушысы Бурханадин Абдил­хакимнің айтуынша, бұрынғы замандарда ислам, христиандық, буддизм секілді әлемдік діндер пайда болып, олар мемлекеттің өмірінде маңызды рөл ойнаған. Орта ғасырларда діннің саясатқа араласқан кезі де, саясаттың дінді қолданған уақыты да көп еді. Алайда XVIII ғасырдағы француз төңкерісінен кейін жаңадан құрылған Франция республикасында дін саясаттан аластатылып, зайырлылық қағидаты алғаш рет өмірге келе бастаған.

«Дін мемлекеттен бөлінген» деген қағидат осы уақытта ресми түрде айқындалды. Кейін Еуропаның басқа да елдерінде, содан соң ақырындап мұсылман мемлекеттерінде дін мен мем­лекеттің бөліну үдерісі басталды. Мәселен, қазіргі таңда Ислам ынтымақтастығы ұйымындағы 57 мұсылман елінің көпшілігінің конституциясында дін мен мемлекет арасы бөлінген деген анықтама бар», дейді Б.Абдилхаким.

Оның айтуынша, Пәкістан, Мысыр, Малайзия, Индонезия секілді бірқатар мұсылман мем­лекетінде шариғат заңдары іші­нара құқықтық заңдармен қатар қолданылады. Сондай-ақ екі теократиялық мемлекет­ бар. Олар – Сауд Арабиясы мен Иран Ислам Республикасы. Ал өзге мұсылман елдерінде, соның ішінде бұрынғы кеңестік республикалардың бәрінде дін мен мемлекеттік билік арасы толықтай бөлінген.

«Зайырлылық ұстанымы не деген сауалға тоқталсақ, мұндай елде ешбір діни сенімге артықшылық берілмейді. Қарапайым тілмен айтқанда, дін мемлекеттің ісіне араласпайды, мемлекет те діннің ісіне араласпайды. Заң қабылдағанда, мемлекеттік органдар шешім шығарғанда тек құқықтық негіздерге сүйенеді. Діни заңдар мен пәтуалар қол­данылмайды. Бұл негізі еліміз үшін жаңалық емес. 1995 жылы қабылданып, әлі де күшін жоймаған қазіргі Конс­титуциямызда да бұл қағидат бар. Ал алдағы уақытта күшіне енетін жаңа Ата заңымызда бұл ұстаным нақты шегеленіп беріліп отыр», дейді дінтанушы.

Дегенмен Б.Абдилхаким зайырлылық қағидаты қоғамның, адамдардың діннен алыстауын, күнделікті өмірде дін ұстанбау дегенді білдірмейтінін айтады. Ата заңға сай, әрбір азаматтың белгілі бір дінді ұстануы, сенім еркіндігі – оның конституциялық құқығы. Кез келген адам діндар бола алады, алайда мемлекеттік қызметінде ол тек заң аясында ғана жұмыс істеуге міндетті.

«Айталық, теориялық тұрғы­дан алғанда, әкім болсын, ми­нистр болсын, қандай да мем­лекеттік қызметші белгілі бір дінді ұстанып, құлшылығын жасай алады. Бес уақыт намазын оқып, қажылығына барып, діндар болуы мүмкін. Алайда ол жұмысына барған кезде қызметін зайырлы заңдар негізінде ғана атқарады. Яғни мемлекеттік органдардың жұмысына дін араласпауы керек», дейді ол.

Дінтанушы Конституция тұрғысынан еліміз Ислам мемлекеті болмағанымен, тарихи дәстүріміз бен конфессиялық ұстанымымыз жағынан «мұсыл­ман елі» саналатынымыз­ды ай­тады. Өйткені ресми ста­тистикаға сай, халқымыздың 80 пайыздан астамы Ислам дінін ұстанады. Қазақ жерінде талай ғасырлар бойы Ислам діні салтанат құрғаны мәлім. Оған ұлы тұлғаларамыздың өмірі, қазақ жеріндегі тарихи ескерткіштер мен жәдігерлер жақсы дәлел. Тарихқа зер салсақ, халқымыздың өткен өмірінде шариғат заңдары мен ислам дәстүрлерінің маңызды орын алғанын көру қиын емес.

«Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Сауд Арабиясына барғанда умра қажылығын жасап, Қағбаға кіргенін білеміз. Біздің халқымыздың рухани бағыты Ислам дінімен сабақтасқан. Бұл еліміздің зайырлылық сипатына қайшы емес әрі оны жоққа шығара алмайды. Халқымыз дін ұстанғаннан теократиялық мемлекет болып кетпейміз», дейді дінтанушы.

Б.Абдилхакимнің айтуынша, қазіргі таңда елімізде Конс­ти­туциямызға сай мемлекет пен діннің бөлек болу қағидаты, яғни зайырлылық ұстанымы толыққанды жұмыс істеп жатыр. Бұл елдің қауіпсіздігі үшін аса қажет. Терроризм, экстремизм идеяларының таралуына, түрлі деструктивті діни ағымдардың алшаң баспауына заң тұрғысынан қатаң қадағалау болғаны дұрыс.

Сонымен қатар радикалды діни идео­логиялармен қоса, зайыр­лылық ұстанымын да дәстүрлі дінге қарсы радикалды сипатта қолдануға жол берілмеуі керек екенін тілге тиек етті. Әрбір адамның дін ұстануы, елде мешіт-медресенің салынып, жұмыс істеуі толыққанды заң аясында жүзеге асатын болса, оған рұқсат. Алайда кейбір азаматтар тарапынан ата-бабамыздан ұстанып келген дәстүрлі дін талаптарының өзін артық көріп, оны жоққа шығаруға талпыну әрекеті бар екенін, әрі мұны «зайырлы елміз» деп бүркемелейтіні белгілі. Бұл, әрине, мемлекетіміз ұсынып отырған діни сенім еркіндігін жоққа шығару әрі заңға қайшы іс екені белгілі.

Осы орайда дін саласындағы мемлекеттік саясат бойынша сарапшы Ержан Байболдың айтуынша, ар-ождан еркіндігі – әркімнің туабітті әрі ажырамас құқығы. Бұл діни және өзге де наным-сенімдерді қамтиды. Сондай-ақ ешқандай дінді ұстанбау да ар-ождан еркіндігіне кіреді.

«Ар-ождан еркіндігінің ішкі қыры құқықтық тұрғыдан абсолютті сипатқа ие әрі шек­телмейді. Ал осы құқықты сырттай білдіру, яғни іс-әрекет арқылы жүзеге асыру өзге адам­дардың құқықтары мен заң­ды мүдделеріне әсер етуі мүмкін. Осыған байланысты ар-ождан еркіндігін жүзеге асыру құқығы тек заңмен әрі қажетті шектерде ғана реттеледі. Мұндай жағ­дайда зайырлылық қағидаты айрықша мәнге ие. Бұл – барлық адамға ар-ождан еркіндігін тең дәрежеде жүзеге асыруына жағдай жасайтын құқықтық тетік. Бұл өз кезегінде қоғамдық қатынастардың теңгерімді дамуын, қоғамдық келісімнің сақталуын қамтамасыз етеді», дейді ол.

Ал Жетісу облыстық дін істері басқармасы Дін саласындағы мәселелерді зерттеу және оңалту орталығының өңірлік маман-теологі Жансерік Әділғазиевтің айтуынша, зайырлылық қағидаты – қазіргі заман талабы, өйткені ол ғылым-білімнің қарыштап дамып, адам санасының кеңейген уақытында қажеттілікті өтейтін жүйе.

«Зайырлылық ұғымында бар­шамыз білетіндей, дін мемлекеттен бөлек, яғни мемлекет ешбір дінді ресми немесе міндетті деп жарияламайды, керісінше адамның өз қалауына қалдырады. Зайырлылықтың тағы бір мағынасы  – төзімділік. Біз сияқты көпэтносты, көпдінді мемлекетке төзімділік им­мунитетін қалыптастыру дұрыс жүйе. Қазіргі заманғы құқық­тық мемлекет құру жолында зайырлылық қағидаты ерекше маңызға ие. Еліміздің жаңа конституциялық реформалары бұл жүйені нақтылап, қоғам өмі­ріндегі рөлін күшейтті. Ол дін мен мемлекеттің арақатынасын реттеп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын тең дәре­жеде қамтамасыз етуге бағытталған», дейді ол.

Теологтің айтуынша, жаңа Конституциядағы өзгерістер зайырлылық қағидатын  іс жүзінде жүзеге асыруға бағытталған. Ол білім беру саласын да қамтиды. Яғни мемлекеттік оқу орындарында діни үгіт-насихат жасалмайды, білім беру ғылыми және зайырлы негізде жүзеге асырылады.

«Зайырлы мемлекет діни сенім бостандығын толықтай қамтамасыз  етеді. Азаматтарымыз мешітке, шіркеуге немесе басқа да діни орындарға еркін барып, өз сенімін ұстанып, құлшылығын жасай алады. Мемлекет олардың құқықтарын қорғайды әрі діни кемсітушілікке жол бермейді», дейді Ж.Әділғазиев.

Жалпы алғанда, жаңа Конс­ти­ту­ция­дағы зайырлылық қағидаты – еліміздің демократия­лық, құ­қықтық мемлекет ретіндегі да­муы­ның айқын көрінісі. Бұл қағидат қоғамдағы әртүрлілікке құрметпен қарап, бірлік пен татулықты сақтауға қызмет етеді. Сондықтан оны түсіну мен құр­меттеу – әрбір азаматтың ортақ міндеті.

Соңғы жаңалықтар

Кең көлемді амнистия: ІІМ кімдерге жеңілдік болатынын түсіндірді

Қоғам • Бүгін, 13:45

Айбек Дәдебай «Әділет» партиясының төрағасы болып сайланды

Тағайындау • Бүгін, 13:19

«Sarbaz+»: Әскердің цифрлық бел-белесі

Айбын • Бүгін, 13:00

«Әділет» партиясы құрылтай съезі мүшелері ұйымның жарғысын бекітті

Партия • Бүгін, 12:49

«Әділет» партиясы Мемлекет басшысының реформаларын қолдайтынын мәлімдеді

Партия • Бүгін, 12:29

Дәурен Қосанов, Қорғаныс министрі: Отандық зымыран өндірісі қолға алынады

Сұхбат • Бүгін, 12:15

Мемлекетшіл тетік

Пікір • Бүгін, 12:00

Түйсіктің дәні

Руханият • Бүгін, 11:50

Қазақстан армиясының әлемдік рейтингтегі орны бағаланды

Әскер • Бүгін, 11:15

АҚШ Иранға Ормұз бұғазын кезең-кезеңімен ашуды ұсынды

Әлем • Бүгін, 10:39

Алматыда «Батырларға тағзым – мәңгі жадымызда» патриоттық акциясы өтеді

Алматы • Бүгін, 10:06

18 жастағы студенттің өлімі: Астанада сот процесі басталды

Заң • Бүгін, 09:55

Жаңбыр, найзағай, бұршақ: бүгін ауа райы қандай болады?

Ауа райы • Бүгін, 09:30

Венецияда Қазақстанның ұлттық павильоны ашылды

Мәдениет • Бүгін, 09:00

Мемлекет басшысы Отан қорғаушы күнімен құттықтады

Президент • Бүгін, 08:30

Барлық жаңалықтар

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:75
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 07 Мамыр 2026 14:39
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

ТМД тарихшылары Ұлы Жеңіс туралы бірлесіп кітап жазып шықты

06 Мамыр 2026 22:35see118

Қару ұстауға рұқсат алу үшін медициналық анықтамалар цифрлық форматқа көшіріледі

05 Мамыр 2026 16:07see118

Ауыл шаруашылығы саласына $650 млн: Берік Асылов түрік инвесторымен кездесу өткізді

05 Мамыр 2026 16:21see117

​Мәскеу мен Вашингтон қарым қатынасы: Лавров пен Рубио телефонмен сөйлесті

06 Мамыр 2026 10:36see115

7 мамырға валюта бағамы

07 Мамыр 2026 03:23see114

Кедергісіз келешек : Ұлытау облысында мүгедектігі бар тұрғынның мәселесі шешілді

06 Мамыр 2026 10:15see114

Қазақстанда 14,8 млн гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды

05 Мамыр 2026 17:05see113

Қорғаста 17 қазақстандық жүк көлігі өртенді

06 Мамыр 2026 19:21see113

Атбасар түрмесіндегі азаптауға қатысты атышулы іс: сотталушыларға жаңа айып тағылды

05 Мамыр 2026 22:16see113

57 секундта қарсыласын нокаутқа түсірді: қазақстандық боксшы америкалық рейтингке ілікті

05 Мамыр 2026 21:54see112

Атырауда тұрғын үйдің екінші қабатындағы пәтерден өрт шықты

06 Мамыр 2026 12:45see112

Хромтауда көпқабатты тұрғын үйдің ауласынан ер адам өлі күйінде табылды

06 Мамыр 2026 19:40see112

Қазақстандықтарға коммуналдық тарифтер үшін миллиардтаған теңге қайтарылады

06 Мамыр 2026 13:37see111

Нұрай Серікбай ісі: күдіктінің туыстары да тексеріліп жатыр

07 Мамыр 2026 03:25see111

Астанада Нұрлы жол маңында түнгі уақытта жол қозғалысы шектеледі

05 Мамыр 2026 22:23see110

Әрқашанда “ас пен тас“ стратегиясын жүргізуге дайын болуымыз қажет Тоқаев

06 Мамыр 2026 13:47see110

Алматыда сессияны тапсыра алмағандықтан бірінші курс студентімен болған қайғылы жағдай туралы хабарланды

06 Мамыр 2026 19:02see109

Қазақстанда жиналған коммуналдық қалдықтар көлемі 7,7% ға өсті

05 Мамыр 2026 20:28see109

Берік Асылов Әсем Орынбайды стендтік атудан Әлем кубогы кезеңіндегі айқын жеңісімен құттықтады

05 Мамыр 2026 19:59see108

Венгрия тәркіленген қаражатты Украинаға қайтарды Зеленский

07 Мамыр 2026 11:36see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары