Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

Ауқымды фестиваль өтеді

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

Жаңа қала, жаңа заң: Alatau City қалай салынады? Абзал Құспанмен эксклюзив сұқбат

Жаңа қала, жаңа заң: Alatau City қалай салынады? Абзал Құспанмен эксклюзив сұқбат

Arasha.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Абзал Құспан конституциялық реформа аясында ұсынылып отырған Парламенттік өзгерістер мен Alatau City жобасының мән-жайын тарқатып берді. Ол Alatau City туралы конституциялық заң жобасын әзірлеп жатқан жұмыс тобының құрамындағы мүшелер арасынан алғаш болып ресми arasha.kz тілшісіне сұқбат беріп отырғанын айтып, жаңа қаланың ерекше құқықтық мәртебесі, инвестициялық мүмкіндіктері және қоғамда туындаған сауалдарға қатысты пікір білдірді. 

– Қоғамда экономикалық басқа да түйіткілді мәселелер көп уақытта Ата заңды өзгертуге не себеп?

– Конституцияны өзгертудің ен басты алғы шарты – Парламенттік реформа. Былтыр мемлекет басшысы Парламенттік реформа туралы айтып, содан бастады. Ал ол кәсіби заңгерлердің арасында ең кем дегенде соңғы 20 жыл көлемінде айтылып келе жатқан мәселе. Менің депутат болғаныма 3 жыл енді болғалы жатса, бірақ заңгер ретінде прокуратура саласында кейінгі адвокаттық қызметте еңбек өтілімім – 30 жылға жуықтайды екен. Соның ішінде соңғы 20 жылда біздің (заңгерлердің, ред.) тарапымыздан да талай мәрте айтылды. «Қазақстан сияқты унитарлы мемлекетке 2 палаталы Парламент артық, қос палаталы Парламент әдетте федеративті мемлекеттерге тән» деген сөзді талай фейсбукке де жаздық, журналистерге сұқбат бергенде де айтып жүрдік. Былтыр соны мемлекет басшысы айтқан кезде қатты қолдаған адамдардың біріміз. Өйткені қанша жылдан бері айтылып келе жатыр. Осы кезге дейін «бұдан да басқа мәселелер бар» деп кейінге ығыстырылып келді ғой. Егер осы тұрғыдан қарайтын болсақ, оның ешқашан уақыты келмейді. Осының аясында көптеген мәселелер қамтылып кетті. Оны өздеріңіз көріп жатырсыздар. Ол – президенттің лауазымына қатысты да мәселелер автоматты түрде қамтылды. Сенатпен арада шешілетін мәселелер Құрылтайға өтетін болды. Ол –  мемлекет басшысы істейтін мәлімдемелеріне, қызметіне қатысты, сол себепті өзгерістер Президентке де қатысты болып кетті. 

Ол тіпті преамбуласынан бастап өзгерістерге ұшырағалы отыр ғой. Конституцияның кіріспесі деп айтсақ түсінікті. Преамбула деген – кіріспе деген мағынада. Бірақ преамбуланың кіріспеден маңызы зорлау, өйткені ол мемлекетіміздің «қандай мемлекет?», «бағытымыз қандай?» деген сынды сұрақтарды қамтығандықтан, кіріспеден ауқымдырақ. 

Ең негізгі өзгеріс ол – Праламенттік реформа. Сонымен қатар осының ішінде көпшілік қазір назар аударып жатқан жоқ, кей бір-кей бір сарапшылар ғана айтып қалып жатыр, Alatau City деген қала салғалы отырмыз. Көп келісімдерге қол қойылды,  Alatau City-дің ерекшелігі сол, ол өзінің заңымен өмір сүретін қала.

– Автономия бола ма ол қала?

– Жоқ. Унитарлық мемлекет екеніміз бірнеше жерде айтылады да, тек қана белгілі бір қала шегінде бұл – қаржылық орталық. МФЦА (Астана халықаралық қаржы орталығы, ред.) деген қазір Астанада бар ғой? Бұл жерде тұтас қала өзіндік бөлек қаржы орталығына айналады. Ол бойынша қазір жұмыс тобы жүріп жатыр. Мен сол жұмыс тобының мүшесімін. Ол – Конституциялық заң. 

Ол қала біздің заңдарымыздан бөлек жұмыс істейді. Оның қажеттілігі неде? Бүкіл мемлекеттік заңдылықтарды және қазіргі тәртіпті қарастыратын болсақ, онда цифрландыру заманында бізге дәл қазіргі тез өзгеріп жатқан және бүгінгі шыққан жаңалық ертесінде ескіріп жатқан өте жылдам, мобилды қимылдауды қажет ететін елге айналдыру мүмкін емес. Alatau City бұл – цифрлы қала. Енді қарапайым мысал келтірейін, ChatGPT дегенді қолдана бастағанымызға бір-екі жыл ғана болды ғой. Осыдан үш жыл бұрын адамдар ондай нәрсенің не екенін де білмейтін. Енді осыны біздің заңдармен реттейтін болсақ, заңдарымызды бұған сәйкестендіріп үлгере де алмаймыз. Бүкіл заңымызды қожыратып аламыз. Оған министрлік, әкімшілік, болмаса басқа мемлекеттік органдар, сот, құқық қорғау органдарының жұмысын бейімдей алмаймыз. 

– Цифрлы қала әлемде бар тәжірибе ме?

– Иә. Біз негізінен кореялық нұсқаны алып отырмыз. Оңтүстік Кореяның Чеджу деген қаласы бар. Ол ерекше статусы бар қала. Біз, жұмыс тобының мүшелері–депутаттар және Үкіметтен де адамдар бар, биылғы жылдың басында Оңтүстік Кореяға арнайы іс сапарға бардық. Сонда біз заңын алғаннан бір бөлек, практикада бұл қалай жүзеге асып жатқанын көрдік. Өте тамаша дамыған. 

Біз сәтсіз жасалған тәжірибелерді де мысалға алып, сәтсіздігінің себебі неде болағанын зерттедік. Ол Индияда болған. Ал Қытайда, Оңтүстік Кореяда және тағы бір елдерде сәтті болған. Бірақ осы кореялық нұсқа өте сәтті болғандықтан, осы жолды таңдап отырмыз. 

– Alatau City-дің заңның ерекшелігі неде?

– Қазір мысалы үшін бізде заңдар бар, заңдарға тәуелді актілер бар. Мысалы үшін, құрылысты алып қарайықшы? Экономика саласының драйвері болып отырған құрылыс саласының өзінде ескіріп қалған нормалар өте көп. Тіпті Кеңес үкіметі кезінен келе жатқандары да бар. Оны қысқаша СНИП дейміз – құрылыс нормалары мен ережелері.  Сол СНИП бойынша үйлер кірпіштен салынуы керек, ал әйнек құрылыс материалы ретінде қарастырылмайды. Ал қазір үйлердің қабырғалары әйнектен тұрады. Ертең шетелдік инвесторлар ғимарат салатын болса, британдық стандартпен, еуростандартпен немесе басқа да стандарт бойынша саламыз дейді. Сонда сол қаланың әкімшілігі оған рұқсат береді. «Біздің Қазақстанның стандарттарымен емес, еуростандартпен саласыздар» деп рұқсат бере алады. Яғни олар біздің заңымыздан тыс өздері тікелей мобилді түрде келісімшартқа отыра алады. Ал бізде сол құрылысты заңдастырамын дейтін болса, онда ұзақ бюроратиялық кедергілерге тап болады. Бұл тек қана құрылысқа қатысты емес, әсіресе цифрландыру өнімдеріне байланысты. 

Бұрын бүткіл әлем тұрақты болды. Бір заң, ережа шығады, сен сол ережеге сәйкес әрекет етесің, ал қазір басқаша. Сондықтан экономиканы дамыту үшін арнайы ерекше статусы бар, өздігінен шешім қабылдай алатын, орталық мемлекеттік органдарға бағынбайтын қала керек. 

Онда кеңес болады,  ол кеңесті Премьер-министр басқарады, сосын атқарушы директор негізгі жұмысты ұйымдастырады. Ол кеңестің атқарушы органы бүткіл қала бойынша негізгі шешімдерді шығарады. Шетелдік инвесторлармен тікелей келісім шарт жасайтын солар. Олар Астанаға келмейді, бірден Alatau City-ге барып, келісім шарт жасап, өздерінің өнімдерін алып келеді немесе өздерінің қызметтерін көрсете алады. Біздің Қазақстан заңдарынан тыс, өз стандарттарын қолдана алады. Сосын, әкімдік және мәслихат болады. Ол жерде жергілікті тұрғындар бар, мектеп болады, басқа да әлеуметтік нысандар болады. Және ол жерден шетелдіктерге де жылжымайтын мүлік алуға рұқсат беріледі. Бірақ ұлттық қауіпсіздік мәселесі, сосын қылмыстық заңнамада біздің заңдарымыз жүзеге асады. Қазақстанның қылмыстық кодексі, қылмыстық-процессуалдық кодексі, сот саласы, сосын ұлттық қауіпсіздікке тікелей кіретін көші-қон мәселесі, оның бәрі бақылауда болады. Белгілі бір елдің, белгілі бір ұлттың өкілдері топтасып кетуіне жол бергізбеуіміз керек. Оларда бұл мәселелерде автономды шешім қабылдау мүмкіндігі жоқ. Ол мәселелер мына жақтан қадағаланып отырады.

Әлі көп ешкім бұл заң жобасын оқымаған. Осы заң жобасына тікелей қатысы бар, жұмыс тобының мүшесі ретінде сізге бірінші рет ресми интервью беріп отырмын. Біздің жұмыс тобында алты-ақ кісіміз – үш мәжілісмен, үш сенатор бар. Әзірге жұмыс тобының мүшелерінен ешкім сұқбат берген жоқ. Бұл – экскюзив. Конституциялық заң болғандықтан бұл ерекше тәртіпте қаралады.

– «Бұл қаланы қытайлар салады екен, Чайна таун болады екен» деген алыпқашпа әңгіме де бар. Бұл қаланы кім салады?

– Бұл Кореяның заңдарын, тәжірибесін негізге алған қала. Біз кореялық нұсқаны таңдадық. Бұл қытайларға арналған қала емес. Қытайдың инвесторлары келіп ақша саламын десе, оған қала әкімшілігі келісуі мүмкін. Бірақ қазіргі таңда негізінен Корея, Америка, Ұлыбритания, Қытай кәсіпкерлері өз ұсыныстарын ұсынушылар қатарында бар. Бірақ бұл Қытай үшін немесе қытайлар үшін салынғалы отырған қала емес. 

Біз инвесторларға «инвестицияларыңызды әкеліңіздер, табыс табыңыздар, бірақ жұмысшыларыңыз керек емес, жұмысшылар жергілікті жерден болсын» деп, өте қатаң қадағалап отырамыз. Әлі күнге дейін Қазақстанда халқымыз да ол жағынан сергек. Бір жерде топтасу басталса, әлеуметтік желіден бастап шу шығарады. Біз де оны қарап отырамыз, дереу хабарласамыз. Сондықтан бұл мәселе мемлекеттің қадағалауында, бақылауында қала береді. 

– Ол қалада сол саланың мамандары ғана тұра ма?

– Жоқ. Кез келген қарапайым адамдар да тұра береді.  Ал халық саны қанша болатынын уақыт көрсетеді. Қазіргі тұрып жатқандар тұрып қала береді. Ал жаңадан баратындарға байланысты және басқа да техникалық сұрақтарға болашақта атқарушы органнан сұқбат алу керек болады. Қазіргі таңда атқарушы директор қылып, бұрын Алматы қаласы әкімінің орынбасары болған жас азамат –Әлішер Елісұлы тағайындалды. 

– Бұл қалаға шетелден кімдер келеді?

Alatau City-ге шетелден инвесторлар мен өте қажетті, бізде тапшы мамандар ғана келеді. Олар арнайы шақыртумен, ерекше статуспен келеді. Өйткені бізде шетелдіктерді кеңес құрамына, атқарушы орган құрамына ерекше жалақы беріп, жұмысқа алу жоспарланып отыр. Себебі мықты мамандарды тартпай, мықты жоба жүзеге аспайды. 

Сонымен қатар, халықаралық деңгейде жоғарғы оқу орынын ашу да жоспарда бар. Бірақ олар профессорлық құрамымен келіп, өте жоғары деңгейде білім беретін болуы керек. Қазақстаннан студент жастарымыздың сол қалада тұруға мүмкіндігі бар. Өйткені жатахана салынады. Оқу орнының да негізгі бағыты – цифрлық бағыт. 

– Қоғамда мұндай қала салғанша халықтың жағдайын жақсартуға күш салмай ма деген де пікірлер бар. 

– Егер 197 мемлекеттің ішінде салыстырмалы түрде алып қарайтын болсақ, баяғыда айтқандай, дамыған 30 елдің қатарында емес шығармыз, бірақ бүкіл әлемде ең соңында емеспіз ғой. Егер бәрін объективті түрде салысытырып қарайтын болсақ, ортадан жоғары. 

Экономика – цифрлық технология бағытында дамып бара жатыр ғой. Ол бізге мемлекеттің экономикасын дамытуға серпін беретін жағдай. Мысалы үшін ауылдан шыққан қаншама ешқандай тірегі жоқ жастарымыз шетелдің үлкен-үлкен компаниялары мен корпорацияларында қызмет етіп жатыр. Себебі өз елімізде ондай компаниялар жоқ. Сол үшін өзімізде де үлкен компаниялар болса дейміз. Сосын, бұған Қазақстан тарапынан да қаражат бөлініп жатыр әрине, бірақ негізгі қаражат инвесторлардың есебінен болады. Біз оларға ыңғайлы климат қалыптастырамыз, олар өзінің қаражатымен келеді.

Университетті өз ақшасына салады. Тағы қандай бизнес жобаларымен келеді, барлығын өз қаражаттарына салады. Мүлдем қаражат шықпайды деп өтірік айтпай-ақ қояйын, бірақ құрылыс жұмыстарының барлығы тек қана инвесторлардың есебінен болады. Бастапқы кезінде атқарушы орган, кеңестің жұмысын, сосын әкімшіліктің жұмысын қамтамасыз ету үшін белгілі бір шығындар болады. Бірақ Астананы, Түркістанды салғандай түгел мемлекеттің қаражатына салынбайды. Негізгі шығын –инвесторлардан. Біздің жұмысымыз негізінен заң шығарып, соларға қолайлы жағдай туғызу. Біз жұмыс тобында көріп жүрміз ғой, қазір инвесторлардың қызығушылығы күрт артты дейді. Қазір көптеген инвесторлар сыртқа қаражат шығарып, өз қаражатын еселегісі келеді. Әсіресе кореялық бизнес өкілдері осы салада көш бастап тұр деп айтуға болады. 

– Alatau City сияқты қала салып жатқан немесе салайын деп жатқан басқа да елдер бар ма?

– Біз бірнеше елдің осындай қала саламыз деген жоспарын көрдік. Әзірге бізбен қатар келе жатқан ел жоқ-ау. Жаңа сәтті және сәтсіз аяқталған бір-екі елден мысал келтірдім, ал енді бізбен бірге келе жатқан ел менің ойымша жоқ сияқты. Өйткені, болатын болса біз олардың да заңын зерттеген болар едік.  

Бірақ бұл жерде бір ерекшелік – бұл бір-екі жылда тұрғызылатын қала. Өйткені мемлекеттік бюджетке қарамайды ғой. Сосын инвесторлар тікелей қаламен жұмыс істей береді. Қазақстан қанша жылдан бері инвесторлармен жұмыс істеп келе жатырмыз, кем дегенде екі жыл келісімге уақыт кетеді. Бір-екі айда жүзеге асқан жоба бізде жоққа тән. Ал мұнда бұл процесс жылдам жүзеге асады. 

Бір айта кетерлігі, біз бұл жерде казиноға рұқсат етеміз. Себебі шетелдіктердің қажеттілігі ол – казино.

Сосын мамандарды оқытып шығаратын жоғарғы оқу орны болуы қажет. Мүмкін тағы да қаланың қажетін өтейтін бизнес түрлері болуы мүмкін. 

– Қала жылдам тұрғызылады дедіңіз, жылдамдық сапаға әсер етпей ме?

– Сапаға да жауап беретін сол дирекция. Әдетте мынандай заңдылық бар – ақша инвестордікі, ол оны жұмыс істетіп, содан пайда табуды көздейді. Бұл негізі батыстың моделі. Мысалға, бәріне түсінікті ғимарат туралы айта берейк, олар ғимаратты сапасыз салуға мүдделі емес. Біздегі поблема неде? Бізде тендр жариялаймыз, сосын құрылыс компаниялары ұтып алады да, кейін олар сапасына жауап бермейді.  Өйткені ақшаны алып, ғимаратты тапсырып кетуге әуес. Ал бұл жерде ол өзі ақшаны салады, табысты өзі табады, тиісінше мүдделі болады. Әрине ол бақыланады, әрине сапа жағынан біздің тараптан қабылданады. Бұл жерде мәселе – әдіс-тәсілде. 

Жалғасы бар...

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Ақпан 2026 11:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see121

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see121

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see116

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see114

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see114

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see114

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see113

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see113

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see113

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see110

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see110

Дәрігерлер отадан кейін қазақстандықтың денесінде зат қалдырып кеткен

13 Тамыз 2026 10:29see109

Астанада полицейлер алтын әшекейлер ұрлаған күдіктіні қолға түсірді

13 Тамыз 2026 10:13see108

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see108

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see107

Баланы 1 сыныпқа психологиялық тұрғыда қалай дайындау керек

13 Тамыз 2026 13:44see107

Теледебаттар миллиондаған аудиторияның назарын аударды саясаттанушы

13 Тамыз 2026 13:12see105

Ауқымды фестиваль өтеді

13 Тамыз 2026 03:23see104

Трамп балаларға жынысын ауыстыру бойынша оталарды қаржыландыруға тыйым салды

12 Тамыз 2026 09:36see103

15 миллион қазақстандықтың төлқұжаттарының жылыстауы : министрлік даркнеттегі файлдарды тексерді

12 Тамыз 2026 18:35see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары