Жаңа Қаратон тұрғындары малға жануар шапқанын хабарлады
Qazaq24.com, Azh.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..
Видеодан жасалған скриншотКентте түнгі шабуылдардан кейін қой мен ешкі өлімінің екі жағдайы тіркелген, оның бір эпизодында бақылау камералары малға ит шабуыл жасағанын көрсеткен.9 желтоқсан күні Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кентінде белгісіз жыртқыш бірнеше қой-ешкіні талап өлтіріп кеткен.
Үй иесінің айтуынша таңертең жабық қораға барғанда бірінің жүнін жұлып, екіншісінің ішек-қарнын ақтарып кеткен. Шибөрі деген болжам айтылуда.
Ал қарашаның 21-нде бір тұрғынның төрт қойын өлтіріп кеткен. Үй видеокамерасынан қарағанда ит екені анықталған.
Жаңа Қаратон әкімінің міндетін атқарушы Ербол Шымырбай бұралқы итке қатысты тұрғындар тарапынан шағым жиілегенін атап өтті. "Кентте бұралқы иттердің көбеюіне байланысты тұрғындар тарапынан шағым көп түсіп жатыр. Бұралқы иттерді аулау ҚР "Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы" номер204-VII заңына сәйкес, яғни аулау, уақытша оқшаулау, ветеринарлық тексеру, вакцинанциялау, залалсыздандыру жүргізіледі. Ал иттерді атуға әкімдік пен ветеринарға заңмен тиым салынған. Осыны кейбір адамдар түсіне бермейді".
Кент бойынша 100 бұралқөы итті аулау көрсетілген, ол жоспарды орындау үшін кент әкімшілігі ЖК М.Нұрбаевпен келісім шартқа отырған. ЖК қыркүйекке дейін ол жоспарды орындап шыққан. Енді қарашада кентте тағы 50 бұралқы итті аулауға қаражат бөлінген. Оны ЖК Сагинов атқаруы тиіс.
Ләззат ҚАРАЖАНОВА
Кеше, 15:46
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:23
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 10:05 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















