Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

Газа тұрғындары жаңа жылға дайындалуда

Газа тұрғындары жаңа жылға дайындалуда

24.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Жаңа жыл мерекесі де таяп қалды. Әлем елдері қызу дайындықты бастап кетті. Тіпті кейінгі екі жыл бойы оқтың дыбысы мен бомбаның гүрсілінен көз ашпаған Газа секторында да биыл мерекелік көңіл-күй сезіледі.

Әр елдің салты басқа демекші, мемлекеттердің ежелден қалыптасқан түрлі әдет-ғұрыптары бар. Мәселен, Жапония Жаңа жылдың келгенін қоңыраудың 108 рет соғылғанынан біледі. Ал Грекияда мереке кезінде сыйлыққа тас береді. Иә, жерде жатқан кәдімгі қара тас.

Бұрын-соңды естіп-білмеген Жаңа жылдық ерекше әрі қызық дәстүрлер өте көп.

Кейінгі екі жылда Газа тұрғындарының Жаңа жыл мерекесін тойлауға мұршасы болмады. Әр күні үреймен өткен палестиналықтар ауыр кезеңдерді бастан кешті. Алайда биыл қазан айында аймақта атысты тоқтату режимі күшіне енді. Асыға күткен бейбітшілік орнап, көптің көңілі біршама жайланған соң, жұрт Жаңа жыл мерекесіне дайындықты бастады. 2 млн 200 мың тұрғыны бар Газада мыңға жуық адам христиан дінін ұстанады. Григориан күнтізбесі бойынша Жаңа жыл 1 қаңтарда атап өтілсе, оған дейін, яғни 25 желтоқсанда католиктер мен протестанттар Рождество мерекесін тойлайды. Сондықтан балалар шіркеуді безендіруге кірісті. Мереке қарсаңында Газаға Иерусалим патриархы келді. Балалар мәз-мейрам. Шыршаны айнала асыр салып жүр. Жүздеріне көптен бері алғаш рет күлкі үйірілді.

Хильда Аяд, Газа қаласының тұрғыны:

- Былтыр біз Жаңа жыл мерекесін тойлаған жоқпыз. Осы шіркеуге келіп, дұға жасаумен болдық. Екі жыл соғыстан кейін біз баспанадан, жақындарымыздан, барлығынан айырылдық. Талай рет қиын қыстау кезеңде дәл осы шіркеу бізге пана болды. Қазір біз бақытты өзгеден емес, өзімізден іздеп табуға тырысудамыз. Газада, сондай-ақ күллі әлемде бейбітшілік болғанын қалаймын.

Пьербаттиста Пиццабалла, Иерусалим патриархы:

- Сіздер бүкіл әлем үшін табандылық, сенім және үміттің үлгісі бола алдыңыздар. Болған жағдайды ұмыта алмайтынымыз анық. Алайда біз енді болашақты ойлауымыз керек.

Ал Газадан шамамен 60 шақырым жерде орналасқан Палестинаның Вифлеем қаласында екі жылдық үзілістен кейін мерекелік көңіл-күй тіптен бөлек.

Орталық алаңда 20-метрлік шырша қойылған. Шырша шамын жағу рәсіміне мыңдаған палестиналық қатысты.Қасиетті мекен саналатын Иерусалим жұртшылығы да мейрамға қызу дайындалып жатыр. Қала тұрғыны Исса Кассисие Аяз Атаның рөліне еніп, өткен-кеткен адамға шырша сыйлады. Бұл дәстүрді ол бірнеше жылдан бері жалғастырып келеді. Тұрғындар дән риза. Бәрінің де тілегі бір – бейбітшілік.

Исса Кассисие, Иерусалим тұрғыны:

- Менің жалғыз тілегім – бейбітшілік. Иерусалим – әлемнің жүрегі. Мұнда бейбітшілік болса, барлық әлемде де тыныштық болады деген сөз. Мереке құтты болсын!

Әрине Газадағы жағдай әлі де тұрақсыз. Десе де олар үшін Жаңа жыл жаңа өмірдің бастауы іспеттес. Тұрғындар үшін әр қиындықтың артында бір жақсылық барын білдіретін үміт оты жанған тәрізді.  

Әр елдің салты басқа

Жаңа жыл – алыс-жақындағы ағайынның басын қосатын отбасылық мереке екені даусыз.

АҚШ жыл сайын бұл мейрамды кең көлемде атап өтеді. Әдеттегідей, Нью-Йорктегі әйгілі Таймс-Скуер алаңында 600-ге жуық шамнан құралған келер жылдың инсталляциясы қойылған. Салмағы 500 келіден асады. 1 қаңтар күні ол One Times Square ғимаратының төбесіне көтеріледі. Сондай-ақ дәл осы алаңда әйгілі Жаңа жылдық алып шар төмен қарай түсіріледі. Бұл – америкалықтар үшін жаңа жылдың кіргенінің белгісі. Түнгі 00:00-ден кейін шар тағы да көтеріліп, келесі жыл келгенше жоғарыда тұрады. Нью-Йоркте алғаш рет 1970 жылы қолға алынған бастама ерекше дәстүрге айналды.

Шон Гасснер, Флорида штатының тұрғыны :

- Шаңырақ көтергенімізге 10 жыл толды. Нью-Йоркке келу – жұбайымның арманы еді. Келесі жылы шарды түсіру рәсіміне келеміз деп жоспарлап отырмыз.

Ал жапондар Жаңа жылда өз үйлерін бамбукпен, өрік және шырша бұтақтарымен безендіреді. Осылайша молшылық пен байлыққа кенелеміз деп сенеді. Жаңа жылдың келгенін жапондықтар қоңыраудың 108 мәрте соғылуынан біледі. Буддалық сенім бойынша, адамды 108 зиянды уайым айналсоқтап жүреді. Сондықтан қоңырау соғу – сол 108 бәлені қуудың ізгі амалы саналады. Мексикада да осыған ұқсас дәстүр бар. Жаңа жыл қарсаңында тұрғындар түрлі түсті қағаздан «пиньята» деп аталатын ойыншық жасап, оның ішін тәттілермен толтырады. Дәл осы ойыншықтармен қала көшелерін безендіреді. Ал кей адамдар жеті бұрышы бар ойыншықты жеті күнәнің белгісі деп біледі. Сол себепті тұрғындар жиналып, ойыншықты жоғарыға байлайды да, оны таяқпен ұрғылай бастайды. Ішінен түскен тәттілерді жамандықты жеңгені үшін марапат ретінде қабылдайды.

Хайден Эрнандес Ортис, Мехико штатының тұрғыны:

- Мен жылдың осы кезеңін жақсы көремін. Өйткені қолдан ойыншықтар жасау дәстүрге айналды. Бұл істі менің отбасымда әжем бастаған. Мен дәстүрді жалғап келе жатқан үшінші ұрпақ өкілімін.

Жаңа Жылдық сыйлықтарға қатысты да ерекше дәстүрлер бар. Мәселен, Грекия тұрғындары бір-біріне тас сыйлайды. Тас неғұрлым ауыр болса, соғұрлым әмияның ауыр, ақшаға толы болады деген сенім бар. Қонаққа келген кезде гректер әлгі тасты үйдің тура табалдырығына тастайды.

Сондай-ақ Жаңа жыл түнінде бүкіл отбасы аулаға шығып табалдырыққа анар жемісін ұрып, жарады. Анардың дәні неғұрлым көп шашылса, тиын-тебен соғұрлым көп болады деген наным бар.

Лапландия – Аяз Атаның мекені

Жаңа жыл қарсаңында миллиондаған турист Лапландияға ағылады. Дәлірек айтқанда, Финляндияның солтүстігіндегі Рованиеми ауылына. Көптің түсінігінде бұл – Аяз Атаның отаны. Мұнда келушілер жақын-жуыққа ауылдағы пошта бөлімінен арнайы белгісі бар мерекелік құттықтаулар жібере алады. Сондай-ақ әлемнің түкпір-түкпіріндегі балалар Аяз Атаға күн сайын хат жазып жатады.

Риитта, пошта қызметкері:

- Поштаға келген халықтың қарасы көп. Бұл – туристердің сүйікті орны. Аяз Атаға 300 мыңнан астам хат келді. Мерекеге дейін жарты миллионға жетуі мүмкін.

Бүлдіршіндердің Аяз Атаға хаттары жауапсыз қалмайды

Толассыз түскен хаттардан соң Аяз Ата әлемді шарлап, сыйлық таратуға кіріседі. Ал оның нақты қайда жүргенін білуге Солтүстік Америка әуе-ғарыш қорғанысының қолбасшылығы көмектеседі. Негізінен мұндағы қызметкерлер әуе кеңістігін қауіп-қатерден қорғау үшін бақылайды. Алайда осыдан 70 жыл бұрын бейтаныс жеткіншек кездейсоқ қолбасшылыққа телефон шалып, Аяз Атаның мекенжайын сұраған. Тұтқаны көтерген командир Гарри Шоуп бүлдіршіннің көңілін қалдырғысы келмей, Солтүстік полюстегі координаттарды айтқан. Осыдан кейін бұл ойын дәстүрге айналды. Былтыр 400 мыңнан астам қоңырау түскен. Биыл балалардың сұрақтарына жауап беру үшін бір мыңнан астам ерікті көмектеседі. Ал өзге мемлекет тұрғындары веб-сайт арқылы хабарласа алады.

Мишель Мартин, Norad жоспарлау бойынша маманы:

- Бұл өте қызық дәстүр. Телефонның әр жағында кім болатынын болжау қиын. Кейде ересектер қызық үшін қоңырау шалады. Ал кей кезде ауруханада жатқан бала хабарласып, Аяз Ата оның жағдайын сұрауға келе ме, жоқ па деп сұрайды. Олардың жүрегінде Аяз Атаға деген сенім барда ол міндетті түрде келеді деп жауап береміз.

Жаңа жыл қарсаңында бала түгіл, ересектердің өзі ғажайыпқа сеніп, тек жақсылықтан үмітті болады. Бұл мереке адамзат баласын жақындастырады, бірлікке шақырады, жүрекке мейірім нұрын шашып қуаныш сыйлайды. Шығыс күнтізбесіне сәйкес, 2026 жыл – жылқы жылы. Бұл – батыл шешімдер қабылдап, жаңа бастамаларды қолға алуға таптырмас кезең деседі.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:160
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Желтоқсан 2025 13:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see133

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see130

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see127

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see127

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see126

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see126

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see125

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see124

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see123

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see123

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see123

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see123

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see123

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see122

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see121

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see121

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see121

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see120

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see120

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see119
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары