Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Жаңаарқа кітапханасындағы дауға қатысты директор өз уәжін айтты

Жаңаарқа кітапханасындағы дауға қатысты директор өз уәжін айтты

Arasha.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Жаңаарқа аудандық кітапханасы төңірегіндегі дау бірнеше жылдан бері тоқтамай келеді. Кітапхана директоры Шынар Өскенбаева өзінің қызметіне қатысты айтылған айыптауларды жоққа шығарып, құқықтық тұрғыда бірнеше рет өз позициясын қорғап шыққанын мәлімдеді. Бұл туралы ол Arasha.kz тілшісіне берген пікірінде айтты.

Шынар Өскенбаеваның айтуынша, дау 2023 жылы кітапхана қызметкерлері Әсем Ақмолдина мен Зайра Сағынтаеваның аудандық Мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне арыз түсіруінен басталған.

– Арызда менің дипломды сатып алғаным және қызметкерді баласы ауырып ауруханаға түскенде жұмыстан жібермегенім туралы жазылған. Осы арызды негізге ала отырып, ешқандай тексерусіз аудандық бөлім басшысы маған қатаң сөгіс жариялайды. Сол жерде бірден бұйрық шығарып, кітапхана ұжымының алдында Ш.Өскенбаева басшылықтан кетсін дегендер қол көтерсін деп ұсыныс тастайды. Мен ол жерде: «Дипломды сатып алғаным дәлелденді ме? Ал баласы ауруханаға түскен адамға бірден еңбекке жарамсыздық қағазы ашылады, бұл заңды процедура. Сондықтан сөгіс беру заңсыз» деп уәж айттым, – дейді ол.

Кітапхана директорының айтуынша, бұл бұйрық кейін прокуратура мен еңбек инспекциясына шағымдану арқылы күшін жойған. Осы жағдайдан кейін кітапханада дау күшейіп, ұжымның 54 қызметкері аудан әкімінің атына директорды қызметтен босатуды талап еткен шағым түсіреді.

– Қызмет жасап жатқан кезде ұжымдық шағым түсіреді. Өскенбаева Шынар Түлкібайқызы басшылықтан кетсін деп ұжымға іріткі салған сөзіне еріп ұжымдағы 54 адам аудан әкімінің атына жазылған шағымға қол қояды. Сол арыздың салдарынан жұмыс тобы құрылып, мені жұмыстан шығаруға әрекет етті. Сол кезде бала күтімі демалысына кетуге мәжбүр болдым. Кейін жұмыс тобының хатымен шақырып, қайтадан жұмыстан шығарды. Сот бұл шешімді де жоққа шығарды, – дейді Шынар Түлкібайқызы.

Директор екі рет соттасып, екі жағдайда да қызметіне қайта оралғанын атап өтті. 2025 жылдың 19 сәуірінде ол лауазымына қайта кіріскен. Оның сөзінше, осы уақыт ішінде бірнеше рет кітапхана қызметкерлері қысым көріп жатқандарын айтып, әлеуметтік желі арқылы видео үндеу таратқан. Алайда ресми шағым болмаған.

– Бірде-бір қызметкер құқық қорғау органдарына менің үстімнен қысым көрсеткенім туралы шағым түсірген емес. Соған қарамастан, видео үндеу жарияланған сайын мен облыс әкімдігіне дейін түсініктеме жазып отырдым. Осылайша 2025 жылдың 31 желтоқсанында қайтадан басы бар аяғы жоқ, кімге жолданып жатқаны да белгісіз видео үндеу жолдайды. Оны блогер, «Атамекен» тілшісі Айман Сағатай инстаграм және фейсбук желісіндегі elsozi.kz деген парақшада осы үндеуді жариялайды. Онда да нақты қандай қысым көріп жатқаны айтылмаған. Сол үндеуді оқып отырған кітапхана қызметкерінің үстінен полиция бөліміне әкімшілік құқық бұзушылықты анықтау бойынша өтініш білдірдім. Сол бойынша қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр, – дейді ол.

2026 жылдың 5 қаңтарында аудан әкімі жаңа жұмыс тобын құрған. Оның құрамына Еңбек инспекциясы мен облыстық кітапхана өкілі де кірген.

– «15 қаңтарда өткен жиналыс таңғы 11-ден кешкі 20:00-ге дейін созылды. Басында тек соңғы кезеңдегі жағдай талқыланады деді, бірақ 2018 жылдан бергі сотпен шешілген мәселелер қайта көтерілді. Мен сөйлеген кезде видеоға түсіру тоқтатылды. Бұл отбасым үшін де ауыр болды, үйде екі кішкентай балам бар, – дейді Ш.Өскенбаева.

Жиналыста кітапханашылар екі тарапқа бөлінген: бірі – қысым бар десе, екінші топ қарсы дәлел келтірген. Жиында кітапхана қызметкерлері сөз алып, видео үндеу жолдаған 7-8 адам ұжым деп біздің атымызды жамылмасын деп өтініш білдіреді.

Өз позициясын түйіндеген Шынар Өскенбаева:

– Мен ешқандай қызметкерге қысым көрсеткен жоқпын, ар-намысына тиетін сөз айтқан жоқпын. Керісінше, мені бала күтімі демалысында жүргенде екі рет қызметтен төмендетіп, қайта-қайта жұмыстан босатты. Желтоқсан айында Жаңаарқа ауданы әкімінің халық алдында есеп беруі өтті. Сол жерде Ә. Ақмолдина кітапханадағы жағдайдың нашар екенін айтып, «54 адамның арызы қаралмай жатыр» деп әкімге сұрақ қойды. Әкім бұл мәселені шешуді орынбасарына тапсырды. Қазіргі уақытта Айман Сағатай және Қаламқас Ботабекова есімді блогерлер әлеуметтік желіде осы мәселені көтеріп, резонанс тудыруға тырысуда. Сондықтан комиссия отырысына дейін кейбір қызметкерлер ұжым атын жамылып сөйлегені туралы да жазылуы тиіс деп есептеймін. Менің қорғаушым да бұл жөнінде пікір бере алады, – дейді.

21 қаңтарда кезекті келісім комиссиясы өткізіліп, келмеген қызметкерлердің пікірі тыңдалып, шешім шығарылмақ.

Кәмила Дүйсен

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:191
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 20 Қаңтар 2026 11:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары