Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

Жанарбек Әшімжан: Халық кеңесі идеологиялық ұстанымды, стратегиялық сабақтастықты заңның талабына сәйкестендіретін орган

Жанарбек Әшімжан: Халық кеңесі идеологиялық ұстанымды, стратегиялық сабақтастықты заңның талабына сәйкестендіретін орган

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Мәжіліс депутаты, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі Жанарбек Әшімжан Халық кеңесі  жай ғана консультативтік алаң емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің институционалдық көрінісі деген пікір білдірді. Ол бұл туралы Конституциялық соттың кезекті отырысында айтты, - деп хабарлайды Aikyn.kz сайты. 

Оның айтуынша, бүгінгі отырыста билік пен қоғам арасындағы өзара сенімге негізделген жаңа қоғамдық келісімді қалыптастыру, сондай-ақ мемлекеттік басқарудың мазмұны мен архитектурасын түбегейлі жаңарту міндетін талқыланды. 

– Соңғы жылдары қабылданған шешімдер осы мақсатқа жүйелі түрде қызмет етіп келеді. Атап айтқанда, бұрын қолданылған президенттік квоталар мен тағайындаулардан бас тарту арқылы өкілді биліктің дербестігін күшейтуге, саяси жүйені нақты демократияландыруға бағыт алдық.  «Тепе-теңдік бар жерде тұрақтылық бар» деген саяси қағидатқа сүйенсек, жүзеге асырылған реформалар билік тармақтары арасындағы теңгерімді нығайтып, институционалдық дамудың жаңа кезеңін қалыптастырды. Осы логиканың заңды жалғасы ретінде Құрылтайдың өкілеттіктерін кеңейту мәселесі күн тәртібіне шықты. Құрылтайға Конституциялық сотты, Жоғары аудиторлық палатаны және Орталық сайлау комиссиясын қалыптастыруға қатысу құқығын беру бұл институттардың тәуелсіздігін арттырып қана қоймай, олардың халық алдындағы жауапкершілігін күшейтеді, – дейді ол. 

Депутаттың сөзінше, бұл мемлекеттің құқықтық негіздерін нығайтатын жүйелі әрі салмақты шешім. Сондықтан бүгінгі талқыланған Халық кеңесі институтының маңызы айқын көрінетінін жеткізді.  

 – Халық кеңесі  жай ғана консультативтік алаң емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің институционалдық көрінісі. Бұған дейін қоғамдық кеңестер мен түрлі диалог алаңдары болғаны рас.  Алайда олардың басты әлсіз тұсы  нақты шешім қабылдау процесіне ықпал ету тетіктерінің жеткіліксіздігі еді.    Қоғамда толассыз жүріп жатқан мәдени, рухани процестерден туындаған проблемалармен айналысатын нақты институттар бар. Әрине, ол саламен айналысатын мемлекеттік иниституттардың белгіленген регламент аумағында жұмыс істейтіні белгілі. Ал, Халық кеңесінің ауқымдылығы – әлгіндей алаңдарда қордаланған, жинақталған түрлі ұсыныстарды, пікірлерді, көзқарастарды бір алаңда тоғыстырып, айтылған сөз айтылған жерде қалмай нақты механимге айналдыру, – деді Жанарбек Әшімжан.

 Депутат ел Президенті 2025 жылғы 5 қарашада «Қазақстан Республикасы ішкі саясатының негізгі қағидаттарын, құндылықтары мен бағыттарын бекіту туралы» Жарлыққа қойғанын сөз етті.

– Мемлекет басшысының Құрылтайда сөйлеген сөзінің басым бөлігі ұлттық құндылықтар мен дәстүрлі канондарға, халықтың мәдени кодын арттыруға арналғаны тегін емес. Демек, Ішкі саясатқа қатысты қағидаттарды жүзеге асыратын қуатты институттардың бірі – Халық кеңесі.  Осы тұрғыдан келсек, Халық кеңесі – идеологиялық ұстанымды, стратегиялық сабақтастықты заңның талабына сәйкестендіретін де орган.

Мәдени, рухани, шығармашылық ұғымдардың ауқымы өте кең, тіпті шексіз. Ал, оны заң тіліне жатқызу уақыт пен кеңістік тұрғысынан алғанда оңай шаруа емес. Бұл мәселелермен айналысатын мемлекеттік органдар регламенттер мен тиісті заңнамалық актілердің аясынан шыға алмауы мүмкін. Ал Халық кеңесі қоғамда қордаланған түйткілді мәселелерді кәсіби тұрғыдан түп тамырына дейін қопарып, талдап, таразылап нақты заңнамалық ұсынысқа айналдыра алатын институционалды орган болады деген үміттемін.

2022 жылғы жалпыұлттық референдум, өңірлердегі ашық диалог алаңдары мен азаматтардың қоғамдық-саяси белсенділігі бір нәрсені айқын көрсетті: қоғам саяси субъект ретінде кемелденді. Халық кеңесі осы қоғамдық сұранысқа берілген институционалдық жауап, формализмнен арылған, саяси салмағы бар диалог алаңы, – дейді ол.

Сөйтіп Жанарбек Әшімжан Халық кеңесі өкілді демократия мен тікелей демократияның арасындағы алтын көпірге айналағанын айтты.

– Жаңа институт билікті орталықсыздандыруға, жауапкершілікті бөлісуге және қоғамның мемлекетке деген сенімін нығайтуға бағытталған конституциялық реформаның ішкі логикасына толық сәйкес келеді. Демек Халық кеңесі – мемлекет басқарудағы бүкіл саяси жүйенің іргелі бір бөлшегі. Яғни, ел басқару тетігі бір ғана тұлғаның ерік-жігеріне емес, саяси институттардың тұрақтылығы мен консенсусында қоғамға тиімді қызмет етуінде.

 Барлық этностардың мүддесін қамтитын Халық кеңесіне конституциялық негіз беру стратегиялық тұрғыдан маңызды.  Өйткені бұл күшке немесе әкімшілік ресурсқа емес, диалог арқылы тұрақтылықты қамтамасыз ететін институт.  Халық кеңесі біртұтас Қазақстан халқының мүддесіне қызмет етіп, ішкі саясат, қоғамдық келісім және ұлттық құндылықтар мәселелері бойынша кәсіби ұсыныстар әзірлей алуы тиіс.    Сонымен қатар, оған заңнамалық бастама көтеру және референдум өткізуге ұсыныс беру құқығын еншілеу басқару жүйесінің институционалдық тұрақтылығын арттырады.

Сондықтан біз ұсынып отырған өзгерістер  мемлекеттің тұрақтылығына салынған ұзақмерзімді инвестиция. Бұл – болашақ дағдарыстардың алдын алуға, қоғам мен билік арасындағы сенімді нығайтуға және мемлекеттік басқарудың жаңа архитектурасын қалыптастыруға бағытталған шешімдер.  Дана халқымыз «Ақылмен басталған іс – баянды болады» дейді. Осы тұрғыда, Халық кеңесі  эмоцияға емес, ақыл мен жауапкершілікке негізделген тұрақты саяси құрылым.  Ол Қазақстандағы саяси мәдениеттің сапалық жаңа деңгейіне жол ашады, – деді Жаранбек Әшімжан. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:200
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қаңтар 2026 10:04
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see166

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see163

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see162

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see159

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see155

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see155

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see143

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see139

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see136

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see132

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see129

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see126

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see120

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see120

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see119

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see116

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see114

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see113

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see109

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары