Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

Бюджетке түскен батпан

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

Жәңгір мектебінің түлектері

Жәңгір мектебінің түлектері

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Алаш көшбасшысы Әлихан Бөкейхан «Қазақ» газетіне жариялаған «Бөкейліктердің мүфтилікте қалуы» мақаласында: «1801 жылы Бөкей хан он алты ру елімен қайтадан Жайықтың күнбатыс жағына көшіп, қоныс алған екен» десе, жазушы Мұхтар Мағауин: «Бөкей сұлтан 1801 жылы бейбіт келісім жолымен, бұрынғы Алтын орданың, кейінгі ноғай-қазақтың құт мекені Жайықтың батыс бетіне, Еділге дейінгі кең алқапта қоныстануға мүмкіндік алды», деп жазған болатын. Биыл осы Бөкей ордасының құрылғанына – 225 жыл.

Коллажды жасаған – Қонысбай ШЕЖІМБАЙ, «EQ»

Мұхтар Мағауин «Қазақ тарихының әліппесі» кітабында Бөкей ордасының құрылуын ХІХ ғасырдың бас кезіндегі ең елеулі оқиға деп бағалаған. «Атажұртқа ірге аударған жұрт Бөкейді хан сайлады. Ресей дәргейіндегі, бірақ өзіндік басқару жүйесі бар жаңа ұлыс Ішкі немесе Бөкей ордасы деп аталды. Сөйтіп, қатарынан озып туған, көреген Бөкей хан кіріптар заманның өзінде Алаш ұлының өрісін кеңейтті», деп жазды жазушы. Бөкей өз ордасының негізін 1801 жылы қаласа да хан атағы оған арада он жыл өткеннен кейін ғана берілді. 1812 жылғы маусымда І Александр патшаның жарлығымен Бөкей сұлтан Ішкі орданың ханы болып тағайындалады. Арада 3 жыл өткенде, яғни 1815 жылы Бөкей хан дүниеден өтеді. Әлихан Бөкейхан жазғандай, «Бөкей хан дүниядан қайтқан кезде Жаһангер мырза он екі жасар бала екен». Сол себепті ол есейгенше Ішкі орданы басқару ісі Бөкейдің бауыры Шығай сұлтанға беріледі. Жәңгір хан (Жаһангер) Бөкей ордасы билігін 1824 жылы ғана өз қолына алды. Ол Жасқұс деген жерден жаңа Хан ордасын салдырып, ордасын сонда көшіреді.

Жәңгір хан тәуелсіз саясат жүргізуге талпынады. Хан кеңесін құрып, бірнеше бағытта реформа жүргізуге тырысады. Алайда оның жер реформасы сәтсіздікке ұшырап, соңы 1836–1838 жылдардағы Исатай мен Махамбет батырлар бастаған ұлт-азаттық қозғалысқа ұласады. Дегенмен Жәңгірдің Хан ордасын салдыруы, ордада мешіт пен мектеп тұрғызуы, музей мен дәріхана ашуы, пошта-телеграф торабын орнатуы, жәрмеңке ұйымдастыруы секілді игілікті ісі қазақ қоғамына серпін әкелді. Солардың ішінде өз жемісін берген ізгі ісінің бірі – хан ашқан мектеп.

Әсілінде Жәңгір мектеп салу туралы ниеті барын 1826 жылдан айта бастаған екен. Бұл ойын Қазан университетінің ректоры Фукске жеткізген көрінеді. Ал 1831 жылы Орынбор генерал-губернаторы Эссенге хат жолдайды. Ол хатында Хан ордасында мектеп салу туралы ұсыныс-тілегін жеткізеді. Алайда ханның бұл тілегі он жылдан кейін бір-ақ орындалады. 1841 жылғы 6 жeлтоқcaндa Хaн ордacындa қарағайдан салынған екі қабатты қaзaқ-орыc училищесі ашылады. Халық оны «Жәңгір мeктeбі» деп атап кетеді. Биыл осы мектептің бой көтергеніне 185 жыл толады.

Жәңгір хан мектепті өз қаржысына тұрғызады. Мектепті ұстап тұру шығыны мен мұғалімдердің жалақысын да өзі көтереді. Петербор, Қазан, Орынбор, Астрахан қалаларынан білікті мұғалімдер шақырады, оларға да бар жағдайды жасайды. Деректерде Жәңгір ханның шәкірттерден емтихан қабылдағаны, мектептің оқу бағдарламасын, оқу жоспарын қадағалауға атсалысқаны айтылады. Ондағы мақсаты қазақ балаларын қолдау еді. Жәңгір хан осы мектеп түлектерінің әрі қарай Қазан университеті, Орынбордағы Неплюев кадет корпусы, т.б. оқу орындарында білім алып, елге қызмет еткенін қала­ды. Шынында солай болды, Жәң­гір мектебінен білім алған қазақ бала­ларының басым бөлігі кейін ұлт қайраткеріне айналды.

Жәңгір мектебінің тұңғыш түлегі Салық Бабажанов естелігінде: «...Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыруға марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, 60 адам Ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды», деп жазады. Сонымен қатар ол 1845 жылы Жәңгір ханның арнаулы дастарқан жа­йып, мектептің шәкірттерін үйіне қонаққа шақырғанын да жазған болатын. Хан әр баладан қайда барып оқығысы келетінін, қандай қызмет атқаруды қалайтынын сұрап, оларға ақыл-кеңесін айтыпты. Біз бұдан ханның мектепті ашып қана қоймай, оны бітірген балалармен жеке-жеке сөйлесіп, олардың ойын, мақсатын біліп, бағыт-бағдар бергенін де байқаймыз.

Салық Бабажанов 1841–1845 жылдары Жәңгір мектебінде, 1845–1851 жылдары Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқиды. Оны тәмамдаған соң аз уақыт Орынбор шекара комиссиясында қызмет етеді. Сосын елге оралып, 1855–1861 жылдары Бөкей ордасындағы Уақытша кеңесте кеңесші болады. Жәңгір хан өмірден өткеннен кейін Бөкей ордасындағы хандық билік жойылып, 1848 жылы Астрахан губерниясына бағынатын Бөкей ордасын басқару жөніндегі Уақытша кеңес құрылады. 1860 жылы Бөкей ордасы Бірінші және Екінші Теңіз жағалауы, Тарғын, Талөкпе (Таловка), Нарын, Қалмақ, Қамыс-Самар деп аталатын жеті аймаққа бөлінеді. Жәңгір мектебінде оқыған шәкірттердің дені осы аймақтарды басқарады. Салық 1866–1871 жылдары осындағы Қамыс-Самар аймағының әкімі болады. Оның ел арасындағы беделі жоғары еді. Сол себепті күш-жігерін халықтың әлеуетін көтеруге жұмсайды. Қазақ қоғамын заман талабына сай бейімдеуге, халықтың құқығын қорғауға, тұрмысын жеңілдетуге күш салады.

Академик Салық Зимановтың: «Орда­дағы Жәңгір мектебін бітірген­дердің көбі өз заманының алдыңғы қатарлы идея­ларын қолдаушылар болды. Солардың ішінде білім деңгейі мен ой-пікірімен ерекше танылған тұлға Салық Бабажанов еді», деп жазғаны бар. Шынында, Салық нағыз интеллектуал тұлға еді. Ол ел басқарып қана қоймай, ағартушылықпен де айналысады. 1861 жылдан бастап ғылымға ден қойып, қазақ этнографиясын зерттеуге күш салады. Сол уақыттағы Ресейден шығатын «Санкт-Петербургские ведомости», «Голос Санкт-Петербурга», «Северная пчела», «Сибир», т.б. басылымдарға «Киргизец Салих Бабаджанов», «Ходжа Салих», «Хаджи Салих», «Киргиз-Адаевец» деген бүркеншік есімдері­мен ғылыми мақалаларын жариялай­ды. Оның ғылыми мақалалары қоғамда оң бағаға ие болып, 1862 жылы Орыс геогра­фиялық қоғамының мүшелігіне қабылданады. Сондай-ақ осы жылы қазақ даласынан әйелдің тас мүсінін (балбал тас) тауып, ол жайында көлемді зерттеу мақаласын жазады. Осы ғылыми еңбегі үшін Салық Бабажанов географиялық қоғамның күміс медаліне ие болады. Салықтың қазақ ғылымына қосар үлесі бұдан да зор болар еді. Алайда қырық жасында белгісіз жағдайда өмірден озады. Салық өмірден өткенде оның қазасына бүкіл қазақ қоғамы қайғырады. Дәулеткерей оған арнап «Салық өлген» деген жоқтау күйін шығарады.

Деректерде дәулескер күйші Дәулет-керейдің де Жәңгір мектебінің тәлім алғаны айтылып жүр. Ағасы Жәңгір хан мен әкесі Шығай сұлтан оны бала кезінен ел билеуге баулиды. 1852 жылдан бастап Бөкей ордасының ноғай, қызылқұрт, масқар, төлеңгіт руларын басқарады. Қызылқұрт руына басшы болған кезінде ол, академик Ахмет Жұбанов жазғандай, «Құрманғазымен әңгімелесіп, халық дәстүрі үлгісіндегі басқа да домбырашыларды көріп таниды». Осылайша, басқарушылық қызметімен бірге күйшілік өнерін де қатар дамытады. 1859 жылы қазақ делегациясымен бірге Мәскеуге, Петерборға барып, тақ мұрагерінің салтанатына қатысқан соң, Дәулеткерейдің музыкаға деген көзқарасы мүлдем өзгереді. Қазақ музыкасын, соның ішінде күй өнерін дамытуға ден қояды. «Жігер», «Бұлбұл», «Көрұғлы», т.б. күйлерімен қазақтың күй өнеріне соны ізін қалдырады. Александр Затаевич Дәулеткерейдің күйлері жайында «халық өнерінің ғажап үлгісі» деп жазса, Ахмет Жұбанов оған «төре күйлерінің атасы» деген баға береді. Төре күйі дегенді Ақселеу Сейдімбек «Қазақтың күй өнері» кітабында «музыкалық мәдениетіміздегі күйшіліктің орныққан оқшау дәстүрі» деп түсіндірген еді. Біз бұдан Дәулеткерейдің қазақ күйі­не жаңалық енгізіп, күй мектебін қалыптастырғанын байқаймыз.

Жәңгір ашқан мектепте ханның ұлдары да оқыды. Себебі ордада орыс­ша-қазақша білім беретін мектеп ашылғанда ел арасында «хан қазақ балаларын шоқындырмақшы» деген қауесет тараған еді. Сол себепті Жәңгір өзі ашқан мектепке ұлдарын да береді. Соның бірі орыс офицерлері «Гене­рал Шыңғысхан» атаған Ғұбайдолла Жәңгірұлы болатын. Ғұбайдолла әкесі ашқан мектептен білім алып, кейін Орынбордағы Неплюев кадет корпусына оқуға қабылданады. Оны бітірген соң, Петербордағы Императорлық паж корпусына түсіп, оны да сәтті аяқтайды. Ғұбайдолла әкесі секілді билік жүргізуді қаламайды. Оны жастайынан әскери сала қызықтырады. Паж корпусын бітірген соң, әскери қызметін Петербордағы лейб-гвардиялық казак полкінен бастайды. Алайда бір жылдан кейін оны Орынборға ауыстырып, қазақ, башқұрт, татар халықтарының ісі жөніндегі арнайы офицер етіп тағайындайды. Осы жерде ол он жылдай қызмет істейді. Сосын императордың Солтүстік-Батыс аймақтағы флигель-адъютанты болады.

1868 жылы Ресей империясының Пошта және телеграф министрлігі таратылып, орнына Пошта және телеграф департаменті құрылғаны белгілі. Осы департаментті 1876 жылдан 1880 жылға дейін Ғұбайдолла Жәңгірұлы басқарады. 1878 жылы генерал-майор, 1888 жылы генерал-лейтенант шенін алады. 1894 жылы доғарысқа шығып, Қырымдағы Уақып істері жөніндегі ерекше комиссияны басқарады. Сол жақта жүріп, өмірден өтеді.

Жәңгір мектебінен шығып, ел басқарған тұлғалардың бірі – Мақаш (Мұхаметжан) Бекмұхамбетов. Әбіш Кекілбайұлы айтқандай, «Атырау, Жайық бойында оның атын білмейтін адам жоқ». Мақаш 1842–1845 жылдары Жәңгір мектебінде, 1845–1852 жылдары Орынбордағы Неплюев кадет корпусында оқиды. Соңыра ордаға оралып, қызмет жолын тілмаш, хатшы болып бастайды. 1855–1892 жылдары Бірінші және Екінші Теңіз жағалауы аймақтарын басқарады. Мақаш елдік мәселелерде үнемі белсенділік танытады. Қазақ депутациясымен бірге Петерборға барып, халық тағдырына қатысты мәселелерді көтереді. Күй атасы Құрманғазы қудаланған кезде Уақытша кеңестің правителі Лазеревскидің тілін тауып, күйшіге бостандық алып береді. Абайдың әкесі Құнанбай Өскенбайұлы­мен бірге Меккеге қажылыққа барады. Өмірінің соңғы жылдарында Уақытша кеңесте кеңесші қызметін атқарады. Мақаш әкім ғана емес, досы Салық секілді ағартушылықпен, этнографиямен айналысады. Орыс географиялық қоғамының мүшесі атанып, «Астраханские ведомости», «Астраханский вестник», т.б. басылымдарға қазақ халқының тұрмысы, тарихы, мәдениетіне қатысты түрлі ғылы­ми-танымдық мақалаларын жариялайды. Алайда оның кітаптары өзі өмірден өткен соң ғана жарыққа шығады. 1908 жылы Қазаннан «Жақсы үгіт», 1910 жылы Астарханнан «Кочевые казахи и калмыки в Астраханской губернии» деген жинақтары жарық көреді. Қазақ АКСР-ның Әділет халық комиссары болған Шаф­қат Бекмұхаметов – осы Мақаштың ұлы.

Жәңгір хан ашқан мектеп қазақ даласындағы алғашқы білім шырағы ғана емес, уақыттан озып туған идея, ұлттың ертеңіне бағытталған көреген қадам еді. Содан болар, оқу ордасының білім сәулесі ұрпақ санасын жаңғыртып, елдің рухани дамуына жол ашты. Сол себепті Жәңгір мектебінің тарихы өткен күннің шежіресі ғана емес, болашаққа бастайтын тағылымды жол деп білеміз.

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда әр пойызға ерекше қажеттілігі бар жандарға арналған вагон қосылады

Қоғам • Бүгін, 10:58

48 команданың бәйгесі: Жаңа формат сенсацияларға жол аша ма?

Футбол • Бүгін, 10:43

Петропавлда мемлекетке 2 млрд теңге залал келтірген лауазымды тұлға қамауға алынды

Аймақтар • Бүгін, 10:25

Мүгедектігі бар жандарды жұмысқа орналастыру квотасы екі есе артады

Қоғам • Бүгін, 10:15

Зеленский: Трамп факторы Украинаға толық қауіпсіздік кепілі бола алмайды

Әлем • Бүгін, 10:03

Алматыда Мұхтар Шахановпен қоштасу рәсімі өтіп жатыр

Оқиға • Бүгін, 09:56

Қазақстанда жаңбыр жауып, күн күркірейді: 21 сәуірге арналған ауа райы болжамы

Ауа райы • Бүгін, 09:39

АҚШ-та мектеп маңында атыс болды: Екі адам қаза тапты

Әлем • Бүгін, 09:28

Бүгінгі теңге бағамы қандай?

Қаржы • Бүгін, 09:21

Қазақстанда инвесторлар үшін жеңілдетілген визалық режим сақталады

Қоғам • Бүгін, 09:05

Ақсу ферроқорытпа зауытында жұмысшы қаза тапты

Оқиға • Бүгін, 08:27

Білім ошағындағы бірегей думан

Мектеп • Бүгін, 08:00

Педагогтерді аттестациялау жүйесі жаңартылады

Білім • Кеше

Авиаотын бағасының қымбаттауына байланысты АҚШ-қа әуе рейстері қысқарады

Әлем • Кеше

Атырау облысында жер учаскелері мемлекетке қайтарылды

Аймақтар • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Сәуір 2026 11:35
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада жүзуден Әлем кубогының кезеңі өтеді

07 Қыркүйек 2026 22:03see143

Куала Лумпурдағы туристік көрмеде Алматы павильонына 10 мыңнан астам адам келді

08 Қыркүйек 2026 13:48see142

Татьяна Генелева маунтинбайктан Азия сериясында күміс жүлдегер атанды

07 Қыркүйек 2026 17:52see141

Гүлзира Айдарбекова өзін сынап жатқандарға жауап берді

07 Қыркүйек 2026 21:43see139

Ақтаудағы лицей қашықтан оқытуға көшті: Оқу ағарту министрлігі ата аналардың шағымын тексеріп жатыр

08 Қыркүйек 2026 16:49see139

Алматыда автокран өздігінен жүріп кетіп, таудан құлады

08 Қыркүйек 2026 17:04see138

Мүгедектігі бар спортшы федерация басшысын алаяқтық жасады деп айыптады: полиция шешім қабылдады

08 Қыркүйек 2026 07:22see138

Бюджетке түскен батпан

08 Қыркүйек 2026 04:59see137

“Бұл сен бе?“ Ұшқыш әкесі мен қызы ерекше жағдайда кездесті

08 Қыркүйек 2026 09:33see137

Петропавлда өртенген үйден әйел мен үш газ баллоны шығарылды

08 Қыркүйек 2026 20:43see137

Бюджет 2028 жылға дейін бекітілді Зияткерлік мектептердегі орындар не болмақ

08 Қыркүйек 2026 13:07see135

Мектеп формасының түсі мен шаш үлгісі: Сүлейменова оқушыларға қандай талап қоюға болатынын түсіндірді

08 Қыркүйек 2026 16:49see135

Қызылордада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты: 120 тонна мұнай жанып кетті

08 Қыркүйек 2026 10:15see133

Алматы облысында кесілген ағаштардың орнына көшет отырғызбағандар жазаланды

07 Қыркүйек 2026 20:34see132

Жазғы Азия Ойындарына қатысатын боксшылар белгілі болды

09 Қыркүйек 2026 01:12see130

ЕАЭО елдеріндегі нақты жалақы өсімі қандай инфографика

08 Қыркүйек 2026 21:40see125

Қазақстан ақылды шекара моделін дәйекті түрде дамытып жатыр Тоқаев

08 Қыркүйек 2026 19:15see121

Түзету орталығындағы баламен болған жанжалдан кейін қазақстандыққа рақымшылық жасалды

08 Қыркүйек 2026 20:05see118

Тоқаев Тәжікстан президенті мен халқын ел тәуелсіздігінің 35 жылдығымен құттықтады

09 Қыркүйек 2026 09:33see117

Әлемнің бүкіл еркек кіндіктісін жек көріп кеттім : Дана Нұржігіт Азамат Cатыбалдының өнеріне тәнті болды

08 Қыркүйек 2026 23:41see117
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары