Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Сазды мектебінің үздік ұстазы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

«Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында Ақтөбе облысында пайда­ла­нуға берілген жеті білім ошағының бірі – Сазды орта мектебі. Жаңа салын­ған білім ордасының 646 оқушысы бұл күндері заманауи жабдықталған био­ло­гия, география, информатика, физика, химия, STEM, роботтехника каби­нет­терінде оқып жатыр.

«Пәндік сабақтарды тәжірибе жүргізу арқылы меңгерту балалардың сыни ойлауы мен шығармашылық дағдыларын қалыптастыратынын айтып өткен жөн. Сабаққа қызығушылығы арқылы оқушы болашақ мамандығын таңдайды. Өйткені 7–8-сынып оқушысы болашақта кім болатынын, қандай салаға бейім екенін зерделеп, жоғары сыныптарда таңдау пәніне байланысты білімін тереңдете түседі», дейді осы мектептің химия және биология пәні мұғалімі, педагог-зерттеуші Әлия Сүйіндікова.

Зертханалық жұмыстар барысында оқушының пәнге деген қызығушылығы артатынын ескере отырып, жас ұстаз химия пәнін тәжірибелік, практикалық сабақтар арқылы өткізгенді ұнатады. Қызықты зерттеулер кезінде оқушылар сабақтың қалай тез өтіп кеткенін аңғармай қалады. Түсінген жанға жаратылыстану ғылымдарының кілті де осында. Тиянақты жұмыстардың нәтижесі көрініп, Сазды мектебінде химия пәніне қызығушылығы артқан оқушылар саны көбейіп келеді.

Қай кезде де жақсы ұстаздың бағасы оқушысының жетістігімен бағаланады ғой. Бұл жағынан Әлияның жұлдызы жоғары тұр. Мәселен, Әмина Бисекенова, Әли Ермұхан, Темірлан Аманжолов, Шыңғысхан Абайбекұлы, Асылай Өмір­зақ сынды оқушылары бірнеше жыл қатарынан қалалық, облыстық, респуб­ликалық және халықаралық конкурстар мен олимпиадаларда үздік орындар иеленіп келеді. Олар болашағын жаратылыстану ғылымымен байланыстырады. Өткен оқу жылының соңында Ташкентте Қазақстан, Қырғызстан, Ресей, Өзбекстанның мектеп оқушылары арасында өткен «Жаңа көкжиектер» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияда 7-сыныпта оқитын Асылай Өмірзақ 1-орын алып келді. Ташкенттен келген бойы Асылай республикалық «Жас ғалым» конкурсына қатысып, 1-орынға ие болды. Еліміздегі түрлі оқу орынарына мемлекеттік грантпен оқуға түскен оқушылар қатары да көп.

Әр баланың жаратылысына байланысты қарым-қабілеті де әртүрлі болады. Кей бала сабақты жылдам ұғынып, тапсырманы жедел орындаса, кейбірінің ұғынуы әлсіз, ұмытшақтау, жалқаулау бо­лып келеді. Нақты ғылымдардың әліппесі мектепте қаланатынын ескерген Әлия Тыныштықбайқызы химия негіздерін барынша ұғындыруға тырысады. Болашақ дәрігер, орта медицина қызметкері де химиялық қосылыстар мен бөліністердің негізін білуге тиіс. Бар­лық оқушысына бірдей қарайтын ұстаз­дың басты мақсаты – бала бойында жасырынған қабілетті ашу. Бүгінгі оқушылар үйіп-төгіп берген үй тапсырмасын онша ұната бермейтіндіктен, негізгі тақырыптарды сабақта меңгертуге күш салады. Барлық оқушысын қатыстыруға тырысып, үлгермесе, қосымша сабақтар ұйымдастырады.

Ұялшақ, жалқаулау баланың ішінде ашылмаған таланты бұғып жатуы мүмкін. Еңбекқор ұстаз бұл жолда көп еңбектенеді. Ең бастысы – баланың қызығушылығын ояту. Бүгінде уақыт өзгерісі дәстүрлі мектепішілік қатынастарды да өзгертті. Соған қарамастан, оқушы мен мұғалімнің өзара қарым-қатынасы сыйластыққа негізделгені жөн. Ашулы, мұғалімге қар­сы шығатын, сабақ өткізбеуге кедергі жа­сайтын оқушының артында оның ішкі қар­сылығы тығылып тұр. Өзін толған­дыр­ған сұраққа жауап ала алмады ма, отба­­сындағы түйткілді мәселеге жаны ауыр­ды ма, онысын сыртқа айта алмай, қы­сыл­ды ма екен? Мұндай кезде ұстазы сабыр­лылық танытып, оқушысын тыңдай білсе, көп түйткілдің күрмеуін шешуге болады екен.

Әлия Сүйіндіковадан білімді оқу­шы­ны қалай тәрбиелеуге болатынын біл­гі­міз келді. «Мұның жолы – оңай. Мұға­лім бала­ларға бірдей қарап, өте қарапа­­йым қағидаларды ескерсе болғаны. Ең ­алдымен, 5–6-сыныпқа келгеннен бас­тап баланың қабілетін байқап, дұрыс ба­ғыттап, қолдау білдірсе, нәтижеге тез жетуге болады. Өйткені әрбір балаға тұлға ретінде қарау керек. Күрделі тақырыптарды өмірмен байланыстыра түсіндірген жөн. Мұғалім әрбір оқушының түсіну деңгейі мен оқу әдістеріне бейімделгені жөн. Оған қоса теорияны тәжірибемен ұштастыра білу, баланы жігерлендіре білу, жарыстарға, олимпиадаларға қатыстыруға шабыттандыра білген дұрыс. Өйткені баланың қабілеті өзімен теңдес, не өзінен жоғары тұрған оқушылармен бәсекелескен кезде ашыла түседі. Мұғалімдер тарапынан ең көп жіберетін қателік – баланы сабақ айтқаны үшін бағалау. Баға – оқу­шы­ның бағалау өлшемі емес. Ең алды­мен, баланың ішкі жан дүниесіне үңі­ліп, оның ішкі сенімсіздігін жеңуге көмектесе білсек, жеңіске жеткеніміз. Ұстаз көреген тәрбиеші, сыр сақтай білетін дос, өмірге бағдар бере білетін жан бола білуі керек. Оқушыларымның химияның жұмбақ әлемін зерделей білгені мені қуан­та­ды. Мен балаларға өмірге бағдар беріп жүрсем де, менің де әлі күнге дейін үйренетін ұстаздарым бар. Студенттік шағымда өзіме сенуге, арман­дауға қорықпауды үйреткен жандардың ақыл-кеңесі әлі күнге дейін есімде. Олар­дың адамдармен қарым-қатынасы, ішкі мәде­ниетіне, өздерін ұстауына қарап бой түзедік. Шынайы ұстаздың кеңестері өмір бақи жүректе жатталып қалады екен», дейді Сазды орта мектебінің үздік мұғалімі Әлия Тыныштықбайқызы.

Оның болашаққа қойған жоспары көп. Басты ұстанымы – елдің ертеңіне тұтқа болар саналы да білімді ұрпақ тәрбиелеу. Өйткені оқушы жетістігі – ұстаз мерейі.

Ақтөбе облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 08 Қараша 2025 15:59
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see156

​Қазақстанда екі жаңа МӨЗ салу жоспарланып отыр: оның бірі Атырау облысында салынуы мүмкін

05 Қараша 2026 16:01see140

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see138

Қазақстанның элиталық арнайы жасағында алғаш рет “Китана“ атты бойжеткен пайда болды

05 Қараша 2026 14:08see137

Атырау Орал жолындағы жөндеу жұмыстарының қарқыны қандай?

05 Қараша 2026 16:01see137

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see136

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see135

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see135

Қазақстанның Қытайға май өнімдерінің экспорты 1 миллион тоннаға жетпек

05 Қараша 2026 18:53see133

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see133

Мұнай барлық жерде бола бермейді : Қазақстанда 112 учаске аукционға шығарылады

05 Қараша 2026 14:11see133

Маңғыстауда әскери қызметшілердің қаза табуы: сегіз лауазымды тұлға қамауға алынды

05 Қараша 2026 14:57see133

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see133

Криштиану Роналду ұлттық құрамадан кететінін мәлімдеді

05 Қараша 2026 17:38see132

Үйдегі газ үлкен жауапкершілік

05 Қараша 2026 14:58see131

Өзбекстанда кеден қызметінің өкілдігі ашылады: заңға қол қойылды

05 Қараша 2026 14:16see131

Құрылтай депутаттары Павлодар облысында тұрғындармен кездесті

05 Қараша 2026 16:33see131

Қазақстан Ыстамбұлда сауда кеңсесін ашты

05 Қараша 2026 19:27see130

“Оның қалай кеткенін ешкім көрмеген“: Теміртауда үш баланың анасы екінші ай бойы іздестірілуде

05 Қараша 2026 14:10see130

Барни ісі : 19 жастағы Мадинаның мәйітін қайта қазып алды

05 Қараша 2026 15:01see130
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары