Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

Алыптардың ұстазы атанған ағартушы

Алыптардың ұстазы атанған ағартушы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Шымкенттегі М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан университетінде «Тәңірберген Отарбаев және Қазақстанның Оңтүстігінде қуғын-сүргінге ұшыраған Алаш зиялыларының тағдыры» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Оған Парламент Мәжілісінің депутаты Қазыбек Иса, Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Зиябек Қабылдинов, ақын, «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты Ханбибі Есенқарақызы, Қазақ радиосының ардагері, қаламгер, Мәдениет қайраткері Гүлсара Қабланова, тарих ғылымдарының докторы, профессор, ҰҒА академигі Дария Қожамжарова, әлеуметтанушы, жазушы, Тәңірберген Отарбаевтың ұрпағы Мұрат Төлентаев қатысты.

Сонымен бірге конференцияға шақырылған азаматтар қата­рында қоғам қайрат­керлері, елі­мізге белгілі тарихшы ғалымдар, ше­телдік және Қазақстандағы архив музейлерінің өкілдері мен саяси-қуғын сүргін құрбандарының ұрпақтары болды. Ғылыми басқосуды М.Әуезов атын­дағы Оңтүстік Қазақстан зерттеу уни­верситетінің профессоры, тарих ғылым­дарының докторы Сейдехан Әлібек жүргізді.

Конференцияда Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса онлайн режімінде сөз алып, Алаш қозғалысы, оның ішінде жазықсыз қудалаудың құрбаны болған ұлт жанашыры Тәңірберген Отарбаевтың елге сіңірген еңбегі жайында ой толғады.

«Шымкент қаласында өтіп жатқан рухани маңызы зор конференциямен өздеріңізді құттықтаймын. Алаш қозғалысы – қай кезде де тәуелсіздік үшін күрескен сол жолда құрбан болғандардың ерлік ісі. Алаш қозғалысы мәселесін 2007 жылы Парламентте «Ақжол» партиясы көтерген еді. Депутаттық сауал жолданды. Партия жанынан «ХХІ ғасырдағы Алаштың ақ жолы» деген бағдарлама құрылған. Өзім де депутат ретінде бірінші қазақ тілін, кейін осы Алаш қозғалысы мәселесін көтердім. Біздер кезінде алаштықтардың ұмытылған есімдерін қайта жаңғырту үшін өңір-өңірде зерттеу жүргіздік. Өйткені Алаш қозғалысының өкілдері тек Міржақып Дулатұлы, Ахмет Байтұрсынұлыларымен шектелмейді. Осы идеяны қолдағандар қазақ даласында өте көп болған. Бұл орайда жер-жерден Алашқа мүше болған жүздеген азаматты анықтадық. Солардың есімдерін өңірдегі әкімдіктерге ұсындық. Осы азаматтардың атына көше, басқа да нысандардың атауын беріңдер деген өтініш айттық. Ал Тәңірберген Отарбаев атақты батыр Бауыржан Момышұлының, ақын Әбділда Тәжібаевтың, ғалым Төлеген Тәжібаевтың, Қажым Жұмалиевтің ұстазы болған. Оның қазақтардың Қоқан хандығына қарсы шыққан ұлт-азаттық көтерілісі жөнінде керемет шығармасы бар. Онда алым-салықпен халықты езгіге салған Қоқан билігіне қарсы тұрған Мұсабектей батырлардың ерліктері суреттеледі. Бір халықтың басыпалушылық саясатына екінші халықтың қарсы тұруы бұл нағыз ұлт-азаттық көтеріліс саналады. Кейін Тәңірберген Отарбаевтың осы әңгімесінің желісінде жазушы Әбжаппар Жылқышиев те көркем бір шығарма жазады. Бұл конференцияны әрі қарай жалғастыру керек. Осында оқылған баяндамалар жарияланып, халыққа насихатталуға тиіс», деді Қ.Иса.

Конференцияға онлайн қатысқан тарихшы Дария Қожамжарованың айтуынша, өткен ғасырдың 20–50-жылдар аралығы ұлт тарихының күрделі де сая­си ахуалы ауыр кезеңдердің бірі саналады. Дәл осы уақытта қазақ халқы қиын шақтарды, қилы заманды бастан кешірді. Сталиндік солақай саясаттың кесірінен қаншама ата-бабамыз қызыл империя режімінің құрбанына айналды. Осыған байланысты тарихшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылы аштықтан қырылып, жазықсыз репрессияға ұшыраған азаматтарды толық ақтайтын мемлекеттік комиссия құру жөніндегі Жарлыққа қол қойғанын жеткізді. Соның нәтижесінде тарихтың қатпар-қатпар беті тағы бір мәрте парақталды, сол дәуірге үңілген зерттеушілер көптеген беймәлім құпия-сырды ашты. Д.Қожамжарованың мәлімдеуінше, қазақ жерінде Алашты қолдаған азаматтар көп болды. Бірақ, өкі­нішке қарай, оларға ұлтшыл, буржуазияшыл деген айдар тағылып, жалған айыппен талайы қуғындалды. Тарихшының пікірінше, өмірде әділдік қайткен күнде де салтанат құрады. Алайда ол әрдайым уақытынан кеш жүреді. Ақиқаттың кейін ашылатынына өмірдегі мысалдардың өзі дәлел. Сол заңдылық бойынша Алаш зия­лылары мен оларды қолдаған азаматтар түбінде ақталып шықты. Тарихи әділдіктің арқасында алаштықтардың тура жолда екеніне, жазықсыз қудалан­ғанына халықтың көзі анық жетті. Д.Қожам­жарова айтып өткендей, сая­си қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жө­нін­дегі мемлекеттік комиссия құра­мына Шымкент қаласы бойынша 18 тарихшы енген. Комиссия мүшелері ескі мұрағаттарды ақтарыстырып, көп­теген тың дерек тапқан. Соның ішінде Ташкент архивін зерттеу барысында Тәңірберген Отарбаевтың осы қалада оқи жүріп, жастарды ұйыстырудағы ұйым­дастырушылық қабілетінің жо­ға­ры болғанының құжаттары анық­талды. Тарихшының пайымынша, ұлт зиялысы Тәңірберген Отарбаев халықтың рухын ояту үшін қолына қалам алып, елге жақсылықты насихаттаған.

Ақын Ханбибі Есенқарақызы ­баян­­дамасында Алаш тағдыры ауыр тағдыр, сондықтан елім, жерім деп атылып кеткен азаматтарды еске алу бүгінгі ұрпақтың парызы екенін атап өтті.

«Алаш зиялыларын қудалау өткен ғасыр­дың жиырмасыншы жылдарының соңынан ­басталды. Мен 15 жыл елімізде тұңғыш ашылған Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арналған музейді бас­қардым. Сол кезеңде көптеген Алаш арыстарының тікелей ұрпақтарымен араластым. Өкінішке қарай, қазір олардың бәрі де бақилық болып кетті. Көзі тірі­лер­дің ішінде Тәңірберген Отарбаев­тың қызы, жасы тоқсанды алқымдаған Ұлжан апа қалды. Ол кісі қазір осы залда кон­фе­ренцияға қатысып отыр. Кеңес Ода­ғы­ның батыры Бауыржан Момышұлы мен қоғам қайраткері, ҚазМУ ректоры болған Өмірбек Жолдасбековтей азаматтарға ілім үйреткен Тәңірберген Отарбаев қандай мықты ұстаз еді. Бұл туралы Баукең кеңестік биліктен тайсалмастан сонау жетпісінші жылдары «Ұстаз» деген тақырыппен «Лениншіл жас» газетіне бір беттік мақала да жазған еді», деді Х.Есенқарақызы.

Ақынның айтуынша, музей бастамасымен кезінде Ташкентте жарық көрген «Ақ жол» газетінің мақалалары араб әрпінен кириллицаның қазақша нұсқасына аударылып, бірнеше том жинақпен басылып шықты. Онда Тәңірберген Отарбаевтың да мақаласы жарық көрген. Оның бір үзіндісін Х.Есенқарақызы көпшілік алдында оқып берді. «Өзінің жазбасында ұлт зиялысы Ташкентте оқитын сту­дент­тердің әлеуметтік жағдайы қиын еке­нін айтқан. Жатақханада жамылатын төсек орны тапшы екен, студенттер­ге таңертең бір үзім ғана қара нан береді. Соны талғажау етіп, ашқұрсақ жүріп, кешке дейін сабақ оқитындарын жазған. Бұдан ағартушының жастарға деген жана­шырлығын, қазақ балаларына қамқор­лығын аңғаруға болады», деді ақын.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:209
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:30
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see169

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see164

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see161

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see157

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see141

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see138

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see134

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see128

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see122

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see122

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see121

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see118

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see116

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see115

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see111

Министр Ақмарал Әлназарова Ақтауда дәрігерге шабуыл жасаған әкенің ісіне қатысты пікір білдірді

03 Қараша 2026 14:24see108

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see108

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see106

Жыл сайын 300 400 мың нәрестенің дүниеге келуі балабақшаны көбейту қажет екенін көрсетеді Арман Хайруллин

03 Қараша 2026 14:39see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары