Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 қыркүйек

Тұмар және Үркер мерейтойлық ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

Өскеменде 70 жастағы әйел екінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

Уақытпен үндескен ұрпақ

Мюнхен әуежайы 100 миллилитр ережесінен бас тартты

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі отставкаға кететінін жариялады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жәнібек Нұрбекұлы, аниматор: Анимация ұлт тәрбиесінің қуатты құралы

Жәнібек Нұрбекұлы, аниматор: Анимация ұлт тәрбиесінің қуатты құралы

Aikyn.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Балалар кино маусымы» ұйымдастырылды. Сол байқауға Жібек жолы бойындағы мемлекеттер мен өңірлерден 61 балалар фильмі ұсынылып, 15-і іріктеуден өтті. Соның ішінде отандық «ADAM: Нартәуекел» толықметрлі 3D-анимациялық фильмі бар. Біз үздіктер қатарына енген анимацияның режиссері, аниматор Жәнібек Нұрбекұлымен әңгімелескен едік.

– «ADAM: Нартәуекел» 61 фильмнің арасынан үздік 15 туындының қатарына енді. Сіз үшін бұл жетістіктің салмағы қандай?

– Жобаны былтыр күзде ғана аяқ­таған едік, бұл – содан бері қатысып отырған алғашқы фестиваліміз. Бәйгеге қосқан сәйгүлігіңнен үміт күтетінің сияқты, жүлделі оралсақ екен деген тілек бар. Бұл – тек менің емес, мультфильмге жан бітірген барлық шығармашылық топтың еңбегі еш кетпегенінің дәлелі. Осындай қолдаудан соң келесі жобаларға сенімділікпен, құлшына кірісесің. Біз үшін бұл жеңістің салмағы да, орны да бөлек.

Фильмнің басым бөлігі адам еңбегімен жасалды

– Фильмнің атауындағы «Нартәуекел» ұғымына қандай мағына жүктедіңіз? Көрерменге жеткізгіңіз келген негізгі ой қандай?

– «Нартәуекел» атауының өз тарихы бар. Бұл жобаның алғашқы идеясы 2018 жылы туған. Сол кезде Тоқтар Әубәкіров ағамыздың құрметіне ғарышкер бала туралы анимациялық фильм түсіру ойымызда болды. Бастапқыда жобаның атауы да «Ғарышкер бала» еді. 2021 жылы өз командамызбен тәуекелге барып, жобаны жеке қаржыландырып бастадық, шамамен 30 минуттық анимациялық бөлігін жасап үлгердік. Алайда жоба екі жылдай тоқтап қалды. 2024 жылдың мамырында қайта қолға алдық. Бұрын жасалған кейіпкерлердің бейнесі де жаңартылып, іс жүзінде бәрін басынан жасадық. Біріншіден, осы аралықта біздің мамандардың техникалық шеберлігі айтарлықтай өсті. Екіншіден, анимация жасау технологиялары да жаңарды. Сондықтан жобаны қазіргі мүмкіндіктерге сай қайта жасау дұрыс шешім болды деп ойлаймын. Осы тұста Алматыда Өнер академиясында бірге оқыған досым Мадияр Серікбаевпен ақылдастым. Оған жобаның идеясы, көтерген тақырыбы ұнады. «Нартәуекел, жасап көрейік» деді. Мен оған анимациялық фильмнен табыс табу оңай емес екенін, сондықтан мұндай жобаға кез келген инвестор қаржы сала бермейтінін айттым. Соған қарамастан, халыққа, балаларға пайдасы тиетін дүние болсын деп нартәуекелге бел будық. Жобаның атауы да содан «Нар­тәуекел» болып қалыптасты. «ADAM: Нартәуекел» – еліміздегі алғашқы жеке қаржыға түсірілген толықметражды ани­мация. Фильм арқылы көрерменге жеткізгіміз келген басты ой – отбасы құндылығы. Бірінші маусым негізінен әкеге деген құрметті көрсетеді. Ал екінші маусымда анаға тағзым тақырыбын көтеруді жоспарлап отырмыз. Жалпы, бұл туынды ата-ана мен бала арасындағы махаббатты, сағынышты, өзара байла­нысты көрсетеді. 

– «ADAM: Нартәуекел» толықметрлі 3D анимациялық фильм ретінде қалай дүниеге келді? Идеядан дайын туындыға дейінгі жол қанша уақытқа созылды?

– Идеяның тууына бала кезден бәріміз сүйіп оқыған «Ер Төстік» ертегісі қатты әсер етті. Ер Төстік ағаларын іздеп жолға шыққанда Таусоғар, Көлтауысар, Желаяқ секілді ерекше қабілеті бар достарын кездестіреді ғой. Мен де осы шығармада басты кейіпкер сапар барысында әртүрлі ерекше қасиетке ие достарын жолықтырса деген талап қойдым. Яғни негізгі желіде Тоқтар ғаламды шарлап, жаңа планеталарды ашады, сол жолда өзінің суперқаһарман достарын табады. Ақырында түрлі ғаламшарларды аралай жүріп, ата-анасына жетеді. Ал фильм өндірісіне мамыр айында кірістік. 2021 жылғы алғашқы жұмысты есептемегенде, жобаны аяқтауға бір жарым жылдай уақыт жұмсалды.

– Қытайдағы фестиваль сарапшылары фильмдерді мәдени ерекшелік, көркемдік деңгей және жаңашылдық секілді өлшемдер бойынша бағалаған. Сіздіңше, «ADAM: Нартәуекелдің» қай қыры халықаралық мамандардың назарын аударды?

– Фильмдерді іріктеу кезінде қазылар алқасы бес негізгі талапқа мән берген екен. Соның біріншісі – балаларға тән шынайылық. Одан кейін оқиғаның әсерлігі, отбасылық тақырып, көркемдік ерекшелік пен жаңашылдық секілді өлшемдер болған. Сценарийді жазатын командаға тапсырғанда да арнайы эмоциялық әсердің болуын ескерттім. Қытайлық мамандарға да осы эмоционалдық қыры әсер еткен болуы мүмкін. Тағы бір маңызды тұсы – бұл мультфильмді бастаған кезде жасанды интеллект қазіргі деңгейде дамымаған еді. Оның мүмкіндіктері енді ғана пайда болып келе жатқан, анимация өндірісіне араласа қоймаған кезең болатын. Сондықтан фильмнің толыққанды бөлігі адам еңбегімен жасалды. Меніңше, мамандар оның осы жағына да назар аударған болуы керек.

Анимацияда қарапайым көрермен бірден аңғара бермейтін ұсақ деталь көп. Мысалы, кейіпкер шашының қозға­лысы, құмның сырғып ағуы, мөлдір су­дың тамшылауы секілді көріністер ар­найы мұқият жасалды. Мұндай дүние­лерді кәсіби мамандар бірден байқайды. Қазақстанда да сапалы анимация жа­сауға талпыныс бар екенін көріп, соны бағалаған шығар деп ойлаймын. Ендігі тілегіміз – байқаудың жеңімпаздары қатарынан көріну. 

Технологиядан бұрын талантты маман керек

– Бүгінде әлемдік анимация техно­логия жағынан өте жылдам дамып жатыр. Қазақстан осы бәсекеде қай деңгейде тұр деп бағалайсыз?

– Қазір әлемде анимация саласы өте қарқынды дамып келеді. Қазақстан да осы үрдістен қалыс қалып отырған жоқ. Соңғы жылдары мемлекет тарапы­нан қолдау күшейді, техникалық мүмкін­діктер де артты. Бүгінде қазақстандық анимациялық фильмдер халықаралық фестивальдерде де жақсы нәтиже көрсе­тіп жүр. Жапония, Еуропа, Франция, Орталық Азия елдерінде түрлі жүлделер алып жүрген туындыларымыз бар. 

Сапа жағынан Түркиямен де теңесе алатын деңгейге жеттік. Әрине, Түркия анимациялық өнімнің саны, өндіріс көлемі, экран уақыты, көрермен ауди­ториясы мен халықаралық нарыққа шы­ғуы жағынан бізден алда. Бірақ көркемдік және техникалық сапа тұр­ғысынан Қазақстанда да мықты жұмыс­тар бар. Орталық Азияда Өзбекстанның да аяқ алысы жақсы, шығармашылық ізденістері байқалады. Қазір жаңа технологиялардың арқасында әлем­дік кино нарығына шығудың мүм­кін­дігі бұрынғыдан әлдеқайда кеңей­ді. Сондықтан алдағы бес-он жылда Қазақстаннан әлем мойындайтын, тіпті «Оскарға» дейін жететін анимациялық фильм шықса, оған таңғалмас едім. Оған біздің мамандардың да, жастардың да әлеуеті жет­кілікті. Бұрын әлемдік деңгейге шығатын жол ұзақ әрі күрделі болса, қазір технология мен жаңа мүмкіндіктердің арқасында ол жол әлдеқайда қысқарды. 

– Қазақстанда толықметрлі 3D ани­мация жасау қаншалықты қиын? Саладағы басты мәселе қаржыда ма, кадр­да ма, технологияда ма, әлде жүйелі қолдаудың жеткіліксіздігінде ме?

– Толықметрлі 3D-анимация жасауда технологияны дұрыс пайдалана алатын білікті әрі шығармашыл маман қажет. Қанша жерден озық техника болғанымен, соны игеретін кәсіби кадр болмаса, ол жай ғана экспонат болып қалуы мүмкін. Сондықтан мен үшін бірінші орында – адам еңбегі, білім мен талант, одан кейін ғана технология тұрады. Әрине, жаңа технология жұмысты жеңілдетеді, уақытты үнемдейді, сапаны арттырады. Бірақ Қазақстанда әлі де шешілмеген инфрақұрылымдық мәселелер бар. Мәселен, қуатты рендер-база жеткіліксіз. Жекелеген студиялар мен мамандарда белгілі бір мүмкіндіктер болғанымен, ортақ әрі заманауи жүйе қалыптаса қойған жоқ. «Қазақфильмде» мұндай база бар, бірақ ол бүгінде ескірген. Әлем 8K, 16K форматтарына көшіп жатқанда, еліміздегі кинотеатрлардың басым бөлігі әлі де 4K деңгейіне толық жете бермейді. 

– Бізде анимация көбіне балаларға арналған өнім ретінде қабылданады. Қазақстандық анимация осы түсініктен шығып, кең аудиторияға арналған үлкен индустрияға айнала ала ма?

– Қазақстандағы анимациялық фильмдердің ең басты міндеті – бала тәрбиесіне қызмет ету деп ойлаймын. Үлкендерге арналған контент он­сыз да жеткілікті. Ал балаларға арнал­ған сапалы, ұлттық мазмұндағы туын­дыны мақсатты түрде жасау – әлде­қай­да маңызды мәселе. Өйткені ани­мация баланың жүрегіне жол табатын ең алғашқы мектептердің бірі саналады. Ұлттық мәдениетімізді, салт-дәстүрімізді, тарихымыз бен құндылығымызды балаға түсінікті әрі тартымды тілде жеткізе алсақ, анимация тек көңіл көтеретін өнім емес, ұлт тәрбиесінің қуатты құралына айналады. Қазақ анимациясының ең үлкен миссиясы да осында.

– Қазақстандық анимация халық­аралық фестивальдерге шығып жүр, бірақ әлемдік прокат пен стриминг плат­формаларына жол ашу жағы әлі де әлсіз. Бұған не кедергі?

– Дұрыс айтасыз, қазақстандық анимациялық фильмдер халықаралық кинофестивальдерден жүлде алып жүр. Кейбір туындылар әлемдік интернет-платформаларға, ТМД кеңістігіндегі ірі сервистерге шығып жатыр. Өзіміздің отандық платформаларда да көрерменге жол тауып, танымал болып жатқан жобалар бар. Бірақ әзірге мұның бәрі теңізге тамған тамшыдай ғана көрінеді. Бүгінгі басты мәселенің бірі – осы саладағы жұмыстардың бір орталыққа тоғыспауы. «Қазақфильм» бөлек, «Қазақанимация» бөлек, «Балапан» телеарнасының да өз міндеті бар. Яғни әрқайсысы белгілі бір жұмыс ат­қарғанымен, ортақ стратегия мен жү­йелі үйлестіру жеткіліксіз. Егер осы күштердің бәрін бір мақсатқа жұ­мыл­дырып, қазақ анимациясын ұлттық идео­логия, тәрбие және халықаралық бәсекеге қабілетті өнім жасау бағыты бойынша жүйелейтін болсақ, Қазақ­станның бес жылдың ішінде әлемдік сахнаға шығуға мүмкіндігі бар деп сенемін.

– «ADAM: Нартәуекелдің» бұл жетістігі қазақстандық анимацияның халықаралық нарыққа шығуына жаңа мүмкіндік бере ала ма?

– Әрине. Халықаралық кинофес­тивальде жүлде алу – жай ғана марапат емес. Өйткені ондай байқауларда әр бағыт бойынша кәсіби, білікті ма­ман­дар бағалайды. Сондықтан фес­ти­вальдегі мойындау туындының са­па­­сына берілген кәсіби баға деп есеп­­теймін. Мұндай жетістіктер фи­льм­нің алдағы тағдырына да әсер ете­ді. Оның өзге елдерде прокатқа шы­ғуына, халықаралық нарыққа жол ашуына, дистрибуция жағынан жаңа мүмкіндіктерге ие болуына септігін тигізеді деп ойлаймын. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Сымбат БАУЫРЖАНҚЫЗЫ

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:97
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Қыркүйек 2026 05:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see150

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see146

Бүгін әлемде және Қазақстанда қандай мереке болады: 18 қыркүйек

18 Қыркүйек 2026 17:48see143

Тұмар және Үркер мерейтойлық ұлттық сыйлығына өтінім қабылдау басталды

18 Қыркүйек 2026 17:45see141

Өскеменде 70 жастағы әйел екінші қабаттан құлап, ауруханаға түсті

18 Қыркүйек 2026 19:04see139

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see138

Мюнхен әуежайы 100 миллилитр ережесінен бас тартты

18 Қыркүйек 2026 18:26see137

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see135

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see134

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see133

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see132

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see132

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see129

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see125

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see125

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see123

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see117

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see117

Әлемдегі ең бай адамдардың бірі отставкаға кететінін жариялады

18 Қыркүйек 2026 18:13see112

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары