Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Сау ұлт қуатты мемлекеттің негізі

Сау ұлт қуатты мемлекеттің негізі

Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Міне, осы игіліктің жалғаса ретінде Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Тараз қаласында Инклюзивті спорт орталығының құрылысы басталып, жаңа нысанның іргетасына капсула салу рәсімі өтті. Салтанатты шараға Жамбыл облысының әкімі Ербол Қарашөкеев қатысып, жобаның өңірдегі әлеу­меттік инфрақұрылымды дамытудағы маңызына тоқталды.

Өңір басшысы өз сөзінде жаңа нысан­ның құрылысы адамға деген құрметтің, тең мүмкіндік қағидатының және әлеуметтік жауапкершіліктің нақты көрінісі екенін атап өтті. Сондай-ақ облыста мүмкіндігі шектеулі азаматтарды бұқаралық спортқа тарту, спорттық резервті даярлау және халықаралық аренада жоғары нәтижелерге қол жеткізу бағытындағы жұмыстар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын жеткізді.

– Ел Президенті Қасым-Жомарт Ке­мел­ұлы Тоқаев өз Жолдауларында халықтың өмір сүру сапасын арттыруды, бұқаралық спортты дамытуды және ерекше қажеттілігі бар азаматтар үшін қолайлы орта қалып­тастыруды мемлекеттік саясаттың негізгі басымдықтарының бірі ретінде айқындап келеді. Бүгін бастау алған Инклюзивті спорт орталығының құрылысы – осы стратегиялық міндеттердің нақты жүзеге асуының айқын дәлелі.

Спорт инфрақұрылымын дамыту – өңірдің тұрақты дамуының маңызды бағыты. Себебі дені сау ұлт – қуатты мемлекеттің негізі. Ал инклюзивті спорт әрбір азаматқа өзінің әлеуетін ашуға, қабілетін дамытуға және қоғам өміріне белсенді араласуға мүмкіндік береді.

Бүгін іргетасы қаланған орталық алдағы уақытта мыңдаған тұрғынға қызмет көр­сетіп, жас спортшылардың алғашқы же­ңістеріне жол ашатын, параспорт­шы­лар­дың жаңа белестерді бағындыруы­на мүмкіндік беретін маңызды спорт ордасы­на айналады деп сенеміз, – деді Ербол Қарашөкеев.

Жоба аясында халықтың барлық санатына, соның ішінде мүгедектігі бар азаматтар мен жүріп-тұруы шектеулі адамдарға арналған заманауи, қауіпсіз әрі қолжетімді көпфункционалды спорт кешені бой көтереді.

Орталық құрамында әмбебап спорт залы және көрермендерге арналған мінберлер, тренажер және емдік денешы­нықтыру залдары, медициналық және психолог кабинеттері, әкімшілік және жаттықтырушылар кабинеттері, конферен­ция залы, буфеті бар демалыс аймағы, күту және тіркеу аймағы бар кең вестибюль, киім ауыстыратын бөлмелер, душ және санитарлық тораптар, техникалық және қосалқы үй-жайлар қарастырылады.

Орталықтың жалпы аумағы 1,6 гектар­ды, ал ғимараттың жалпы ауданы 3 600 шаршы метрді құрайды. Нысан бір мезетте 300 келушіні қабылдай алады. Құрылыс жұмыстарын 2027 жылдың ақпан айында аяқтау жоспарланып отыр.

Қазір Жамбыл облысында денешы­нықтыру және спортпен айналысуға мүм­кіндігі бар 19 278 мүгедектігі бар азамат тіркелген. Оның ішінде 4 383 адам немесе 22,7 пайызы спортпен жүйелі түрде шұ­ғылданады. Оның 1 481-і – жасөспірімдер.

Биыл өңірден 200 спортшы Қазақстан Республикасы ұлттық құрамаларының қатарына енді. Оның ішінде 148 спорт­шы – негізгі құрамда, 43 спортшы – жастар құрамасында, 9 спортшы – жасөспірімдер құрамасында.

Жамбыл облысының параспортшылары халықаралық жарыстарда да жоғары нә­тижелер көрсетіп келеді. Олардың қа­та­рын­да Паралимпиада және Сурдлимпиада ойындарының чемпиондары мен жүлдегер­лері, әлем және Азия чемпиондары Зүлфия Ғабидуллина, Нұрдәулет Жұмағали, Ғабит Есжанов, Айдос Түгелбаев, Берік Нұрымов, Нұржан Асан, Диас Рысбек және басқа да халықаралық дәрежедегі спортшылар бар.

Салтанатты шара барысында BI Construction & Engineering компаниясының Оңтүстік дивизионының директоры Ілияс Рүстем мен Қазақстан Ұлттық Паралим­пиада комитеті вице-президенті Зүлфия Ғабидуллина сөз сөйлеп, жаңа спорт орталығы ерекше қажеттілігі бар азамат­тардың спортпен жүйелі айналысуына кең мүмкіндік беретін маңызды әлеуметтік жоба екенін атап өтті. Сондай-ақ олар бастамаға қолдау білдіріп, құрылыс жұ­мыстарының сәтті жүзеге асуына тілектестік білдірді.

– Бүгін ерекше қажеттілігі бар барлық спортшы үшін айрықша әрі маңызды күн. Инклюзивті спорт орталығының құрылы­сының басталуы – көптен күткен қуанышты оқиға. Бұл орталық тек жаңа спорт нысаны ғана емес, мүмкіндігі әртүрлі азамат үшін жаңа мүмкіндіктерге жол ашады. Мұнда олар заманауи жағдайда спортпен шұғылданып, жан-жақты дамып, өз күшіне деген сенімін нығайтып, биік мақсаттар қойып, жеңістерге жете алады. Мемлекет басшысына инклюзивті спортты дамытуға көрсетіп отырған қолдауы және еліміздің барлық өңірінде мамандан­ды­рылған спорт орталықтарын салу жөнін­дегі бастаманы жүзеге асырып жатқаны үшін алғыс біл­діремін, – деді Зүлфия Ғабидуллина.

Міне, осылайша Жамбыл облысы тапсырма талаба нәтиже екенін көрсетіп, игі дүниеге қадам басып отыр. Бұл сөз жоқ бас бармақпен бағалауға тұрарлық дүние.

Саятхан САТЫЛҒАН,

Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:137
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Тамыз 2026 04:53
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жалақы, әуежайлар мен жолдар: үкімет 6,5 триллион теңгенің жоспарын бекітті

03 Қараша 2026 10:59see172

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see164

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see161

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see160

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see157

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see153

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see153

Екінші АЭС бойынша келісім жасалады үкімет жоспарды мақұлдады

03 Қараша 2026 10:48see143

Дәурен Мұратбеков лауазымынан босатылды

03 Қараша 2026 11:02see141

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see141

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see137

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see134

Alatau City ге 1,3 млрд доллар инвестиция тартылады

03 Қараша 2026 10:48see133

Шетелге шығатын қазақстандықтарды есепке алғысы келеді: жаңа жоспардың егжей тегжейі

03 Қараша 2026 11:18see131

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see129

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see127

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see124

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see118

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see117

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see116
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары