Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Фитосанитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 6 тонна жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды

​ChatGPT әзірлеушілері мен AliExpress Қазақстанда салықтан қашып құтылмады

Бұрынғы ҰҚК басшысының күйеу баласы жаңа істің ортасында қалды

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды

Атырауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы ауысты

Алжир футбол федерациясы Месси мен төрешінің үстінен шағым түсірді

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

Қазақстан Президенті Саида Мирзиёеваны қабылдады

Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылады не білу керек

Адам жанының арашасы

Атырауда BMW көлігі бағанаға соқтығысып, қоршауға соғылды

Балқашта салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалды

Еуроодақ елдері Украина бойынша келіссөздерге қатысады Франция президенті

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

Ірі мұнай химия жобаларына тартылған мердігерлерді Атырау облысында тіркелуге шақырды

Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан

Іздеудегі күдікті Түркиядан экстрадицияланды

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ пен Иран келісіміне байланысты құлдырауы мүмкін Reuters

“Жанымда өшпенділік сақтағым келмейді“ Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқандардың жақындары сотта сөз सөйледі

“Жанымда өшпенділік сақтағым келмейді“ Әл Фарабидегі жол апатынан қаза тапқандардың жақындары сотта сөз सөйледі

Tengrinews.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған атышулы жол апаты бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұдан кейін сот жарыссөзінде қаза тапқандардың туыстары сөз сөйледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Алматыда әл-Фараби даңғылында болған атышулы жол апаты бойынша сот процесі жалғасып жатыр. Прокурор Zeekr жүргізушісін 10 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Бұдан кейін сот жарыссөзінде қаза тапқандардың туыстары сөз сөйледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz.

"Кешірім жасау – әлсіздік емес"

Жарыссөзде алғашқы болып қаза тапқан Mercedes жүргізушісі Е. Т.-ның әпкесі сөйледі. Ол бұл апаттың отбасының берекесін кетіргенін, бірақ жақындарының болашағы үшін қиын шешім қабылдағандарын айтты.

"Біз бауырымыз Е.-ден айырылдық. Бұл қайғы біздің отбасымызға үлкен қасірет әкелді. Қазір бәрімізге де оңай емес. Артында алты жасар баласы қалды, ата-анасы соның асырауында болатын. Алайда жүрегіміз қан жыласа да, біз айыпталушыны кешірдік.

Біз кешірім жасауды әлсіздік емес, керісінше, бүкіл отбасымыздың адамгершілігі мен үлкен төзімділігінің белгісі деп білеміз. Балалар мен ата-анамыздың амандығы үшін. Соттан тек әділдік пен заңға негізделген шешім қабылдауды сұраймыз", – деді марқұмның әпкесі.

"Қызымды енді қайтара алмаймын"

20 жастағы марқұм Т. К.-ның анасы сөйлеп жатқанда көз жасына ерік берді. Ол Zeekr жүргізушісін жерлеу рәсімінен кейінгі алғашқы күні-ақ, оның ата-анасы көңіл айтуға келгенде кешіргенін атап өтті.

"Мен туыстарына оны кешіретінімді айттым. Ақша үшін немесе басқа бір нәрсе үшін емес, балам о дүниеде тыныш жатсын деп. Адамгершілік таныттым. Шын мәнінде, мұнда тек төрт ана зардап шегіп отыр. Балаларынан айырылған аналар және сотталушының анасы. Адам ретінде мен бәрін түсінемін.

Маған да оңай емес, бүгінге дейін емделіп жүрмін. Сот өзі шешсін дедім. Оны мейлі өмір бойына, мейлі жарты жылға отырғызса да, қызымды енді қайтара алмаймын. Менің де өсіп келе жатқан балаларым бар. Мен адамгершілік таныттым, мені де түсінулеріңізді сұраймын. Бұл сұмдық апатта ол да өліп кетуі мүмкін еді ғой. Онда кімді соттар едік? Мен кешірдім, шағымым жоқ. Осының бәрі тезірек аяқталса екен деймін", – деді әйел.

Өз кезегінде марқұм Т. К.-ның әкесі ең қатаң жазаны және 100 миллион теңге моральдық өтемақы төлеуді талап етіп отыр. Марқұмның әкесі отырысқа қатыспады – оның ұстанымын өкілі оқып берді.

"Ешқандай сот шешімі марқұмды қайта тірілте алмайды. Сотталушы өз кінәсін мойындады, бірақ бұл зардаптың ауырлығын жоймайды және қиылған адам өмірінің құнын төмендетпейді. Азаматтық талап арызда көрсетілген сома баю мақсаты емес, ол жәбірленушінің қызының қазасына байланысты тартқан рухани азабының ауырлығын және әлеуметтік әділеттілікті қалпына келтіру қажеттілігін білдіреді", – деді өкіл.

"Көңілімде өшпенділік пен кек сақтағым келмейді"

22 жастағы марқұм К. Т.-ның анасы кеше отбасының қызының өліміне 100 күн болғанын айтты.

Ол болған жағдайды жазылмайтын жара деп атады, бірақ сотты А. П.-ға ең қатаң жаза тағайындамауды сұрады.

"Қызым менің өмірімнің мәні, үмітім мен тірегім еді. Оның жоспарлары көп болатын: білім алып, қоғамға пайда келтіруді, отбасын құруды армандады. Бірақ оған армандарын жүзеге асыруға мүмкіндік берілмеді. Сотталушының іс-әрекеті жаныма қатты батты, бірақ мен көңілімде өшпенділік пен кек сақтағым келмейді. Мен оны кешірдім.

Менің кешірімім қызымның өмірі құнсыз дегенді білдірмейді. Керісінше, ол мен үшін шексіз қымбат, оның орнын ешкім баса алмайды. Бірақ мен қадір-қасиетімді сақтауға тырысамын және бұл ауыр жағдайды сабырмен қабылдаймын. Соттан әділ шешім қабылдауды, бірақ менің сотталушыны кешіргенімді және оған ең ауыр жазаны талап етпейтінімді ескеруді сұраймын", – деп түйіндеді марқұмның анасы.

Еске сала кетейік, бұған дейін жарыссөз барысында прокурор сотталушыны 10 жылға дейін бас бостандығынан айырып, қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде жазасын өтеуді сұраған болатын.

Жол апатының себебі неде: сотталушы нұсқасы

Бұдан бұрын 15 маусымда сотта сотталушы А. П. жауап берді. Ол апатты Zeekr автокөлігінің техникалық ақауымен байланыстырады.

Оның айтуынша, мейрамханадан шыға бергенде бақылау панелінде ескерту индикаторлары жанған, ал әл-Фараби даңғылы бойымен келе жатқанда гуіл пайда болған. Оны жою үшін жүргізуші айналымды арттыруды ұйғарған.

"Сол жақ жолақтан оң жаққа ауыса бастадым. Осы сәтте, бәлкім, жолаққа қайтару жүйесі кенет іске қосылып, соның салдарынан көлік тайып кеткен болуы мүмкін. Қарсы беттегі жолаққа шығып кеткен соң көлік басқаруға көнбеді. Оңға немесе солға бұруға тырыстым, бірақ көлік маған бағынбады, тежегіш жұмыс істемеді. Осыдан кейін жол апаты болды", – деді ол сотта.

Сотталушының айтуынша, ол тек жансақтау бөлімінде есін жиып, сол жерде үш адам қаза тапқанын білген.

Сондай-ақ сотта ер адам апатқа дейін достарымен бірге Алматыдағы танымал орындардың бірінде уақыт өткізгені белгілі болды. Бұған дейінгі сот отырысында сотталушы кешті қалай өткізгенін және қанша алкоголь ішкенін егжей-тегжейлі айтып берген болатын – толығырақ мына жерден оқыңыз.

Тағы оқыңыз: “Онда вискиді кім ішті?“ - үш адам қаза болған жол апаты бойынша сотта Zeekr жүргізушісіне өткір сұрақ қойылды

Бұған дейінгі отырыста судья сотталушы қайғылы оқиғаға дейін жол жүру ережелерін бірнеше рет бұзғаны туралы мәліметтерді жариялаған болатын.

Тағы оқыңыз: Алкоголь ішу және жылдамдықты асыру: әл-Фарабидегі жол апаты ісі бойынша сотталушыға бұрын қандай айыппұлдар салынған?

Айыпталушы А. П. / Отырыстан түсірілген видеодан скриншот

Zeekr жүргізушісіне қандай айып тағылып отыр және оған қандай жаза тағайындалуы мүмкін?

Үш адамның өмірін қиған жол апатына қатысты атышулы істі Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты қарап жатыр.

Күдікті А. П. Қылмыстық кодекстің 345-1-бабының 4-бөлігі "Алкогольдік масаң күйде жол жүрісі қағидаларын бұзу, абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соғу" бойынша айыпталып отыр.

Анықтама. Бап санкциясы белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойына айыра отырып, 7 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруды қарастырады.

Айыптау актісі

Алдын ала тыңдау барысында мемлекеттік айыптаушы айыптау актісін оқыды. Тергеу нұсқасы бойынша, сотталушы А. П. – Zeekr 001 автокөлігінің иесі әрі жүргізушісі – рөлге мас күйінде отырған.

Сондай-ақ айыптау мәліметтеріне сәйкес, көлікте тіркеу құжаттарына сәйкес келмейтін 100 QR 02 нөмірі болған.

"Меңдіқұлов көшесімен қиылыста сотталушы қарсы бетке шығып кетіп, әл-Фараби даңғылымен шығыс бағытта келе жатқан Mercedes-Benz автокөлігімен бетпе-бет соқтығысқан", – деді прокурор.

Соқтығысу салдарынан оқиға орнында үш адам қаза тапты: 1996 жылы туған Mercedes жүргізушісі, сондай-ақ оның 2003 және 2005 жылы туған екі жолаушысы.

Айыптау актісін оқу кезінде қаза тапқандардың туыстары көз жасына ерік берді.

Сотталушы қандай жылдамдықпен жүрген?

Ресми сараптама қорытындысы бойынша, соқтығысу алдында оның көлігінің жылдамдығы сағатына 219 шақырым болған.

ҚР ІІМ видеосынан кадр "Өз іс-әрекетімді ақтамаймын" – Zeekr жүргізушісі

28 мамырда сотта сотталушы А. П. қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтып, кешірім сұрады.

"Ешқандай сөз де, ешқандай іс-әрекет те жақындарыңызды қайтара алмайтынын түсінемін. Әр отбасына қаншалықты қайғы әкелгенімді білемін. Өз іс-әрекетімді ақтамаймын. Ештеңеге үміт артпаймын, ештеңеден дәметпеймін. Заңға сәйкес жазамды толық өтеуге дайынмын. Тек бостандыққа шығып, қолдан келгенше отбасыларыңызға көмектескім келеді. Өзімді кешірмеймін және сіздерді ұмытып кетпеймін. Кешіріңіздер", – деді ол.

Қаза болғандардың отбасы Zeekr жүргізушісіне шартты жаза сұрап отыр

1 маусымда Алматыда негізгі сот талқылауы басталды. Онда қаза тапқан екі адамның – 1996 жылы туған Mercedes жүргізушісі мен 2003 жылы туған жолаушы қыздың туыстары сотталушымен татуласқандарын айтып, оған шартты жаза тағайындауды сұрады.

8 маусымда үшінші марқұмның анасы да осындай ұстанымда болды.

Қаза тапқан 22 жастағы К.-ның анасы 100 миллион теңгеге талап арыз түсірмек болған өкілдерінің қызметінен де бас тартты. 11 маусымда 29 жастағы Е.-нің отбасы да өкілдер қызметінен бас тартқаны белгілі болды.

Айыпталушының өзі сотта болған оқиға бойынша кінәсін мойындайтынын мәлімдеді.

3 маусымда Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Санжар Әділов Мәжілісте өткен брифингте тараптардың татуласуы адам өліміне әкеп соққан жол апаты ісінің нәтижесіне қалай әсер етуі мүмкін екендігіне қатысты пікір білдірді. Оның айтуынша, жәбірленушілердің ұстанымы айыпталушының қылмыстық жауапкершіліктен босатылуына жол бермейді.

“Кешірмедім, кешірім бермеймін де“ - жол апатында қаза тапқан қыздың әкесі

Туыстарының мәлімдемесі желіде қызу пікірталас тудырды. Осыдан кейін Tengrinews.kz тілшісіне қаза тапқан 20 жастағы Т. К.-ның әкесі хабарласып, айыпталушыны кешірмейтінін және оның қатаң жазалануын талап ететінін айтты.

"Сотталушының анасы маған 10 миллион теңге ұсынды. Маған оның миллиондары керек емес, маған балам керек. Мен кешірмедім, кешірім бермеймін де. Мен Таразда оның ата-анасының үйінде болдым (сөз сотталушының ата-анасы туралы болып отыр – ред. еск.). Әкесі алдымда жылап кешірім сұрады", – деп қосты ер адам.

Тағы оқыңыз: “Кешірмедім, кешірім бермеймін де“. Әл-Фараби даңғылындағы жол апатында қаза тапқан қыздың әкесі күтпеген мәлімдеме жасады

Жол апатына қатысты екі қылмыстық іс тоқтатылды

Бұған дейін әл-Фарабидегі жол апаты фактісі бойынша тағы 3 қылмыстық іс қозғалған еді. Алайда кейін оның екеуі тоқтатылды.

Билікті асыра пайдалану және "ерекше" мемлекеттік нөмірлер беру. 26 наурыздан бастап ІІМ-нің өзіндік қауіпсіздік департаменті тыйым салынған мемлекеттік нөмірлердің заңсыз берілу мүмкіндігін тергеді. Іс 362-баптың 1-бөлігі – "Билікті асыра пайдалану" бойынша тергелген. Бұл жерде мәселе Zeekr жүргізушісінің 100 QR 02 нөміріне қатысты болуы мүмкін.

Кейін 3 маусымда "қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты" іс тоқтатылғаны белгілі болды.

Жалған айғақ беруге қатысты іс. Бұған дейін тергеу сотталушы қайғылы оқиға алдында бірге болған компанияға қатысты материалдарды жеке іске шығарғаны хабарланған болатын. Олар жалған айғақ берді деп күдіктелген еді. Осы факт бойынша қылмыстық іс қозғалды, бірақ тергеуден кейін полиция қылмыс құрамы жоқ деген қорытындыға келіп, 2026 жылдың 28 мамырында істі тоқтатты.

ІІМ бұл шешімнің заңдылығына түпкілікті бағаны прокуратура беретінін нақтылады.

Полицейге қатысты іс

Адам өліміне әкеп соққан жол апатына қатысты негізгі істен бөлек, тағы бір қылмыстық істі тергеу жалғасып жатыр.

Қызметтегі әрекетсіздік. Күдікке Алматы Полиция департаменті басшылары бірінің жүргізушісі – полиция қызметкері ілінді. Тергеу мәліметінше, оның әрекетсіздігі адам өліміне әкеп соққан жол апатына себеп болуы мүмкін (370-баптың 4-бөлігі, 1-тармағы "Ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік"). Бұл іс бойынша тергеу аяқталды. Әл-Фарабидегі қайғылы оқиғаның хронологиясы

Еске салайық, 21 наурызға қараған түні Алматыда ірі жол апаты болды: әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr автокөліктері соқтығысты. Жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапты.

Mercedes маркалы көліктің 29 жастағы жүргізушісі мен 20 және 22 жастағы екі жолаушы қыз оқиға орнында көз жұмды. Zeekr жүргізушісі аман қалып, түрлі жарақатпен ауруханаға жатқызылды. Жол апаты кезінде ол мас болған.

Оған қылмыстық іс қозғалды. Қылмыстық кодекстің 345-бабы 4-бөлігі 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын қарастырады.

Сонымен қатар мемлекеттік нөмір белгілері заңсыз берілуі мүмкін деген уәждер бойынша Өзіндік қауіпсіздік департаментімен қылмыстық іс қозғады, бірнеше лауазымды адам қызметінен босатылды.

12 мамырда істі тергеу аяқталды. 28 мамырда Алматының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алдын ала тыңдау өтті.

Әлеуметтік желілерде жол апатына полиция қызметкері қатысқан көше жарысы себеп болуы мүмкін деген нұсқалар пайда болды, содан кейін тексерулер мен қызметтік тергеулер басталды. ІІМ Алматы ПД-ның бірқатар басшысын қызметінен шеттетті, олардың бірінің жүргізушісі ұсталды.

Дау салдары

Осыдан кейін 26 наурызда ІІМ мәлімдеме жасады. Сондай-ақ министрдің бұйрығымен Алматы Полиция департаменті бастығының сыртқы қызметтер мен жол қауіпсіздігін қадағалайтын орынбасары, сондай-ақ әкімшілік полиция және қоғамдық қауіпсіздік басқармаларының басшылары қызметтерінен босатылды.

Қазір Алматы Полиция департаменті бастығының бұрынғы орынбасары Ержан Ұзабаев пен Әкімшілік полиция басқармасының бұрынғы басшысы Серік Шұмаев әл-Фараби даңғылындағы жол апаты туралы видео жариялаған блогер Әділетхан Молдаханмен соттасып жатыр.

Олардың адвокаттарының айтуынша, видеода блогер полицияны жалған нөмір тағып, көліктерінің әйнектерін заңсыз қараңғылатқан жастарды қорғаштайды деп мәлімдеген. Оның пайымдауынша, мұндай әрекеттер жол апатына себеп болуы мүмкін.

Анықтама: Молдаханға Қылмыстық кодекстің 274-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы "Бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалана отырып, көрінеу жалжал ақпарат тарату" бойынша айып тағылып отыр.

Тағы оқыңыз: Алматыда Әділетхан Молдаханға қатысты сот басталды: зардап шеккендердің арасында ПД бастығының бұрынғы орынбасары бар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Маусым 2026 12:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Фитосанитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 6 тонна жаңа піскен қияр Ресей Федерациясына кері қайтарылды

20 Маусым 2026 18:39see133

​ChatGPT әзірлеушілері мен AliExpress Қазақстанда салықтан қашып құтылмады

20 Маусым 2026 18:39see122

Бұрынғы ҰҚК басшысының күйеу баласы жаңа істің ортасында қалды

20 Маусым 2026 18:38see115

Қазақстанда медицина қызметкерлері күні аталып өтіліп жатыр

21 Маусым 2026 09:11see115

Түркістан облысында табиғатқа шыққандар нөсер жаңбырдан кері қайта алмай қалды

21 Маусым 2026 12:37see115

Атырауда тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы ауысты

20 Маусым 2026 18:37see115

Алжир футбол федерациясы Месси мен төрешінің үстінен шағым түсірді

20 Маусым 2026 15:14see115

Қазақстан ұлттық құрамасы Әлем кубогы бәсекесінде үздік үштікке кірді

21 Маусым 2026 21:53see113

Қазақстан Президенті Саида Мирзиёеваны қабылдады

21 Маусым 2026 15:03see113

Қазақстанда 24 маусымнан бастап 2000 теңгелік банкнотты қабылдау тоқтатылады не білу керек

21 Маусым 2026 15:28see111

Адам жанының арашасы

21 Маусым 2026 20:51see110

Атырауда BMW көлігі бағанаға соқтығысып, қоршауға соғылды

20 Маусым 2026 18:38see109

Балқашта салмағы 86,4 келі болатын алып қазыбургер дайындалды

20 Маусым 2026 23:35see108

Еуроодақ елдері Украина бойынша келіссөздерге қатысады Франция президенті

20 Маусым 2026 21:01see104

Павлодарда шенеуніктер 400 млн теңгеге жуық бюджет қаражатын тиімсіз жұмсамақ болған

22 Маусым 2026 11:05see104

Ірі мұнай химия жобаларына тартылған мердігерлерді Атырау облысында тіркелуге шақырды

20 Маусым 2026 18:39see103

Жетісу маңында табылған ескі қалашыққа германиялық мамандар қызығушылық танытқан

21 Маусым 2026 14:05see102

Іздеудегі күдікті Түркиядан экстрадицияланды

21 Маусым 2026 08:39see102

Мұнай мен ядролық қару үшін күрестегі тең нәтиже сарапшы Иран мен АҚШ меморандумы туралы

22 Маусым 2026 10:33see102

Әлемдік мұнай бағасы АҚШ пен Иран келісіміне байланысты құлдырауы мүмкін Reuters

20 Маусым 2026 18:37see101
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары