Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жанжал түбі жарнама: Жағымсыз жаңалықтар қалай сатылымды арттырады?

Жанжал түбі жарнама: Жағымсыз жаңалықтар қалай сатылымды арттырады?

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..

Саясат, жанжал немесе күтпеген оқиға кейде брендтерге қымбат жарнамадан да күшті әсер етеді. Қазіргі медиакеңістікте бір сурет, бір мем (әзіл сурет) немесе бір даулы жаңалық санаулы сағат ішінде тауарды сәнге айналдырып, сатылымды күрт өсіре алады. Алайда мұндай «тегін танымалдық» бизнестің алдында этикалық әрі стратегиялық күрделі таңдау қояды, деп жазады Egemen.kz.

Фото: Ашық дереккөз

Сарапшы Индира Бейсекеева economykz.org сайтында жариялаған пікірінде соңғы жылдары вирустық жаңалықтардың брендтерге әсері күшейгенін айта келіп, бұл құбылыс маркетинг мүмкіндігімен қатар беделге төнетін тәуекелді де қатар алып жүретінін бағамдайды.

Оның пайымдауынша, АҚШ-та Nike Tech Fleece сұр спорттық костюмінің сатылымы күрт өсуі осы құбылыстың айқын мысалы. Венесуэла президенті Николас Мадуро ұсталған сәтте дәл осы костюммен түскен фотосурет тарағаннан кейін, ешқандай жарнамасыз-ақ сұраныс арта бастаған. Кейбір өлшемдер Nike-тің онлайн-дүкенінде толық сатылып кетті, ал Мадуро киген 3XL өлшемі вирустық талқылау басталғаннан кейін бір сағат ішінде сайттан жоғалып кеткен. 

Венесуэла көшбасшысы бүгін сотқа тартылады

Сарапшы бұл жағдайды жеке оқиға емес, кеңірек үрдістің көрінісі ретінде сипаттайды.

«Бұл сенсациялық немесе даулы жаңалықтардың брендке өздігінен жарнама болып, қосымша маркетинг шығындарынсыз-ақ сатылымды арттыра алатынын көрсетеді. Әлеуметтік желілер мен мемдер дәуірінде саяси оқиғадан бастап интернеттегі күтпеген қызыққа дейін кез келген ерекше жағдай миллиондаған адамның назарын аударып, нақты тауарға деген сұранысты күшейте алады», дейді Индира Бейсекеева.

Жарнама құдіреті

Ол мұндай мысалдардың әлемдік тәжірибеде жиі кездесетінін де атап өтеді.

«2021 жылы америкалық Тессика Браун шашқа арналған лактың орнына Gorilla Glue құрылыс желімін қателесіп қолданған оқиға интернетке тез тарап, үлкен резонанс тудырды. Контексті теріс болғанына қарамастан, брендке деген қызығушылық күрт артты. AdAge деректеріне сәйкес, Google-да өнім атауы бойынша іздеу бір айдың ішінде 50 есе өскен, ал Amazon-дағы іздеу мыңдаған пайызға көбейген», деп жазды сарапшы.

Индира Бейсекеева 2016 жылғы АҚШ-тағы президенттік дебаттарды да мысалға келтіреді.

«Қарапайым сайлаушы Кен Боунның қызыл свитермен кадрға түсуі оны бір сәтте интернет кейіпкеріне айналдырды. Соның нәтижесінде Izod маркасының ұқсас свитері бірнеше күннің ішінде ел бойынша толық сатылып кетті. Бұл саяси оқиғаның күтпеген коммерциялық әсерге қалай айналатынын көрсетеді», дейді ол.

Осыған ұқсас құбылыс 2021 жылғы инаугурация кезінде де байқалды.

«Берни Сандерстің қолдан тоқылған қолғап киген суреті жылдың ең танымал мемдерінің біріне айналды. Коммерциялық мақсатта жасалмаған қолөнер бұйымы бірнеше күннің ішінде вирустық тауарға айналып, авторын жергілікті компаниялармен ынтымақтастық орнатуға мәжбүр етті», деді сарапшы.

Брендтерді бейресми түрде алға жылжытатын тағы бір фактор ретінде Индира Бейсекеева саяси жанжалдар мен бойкоттарды атайды.

«2020 жылы Goya Foods компаниясының басшысы Дональд Трампты қолдағаннан кейін бойкот науқаны басталды. Бірақ парадокс мынада: екі апта ішінде компанияның сатылымы 22 пайызға өсті. Көп жағдайда бұл бойкотқа қарсы реакция ретінде қалыптасты», дейді ол.

Сарапшы кейде бір брендке бағытталған сынның басқа өндірушілерге немесе тұтас салаға пайда әкелетінін де еске салады.

«2025 жылы Prada үнді Kolhapuri сандалдарына ұқсас аяқкиім көрсеткеннен кейін мәдени иемдену айыбына ұшырады. Нәтижесінде коммерциялық пайда ірі сән үйіне емес, жергілікті қолөнершілерге тиді. Бұл медиалық қысым нарықтағы сұранысты қалай қайта бағыттай алатынын айқын көрсетті», деп жазды И.Бейсекеева.

Сөз соңында Индира Бейсекеева вирустық танымалдықтың бизнес үшін тек мүмкіндік емес, жауапкершілік екенін атап өтеді.

«Өнім қалаусыз себеппен трендке айналса, компания ұстамды реакция танытуы керек. Әлеуметтік және саяси контексті ескеру, мәдени қақтығыстарға этикалық жауап беру маңызды. Ұзақ мерзімді перспективада бедел мен жауапты бизнес қағидалары кез келген “тегін” жарнамадан да қымбат», деп түйіндейді сарапшы.

Соңғы жаңалықтар

Жанжал түбі – жарнама: Жағымсыз жаңалықтар қалай сатылымды арттырады?

Қоғам • Бүгін, 17:17

Қазақстанның 36 спортшысы Олимпиадада ел намысын қорғайды

Спорт • Бүгін, 16:43

Қазақстанда 504 ауыл спутниктік интернетке қосылды

Қоғам • Бүгін, 16:12

КТК теңіз терминалында мұнай тиеу қайта іске қосылды

Экономика • Бүгін, 15:52

Американы ақтүтек боран басты: 139 мың адам жарықсыз қалып, төтенше жағдай жарияланды

Әлем • Бүгін, 15:25

Германия АҚШ-тағы алтын қорын елге қайтаруды көздеп отыр

Әлем • Бүгін, 15:06

МӘМС жарнасын жергілікті әкімдік кімдерге төлейді?

Медицина • Бүгін, 14:49

Өскемендегі әскери бөлімде сарбаз өзіне қол жұмсады

Қоғам • Бүгін, 14:34

АҚШ-тағы иммиграциялық дағдарыс: Миннеаполис тұрғындары Трамп саясатына қарсы көтерілді

Әлем • Бүгін, 14:14

Шымкенттегі жаппай төбелес: Кісі өліміне қатысты тағы үш күдікті ұсталды

Оқиға • Бүгін, 13:42

«Арсеналға» қарсы матч: Алматылық клуб Лондонға жол тартты

Футбол • Бүгін, 13:02

Астанада құтқарушылар лифтіде қалып қойған 5 адамды шығарып алды

Оқиға • Бүгін, 12:43

Алдағы үш күнде ауа райы қалай құбылады?

Ауа райы • Бүгін, 12:27

Australian Open-2026: Анна Данилина ширек финалға жолдама алды

Спорт • Бүгін, 12:08

Болгарияны алғаш рет әйел адам басқарады

Әлем • Бүгін, 11:58

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:152
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 25 Қаңтар 2026 18:37
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see136

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see135

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see134

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see133

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see132

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see131

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see131

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see130

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see130

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see127

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see124

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see124

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see124

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see117

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see115

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see114

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see113

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see113

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары