Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

Алматы облысында мейрамхана өртенді

Бизнеске қолдау, жаңа жұмыс орындары Respublica партиясының басты басымдықтары

Дүмшелік түбі донаттан

Дүмшелік түбі донаттан

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып түсініктеме береді..

TikTok пен өзге платформалардағы тікелей эфирлерге мониторинг күшейді. Оның көрінісі –  заң талабын бұзған бірқатар стример мен блогерлердің  әкімшілік жауапкершілікке тартылуы. Ғаламтордағы бейпіл сөздің (бейәдеп, балағат) де шегі болуға тиіс.   Мұны тікелей эфирде отыратын блогерлер де ескеруі қажет. 

Президент Әкімшілігі бас­шысының бірінші орынбасары Ерлан Қарин хайп үшін заң бұз­ғандарды ашық жауапкершілікке тарту өзгелерге сабақ болып, қо­ғамда жаңа қоғамдық этиканы қалыптастыруға ықпал ететінін атап өткен еді. Шын мәнінде, қо­ғамдық мәдениет қалыптас­тыру көшеде не қоғамдық орын­дарда шешілмейді. Бұл әлеу­мет­тік желідегі әрекеттен де көрініс табуға тиіс. 

Ақпарат алмасатын алаң

Расында, бүгінде әлеуметтік желі тек ақпарат алмасатын алаң ғана емес, миллиондаған адам­ның күнделікті қарым-қатынас жасайтын қоғамдық кеңістігіне айналды. Бірақ бұл кеңістікті кім қалай қолданып жүр?Лайк, қара­лым, жазылушы мен донат үшін кейбір әлеуметтік желі қолдану­шылары әдеп, құқық шегінен асып түсе бастады. Балағат сөз ай­татындар көбейді, қауіпті пранк жасауға үйір болды, ті­келей эфир арқылы оғаш әрекет жа­сайтындар аудиторияны осы­лай жинаймыз деп ойлайтын болды. Мұның бәрі құқық қорғау орган­дарының да назарын аудара бастады. 

Ішкі істер министрлігінің 4 тамызда жариялаған мәліметіне сәйкес, Қазақстанда заң талапта­рын бұзған 20-дан астам стример жауапкершілікке тартылған. Олар­дың арасында тікелей эфир­де балағат сөз айтқандар, әдеп­сіз әрекеттер көрсеткендер, қауіпті пранк ұйымдастырып, өзге азаматтарды қорлағандар да бар. Мәселен, Шымкент қаласы­ның тұрғыны TikTok эфирінде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін 10 тәулікке әкімшілік қамауға алынса, ал Талдықорған тұрғы­ны­на қайталанған құқық бұзу­шылығы үшін әкімшілік айып­пұл салынды.

Мұндай жағдайлар мұнымен ғана шектелген жоқ. 13 тамызда Ақтөбеде TikTok-тағы тікелей эфир кезінде балағат сөз айтып, қорлайтын ым-ишаралар көр­сет­кен 26 жастағы тұрғын сот ше­шімімен 5 тәулікке қамалды. Ал 17 тамызда Қостанайда Instagram желісіндегі бейнероликте балағат сөз қолданған азаматшаға 60 550 теңге айыппұл салынды. Сот қаулысы жарияланған сәтте әлі заңды күшіне енбеген еді.

Шахтинск қаласында да TikTok тікелей эфирінде балағат сөз айтып, әдепсіз қимыл көрсеткен тұрғынға сот 86 500 теңге кө­лемінде айыппұл тағайындаған. Бұл іс Әкімшілік құқық бұзушы­лық туралы кодекстің құқыққа қайшы контентті орналастыру мен таратуға қатысты нормасы бойынша қаралған.

Заң мен тәртіп дегеніміз – тек жазалау емес

Осы оқиғалардан кейін әлеуметтік желідегі сөз еркіндігі мен жауапкершіліктің арақаты­насы, балағат сөз бен қорлаудың құқықтық шекарасы туралы са­уалдар жиі қойыла бастады. Бұл туралы заңгер Абзал Құспаннан сұраған едік. 

– TikTok-та балағат сөз айт­қаны үшін айыппұл салу – қо­ғамдық әдепті сақтаудың тиімді жолы секілді. Осылайша, әлеу­меттік желідегі әдеп мәдениетін қалыптастыра аламыз ба?

– TikTok немесе өзге де әлеу­меттік желілерде балағат сөз қолданғаны үшін айыппұл салу, яғни әкімшілік жауапкершілікке тарту қоғамдық әдепті сақтаудың бір тетігі ретінде қарастырылады. Дегенмен бұл мәселені шешудің жалғыз жолы емес, әрине.

Әлеуметтік желі – заңнан тыс аймақ емес. Керісінше, ол – мил­лиондаған адам көретін ашық қоғамдық кеңістік. Сон­дықтан онда айтылған әрбір сөз бен жасалған әрекет үшін жа­уап­кершілік те жоғары болуға тиіс. Әр адам өз сөзінің салдары бар екенін түсінуі қажет.

Мемлекет бұл бағытта жүйелі жұмыс жүргізіп келеді. Негізгі мақсат – жаппай жазалау емес, қоғамда өзара құрмет пен жа­уап­кершілік мәдениетін қалып­тас­тыру. Әсіресе жастар арасында кездесетін «Интернетте бәріне болады» деген түсініктен арылу маңызды.

Сонымен бірге тек жазалау шаралары жеткіліксіз екенін атап айтқым келеді. Алдын алу, түсіндіру және тәрбиелік жұ­мыстар қатар жүруге тиіс. Өйт­кені әлеуметтік желідегі мәде­ниет – жалпы қоғамдық мә­де­ниеттің бір бөлігі.

– Әдепсіз сөз бен қорлау­дың шекарасы заңда нақты белгіленген бе? Кез келген ба­ла­ғат сөз үшін адам жауапқа тар­тыла ма?

– Әдепсіз сөз бен қорлау мә­селесі құқықтық тұрғыдан рет­телген. Қорлау әрекеті Қылмыс­тық кодекстің 131-бабында қа­растырылған және бұл бағытта белгілі бір сот тәжірибесі қалып­тасқан.

Бірақ кез келген балағат сөз автоматты түрде қорлау болып саналмайды. Әрбір жағдай жеке қаралып, оның нақты мән-жайы жан-жақты сараланады. Атап айт­қанда, сөздің кімге бағыттал­ғаны, қандай жағдайда айтылға­ны, оның мазмұны мен мағына­сы, адамның ар-намысы мен қадір-қасиетіне қандай нұқсан келтіргені ескеріледі.

Қажет болған жағдайда фи­лологиялық және психологиялық сараптамалар да жүргізілуі мүм­кін. Сондықтан белгілі бір сөзді кон­текстен жұлып алып, бірден құ­қықбұзушылық деп бағалау дұрыс емес. Нақты құқықтық ба­ғаны әр істің ерекшелігіне қарай құқық қорғау органдары мен сот береді.

Жалпы, әлеуметтік желідегі жауапкершілік мәселесінде бір маңызды жайтты ескеру керек: заңнама балағат сөздің өзін ғана емес, оның қай жерде, қандай жағдайда және қандай сал­дармен айтылғанын да назарға алады. ІІМ түсіндірмесінде де ұсақ бұ­зақылық ретінде саралау үшін қо­ғамдық тәртіп пен азаматтар­дың тыныштығын бұзу, айна­ладағыларға сый­ла­маушылық білдіру секілді мән-жайлардың маңызы көрсетіл-ген.

– Жастар мен жасөспірімдер арасында боқтық сөз бен агрес­сияны қалыпты құбылысқа айнал­дырып отырған әлеуметтік желі мәдениетіне қарсы қандай жүйелі шара қажет?

– Жастар мен жасөспірімдер арасындағы агрессияны тек жа­залау арқылы азайту мүмкін емес. Жауапкершілікке тарту – атқарылатын жұмыстың бір бө­лігі ғана.

Сол себепті де былтыр Мә­жіліс депутаттарының баста­масымен «Құқық бұзушылық профилактикасы туралы» Қа­зақстан Республикасының Заңы қабылданды. Бұл – 2025 жылғы 31 желтоқсандағы №245-VIII ҚРЗ. Заң құқықбұзушылықтың салдарымен күресуге ғана емес, оның алдын алудың жүйелі те­тіктерін қалыптастыруға бағыт­талған.

Бұл мәселедегі ең маңызды бағыт – тәрбиені ерте жастан бас­тау. Отбасынан бастап бала­бақша, мектеп, колледж және жоғары оқу орындарына дейін әдеп, өзара құрмет, жауапкер­шілік пен цифрлық мәдениет жүйелі түрде қалыптастырылуы керек.

Сонымен қатар ата-ана мен қоғам баланың интернеттегі ор­тасына бей-жай қарамауы қажет. Балаға тек «боқтық сөз айтпа» деумен шектелу жеткіліксіз. Оған мұндай сөздің неге зиян екенін, оның басқа адамға, өзара қарым-қатынасқа және тұтас қоғамға қалай әсер ететінін түсіндіру маңызды.

Бұл мәселе 14 тамызда «Еге­мен Қазақстан» газетінде жа­рияланған менің «Заң мен Тәр­тіп» қағидатына арналған ма­қа­ламда да кеңінен айтылды. Заң мен тәртіп дегеніміз – тек жазалау емес. Ол – ең алдымен адамның құқыққа, қоғамға және өзге адамның қадір-қасиетіне деген құрметі.

Сондықтан түпкі мақсат – жазадан қорыққандықтан ғана тәртіп сақтайтын емес, өз сөзі мен ісіне саналы түрде жауапкер­шілікпен қарайтын азамат қа­лыптастыру. Осындай мәдениет орныққанда әлеуметтік желідегі әдеп те біртіндеп өзгереді.

Заң жауапкершіліктің шегін белгілесе, тәрбие сол шектен аспайтын мәдениетті қалып­тастырады.

P.S.                                   

Әр адам – қоғамның бір бөлшегі. Адамдық өлшемі – биік ұғым. Қай дәуір, қай заман болса да адам баласы надандықпен күресіп келеді. Мұны данышпан Абай да айтқан: «Күллі адам баласын қор қылатын үш нәрсе бар. Содан қашпақ керек. Әуелі – надандық, екінші – ерін­шек­тік, үшінші – залымдық деп білесің. Надандық – білім-ғылымның жоқтығы, дүниеден ешбір нәрсені олар­сыз біліп болмайды», – деген екен.

Сондықтан қоғам надан­дықтан барынша арылу­ға күш салуы қажет. Айып­пұл арқалағаннан арқа жауыр болмайды. Адамдықты сақтау арқылы ғана айналамызды толық өзгерте аламыз!

Гүлзина БЕКТАС

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:89
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 22 Тамыз 2026 06:20
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жаным деп жүргендер жаныңды алған : Мөлдір Мұқанова тұрмыстық зорлық құрбандарына ән арнады

21 Тамыз 2026 15:50see142

Суперқосымшадан дербес ЖИ көмекшіге дейін: Михаил Ломтадзе тің болашағы, сенім және Түркия туралы

20 Тамыз 2026 23:11see117

Сайлау заңнамасын бұзудың 8 фактісі тіркелді Бас прокуратура

21 Тамыз 2026 15:22see117

Елде үш жылда 460 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы мектептер салынды

20 Тамыз 2026 23:17see116

130 жылдық тарихты қалпына келтіру. Неге Алматыда бұрынғы “Қызыл Таң“ енді болмайды?

20 Тамыз 2026 22:59see114

Астаналық сегіз жасар гимнаст Қытайдағы турнирде бір алтын, екі күміс медаль ұтып алды

20 Тамыз 2026 23:10see114

Тоқаев Тойли Курбановты Достық орденімен марапаттады

20 Тамыз 2026 23:09see114

Алматыда алты жасар баладан салмағы 3 килограмнан асатын ісік алынды

21 Тамыз 2026 15:56see113

Шалқарда үйдің кілтін кірпіштің астына қойып кеткен тұрғын сан соғып қалды

20 Тамыз 2026 23:16see113

Қазақстанда волонтерлер саны алты есеге өсті

20 Тамыз 2026 23:17see113

Ислам Махачев чемпиондық жекпе жектен кейін 30 күнге жарыстан шеттетілді

21 Тамыз 2026 14:52see112

Алматы әкімдігі судың жаппай өшірілуі туралы қауесетке қатысты түсініктеме берді

20 Тамыз 2026 22:58see112

Қазақстанда алқабилер соты қалай өтеді?

21 Тамыз 2026 10:36see111

Ақтөбеде көлік қағып кеткен 10 жасар қыз комаға түсіп қалды

20 Тамыз 2026 23:10see110

Оттық ішіндегі ақ ұнтақ: Өскемендегі тергеу изоляторында ерекше әрекет әшкереленді

21 Тамыз 2026 11:18see110

Дербес деректердің жаппай таралуына әкеп соққан бұзушылықтар үшін жауапкершілік одан әрі күшейтілмек

20 Тамыз 2026 23:09see109

Мемлекеттік сайттар не себепті уақытша істемей қалғаны белгілі болды

21 Тамыз 2026 17:56see107

Ақтөбеде ЖЖМ айдау станциясы өртенді

21 Тамыз 2026 09:29see107

Алматы облысында мейрамхана өртенді

22 Тамыз 2026 01:29see106

Бизнеске қолдау, жаңа жұмыс орындары Respublica партиясының басты басымдықтары

21 Тамыз 2026 11:44see106
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары