Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

Пайымы биік преамбула

Көкке көз тіккен күн

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

Телеаудитория талғамы жаңарды

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

Күміс Сейітова: Адамның тәрбиесі оның сөзінен көрінеді

АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленді бас прокурор

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

Жәрдемақы түрлерінің мөлшері қаншалықты өседі?

Жәрдемақы түрлерінің мөлшері қаншалықты өседі?

Qazaq24.com, 24.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Елдегі ең төменгі күнкөріс деңгейі 51 мың теңгеге дейін өседі.

Айлық есептік көрсеткіш мөлшері де біршама ұлғаяды. Бұл өзгерістер жәрдемақы алатаын азаматтарға тікелей әсер етпек. Мемлекет мезіретінің мөлшері биыл 10 пайызға артады. Үкімет халықты әлеуметтік тұрғыда қолдауға 6,8 триллион теңге жұмсауды жоспарлап отыр. Бұл қаражат кімге, қалай беріледі? 

Бекзат Аманов, тілші 

- Балалы үй базар дейді қазақ. Ендеше сол базарлы жанұяларға берілетін мезіреттен бастайық. Елдегі әрбір үшінші сәби көп балалы отбасында дүниеге келеді екен. Жәрдемақы алушылар арасында төрт немесе одан да көп баласы бар отбасылардың үлесі 2010 жылы 12% болған. Ал былтыр бұл көрсеткіш 32%-дан асты. Бұл әлеуметтік саясат пен дұрыс үлестірілген жәрдемақы жемісі болса керек. 

Биыл бала туғанда берілетін бір жолғы мемлекеттік жәрдемақы 164 мың 350 теңгеге өсті. Егер бала саны төртеуден асса оның мөлшері 272 475 теңгеге артады. 

Бала туғанда берілетін бірреттік жәрдемақы               2025 жыл            2026 жыл              

1-ші, 2-ші және 3-ші балаға      ₸ 149 416             ₸ 164 350               

4 немесе одан кейінгі балаға  ₸ 247 716             ₸ 272 475            

Ал сәби 1,5 жасқа толғанға дейін оның күтіміне берілетін ай сайынғы жөргекақы 1 балаға 24 912 теңге, екінші балаға 29 453, үшінші балаға 33 951 теңгеге өседі. Ал баланың төртеу немеесе одан көп болса бұл көрсеткіш 38 493 теңгеге жетеді.

Бала күтіміне берілетін ай сайынғы жәрдемақы         2025 жыл            2026 жыл              

Бірінші балаға ₸ 22 648               ₸ 24 912                 

Екінші балаға   ₸ 26 777               ₸ 29 453                 

Үшінші балаға  ₸ 30 866               ₸ 33 951                 

Төртінші немесе одан кейінгі балаға  ₸34 995                ₸ 38 493              

Наградталған аналарға берілетін мезірет мөлшері де артады. Мысалы, «Алтын алқа» алқасы, «Батыр Ана» атағы немесе I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордендерімен наградталған көпбалалы әйелдерге 32 005 теңгеден беріледі. «Күміс алқа» иегерлеріне 27 680 теңгеден беріледі.

Көп балалы аналарға берілетін жәрдемақы 2025 жыл            2026 жыл              

«Алтын алқа», «Батыр Ана», I және II дәрежелі «Ана даңқы» ордені иегерлеріне                ₸29 097                ₸32 005                  

«Күміс алқа» иегерлеріне        ₸25 165                ₸27 680               

Көп балалы отбасыларға тағайындалатын жәрдемақы да біршама өседі. Бұл жайлы толығырақ осы кестеден көруге болады.

Көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы         2025 жыл            2026 жыл              

4 баласы  бар отбасылар үшін                ₸63 030                ₸69 330                  

5 баласы  бар отбасылар үшін                ₸78 798                ₸86 673                  

6 баласы  бар отбасылар үшін                ₸94 565                ₸104 016                

7 баласы  бар отбасылар үшін                ₸110 332              ₸121 360                

8 және одан да көп баласы бар отбасылар үшін         Әр балаға ₸15 728         Әр балаға ₸17 300        

Алтынжан Маясарова, ҚР ЕХӘҚМ әлеуметтік көмек департаментінің бас сарапшысы:

- 2019 жылдан бастап көп балалы отбасыларға берілетін жәрдемақы алушылардың саны 2,4 есеге, яғни 251 мың отбасыдан 604 мың отбасыға дейін артты. 2025 жылғы 11 айдың қорытындысы бойынша аталған жәрдемақыларды 1,5 млнға жуық қазақстандық отбасылар алады.

Елде мүмкіндігі шектеулі азаматтар саны 750 мыңнан асады. Жауаптылардың айтуынша, инфляцияны ескере отырып, олардың да жәрдемақысы 10 пайызға өседі. Жәрдемақы мөлшері былтыр 55 мың теңге мен 101 мың теңге аралығында болды.

Ал биылдан бастап I топтағы мүгедектігі бар адамдарға 111 мың теңге беріледі. II топтағы мүгедектігі бар азаматтарға шамамен 90 мың теңге, ал III топтағыларға 60 мың теңгеден астам жәрдемақы төленеді.

I топ – ₸111 873

II топ – ₸89 498

III топ – ₸61 022

Айлық есептік көрсеткіш пен ең төмеңгі күнкөріс деңгейінің өскенін айттық. Бұл өз кезегінде қарт кісілердің тұрмысына да оң әсер етеді. Елдегі  ең төменгі зейнетақы мөлшері 69 мың теңгеге дейін ұлғаяды. Сондай-ақ еңбек өтіліне байланысты есептелетін базалық зейнетақы төлемінің мөлшері де өседі, ол 35 мың теңгеден 60 мың теңгеге дейін өзгеруі мүмкін.

Айлық есептік көрсеткіш (АЕК) — 4 325 теңге

Ең төмеңгі күнкөріс деңгейі — 50 851 теңге

Базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері — 35 596 теңге

Ең төменгі зейнетақы — 69 049 теңге

Серік Жұманғарин, ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі:

- 2025 жылға арналған әлеуметтік бюджет көлемі 5,9 триллион теңге болды. Ал 2026 жылға бұл көрсеткішті 6,8 триллион теңге деңгейінде жоспарлап отырмыз. Яғни биылғы жылмен салыстырғанда 887 миллиард теңгеге артады. Бұл қаражат қайда бағытталады? Зейнетақылар мен жәрдемақылар 10 пайызға ұлғайтылады. Салыстыру үшін айта кетсек, 2025 жылы өсім 8,5 пайызды құраған. 2026 жылғы бюджетте зейнетақылар мен жәрдемақыларды арттыруға ғана 636 миллиард теңге қарастырдық.

Бекзат Аманов, тілші:

Қазақстан – әлеуметтік мемлекет. Тиісінше халықты қолдауға, табысы аз азаматтарды қорғауға айрықша мән беріледі. Сол үшін бұл саланың бюджетке салмақ салуы да қалыпты жағдай дейді сарапшылар. Ал Үкімет қарттар мен балалы отбасыларға және халықтың әлеуметтік осал топтарына көрсетілетін көмекті күшейтетінін жеткізді. 

Бекзат Аманов

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:125
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 01 Қаңтар 2026 15:25
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жүргізушілерге жаппай айыппұл келіп жатыр: полиция түсініктеме берді

17 Тамыз 2026 22:41see125

Пайымы биік преамбула

18 Тамыз 2026 07:04see123

Көкке көз тіккен күн

18 Тамыз 2026 04:03see123

Үлескерлердің төрт жылдық сергелдеңі

18 Тамыз 2026 03:20see121

Аустралияның Мёрдок университеті Семейде филиалын ашуды жоспарлап отыр

17 Тамыз 2026 19:04see121

Некені онлайн бұзуға болады. Қазақстанда ажырасу “жаңа нормаға“ айналып бара ма?

18 Тамыз 2026 13:08see121

ТМД миссиясы Құрылтай сайлауына дайындық бойынша ОСК жұмысын жоғары бағалады

17 Тамыз 2026 21:11see119

Қала дамуының жаңа кезеңі: Атырауда урбанистика орталығы құрылмақ

18 Тамыз 2026 13:07see119

Астанада такси ішінде әдепсіз әрекет көрсеткен ер адам қамауға алынды

18 Тамыз 2026 13:12see119

Телеаудитория талғамы жаңарды

18 Тамыз 2026 03:17see118

Байтақ партиясы экологиялық мәдениетті қалыптастыру мәселесін талқылады

18 Тамыз 2026 22:08see117

Сотталған блогер Жаңабыловтың фотосы дау тудырды ІІМ не деп жауап берді

18 Тамыз 2026 20:29see114

Елена Рыбакина WTA чемпиондық жарысында көш бастады

17 Тамыз 2026 21:56see113

Қазақстан Украина мен Иранда сайлау учаскелерін ашпайды

18 Тамыз 2026 16:45see112

Күміс Сейітова: Адамның тәрбиесі оның сөзінен көрінеді

18 Тамыз 2026 14:23see112

АҚШ Қазақстанды туристер үшін қауіпсіз елдердің қатарына қосты

18 Тамыз 2026 14:08see110

ЕАЭО жедел жүктерді декларациялау ережелерін жетілдіріп жатыр

19 Тамыз 2026 10:00see110

Шетелде орналасқан 12 алаяқтық колл орталықтың қызметі әшкереленді бас прокурор

18 Тамыз 2026 10:19see110

Қазақстандық Ресейдегі құрылыс алаңындағы өрттен кейін қаза тапты

19 Тамыз 2026 17:29see109

Қайтарылған активтердің жүздеген миллиард теңгесі өңірлерге бағытталды олар неге жұмсалуда

18 Тамыз 2026 20:52see109
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары