Жарты жылда 2,3 миллионнан астам адам онкоскринингтен өтті
Qazaq24.com, Sputnik.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..
АСТАНА, 13 тамыз – Sputnik. 2026 жылдың алғашқы алты айында 2,3 миллионнан астам қазақстандық онкоскринингтен өтті, деп хабарлады Денсаулық сақтау министрлігі.
Қазақстанда нысаналы топтардың арасында сүт безі обырын, жатыр мойны обырын және колоректалдық обырды ерте анықтауға бағытталған онкологиялық скринингтің үш түрі тегін жүргізіледі.
2026 жылдың бірінші жартыжылдығында 2 362 568 адам тексеруден өтті.
Скрининг нәтижелері бойынша:
сүт безі обырының 1 238 жағдайы;
колоректалдық обырдың 372 жағдайы;
жатыр мойны обырының 227 жағдайы расталды.
Ведомствоның мәліметінше егер скрининг барысында адамнан күмәнді өзгерістер анықталса, бұл оның обырға шалдыққанын білдірмейді. Пациент қосымша диагностикалық тексеруге жіберіледі. Тек толық тексеруден кейін ғана дәрігерлер аурудың бар-жоғын растайды немесе жоққа шығарады.
"Тұрақты тексерулер қауіпті өзгерістерді ерте кезеңде анықтауға мүмкіндік береді. 2021–2025 жылдары Қазақстанда III–IV сатыда анықталған онкологиялық аурулардың үлесі 34,9%-дан 32%-ға дейін төмендеді", - дейді мамандар.
Айта кетері, кейінгі бес жылдың ішінде 14 млн-нан астам адам онкологиялық скринингтен өтті, ал халықты жыл сайын қамту көрсеткіші 13,5%-ға артты.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:64
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 08:22 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















