Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

Жарықтың жайы жасыруға келмейді

Жарықтың жайы жасыруға келмейді

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Бұршақ аралас жаңбырдың соңы қарға ұласып, көше адам жүре алмайтын көктайғақ күйге түсті. Өңірде дабыл қағарлықтай жағдай болып, мектептер жаппай онлайн форматқа ауыстырылды. Ең қиыны, қатты желдің салдарынан қаланың бірқатар бөлігі мен алыс-жақын ауылдар жарықтан ажырап, жылусыз қалды.

Негізінен, Қызылорданың электр желілері табиғаттың то­сын мінезіне төтеп бере алмайтын күйде тұрғаны бұрыннан белгілі. Сәл жел тұрса жарық өшіп, шам­да­рын сайлап отыру тұрғылықты ха­лық­тың үйреншікті әдетіне айнал­ған. Бұл келеңсіздік өңірде бірінші рет болып тұрған жоқ.

Естеріңізде болса, Сыр өңірінде дәл осындай жағдай 2023 жылы да бол­ған еді. Ол кезде дүрбелең ақпан емес, қаңтар айында басталған бо­ла­тын. Үш жыл бұрынғы қаңтар жаң­бырмен басталып, толассыз жау­ған жауын салдарынан көше­лер­ді су басып, тіпті кейбір көп­қа­бат­ты үйлерді су шайып кеткені ел есінде. Бұл аз десеңіз, табиғаттың то­сын мінезінен бірқатар аудан мен қа­ла аумағы жарықсыз қалып, жа­рықпен бірге жылу жүйесі ажырап, қа­ра халық дүрбелеңге түскен. Осы­лай­ша, ала жаздай қыстың қатал мі­незіне қызу дайындық жүр­гі­зіл­ге­нін айтқан құзырлы орындардың сөзі құр дақпырт екенін осы бір жағ­дай ашып көрсетіп берген бо­ла­тын.

Бұл жағдайдан кейін облыс әкім­­­­дігінде шұғыл жиын өткізіліп, ха­лықты үздіксіз электр жарығымен қам­тамасыз ете алмаған бірқатар тұл­ға сынның астында қалды. Нақ­ты айтқанда, сол жиында облыс әкі­мі Нұрлыбек Нәлібаев халықты қо­лайсыз жағдайға қалдырып, өз мін­деттерін дұрыс атқармаған жауап­тыларға көңілі толмайтынын жет­кізген. Нәтижесінде, сол кездегі орын­басары мен қала әкіміне ауыз­ша ескерту, сондай-ақ энергетика мен ТКШ басшысына, «Қызылорда электр тораптары компаниясының» директорына және қала әкімінің орынбасарына қатаң сөгіс жария­лаға­нын білеміз.

Бұл келеңсіздікке дейін қа­ла­да­ғы үлкен трансформаторлардың күр­делі жөндеу жұмыстарына рес­пуб­ликалық және облыстық бюд­жеттен 4 млрд теңге қаржы қаралған. Бірақ бөлінген қаржы межелі мер­зім­де игерілмей, қыруар қаражат кейін қайтарылғаны белгілі болды. Бұл 2021 жылғы жағдай. Одан кейін тозған желілерді шұғыл жөндеуге 500 млн теңге қаржы қаралып, одан да оң нәтиже болмағаны айтылып қал­ды. 

Сол уақытта «Қызылорда Электр тораптары ком­па­ния­сы» АҚ тарапынан облыста электр желілері мен қосалқы стан­са­лардың 70 пайызының тозығы же­тіп тұрғанын жеткізген. Ал мұны қал­пына келтіру үшін үлкен көлемде ин­вестиция қажет екенін алға тарт­қан болатын. Бұл түйткілді түбегейлі ше­шу үшін жыл сайын 330-350 ша­қырым болатын электр желілері мен подстанцияларды жөндеуден өткізу қа­жеттігі туындап тұрғанын да жа­сырмады. Өңірдегі төтенше жағ­дай­ға байланысты электр желілеріне қа­тысты түйткілді шешу тетіктері қа­растырылатыны да айтылып қал­ды. Алайда биылғы жағдай жауапты тұл­­ғалардың сол кездегі келең­сіз­дік­тен әлі де сабақ алмағанын аң­ғар­тып тұр. 

Жалпы, таяуда болған жағ­дай үш жыл бұрынғы ахуал­дан да асып түсті деп айтуға бо­лады. Қаланың бірқатар аума­ғы­мен қатар, іргедегі Сабалақ, Махам­бе­тов сынды елді мекендер де жа­рық­­сыз қалды. Тіпті, бірнеше тәулік бойына жарық пен жылудан қол үзіп, өлместің күйін кешкендердің қарасы қалың.

Қыстың қытымыр мінезіне шы­дас бере алмай, қараңғы бөлмеде бүр­сең қаққан тұрғындардың халі біраз келеңсіздіктің бетін ашып бер­ді. Жауапты мекемеге сан мәрте қоңы­рау соқса да, мәселені жедел ше­шу мүмкін болмағаны ойлантады. Мұны тұрғылықты халықтың өзі де растап отыр. 

«Негізінен, Сабалақ ауылында ше­шімін күткен өзекті мәселелер шаш-етектен. Оның ішінде жарық­қа қатысты мәселе жүйкені жұқар­тып тұр. Сәл жел тұрып жаңбыр жау­са, жарықсыз қаламыз. Жыл сайын жауапты орындарға айтып та, жазып та жүрміз. Бірақ бұл мәсе­ле әзірге шешімін табар емес.  Өңір­де болған табиғи құбылыста да жыл­дағы жағдай қайталанып, бір тәу­ліктен астам уақыт жарықсыз қал­дық. Апатты жағдайды қалпына кел­тіру жұмыстары аяқталғанша қа­ра түнекте отыруға мәжбүр бол­дық. Ауыл халқын мазалаған тағы бір маңызды мәселе – көгілдір отын. Өткен жыл аяғында сабалаққа кө­гілдір отын жетті. Алайда жа­рық­тың жайы түбегейлі шешілмесе, кө­гілдір отынның да күйі қашады екен. Әсіресе, қақаған қыста жарық сөнсе, тұрғындар жылудан да қол үзіп қалатынын жауапты орындар ес­керсе екен», – дейді Сабалақ тұр­ғы­ны Жанар Накипова. 

Мәліметке сәйкес, қатты дауыл ке­зінде көшеде бей-берекетсіз өс­кен талдар электр желілеріне шыр­ма­­лып, мұның соңы халықтың бір­­не­ше тәулік бойына жарықсыз қалуына әкеп соқтырған. Нәтиже­сін­­де, 250-ге жуық жарық бағана­лары құлап, 80 шақырымдай электр желілері үзілген деген дерек айты­ла­ды.

Бұл жерде мәселені біржақты қа­рауға да болмайтын сияқ­ты. Бірінші кезекте, өңірде электр же­лілерінің ескіруі сәл жел тұрса жа­рықты ажыратуға мәжбүр етіп тұр­ғанын қаперге алсақ та, жыл бойы­на қаланы көркейту мәселесіне көңіл бөліп, талдарды қырқу жұ­мы­сын мойнына алған жауапты ме­ке­ме­лердің де міндеті екенін ескерген жөн сияқты. Яғни, ағаштар талапқа сай қырқылса, электр желілеріне де зар­дабы болмас еді. Сондықтан да бұл келеңсіздікке кеңінен талдау жа­сау өздігінен сұранып тұр. 

Өңірде болған төтенше жағдайға орай жарыққа жауапты мекеме де жауапсыз қалмады. Бұл тұрғыда КРЭК тарапынан қатты желдің сал­дарынан талдар сынып, электр же­лі­леріне зақым келтіргенін айта ке­ле, жарық бағаналары құлап, бір­қатар аумақта жарық сөнгенін жет­кізді. Соған орай, «Қызылорда Электр  тораптары компаниясы» АҚ-ның мамандары тәулік бойы же­дел әрекет жасап, ақауларды қал­пы­на келтіруге жұмыс жүргізіліп жат­қанын мәлімдеді.

Бүгінде табиғаттың тосын мі­не­зінен туындаған зардап қал­пына келтіріліп, халық жарық пен жылуға қайта қол жеткізді. Дей тұр­ғанмен, бұл жағдай тоқмейілсуге бол­майтынын, әлі де атқарылуға тиіс шаруаның аз еместігін аңғартып тұр. 

Әрине, табиғаттың тосын міне­зі­не тосқауыл бола алмаймыз. Алай­да жауапты орындар өңір инф­ра­құры­лымы төтенше жағдайға сақа­дай сай болуын үлкен жауапкерші­лік­пен қарастыруға тиіс. Неге екені бел­гісіз, бұл жолғы ахуалға бай­ла­ныс­ты жергілікті әкімдік шұғыл жиын өткізбеді. Халыққа келең­сіз­дік­тің салдары жеткілікті деңгейде тү­сіндірілмеді. Алайда бұл атүсті қа­райтын жағдай еместігін қаперде ұстап, алдағы уақытта тиісті шара­лар қабылданады деп үміттенеміз.

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ, 

Қызылорда облысы

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 12 Наурыз 2026 06:11
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see116

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see113

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see112

№161 лицейде Республика күніне арналған салтанатты іс шара өтті

24 Қазан 2026 15:17see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары