Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Қауіп айтып келмейді

Қауіп айтып келмейді

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

Павлодар облысында 45 ауыл ойпаң жерде орналасқан. Биыл ылғалдың нормадан көп түскенін, топырақтың тоңдануы артқанын ескерсек, бұл елді мекендер қауіп көзінде қалуы әбден мүмкін.

Көктем басталғалы бері өңірде су тасқы­нына дайындық мәсе­лесінің маңызы арта түсіп отыр. Ресми органдар «ауқымды қауіп жоқ» дейді. Алайда гидро­метео­рологиялық деректер мен соңғы жылдардағы тәжірибелер болжамдарға сақтықпен қарау керектігін меңзейді.

 «Қазгидромет» РМК өңірлік филиалының деректеріне сүйенсек, Павлодар облысы «орташа тәуекел аймағына» жатады. Бұл қауіп мүлдем жоқ деген сөз емес. Керісінше, су тасқынының ықтималдығы бар, бірақ ол алдын алу шаралары арқылы реттелуге тиіс дегенді білдіреді.

«Биылғы жағдайды күрде­лен­діретін бірнеше фактор бар. Ең әуелі өткен күзде топырақ ыл­ғалдылығы қалыптағыдан жоға­ры болды. Ал қыста топы­рақтың қату тереңдігі 146 см-ге дейін жеткен. Күзгі-қысқы кезеңде жауын-шашын көлемі климаттық нормадан асып түсті. Оның үстіне наурыз айы жылы әрі жауын-шашынды болады деп болжанып отыр. Мұндай факторлар жылдам еріген қар суының елді мекендерге жайылуына қолайлы орта қалыптастырады», дейді «Қазгидромет» РМК облыстық филиалы директорының орынбасары Галина Шпак.

Су басу қаупі бар елді мекен­дер облыстың барлық дерлік ауданында бар. Соның ішінде Баянауыл, Ақтоғай аудандары «тәуекелі жоғары» аймақтар» санатына кіреді. Мысалы, Баянауыл ауданында Қаныш Сәтбаев, Мәшһүр Жүсіп, Ақши ауылдары, Ақтоғайда Шолақсор мен Жалаулы ауылы жылдағыдай көктемгі су тасқынына бейім. Облыста қауіп көзінде қалуы ықтимал аймақтарда тұрып жатқан халықтың нақты саны туралы деректер құрылмаған. Бұл төтенше жағдай кезінде эвакуациялау мен әлеуметтік қорғау шараларын жоспарлауда үлкен олқылыққа әкелуі мүмкін.

Көктемгі су тасқынына қар­сы іс-шараларға облыста 1,1 млрд теңге бөлінген. Ол жа­нар-жағармай материалда­рын,­ мотопомпаларды, қаптар мен сорғы шлангілерін, дыбыс құ­рылғыларын, қар шығару, су сору жұмыстарын қаржы­лан­дыруға бағытталған. Сома аз емес. Алайда қауіп көзінде ондаған елді мекен, жүздеген шақырым жол мен инженерлік нысандар қалуы ықтимал екенін ескерсек, бұл қаражаттың тиімді әрі ашық жұмсалуы басты мәселе болып қала береді. Облыс әкімдігі ұсынған мәліметтерге сүйенсек, қағаз жүзінде бәрі дайын.

«Алдағы су тасқыны кезе­ңіне болжамды деректер не­гізінде әкімдіктермен, жол қызметтерімен, ұйымдармен жұмыс жүргізіліп жатыр. 156 шақырым қорғаныс бөгеттері нығайтылып, кейбірі жаңадан салынды. 36 су өткізгіш құбыр орнатылып, жөнделді. 2 шақырым бұру каналдары жабдықталды. Баянауыл ауданының Жаңажол, Қаныш Сәтбаев ауылдық округтерінде гидромелиоративтік жүйелерді қайта жаңартуға қатысты судың реттеуші көлемін шамамен 23 млн текше метрге қамтамасыз ететін ірі жобалар аяқталды. Су тасқыны жағдайларының өршуін бақылап отыру мақсатында энергетика, жолдар мен көпірлер қызметтерінен, инженерлік және көлік қызметінен күштер мен құралдар тобы құрылған. Оларға жалпы саны 1 871 адам, 769 бірлік инженерлік, арнайы техника, 21 бірлік жүзу құралдары, 357 мотопомпа жұмылдырылған», деп хабарлады облыс әкімдігінен.

Ірі гидромелиорациялық жобалар Ақтоғай ауданында да жүзеге асырылған. Бұл жұмыстар су басу қаупін айтарлықтай төмен­детуге тиіс. Алайда тәжіри­бе көрсеткендей, қағаздағы да­йындық пен нақты табиғи апат кезіндегі жағдай әрдайым сәйкес келе бермейді. Әсіресе ауа райы күрт өзгерген жағдайда. Бұл ретте «Қазгидромет» филиалының мамандары кейінгі 10 жылға қатысты күзгі-қысқы кезеңдегі жауын-шашын деректерін талдап, тұрақты заңдылықты анықтай алмағанын мысал ретінде келтіруге болар.

2015–2016 жылғы қысқы ке­зеңде жауын-шашын мөлшері облыстың басым бөлігінде нормадан төмен болса, одан кейінгі екі жылда өңірдің басым бөлігінде ол қалыпты шектерде ұсталған. 2017–2020 жылдар аралығында жауын-шашын екі есеге жуық азайып кеткен. 2021–2022, 2022–2023 жылдарғы кезеңде норма қалыпты шекке қайта оралса, 2023–2024 жылғы кезеңде жауын-шашын норманың 30–91%-ын құраған, ал 2024 жылғы қарашадан 2025 жылғы 31 қаңтарға дейінгі аралықта ол нормадан 16–33%-ға артық болған.

«2025 жылғы қараша мен 2026 жылғы 20 қаңтар аралығында жауын-шашын барлық жерде климаттық нормадан асып, норманың 25–95%-ын құрады. Солтүстік, орталық аймақтарда ылғалдың жылдағыдан көп екені, қар қорының артқаны байқалып отыр. Яғни бұл ылғалдың жалпы мөлшері былтырғыдан да көбейе түскенін білдіреді. Жауын-шашынның нормадан, өткен жылғы деңгейден асып кетуіне байланысты, көктемде қар күрт ерісе жекелеген аймақтарда су басу қаупін тудыруы мүмкін», деп ескертеді Г.Шпак.

Облыстық төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары Думан Қыдырмоллаев су тасқынының алдын алуға қатысты инженерлік жұмыстар жоспары шеңберінде 22 іс-шара көзделгенін, олардың барлығы толығымен орындалғанын айтады. 47 мың қапшық, 1 347 тонна инертті материал, 155 тонна жанар-жағармай материалдары дайындалған. Сондай-ақ тамақтануды ұйымдастыруға 80 ниет шарты, Ертіс пен Сілеті өзендерінде жарылыс жұ­мыс­тарын жүргізуге 4 шарт жасалған.

«Қолда бар күштер мен құралдар су тасқыны кезеңін­дегі міндеттерді орындауға жет­кілікті. «Сақтықта қорлық жоқ» екенін ескере отырып, аудан, қала әкімдіктеріне су өткізу құбырларын, көпірлерді, бөгеттерді, гидротехника­лық құрылыстарды тазалау, ава­риялық-құтқару бөлімшеле­рі­нің, техниканың, резервтердің дайындығын қамтамасыз етуді ұсынамыз. Ұшқышсыз бас­қарылатын аппараттар арқылы су тасқыны қаупі бар учаскелер­ге мониторинг жүргізу, халықты су тасқыны кезеңіндегі қауіпсіз­дік ережелері туралы хабардар ету де аса маңызды», дейді Д.Қыдырмоллаев.

Мамандар Ертіс өзеніндегі мұз кептелістері де жазғытұрым қиындық тудыратынын ескертіп отыр. Павлодар аймағы өзеннің ең ойпаң бөлігінде орналасқан. Ертістің суы Шығыс Қазақстан, Абай облыстарындағы су қой­малары арқылы реттеле­тіндік­тен, ол жақтан да төнетін қауіп аз емес. Сондықтан жауапты органдар суды реттеу іс-шаралары жөніндегі келіссөздерді ерте бас­тан қолға алғаны абзал.

Павлодар облысы

Соңғы жаңалықтар

Қазақстандық оқушылар көктемгі каникулда 11 күн демалады

Мектеп • Кеше

Таразда мектеп оқушысын жеті қыз жабылып соққыға жыққан

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыстан 10 мыңнан астам отандасымыз елге қайтарылды

Қоғам • Кеше

«Крокус сити холлдағы» теракт: 15 күдікті өмір бойына сотталды

Оқиға • Кеше

Алматыда Наурыз мерекесіне орай «Nauryz Sale» акциясы өтеді

Аймақтар • Кеше

Атырау облысында атыс кезінде мерзімді әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Асель Баденова: Әрбіріміз еліміздің тағдырына әсер ете аламыз

Ата заң • Кеше

«Жақсылық жасап жарысайық»: Астанада зейнеткерлер қайырымдылық акциясын өткізді

Қоғам • Кеше

FIFA Series-2026: Талғат Байсуфинов Қазақстан құрамасының кеңейтілген тізімін жариялады

Футбол • Кеше

Мәслихат депутаттарына маңызды міндет жүктелді

Ата заң • Кеше

Сарапшылар жаңа конституциялық модельдегі партиялардың рөлін талқылады

Ата заң • Кеше

Берешек көлемі 3 млрд теңгеге жетті: Астанада көлік салығын төлемеген жүргізушілерге ескерту жасалды

Қоғам • Кеше

Балаларды қызылшадан қалай қорғау керек? Дәрігер кеңесіне назар аударыңыз

Медицина • Кеше

12 наурыздан бастап камералар қандай заңбұзушылықтар үшін айыппұл салады?

Қоғам • Кеше

15 наурыз күні «Инватакси» қызметі тегін болады  

Референдум • Кеше

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:270
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Наурыз 2026 08:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары