Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Инвесторлар Венесуэлаға қаржы құйғысы келмейді

Инвесторлар Венесуэлаға қаржы құйғысы келмейді

24.KZ парақшасындағы деректерге сәйкес, Qazaq24.com ақпарат таратты..

Американдық инвесторлар Венесуэланың мұнай саласына қаржы құюға мүдделі емес.

Ол үшін саяси ахуалдың тұрақтылығы және заңдардың орындалуы маңызды. Ақ үй басшысы Венесуэланы аталған талаптарға жауап беретін елге айналдыруға бейіл. Бірақ Америка көшбасшының бұл жоспары қаншалықты жүзеге асуы мүмкін? 

Ірі инвесторлар венесуэлаға қаржы құюға құлықсыз

Президент Трамп Венесуэлаға 100 млрд доллар инвестиция тартқысы келеді. Алайда АҚШ-тың мұнай саласының алыптары бұған аса құлшынып отырған жоқ. ExxonMobil компаниясының бас директоры Даррен Вудстың айтуына қарағанда, қазір Венесуэла қаржы құюға тәуекелі тым жоғары аймақ. Сөйтіп, ауызы күйген үрлеп ішеді деген емеурін танытты. Өйткені осыған дейін бұл елде компания активтері екі рет тәркіленіп, миллиондары желге ұшқан. Сондықтан үшінші рет қаржы құю былай тұрсын, маңайламасы анық. ExxonMobil компаниясы бас директорының бұл сөзі президент Трампқа жақпай қалған сыңайлы. Америка басшысы бірлестікті Венесуэланың мұнай саласына енді жолатпайтынын ескертті. Қазір Венесуэлада Шеврон ғана энергетикалық шикізат өндіреді. Сондықтан Ақ үй басшысы инвестицияға жол ашу үшін білек сыбана кірісті. Тіпті Каракасты кезең-кезеңімен санкциялардан босатамын деп отыр. 

Карстен Бржески, ING орталығының бас экономисі:

- Венесуэланың мұнай саласы еңсесін тіктеуі үшін бірталай уақыт қажет. Қазір мұнай нарығы сұраныс пен ұсыныс сияқты негізгі факторлар ғана емес, болжамға көбірек негізделеді. Егер қара алтын бағасы түссе, Батыс елдері мен Еуропа үшін бұл жақсы жаңалық. Өйткені инфляцияны ауыздықтауға сеп болады. Өндіріс шығындары азайып, өнеркәсіптің аяқ алысына оң әсер етеді.

Бұған дейін Венесуэла мұнайын әлемдік нарықта емес, жасырын саудалайтын. Өйткені Каракас АҚШ санкцияларының құрсауында қалған болатын.  Бюджеттің жыртығын жамау үшін арзан бағада сатып келді. Сол мұнайдың 80 пайызын Қытайға жеткізіп отырған. Бірақ өткен жылы Құрама Штаттар Венесуэланың саудасын шектеп тастады. Кариб бассейніндегі 80 танкердің 30-ын тоқтатып, қолға түсірген. Осылайша Бейжіңді арзан мұнайсыз қалдырды. Қытайдың  Вашингтонның Николас Мадуроға қарсы операциясын қатаң айыптауының түпкі себебі де осы, дейді сарапшылар. 

Клейтон Сигл, стратегиялық және халықаралық зерттеулер орталығының ғылыми қызметкері:

- Бұл жағдай ең алдымен Қытайға әсер етті. Өйткені, Бейжің Венесуэла мұнайының басты тұтынушысы болатын. Қазір АҚШ бұл елдің бүкіл мұнай саласын бақылап отыр. Енді Қытай Венесуэланың энергетикалық шикізатын бұрынғы бағада сатып алуы екіталай.

Венесуэла мұнайы нарыққа әсер ете ме? 

Венесуэла мұнайдың үстінде отырған ел. Әлемдік қордың 17 пайызына ие. Президент Трамп бұл елге Батыс компанияларын тартса, 2 жылда елдегі қара алтын өндірісі тәулігіне 1 жарым млн баррельге дейін өсуі мүмкін. 10 жылда бұл көрсеткіш 2 жарым млн баррельге дейін жетеді. Жер қойнауы қара алтынға бай болса да, қазір Венесуэла тәулігіне небәрі 900 мың баррель өндіреді. Бұл әлемдік өндірістің небәрі 1 пайызы ғана.  Ал Венесуэлада өндірілген қосымша энергетикалық шикізаттың әлемдік нарыққа әсер етпей қоймасы анық. Себебі әрбір жаңа баррель жаһандық ұсынысты көбейтеді деген сөз. Демек, нарықта нағыз бәсеке басталады.  Мұны отандық сарапшылар да растап отыр. 

ЦИТАТА: Қуаныш Бейсенғазин, ұлттық экономикалық зерттеулер бюросының директоры

Венесуэла мұнайы Ресейдің Urals маркалы энергетикалық шикізатын бәсекелес бола алады. Демек Қытай мен Үндістанның таңдау мүмкіндігі артады. Ал Қазақстан үшін таяқтың екі ұшы бар. Біріншіден, Брент маркалы мұнайға пара-пар саудаланатын отандық қара алтынның құнын құлдыратпау керек. Екіншіден, Венесуэла өндірісті артыратын болса, Ресейдің  Urals маркалы мұнайын арзандатудан басқа амалы қалмайды. Бұл өз кезегінде қазақстандық мұнайды жекелеген нарықтан ығыстыруға әкелуі мүмкін. Десе де, бұл туралы айтуға әлі ерте. Нарықтың қалай құбылатынын уақыт көрсетеді. 

Венесула – күкірт мөлшері жоғары, ауыр мұнайдың ірі өндірушісі саналады. Оны жанармай мен дизельге айналдыру үшін арнайы технология қажет. Яғни, оны жер қонауынан шығару қымбатқа түседі. Бірақ АҚШ-тағы зауыттар дәл осы Венесуэла мұнайын өңдеуге бағытталған.  

Президент Трамптың Венесуэла мұнайына қатысты жоспары іске асу-аспауы екіталай. Себебі Каракас экономикасына 100 млрд доллар инвестиция құю туралы бастамасын ірі америкалық инвесторлар қолдамай отыр. Келісіп отырған, тек ұсақ компаниялар ғана. Олардың өзі 50 млн доллар салуға ғана шамасы жетеді.  Сарапшылардың айтуына қарағанда, тоқырауға ұшыраған Венесуэланың мұнай саласын жандандыру үшін жылына кемі 9 млрд доллар тарту қажет.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:111
embedДереккөз:https://24.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Қаңтар 2026 08:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Алматыда екі ер адамның көпқабатты үйдің тұрғынын сыртқа алып шығу әдісі күдік тудырды

11 Қазан 2026 20:28see156

Астанада күзгі экологиялық айлыққа 400 мыңға жуық тұрғын қатысты

11 Қазан 2026 11:30see153

Қайрат Нұртастың концертіндегі сұмдық кептеліс: ұйымдастырушылар полицияға жеткізілді

11 Қазан 2026 11:21see153

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see143

Яндекс сервисінде туындаған ақаулардан кейін такси бағасы шарықтап кетті

11 Қазан 2026 17:50see139

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see137

Ғарышта 237 күн болған француз ғарышкері Еуропа рекордын жаңартты

11 Қазан 2026 16:28see133

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see128

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see127

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see127

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see126

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see126

ЕО Украина үшін 100 млрд үнемдеу мақсатында бюджетті қысқартуды жоспарлап отыр

11 Қазан 2026 12:08see126

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see126

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see123

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see122

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see122

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see121

Зеленский Ресейдің мұнай зауыттарына соққы жасауды тоқтатудың шартын атады

11 Қазан 2026 18:16see121

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see121
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары