Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

Ала доп аламаны аяқталды

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына қатысты Еңбек министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

Балдырғандар контентінің жайы

Балдырғандар контентінің жайы

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Цифрлық дәуірде балалар әлемі бұрынғыдан мүлде өзгеше. Кейде олардың жан дүниесінде не болып жатқанын, неге қызығатынын, нені қалайтынын ата-анасының өзі дер кезінде біле бермейді. Заман талабына сай бүгінгі жас ұрпақ алуан түрлі кітап оқиды. «YouTube» арнасынан сан түрлі мультфильм көреді, ойын ойнайды. Осы орайда бүгінгі баланың тілдік ортасы тек үй мен мектеп арасы ғана емес, экран кеңістігіне де тәуелді ме деген сұрақ туындайды. Сондықтан қазақ тіліндегі балалар контентін дамыту – тек мәдени мәселе емес, ұлтымыздың болашағына қатысты стратегиялық міндет.

Осыған дейінгі көптеген зерттеу көрсеткендей, бала қай тілде контент тұтынса, сол тілде ойлауға бейімделеді. Өкінішке қарай, осы кезеңде қазақ баласының медиа кеңістігінде шетелдік және өзге тілдегі контент басым болып тұр. Қазақ тіліндегі сапалы мультфильмдер, танымдық видеолар, аудио нұсқадағы ертегілер мен интерактивті ойындардың саны әлі де жеткіліксіз. Бұл мәселе тек контент­тің аздығында емес. Көп жағдайда бар дүниенің өзі баланың қызығушылығына сай еместігінде. Мысалы, кей қазақ тілді контенттердің визуалы сәтсіз, оқиғасы қызықсыз, кейіпкерлері есте қалмайды. Ал қазіргі балалар динамикаға, сапалы графикаға, шынайы эмоцияға ғана қызығушылық танытады.

М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Нұрбол Құдайбергеновтің айтуынша, елімізде халықтың үштен бірі – балалар, анықтап айтсақ, 18 жасқа толмағандардың саны 7 миллионға жуықтайды. Ол бүкіл әлемнің жаңалығын тамыршыдай тап басып біліп отырамыз. Бірақ «үміт еткен көзіміздің нұры» – балаларымыздың әлемінде не боп жатқанын білеміз бе деген оймен қоғамға үлкен сұрақ тастайды. «Бүгінгі балалардың әлемі бұрынғы балалардың әлеміне мүлдем ұқсамайды. 1997–2012 жылдары туған зет-ұрпақты қазір көбіміз түсіне алмай жүрміз. 2012 жылдан кейін туған альфа-ұрпақты қалай түсінер екенбіз? Жалпы, балалық шақ дейтін құбылыстың мәні өзгеріп бара жатыр. «Бала жеті жасқа дейін жерден таяқ жейді» деген мақал бар еді. Қазір ондай баланы табу қиын. Себебі қимыл-қозғалысы көп ойынға негізделген балалық шақтың орнын виртуалды, жасанды, симулякрға толы балалық шақ басып үлгерді. Технология жақсысымен бірге жасығын да ұсынып жатыр. Оның ізі, әсіресе балаларымыздың психикалық, физиологиялық, танымдық дамуындағы кемістіктерден көрінеді. Балаларға арнал­ған мазмұнды дүниелерді көбейткен жақсы-ақ. Меніңше, әуелі балалық шақ мәдениетін, еліміздегі халықтың үштен бірін құрап отырған балалардың әлемін, олардың түйткілді мәселелерін зерттеу­мен айналысатын ­институт ашу керек. Бұл салада мың сан проблема бар. Бірақ күрделі сұрақтарға сауатты да салмақты жауап ұсынып отырған іргелі ұйым жоқ. Педиатр, психолог, логопед, дефектолог, физиолог – жалпы бала дамуына қатысы бар мамандардың басын қосқан институт қажет деп есептеймін», дейді Нұрбол Құдайбергенов.

Шындығында, қазіргі балалар өзіне ұқсайтын, заманауи, есте қалатын кейіп­керлерді жақсы көреді. Қазақ ертегі­леріндегі батырлар мен мифтік образдарды қазіргі әлеммен байланыс­тырып, жаңа форматта ұсыну маңызды. Мысалы, технологияны меңгерген қазақ баласы, табиғатты қорғайтын кейіпкер немесе ұлттық музыкамен әлемге жол алған жас зерттеуші бейнесі балаларға жақын болар еді. Балалар өзіне ұнамаған, сапасыз дүниені бірден қабылдамайды. Сол себепті анимация, дыбыс, сценарий, монтаж – бәрі халықаралық деңгейде болғаны жөн. Қазақша контент «балаларға арналған» деген желеумен жеңіл-желпі жасалмауға тиіс.

Балалар қаламгері, драматург Айдана Аламанның пікірінше, балалар кон­тен­тін балалар драматургиясы тұрғы­сынан алғанда, біздегі көрсеткіш өте төмен. Себебі жеткіншектерге арналған драма­лық шығармалардың азайып бара жат­қаны алаңдатады. Нәтижесінде, «Балалар театрына қандай туынды қажет?» деген заңды сауал туындайды. Себебі дамыған заманда, балалардың назарын ұстап, оларға тұщымды өнім көрсету де қиындап барады. «Автор мен театр арасында өзара сенім мен түсіністікке негізделген психологиялық келісімнің жоқтығы сезіледі. Егер драматург театрмен, режиссермен тығыз байланыста жұмыс істесе, біз саналы ұрпақ тәрбиелеу жолында нақты нәтижеге қол жеткізер едік. Қазіргі театр мен көрермен арасындағы байланыс мүлде басқа деңгейде. Сондықтан авторлар менеджерлік ойлау жүйесіне бейімделуі қажет. Яғни шығарманы тек жазып қана қоймай, оны сұранысқа сай ұсына білу маңызды. Одан бөлек, қазіргі театрлар балаларға арналған пьесаларға екінші сортты өнім ретінде қарайды. Оны театрдың бюджетіндегі қалдық ақшаға балалар спектаклін қоя салатынынан, авторға балаларға арналған спектакльдің қаламақысын төлейтін кезде «Жай ғана балаларға арналаған спектакль ғой» деп немқұрайды қарайтындарынан байқауға болады. Шын мәнінде, үлкендерге арналған пьесамен салыстырғанда бала­ларға арналған шығарма жазу екі есе қиын. Автор уақыты мен күшін екі есе сарп етеді. Себебі өзің үшін баяғыда ұмыт болған балалар әлеміне саяхат жасау, бала сынды ойлап, толғану, оның ішкі сырын түсіну, сызат салып алмай әдемі қалпында жеткізу кез келген драматургтің қолынан келе бермейді», дейді Айдана Аламан.

Қорыта айтқанда, ана тіліміздегі балалар контентін дамытуға мемлекеттік қолдау өте маңызды, сонымен бірге коммерциялық модель де қажет. Егер қазақша балалар контенті экономикалық тұрғыдан тиімді салаға айналса, онда сапалы жобалар өздігінен көбейеді. Кон­тент қанша жерден сапалы болғаны­мен, соңғы таңдау әр ата-ананың қолында. Ана тіліміздегі өнімдерді әдейі іздеп, балалармен бірге көру – тілдік ортаны күшейту­дің қарапайым жолы. Бала, ең алдымен, үлкендердің таңдауына еліктейтінін естен шығармасақ, игі еді. 

Соңғы жаңалықтар

Елімізде 1242 елді мекенде су тасқыны болуы мүмкін

Қоғам • Кеше

Бокс: Futures Cup турниріне қатысатын спортшылар белгілі болды

Бокс • Кеше

6 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жасалды

Ауа райы • Кеше

Қазақстан туристерге тартымды елге айналды: Еліміздің әлемдік рейтингтегі орны қандай?

Туризм • Кеше

Трамп Иранның келесі көшбасшысын таңдауға қатысқысы келетінін айтты

Әлем • Кеше

Абай облысында әскери қызметші қаза тапты

Оқиға • Кеше

Таяу Шығыс елдерінен 2 463 отандасымыз эвакуацияланды

Оқиға • Кеше

Мемлекет басшысы Нахчыван әуежайына жасалған шабуылды қатаң айыптады

Президент • Кеше

«Шекара аруы» бейнебайқауының жеңімпазы анықталды

Қоғам • Кеше

Димаш Құдайберген мен Самал Еслямова ТҮРКСОЙ марапаттарына ие болды

Оқиға • Кеше

Түркия Иран елінен келетін мигранттарды қабылдайды

Әлем • Кеше

Қазақстанда жаңа Конституцияны қолдауға арналған ауқымды ақпараттық науқанның жаңа толқыны басталды

Ата заң • Кеше

«Халық үні» тәуелсіз бақылаушылар тобы: Ешбір саяси науқан – тәуелсіз бақылаушыларсыз әділ өтпейді

Ата заң • Кеше

Қазақстанда ауа райының нашарлауына байланысты бірқатар тасжол ертеңге дейін жабылды

Ауа райы • Кеше

Алматыға Шарджадан эвакуациялық рейспен 167 отандасымыз ұшып келді

Оқиға • Кеше

Барлық жаңалықтар

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Наурыз 2026 10:56
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Қоқыс, ішек таяқшасы және шомылуға тыйым. Жаздың ең ыстық күндерінде Сайрандағы жағдай қандай?

20 Шілде 2026 10:24see133

Цифрлық байлыққа бастар бағыт

21 Шілде 2026 05:01see124

Ормұз бұғазында екі мұнай танкері жарылды

20 Шілде 2026 17:09see123

Испания футболдан екі дүркін әлем чемпионы атанды

20 Шілде 2026 08:04see118

Шакира әлем чемпионатының финалында көпшілікті тәнті етті: жанкүйерлер желіні шулатуда

20 Шілде 2026 16:03see116

Бірін Месси шомылдырған, бірінің ата анасы Сахараны жаяу кесіп өткен: әлем чемпиондары туралы қызық деректер

20 Шілде 2026 14:24see113

Қазақстанда 1 қыркүйектен бастап сұр көліктерге қарсы жаңа шаралар жарияланды

21 Шілде 2026 16:59see110

Қазақстанда жүргізушілерге қатысты жаңа заң 25 тамыздан бастап күшіне енеді

20 Шілде 2026 23:54see110

Сатылмаған киімдерді жоюға және қайтаруға болмайды: ЕО да экодизайн ережелері күшіне енді

20 Шілде 2026 08:47see109

Шығыс Қазақстан облысында кәсіпорын 49 қызметкерге жалақысын төлемеген

21 Шілде 2026 17:16see109

Ала доп аламаны аяқталды

21 Шілде 2026 07:05see109

Тоқаев Бельгия королін құттықтады

21 Шілде 2026 17:00see109

Алматыда жасөспірімдер арасында үстел теннисінен халықаралық турнирі өтеді

20 Шілде 2026 23:54see108

Мас жүргізушілер мен құқығынан айырылғандар Ақтөбе облысында рейдтер өтті

20 Шілде 2026 15:22see108

Wildberries қоймасындағы өрт: өтемақы, сақтандыру және кәсіпкерлерге сабақ

20 Шілде 2026 15:51see108

Биыл автомобиль мамандарын даярлауға 3 мыңнан астам грант бөлінді

21 Шілде 2026 17:17see108

Иранның одақтасы Сауд Арабиясына теңіз блокадасы басталғанын жариялады

20 Шілде 2026 21:12see107

Мұнай танкеріне шабуыл жасалды: Энергетика министрлігі не дейді

20 Шілде 2026 17:29see106

Өскеменде көлік аударылып, екі жасөспірім қаза тапты

20 Шілде 2026 23:54see104

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарына қатысты Еңбек министрлігі маңызды мәлімдеме жасады

20 Шілде 2026 09:57see102
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары