Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

Жас дәрігерлер дифтерияны емдеп көрмеген. Ата аналардың инфекцияларға көзқарасы қалай өзгерді?

Жас дәрігерлер дифтерияны емдеп көрмеген. Ата аналардың инфекцияларға көзқарасы қалай өзгерді?

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратады..

Қазақстандағы көптеген жас дәрігер өз тәжірибесінде дифтерияны кездестірмеген, ал адамдардың басым бөлігі полиомиелитпен ауырған баланы ешқашан көрмеген. Дегенмен, осыдан жарты ғасыр бұрын ата-аналар мүлдем басқа қауіптен қорқатын еді.

Олар баласынан оғаш белгілерді іздеп, форумдарды ақтарған жоқ. Олар: "Нәрестем аман-есен дүниеге келе ме? Қызылшаны көтере ала ма? Полиомиелиттен кейін мүгедек болып қалмай ма? Кәдімгі тамақтың ауруы дифтерияның басы емес пе?" деп уайымдайтын.

Дәрігер-эпидемиолог, вакцинация жөніндегі сарапшы Нұршай Әзімбаева Tengri Health авторлық бағанында вакциналар қалай өз тиімділігі "тұтқынына" айналғанын баяндайды.  

Өткен шақта қалған ауру түрлері 

Баладан айырылып қалу қорқынышы тіпті халық мәдениетінен де көрініс тапқан. Қазақ отбасыларында бала аман-сау болып, ұзақ ғұмыр кешсін деген ниетпен Тұрар, Тұрсын, Аман, Есен, Көпжасар сияқты есімдер жиі берілген. Бұл есімдерде инфекциялар салдарынан болатын бала өлімі жоғары заманда ең қымбатын сақтап қалуға деген ата-ана үміті жатыр еді.   

Біз бүгінде бұл туралы сирек ойланамыз. Бірақ бұл жағдайлар кеше ғана өткен еді.

"1994–1995 жылдары дифтерия өршіген кезеңде сол кездегі Талдықорған облысының ауруханасында эпидемиолог болып жұмыс істедім. Ол кезде жас маман едім. Бізге жеткізілген балалар әлі күнге дейін есімде. Бірі қатты ісінуден тынысы тарылып жатса, екіншісі тіпті су жұта алмай, әрең сөйлейтін. Үшіншісінің беті бері қарағандай көрінгенмен, артынша кенеттен әлсіреп, ауыр асқынулар басталатын".

Нұршай Әзімбаева 

Дәрігер-эпидемиолог

Бірнеше күннен кейін суық хабар келеді: дәрігерлердің барлық күш-жігеріне қарамастан, бала дифтерия асқынуынан қайтыс болды. Мен бұл жағдайларды әлі күнге дейін ұмытқан жоқпын - олар өмір бойы жадыңда қалады. 

Полиомиелит, қызамық, дифтерия: Қазақстанда сырқаттанушылық қалай өзгерді?

Шын мәнінде, мұның бәрі баяғыда болған жоқ.  

Полиомиелит. 1980 жылдан 1995 жылға дейін Қазақстанда бұл аурудың 142 жағдайы тіркелді. 1996 жылдан бері - бірде-бір жағдай жоқ. Біз полиомиелиттен азат мемлекет мәртебесіне иеміз. Дифтерия. 1995 жылы дифтерия өршіп, 1105 жағдай тіркелді, 66 адам қайтыс болды. Сол кезде инфекцияның таралуын тоқтату үшін 10 миллионға жуық қазақстандыққа екпе егуге тура келді. Бұл нәтиже берді - елімізде соңғы рет бұл ауру 2008 жылы анықталды. Қызамық және эпидемиялық паротит. Салыстырып көріңіз: 1998 жылы Қазақстанда 15 000-нан аса адам қызамықпен, 5 000 адам эпидемиялық паротитпен ауырған. Ал 2025 жылы қызамықтың небәрі бір жағдайы және паротиттің 130 жағдайы тіркелді. Вирустық В гепатитімен сырқаттанушылық 70 еседен астам, вирустық А гепатитімен - 30 есе азайды.

Сондықтан бүгінде бұл аурулар өздігінен жойылып кеткендей немесе тек ескі медициналық оқулықтарда ғана болғандай көрінеді. Ал дәрігерлер мынадай сұрақты жиі естиді: 

"Егер бұл аурулар енді жоқ болса, балаларға не үшін екпе егу керек?!"

Бұл - қазіргі әлемдегі ең қауіпті жаңсақ түсініктердің бірі.

Аурулар тек уақыт өтіп жатқандықтан жойылмайды. Олар қоғам жылдар бойы олардың таралуына мүмкіндік бермегенде ғана шегінеді. Инфекция әлемде, тіпті бірнеше елде ғана болса да, әлі де таралып жатқандықтан қауіпті болып қала береді.

Вакцинацияның табысы уақыт өте келе оған қарсы жұмыс істейтін парадоксты тудырады: адамдар инфекцияны неғұрлым сирек көрсе, оның қаупі соғұрлым шындыққа жанаспайтындай көрінеді.

Жылдар бойы ауру туралы айтылмайды, күнделікті өмірде кездеспейді - осылайша біртіндеп оның зардаптары туралы естеліктер өше бастайды. Бірінші орынға инфекцияның өзі емес, вакцинацияға байланысты қауіптер шығады. Енді қорғанатын ештеңе қалмағандай сезім туындайды.

Бірақ шын мәнінде олай емес. Қызылша - бұған айқын дәлел. 

Неге қызылша өршиді?

Қызылша - әлемдегі ең жұқпалы инфекциялардың бірі. Бір адам екпе алмаған және бұрын ауырмаған 10 адамның 9-ына, тіпті 10-ына да жұқтыруы мүмкін.

Оның пайда болуын тоқтату үшін халықтың вакцинаның екі дозасымен қамтылуы өте жоғары болуы тиіс - шамамен 95 пайыз. Бұл көрсеткіштен сәл ғана ауытқу қызылшаға бейім балалардың санының артуына әкеп соғады.

Қазір Қазақстанда не болып жатыр?

Биылғы алты айда екпенің негізгі түрлері, соның ішінде қызылша бойынша қамту көрсеткіші шамамен 33 пайыз болды, ал тиімді деңгей кемінде 47,5 пайыз болуы керек. Өкінішке орай, бұл көрсеткіштер төмендеп жатыр және қазірдің өзінде зардаптарын тигізіп жатыр.

Кейінгі жылдар бұл ауқымды олқылықты ауру қаншалықты жылдам пайдалана алатынын көрсетті. 2024 жылы ДДСҰ-ның Еуропалық аймағында ширек ғасырдағы қызылшаның ең көп саны тіркелген.

Қазақстан да ауру көрсеткіші ең жоғары елдердің қатарында - 28 147 жағдай тіркелген. 2026 жылдың басында өсім жалғасты. Соңғы мәліметке сәйкес, шілденің ортасына қарай елде қызылшаның 7000-нан аса жағдайы тіркеліп, науқастардың 75 пайызы екпе алмаған болып шықты.

Олардың қатарында ата-аналары вакцинациядан бас тартқан балалар, медициналық қарсы көрсетілімдері бар балалар және әлі егу жасына жетпеген сәбилер бар - олар әсіресе қорғансыз. Жасына байланысты жоспарлы екпе алуға әлі болмайтын нәресте тек ата-анасы мен дәрігерлерге емес, сонымен қатар айналасындағы адамдарға да тәуелді.

Қоғамда вакцинациямен қамту деңгейі неғұрлым жоғары болса, инфекцияның оған жету ықтималдығы соғұрлым төмен болады.

Қызылшаның қайта оралуы вакцинацияның жұмыс істеуін тоқтатқанының дәлелі емес. Керісінше, бұл халықты қорғау жүйесінде саңылаулар пайда болғанын көрсетеді.

Мәселен, қызылшадан кейін "иммундық амнезия" дамуы мүмкін екенін бәрі бірдей біле бермейді, бұл кезде иммундық жүйе бұрын қалыптасқан қорғанысын ұмытып қалғандай болады да, адам айлар бойы, кейде жылдар бойы басқа инфекциялар алдында дәрменсіз күйге түседі.

Немесе тағы бір шетін көзқарас: ауырып тұрып, "табиғи иммунитет" алу. Бірақ қызылшаның сирек кездесетін әрі өте ауыр салдары емделмейді және инфекциямен ауырғаннан кейін бірнеше жыл өткен соң пайда болуы мүмкін. 

Көкжөтел де өзін еске түсіріп жатыр - ол әсіресе вакцинацияның толық курсын алып үлгермеген өмірінің алғашқы айларындағы нәрестелер үшін өте қауіпті.

Қызылша және көкжөтелмен аурудың өсуі өткізіп алған екпелердің жинақталған әсерін көрсетеді және елдегі эпидемиологиялық жағдайға әсер етеді. Және бұл тек Қазақстанның мәселесі емес. Пандемия кезінде немесе одан кейін жоспарлы вакцинациямен қамту деңгейі төмендеген көптеген ел осындай проблемаларға тап болып отыр.

Кейбіреулер шектеулерге байланысты вакцинацияны өткізіп алса, біреулер емханаларға барудан қорыққандықтан, ал тағы біреулер дәйексіз ақпараттың әсерінен екпеден бас тартқан. 

Екпе алмаған балалардың саны көбейген сайын, инфекцияға бейім адамдар қабаты қалыптаса береді. Біраз уақыт бойы бұл байқалмауы мүмкін, бірақ аурудың таралуы үшін бір ғана инфекция көзінің пайда болуы жеткілікті.

Иммундаудың қоғамдық мәні де осында.

Қазақстандағы және басқа елдердегі вакцинация күнтізбесі

Профилактикалық екпелердің ұлттық күнтізбесі - бұл тек баланың жасы мен вакцина атауы көрсетілген кесте емес, бұл халықты қорғаудың ғылыми негізделген стратегиясы. Әрбір вакцинаны егу жасы инфекция жұқтыру және ауыр асқынулар қаупі ең жоғары болатын уақытпен анықталады.

Қазіргі уақытта Қазақстанның Ұлттық екпе күнтізбесінде 21 инфекциялық ауруға қарсы вакцинация қарастырылған: 13 инфекцияға қарсы екпелер жоспарлы түрде, тағы сегізі - эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша жүргізіледі.

Ата-аналар жиі Қазақстанның вакцинация күнтізбесін басқа елдердің бағдарламаларымен салыстырады. Бірақ әмбебап шешім жоқ. Әр ел өзінің эпидемиологиялық жағдайын ескереді. Мысалы, Қазақстандағыдай туберкулез қаупі жоғары жерлерде БЦЖ вакцинациясы қажет болып қала береді. Ал Батыс Еуропаның кейбір елдері тек қауіп-қатер топтарын ғана егеді.

Анықтама: БЦЖ - бұл жаңа туған нәрестелерге аурудың ең ауыр түрлерінен, ең алдымен туберкулезді менингит пен жайылған туберкулезден қорғау үшін егілетін туберкулезге қарсы вакцина.

Эпидемиологиялық көрсеткіштер бойынша вакцинациялау да осындай логикамен қалыптасады.

Қазақстанның кейбір аймақтарында кене энцефалитінен қорғану маңызды. Оба жұқтыру қаупі бар аймақтарда тұратын немесе жұмыс істейтін адамдар үшін осы аурудың алдын алу шаралары қарастырылған. Мұндай вакциналар барлық елде бірдей қажет емес. 

Қазақстанда екі жасқа дейінгі бала сегіз екпе алады - бұл 13 аурудан қорғаныс (аралас вакциналарды қолданудың арқасында). Салыстыру үшін: бұл жасқа қарай Германиядағы сәби 11 инфекциядан, АҚШ-та - 13-тен, ал Ресейде - 14-тен қорғаныс алады.

Қазақстанда жыл сайын 4,9 миллионға жуық екпе жасалады, оның екі миллионнан астамын балалар алады. Дегенмен, бағдарламаның тиімділігі тек вакциналардың қолжетімділігі мен денсаулық сақтау жүйесінің жұмысына емес, сонымен қатар ата-аналардың сеніміне де байланысты.

Бірақ, өкінішке орай, мен жоғарыда айтып өткен себептерге де байланысты бұл сенім азайып барады.

Анам олардың отбасында 13 бала болғанын, бірақ тек екеуі ғана ересек жасқа жеткенін айтып отыратын. Қалғандары бала кезінде инфекциялық аурулардан қайтыс болған - ол кезде вакцинация әлі жоқ еді. Сондықтан біздің әжелеріміз бен аталарымыздың буыны инфекциядан қорқу мен баласынан айырылудың не екенін жақсы білетін, ал біз, бақытымызға орай, мұны білмейміз.

Осыдан бірнеше онжылдық бұрын үлкен қауіп төндірген аурулармен бүгінгі балалардың бетпе-бет келмей өсіп жатқанын біз қалыпты жағдай ретінде қабылдаймыз. Алайда вакцинацияның нағыз құндылығы да осында.

Егер ол жойылып кетсе не болар еді?

Бұл оншалықты жорамал сценарий емес. Әлемнің түрлі елдерінде түрлі инфекциялардың өршуі қайта-қайта тіркеліп жатыр. Алда – күз. Балалар мектептер мен балабақшаларға оралып, уақытты бірге көбірек өткізеді. Соның салдарынан біз жаңалықтардан ұмытыла бастаған аурулардың атауын жиі еститін боламыз. Мұндай жағдайлардың қаншалықты жиі қайталанатыны өз қолымызда.

Автордың пікірі редакцияның көзқарасымен сәйкес келмеуі мүмкін 

Автор туралы: Нұршай Әзімбаева – жоғары санатты дәрігер-эпидемиолог, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Иммундау орталығының басшысы, денсаулық сақтау магистрі. Инфекциялық аурулар эпидемиологиясы және иммунопрофилактика саласының маманы. Жалпы еңбек өтілі - 32 жыл, оның 20 жылдан астамы мемлекеттік қызметте. Аудандық және облыстық деңгейде дәрігер-эпидемиолог, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің Вакцинамен басқарылатын инфекцияларды бақылау басқармасының бас сарапшысы және басшысы болып қызмет атқарған. Ұлттық деңгейде вакцинамен басқарылатын инфекцияларды эпидемиологиялық қадағалау, полиомиелит, қызылша және қызамықты жою бағдарламаларын үйлестіруге қатысады.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

дәрігер

Қазақстан

емдеу

вакцина

Жағдайды бақылауды жалғастырыңыз, Qazaq24.com әрқашан ең жаңа жаңалықтарды ұсынады.
seeКөрілімдер:92
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 29 Шілде 2026 11:44
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see173

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see161

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see159

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see158

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see155

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see151

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see150

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see147

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see145

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see141

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see141

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see138

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see136

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see133

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see132

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see131

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see130

Ауаға қатысты шағымдар аясында АМӨЗ понтондардың орнатылғанын хабарлады

20 Қыркүйек 2026 22:21see126

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see126

ШҚО да аюлардың адамдарға жақындау оқиғалары жиіледі

20 Қыркүйек 2026 22:22see124
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары