Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Цифрлық дәуірдегі дала

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Халықтың өмірінде не өзгерді: Тәуелсіздік жылдарындағы реформаларға қоғамның көзқарасы

Халықтың өмірінде не өзгерді: Тәуелсіздік жылдарындағы реформаларға қоғамның көзқарасы

Qazaq24.com, Arasha.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Тәуелсіздік жылдары бізге өткен сабақтарды ой елегінен өткізіп, бүгінгі өмірдегі өзгерістерді саралауға негіз береді. ҚСЗИ-дің жаңа зерттеулері қазақстандықтардың реформаларды күнделікті тұрмысқа, отбасы мен балаға бағытталған нақты қадамдар арқылы қабылдайтынын айқындап отыр. Бұл – жүйелі өзгерістердің өмірдегі маңызды ұсақ бөлшектерден басталатынын көрсететін мысал, деп хабарлайды Arasha.kz.

Тәуелсіздік күні қарсаңында өткен жылдарға көз жүгірте отырып, біз кез келген кемелденген мемлекеттің өзіне қоятын сұрағына қайта ораламыз: жүргізіліп жатқан реформалардың қайсысы адамдардың күнделікті өмірінде шынайы сезілуде?  Елдің дамуында стратегиялар, бағдарламалар және ұлттық жоспарлар сөзсіз маңызды. Бірақ әлеуметтанушылар қоғамдағы шынайы өзгерістерді күнделікті өмірден іздеу қажет екенін еске салады. ҚСЗИ тапсырысы бойынша жаз айларында жүргізілген зерттеу[1] осы тәжірибені тікелей бағалауға мүмкіндік берді. Сауалнамадағы «Соңғы реформалардың қандай нәтижелерін байқадыңыз?» деген сұрақ қарапайым көрінгенімен, жауаптар мәселенің нақты сипатын ашып берді. Адамдар пресс-релиздерді емес, өз өміріндегі өзгерістерді атапйды деген қортынды ойға әкелді.

Мектеп және білім беру саласы – реформалардың нақты көрсеткіштерінің бірі.Көпшіліктің көңілінен шыққан өзгеріс дәл осы салада байқалды. Респонденттердің 38%-ы жаңа мектептердің салынуы мен жұмыс істеп тұрғандарының жаңғыртылуын атап өтті. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2022 жылы басталды. Жобаның негізгі мақсаты – оқушы орнының тапшылығын жою, апатты және үш ауысымды мектептер мәселесін шешу, заманауи білім беру кеңістігін қалыптастыру болды. Білім беру бағыты бүгінде елдің ұзақмерзімді дамуының негізгі тетіктерінің біріне айналды. Сондықтан қазақстандықтар жоғарыда аталған реформаларды адамның білімі мен келешегіне бағытталған нақты салым ретінде қабылдап отыр. Мектепке енгізілген жаңартулар – реформалардың шынайы жүріп жатқанын айқындайтын көрсеткішке айналды.

Сонымен қатар, бұл өзгерісті күнделікті өмір тұрғысынан қарастыруға болады. Мектеп – мемлекет шешімдерінің нақты нәтижесі көрінетін орындардардың бірі. Жаңа ғимаратты қағаздағы есеппен шатастыру мүмкін емес. Жаңадан салынған немесе күрделі жөндеуден өткен мектеп не бар, не жоқ – бәрі айқын көрінеді. Сауалнама нәтижесі көрсеткендей, Атырау, Қызылорда және Қостанай облыстарының тұрғындары бұл өзгерістерді ерекше айқын байқап отыр.

Отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес. Екінші орында – отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тұр (респонденттердің 31%-ы). Қазақстандағы қоғамдық пікірдің өзгерісін бақылаушылар үшін бұл көрсеткіш бір қарағанда байқалатындай қарапайым емес, себебі бұл мәселе жылдар бойы көпшіліктің назарынан тыс қалған болатын. Әлеуметтік және мәдени нормалар әдетте баяу өзгереді, бірақ кейде күтпеген сәтте күрт өзгеріске ұшырауы мүмкін. Жүргізілген зерттеу нәтижелеріне сүйінсек, қазірде бұл мәселінің қоғам үшін өзектілгі артты. Әйелдер (респонденттердің 56,7%-ы) бұл реформаны ерлерге қарағанда жиі байқайды (43,3%). Бұл толығымен табиғи жағдай. Ұзақ уақыт назардан тыс қалған мәселені ең алдымен тікелей зардап шеккендер көреді. Астана, Шымкент және Павлодар облыстары бұл өзгерістерді ең айқын көретін өңірлерге жатады. Әлеуметтанушылар мұны жаңа моральдық ортаның қалыптасуы ретінде бағалайды, ал экономика саласындағы Нобель сыйлығы лауреаты Поль Кругман бұл жағдайды институционалды реформаның қоғамдағы нақты өзгеріс климатына сәйкес келген сирек жағдай деп сипаттаған болар еді.

Цифрландыру – ел болашағын анықтайтын реформа. Цифрлық қызметтер – жүргізіліп жатқан реформаның көзге көрінетін нәтижесі ретінде 29,7% респонденттің назарына іліккен. Әдетте назар ірі бастамаларға аударылады, бірақ шынайы өзгерістер көбіне байқалмай жүреді. Осы саладағы өзгеріс күнделікті тұрмыста уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Ал уақыт болса – ең төмен бағаланатын экономикалық ресурс. Бұл әр ел үшін ауқамды реформалардың бірі. Мемлекет бұл іске үлкен қаражат жұмсап, оны іске асыруға бірнеше жыл бойы әкімшілік күш жұмсады. Деректерге қарағанда, Павлодар, Қарағанды және Жамбыл облыстарының тұрғындары бұл өзгерістерді басқалардан тезірек сезген. Мүмкін, бұл олардың талапшыл болуымен емес, бұрын қағаз үстемдік еткен салаларға цифрлық тәжірибелер ене бастағанымен байланысты шығар. Экономистер ұзақ уақыттан бері мемлекеттік қызметтер қолжетімді болған сайын тек сенім ғана емес, өнімділік те артатынын айтады. Статистикалық тұрғыдан бұл әсерді дәл көрсету қиын, бірақ күнделікті тұрмыс жағдайында оның нәтижесін оңай бағалауға болады.

«Ұлттық қор – балаларға». Респонденттердің 28,7%-ы реформалардың нақты нәтижесі ретінде осы бағдарламаны атап өтті. Бұл деректердегі ең қызықты нәтижелерінің бірі болуы мүмкін. Неге десеңіз, бағдарлама болашаққа бағытталған, бірақ сонымен қатар нақты және айқын. Жыл сайын Қазақстан азаматтары – балалардың есепшоттарына қаражат аудару фактісі бар. Жалпы сома бар. Есепшот бар. Мақсат бар. Әлеуметтанушылар мен экономистер үшін бұл – мемлекет адам капиталына инвестиция салудың ұзақмерзімді механизміне айналғанын білдіреді. Ал азаматтар үшін бұл – балалардың болашағы енді абстракция емес, нақты мүмкіндіктерге ие екенінің белгісі. Әсіресе Қызылорда мен Жамбыл облыстарының, сондай-ақ Астана мен Шымкент қалаларының тұрғындары бұл нәтижені жиі атап өткен. Демографиялық жүктеме жоғары өңірлерде балаларға арналған бағдарламалар әрдайым мемлекет тарапынан нақты қамқорлықтың белгісі ретінде қабылданады.

Төрт негізгі нәтиже. Халық арасында алғашқы төрт орынға шыққан салаларды қарасақ, заңдылық байқалады. Алдымен білім саласы, кейін отбасылық қауіпсіздік, одан соң цифрландыру және балалардың болашағы. Осыған орай, біз халық реформаларды отбасы тұрғысынан бағалайды деген тұжырымдамаға келеміз. Бұл – сирек кездесетін үйлесім сәті, өйткені адамдар өзгерістерді өмір сапасы нақты жақсарып жатқан салаларда байқайды. Осы тұрғыдан алғанда, бұл үрдіс өзіне тән мәнге ие деп қарастыруға болады.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) – тұрғын үй саласындағы реформалардың сирек кездесетін мысалы болып табылады. Респонденттердің 20%-ы БЖЗҚ-тен қаражаттың бір бөлігін алу мүмкіндігін атап өтті. Бұл реформа экономикалық талдауда қоғам үшін әлеуметтік тиімділігі нақты көрсетті, себебі тұрғындар пәтерлерін жақсартты, ипотекалық міндеттемелерін өтеді немесе жөндеу жұмыстарын жүзеге асырды. Күрделі интерпретацияларды қажет етпейтіндіктен, бұл шара қоғамның санасында айқын қалды. Негізінде, аталған механизм болашаққа қатысты қарым-қатынасты емес, қазіргі өмір сүру деңгейінің нақты көрсеткіштерін бағалауға бағытталған.

Басқа салаларда орын алған өзгерістер. Көрініс кеңейгенімен, оның экономикалық және әлеуметтік мәні өзгерген жоқ. Респонденттердің 19%-ы жолдар, теміржол вокзалдары мен әуежайларды атап өтті, себебі инфрақұрылым – экономиканың күшеюінің сенімді индикаторы. Бұл тек көлік қатынасын қамтамасыз етумен шектелмей, қозғалыс пен даму сезімін қалыптастырады. Респонденттердің 15%-ы «Цифрлық отбасы картасы» мен «Әлеуметтік әмиянды» атап өтті, себебі бұл мемлекеттік қолдау механизмдерін дәлірек және тиімдірек етуге бағытталған құрылымдық қадамдардың бар екенін көрсетеді. Жауап берушілердің 14%-ы «Таза Қазақстан» экологиялық бастамасын атады. Бұл сала әлі де негізгі фокуста болмаса да, қоғамның назарының өсуін көрсетеді. Сол сияқты, респонденттердің 14%-ы экономиканың тұрақты тірегі ретінде ауыл шаруашылығының дамуын атап өтті. Респонденттердің 10%-ы шағын және орта бизнесті қолдауды, яғни кәсіпкерлік белсенділіктің фундаментін қалыптастыруға бағытталған көмекті атап өтті. Жалпы алғанда, бұл жауаптар құрылымды және тұтас әлеуметтік-экономикалық щеңберді бейнелейді. Қоғам реформаларды инфрақұрылым жаңартылғанда, әлеуметтік механизмдер дәл болғанда, ал экономикалық мүмкіндіктер кеңейген жағдайда айқын байқайды.

Бүгінгі Қазақстан туралы не айтуға болады? Сауалнама нәтижелерін толық қарастырсақ, бір қарапайым қорытынды шығады: азаматтар реформаларды саяси конструкциялар ретінде емес, тұрмыстық жағдайлар мен өмір сапасының өзгерісі аясында бағалайды. Білім саласы, қауіпсіздік, цифрлық қызметтер, балаларға арналған бағдарламалар – осы барлық өзгерістер күнделікті өмірді жақсартуға бағытталған қозғалыс ретінде қабылданады. Мемлекеттік бастамалар өз тиімділігін сөз жүзінде емес, күнделікті өмірде сезінгенде ғана көрсетеді – уақыт өте, кеңістік арқылы және отбасының тәжірибесінде айқын көрініс табады.

Тәуелсіздіктің әрбір күні – тек тарихымыздың жаңа беті емес, қоғам үшін нақты өзгерістердің көрінісі. Деректер көрсеткендей, азаматтар реформаларды өз тұрмысына, өміріне ықпал еткенде ғана сезеді. Экономикалық тұрғыдан қарағанда, бұл қадам өмір сүру сапасының негізін нығайтады. Әлеуметтік тұрғыдан алсақ та көптеген жағымды өзерістердің орын алуына мемлекет атсалысып келеді. Егер Тәуелсіздік күні жақсы көңіл күйге себеп іздеп жүрсеңіз, ол – дәл қасыңызда: еліміз күн сайын қолайлырақ, түсініктірек және адамға жақынырақ болып келеді.

[1] Әлеуметтанулық сауалнама 2025 жылғы 11 шілде мен 12 тамыз аралығында ҚСЗИ тапсырысы бойынша жүргізілді. Сауалнамаға 8 000 респондент қатысты. Зерттеуге 18 жастан асқан азаматтар, сондай-ақ елдің 17 өңірі мен республикалық мәні бар Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындары қатысқан.

Айгүл Забирова,

ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ

бас ғылыми қызметкері

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://arasha.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 11 Желтоқсан 2025 10:18
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жылап, жатып қалдым : Айнұр Тұрсынбаева күйзеліске түскен кезін еске алды

18 Қыркүйек 2026 21:42see154

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see151

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see143

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see140

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see138

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see138

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see137

Димаштың Чилидегі концерті қарсаңында Қазақстанға арналған куэка орындалды (видео)

19 Қыркүйек 2026 00:23see136

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see133

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see129

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see127

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see123

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see123

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see117

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see114

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see114

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see114

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see113

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see112
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары