Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

Жанарға түскен салмақ

Сирек металдар сыры

Үсік жүреді: 1 қыркүйекке ауа райы болжамы

Тоқаев пен Путин Бішкекте ШЫҰ саммиті аясында кездесті

Қаламгер есімі ұлықталды

БЖЗҚ дағы 63 миллиард мұрагерлерін күтуде қазақстандықтар бұл ақшаны қалай ала алады

Қасым Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың жаңа кезеңі басталды

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды

Биыл да жатақханада оқиды : Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар

Некені ұзарту қажеттігі туралы жалған хабарлама тарап жатыр

қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды

Алматы әуежайы автокөлік жүргізушілері үшін өзгерістер туралы хабарлады

Ата заңның арқауы ар ұждан

Қазақстан президенті технологияны Қытаймен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі деп атады

Ауысып мінетін билет сатып алдыңыз ба? Бірінші рейске отырмасаңыз, не болады?

Пептидтік терапия: медициналық төңкеріс пе, әлде бизнес пе?

2026 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

2026 жылдың қыркүйегінде қазақстандықтардың өмірінде не өзгереді

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

2026 жылғы күздің алғашқы айы қазақстандықтар үшін маңызды оқиғаларға толы. Жаңа оқу жылының басталуынан бөлек, елде маңызды саяси өзгерістер болды: Президент халыққа жыл сайынғы Жолдауын жариялайды, жаңа бірпалаталы Парламент - Құрылтай толыққанды жұмысын бастайды, сондай-ақ бірқатар жаңа заң өз күшіне енеді. Толығырақ - Tengrinews.kz материалында.

Президенттің Қазақстан халқына Жолдауы

Жыл сайын қыркүйекте Президент Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдау жариялайды.

Биыл Құрылтайдың алғашқы отырысында Тоқаев Жолдау Құрылтай мен Үкімет құрамы толық айқындалғаннан кейін жарияланатынын еске салды.

"Жолдауда көтерілген барлық бастаманы атқарушы және заң шығарушы билік өкілдері бірлесіп, уақтылы әрі сапалы жүзеге асыруға тиіс", - деді Мемлекет басшысы.

Мемлекет басшысының сөз сөйлейтін нақты күні кейінірек жарияланады.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Ақорда баспасөз қызметі

Жаңа оқу жылының басталуы

2026 жылғы 1 қыркүйекте қазақстандық мектеп оқушылары мен студенттер үшін дәстүрлі түрде оқу жылы басталады.

Мектептер

Қазіргі уақытта еліміздің 8 мыңнан астам мектебінде 4,1 миллион оқушы білім алады. 5 мыңнан астам мектеп ауылдық жерлерде орналасқан.

Биыл алғаш рет 380 мыңға жуық бүлдіршін мектеп табалдырығын аттайды. 11-сыныпқа 227 мың оқушы көшті. Салыстырмалы түрде айтсақ: алдыңғы оқу жылында мектепті 230 мыңнан астам адам бітірген болатын.

Қазақстандағы Білім күні. Фото © Tengrinews.kz

Колледждер

Жаңа оқу жылы колледж студенттері үшін де басталады. Қазақстанда 763 колледж жұмыс істейді, онда 556 мың адам білім алады. Биыл мемлекеттік тапсырыс бойынша тағы 133 мың студентті қабылдау жоспарланған.

Бұл ретте мемлекеттік тапсырыстың 70 пайызы техникалық бейіндегі мамандарды даярлауға қарастырылған, 10 мыңнан астам студентті кәсіпорындардың өтінімі бойынша кейін жұмысқа орналастыру шартымен қабылдау көзделіп отыр.

Университеттер

Қыркүйекте Қазақстанда 132 жоғары оқу орны жұмысын бастайды. Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, жоғары оқу орындарына қабылдау 25 тамызда аяқталды. 2026-2027 оқу жылындағы студенттер саны туралы түпкілікті статистика 15 қыркүйекке қарай белгілі болады.

Мектептерде жаңа міндетті пәндер пайда болады

Жаңа оқу жылынан бастап қазақстандық мектептерде жаңа міндетті курстар пайда болады.

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, 5–7-сынып оқушылары "Конституция негіздерін" оқиды, ал 8–11-сыныптарға "Заң және тәртіп" курсы енгізіледі. Тағы бір жаңа міндетті курс - "Жеке қауіпсіздік" 5-тен 11-сыныпқа дейінгі оқушыларға оқытылады.

Сонымен қатар бұрын таңдау пәні ретінде оқытылып келген "Құқық негіздері" барлық оқушыға міндетті болады. Курстың мазмұны да жаңартылды.

Қазақстандық мектептерде жаңа пәндер пайда болады. Сурет ChatGPT нейрожелісінің көмегімен жасалған

Тағы бір өзгеріс жасанды интеллектпен байланысты. 1 қыркүйектен бастап ол орта білім беру жүйесіне енгізіле бастайды, осыған байланысты "Цифрлық сауаттылық" және "Информатика" пәндерінің атаулары өзгертілді.

Бастауыш сыныптарда БЖБ мен ТЖБ жойылады

1 қыркүйектен бастап 2–4 сынып оқушылары үшін бағалау жүйесі өзгереді. Бастауыш мектепте бөлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) және тоқсан бойынша жиынтық бағалау (ТЖБ) алынып тасталады.

Олардың орнына әр бөлім аяқталғаннан кейін оқушылар аралық бағалаудан өтеді. Егер бұрын БЖБ-ға шамамен 15–20 минут бөлінсе, енді аралық жұмыс толық бір сабаққа есептеледі.

Қазақстанда БЖБ мен ТЖБ жойылады. Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Педагогтердің пікірінше, бұл өзгерістер бағалау жүктемесін азайтып, балаларға алған білімдерін ғана емес, дағдыларын да көрсетуге көбірек уақыт беруі тиіс.

Бұл ретте қалыптастырушы бағалау сақталады: 2–4-сынып оқушыларының жұмысы 1-ден 10-ға дейінгі балдық шкала бойынша бағалана береді. Мұнда баланың бүкіл сабақ бойындағы жұмысы: сұрақтарға жауап беруі, өз бетінше орындайтын тапсырмалары, жұптық және топтық жұмысы, сондай-ақ үй тапсырмасы ескеріледі.

Жаңа жүйе 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі.

Құрылтай жұмысын бастайды

23 тамызда Құрылтай депутаттарының сайлауы өтті. Оған елде ресми тіркелген барлық жеті саяси партия қатысты.

Құрылтайға бес партиядан 145 депутат кірді: "Әділет", Respublica, "Ауыл", "Ақ жол", ЖСДП.

Бірінші шақырылымдағы Құрылтайдың алғашқы сессиясының ашылуы 28 тамызда Президенттің қатысуымен өтті. Құрылтай төрағасы болып "Әділет" партиясының жетекшісі Айбек Дәдебай сайланды.

Депутаттар заң жобаларын қарастыратын пленарлық отырыстар қыркүйекке жоспарланған.

Қазақстан Республикасының Құрылтайы. Фото © Tengrinews.kz / Алина Шашкина

Шетелде паспорт рәсімдеу мерзімі қысқарады

Шетелде жүрген қазақстандықтарға елшіліктер мен консулдықтар арқылы паспорт рәсімдеу ережелері өзгереді.

Қазір мұндай қызмет көрсетудің жалпы мерзімі 90 күнтізбелік күн. Жаңа ережелерге сәйкес, арнайы цифрлық жүйеге қосылған шетелдегі мекемелерде бұл мерзім 40 жұмыс күніне дейін қысқарады. Жүйеге қосылмаған жерлерде бұрынғы мерзім - 90 күнтізбелік күн сақталады.

Қазақстан паспорты. Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Сонымен қатар егер өтініш беру кезінде қате анықталса немесе құжаттар жетіспесе, өтініш иесіне кемшіліктерді түзетуге уақыт беріледі. Осыдан кейін құжаттарды қабылдау күні ретінде алғашқы жүгінген күн есептеледі.

Тиісті өзгерістер Сыртқы істер министрлігінің бұйрығында жазылған. Ол 1 қыркүйектен бастап енгізіледі.

Заң және тәртіп: арнайы комиссия құрылады

Қыркүйектен бастап Қазақстанда Үкімет жанындағы "Заң және тәртіп" конституциялық қағидатын іске асыру жөніндегі ведомствоаралық комиссия жұмысын бастайды. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды.

Іс жүзінде бұл қолданыстағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияны қайта құру болып саналады. Енді ол осы саладағы мемлекеттік органдардың жұмысын үйлестіруге ғана емес, қоғамда заң мен тәртіп идеологиясын ілгерілетудің 2025–2030 жылдарға арналған тұжырымдамасын іске асыруға жауапты болады.

Фото: depositphotos.com

Комиссия мемлекеттік органдар басшылары мен лауазымды тұлғаларының есептерін тыңдап, құқық бұзушылықтың алдын алу бағдарламаларының орындалуын талдай алады, сондай-ақ Үкімет пен әкімдіктерге ұсыныстар мен ұсынымдар дайындайды.

Мемлекеттік органдардың жұмысын талдау және ұсынымдар әзірлеу үшін арнайы ведомствоаралық топ құрылады.

Комиссияға Қазақстан Премьер-министрі төрағалық етеді, ал оның орынбасары Ішкі істер министрі болады. Құрамына Бас прокурор, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы, бірқатар министр мен мемлекеттік агенттіктердің басшылары кіреді.

Өзгерістер 1 қыркүйекте күшіне енеді.

Психологтар туралы жеке заң күшіне енеді

Қазақстанда 2 қыркүйекте психологиялық қызмет туралы жаңа заң қолданысқа енеді. Бұған дейін елде психологтардың жұмысын реттейтін жеке заң болмаған.

Қазақстанда психологтардың мемлекеттік цифрлық тізілімі жасалады. Мамандар оған бір жыл ішінде тіркелуі тиіс. Бұл ретте психологтарды тек жоғары оқу орындары дайындай алады, ал мамандар кемінде бес жылда бір рет біліктілігін арттыруға міндетті болады.

Қазақстанда психологтар тізілімі жасалады. Фото: depositphotos.com

Сонымен қатар заң шектеулерді белгілейді: психологтар дәрі-дәрмек тағайындай алмайды және психикалық ауруы бар адамдарға психологиялық көмек көрсете алмайды. Консультацияларды бетпе-бет, қашықтықтан немесе аралас форматта өткізуге болады.

Онлайн-платформалар арқылы жұмыс істейтін психологтар мемлекеттік тізілімдегі тіркеуі, білімі мен біліктілігі туралы мәліметтерді көрсетуге міндетті.

Тағы бір өзгеріс сәл кешірек іске қосылады: 2028 жылғы 1 қаңтардан бастап психологтар кәсіби даярлық деңгейін растайтын сертификаттаудан өтуі тиіс.

Қаңғыбас жануарларды аулау ережелері өзгереді

4 қыркүйектен бастап Қазақстанда Жануарларды аулаудың, уақытша ұстаудыі және жансыздандырудың үлгілік қағидалары өзгереді.

Ауланған үй жануарларының чипі немесе басқа да есепке алу құралының бар-жоғы тексеріліп, олардың иелері туралы мәліметтер арнайы базадан ізделеді.

Сондай-ақ ережелер қаңғыбас жануарлардың санын реттеу тәртібін бекітеді. Бұл мақсатта мысықтарды жансыздандыруға болмайды. Ал қаңғыбас иттерге қатысты мұндай шараға мәслихаттар белгілеген тәртіп пен мерзімдерде рұқсат етіледі.

Қазақстанда үй жануарларын аулау ережелері өзгереді. Фото: depositphotos.com

Сонымен қатар әкімдіктер жануарлар агрессия танытып, адамдарға, басқа жануарларға немесе мүлікке қауіп төндірген жағдайда шұғыл әрекет етуді ұйымдастырады. Жануарларды өлтіру үшін у және химиялық препараттарды қолдануға тыйым салынады.

Қазақстан мұнай өндіруді арттырады

Қыркүйектен бастап Қазақстан ОПЕК+ келісімдері аясында мұнай өндіруді арттыра алады.

Қазақстан мен альянстың тағы алты елі мұнай өндіру көлемін түзетуге келісті. Қыркүйекте өндірістің жалпы өсімі тәулігіне 188 мың баррель болады.

Жарияланған кестеге сәйкес, Қазақстанның қыркүйекке арналған квотасы тәулігіне 1,628 миллион баррель деңгейінде белгіленді.

ОПЕК+ елдері 2026 жылдың қыркүйегінде мұнай өндірісін арттырады. Дереккөз: opec.org

Қазақстаннан бөлек, өндіріс көлемін ұлғайту туралы шешімді Сауд Арабиясы, Ресей, Ирак, Кувейт, Алжир және Оман қабылдады. ОПЕК+ бұл түзетуді әлемдік мұнай нарығындағы жағдаймен және сұраныс пен ұсыныс арасындағы теңгерімді сақтау қажеттілігімен түсіндірді.

6 қыркүйекте елдер өкілдері нарықтағы жағдайды бағалап, мұнай өндіру бойынша алдағы саясатты айқындау үшін тағы кездеседі.

Қазақстандықтар зейнетақы жинақтарын толығымен жеке басқарушыларға "бере" алады

7 қыркүйектенбастап қазақстандықтар міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары есебінен қалыптасқан зейнетақы жинақтарының 100 пайызына дейін жеке басқарушы компанияларға аудара алады.

Қазір мұндай компанияларға міндетті жинақтардың 50 пайызынан аспайтын бөлігін ғана беруге рұқсат етіледі. Бұл ретте қыркүйектен бастап жаңа мүмкіндікті ең төменгі жеткілікті шекке қарамастан пайдалануға болады.

Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары. Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Салымшы жеке басқарушыны зейнетақы активтерін басқаруға рұқсаты бар компаниялардың арасынан өз бетінше таңдайды. Өтінімді БЖЗҚ сайтындағы жеке кабинет арқылы электрондық цифрлық қолтаңба көмегімен немесе қордың бөлімшесінде беруге болады.

Бұл ретте жинақтарды жеке компанияларға беру міндетті емес - бұл шешімді салымшының өзі қабылдайды. Егер таңдалған компания Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің тізілімінен шығарылса, зейнетақы жинақтары Ұлттық банктің басқаруына қайтарылады.

Радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеудің жаңа ережелері күшіне енеді

7 қыркүйектен бастап Қазақстанда радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы жаңа заң күшіне енеді.

Құжат радиоактивті қалдықтарды есепке алу, сақтау және көму ережелерін, сондай-ақ лицензиялауға, мемлекеттік бақылауға, ядролық және радиациялық қауіпсіздікке қойылатын талаптарды белгілейді.

ҚР-ның радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу туралы заңы. Фото: depositphotos.com

Бұдан бөлек, елде радиоактивті қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі ұлттық оператор пайда болады. Ол қалдықтарды жинаумен, тасымалдаумен, қайта өңдеумен және көмумен, сондай-ақ ұзақ мерзімді мониторингпен айналысады.

Заң 7 қыркүйекте қолданысқа енеді.

Нотариустарға бақылау күшейтіледі

Қыркүйектен бастап Қазақстанда нотариустардың заңбұзушылықтар үшін жауапкершілігі күшейтіледі.

Дербес деректермен жұмыс істеудегі заңбұзушылықтар және Бірыңғай нотариалдық ақпараттық жүйеге (БНАЖ) мәліметтерді енгізу мерзімдерін бірнеше рет сақтамағаны үшін лицензияның қолданысы тоқтатылуы мүмкін. Ал электрондық цифрлық қолтаңбаның жабық кілтін басқа адамдарға заңсыз бергені үшін лицензия кері қайтарып алынуы ықтимал.

Нотариустардың жұмысына бақылау күшейтіледі. Фото: elements.envato.com

Сондай-ақ атқарушылық жазбалармен жұмыс істеу тәртібі өзгереді: олар өндіріп алушыға берілмейді, ал жеке сот орындаушысы автоматты түрде анықталады.

Нотариустардың электрондық құжаттары міндетті түрде цифрлық архивте қалыптастырылады. Сонымен қатар заң нотариустарды тексеру тәртібін нақтылайды.

Заңның негізгі өзгерістері 8 қыркүйекте күшіне енеді.

Табыс декларациясын тапсыру мерзімі аяқталады

15 қыркүйекте 270.00 нысаны бойынша табыс пен мүлік декларациясын тапсыру мерзімі аяқталады. 2026 жылы қазақстандықтар 2025 жылғы табысы мен мүлкі туралы есеп береді.

Атап айтқанда, декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен олардың жұбайлары, заңды тұлғалардың басшылары мен олардың резидент жұбайлары, компаниялардың кейбір құрылтайшылары мен қатысушылары, нотариустар, адвокаттар, жеке сот орындаушылары және кәсіби медиаторлар тапсыруы тиіс.

Табыс пен мүлік декларациясы. ChatGPT нейрожелісі арқылы жасалған сурет

Сондай-ақ шетелде мүлкі, цифрлық активтері немесе шетелдік банк шоттарында ірі сомалары бар қазақстандықтар, 2025 жылы жалпы құны 20 мың АЕК-тен асатын (2026 жылы 86,5 миллион теңге) мүлік сатып алғандар немесе салықты өз бетінге тқлеуі табыс тапқандар есеп беруі қажет.

270.00 нысанын тапсырудың соңғы мерзімі - 15 қыркүйек. Декларацияны уақытылы тапсырмағаны үшін бірінші рет ескерту беріледі, ал бір жыл ішінде қайталап бұзған жағдайда - 15 АЕК (2026 жылы 64 875 теңге) көлемінде айыппұл қарастырылған.

Алматыда автокөліктер үшін жаңа тексеріс енгізіледі

Пайдаланылған газдар. Фото: depositphotos.com

1 қыркүйектен бастап Алматыда автокөліктердің экологиялық нормативтерге сәйкестігін техникалық тексеру енгізіледі. Ол кезекті жоспарлы техникалық байқау кезінде міндетті болады.

Жаңа талап кімдерге қатысты болады, тексеруден алдын ала өту қажет пе және оны қай жерде жасауға болады мына материалдан оқыңыз.

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу
Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:48
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Қыркүйек 2026 18:46
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жандос Сауыт, аккордеонист: Баян мектебінің болашағы зор

01 Қыркүйек 2026 05:22see156

Димаш Құдайберген шахтаға түсті

01 Қыркүйек 2026 01:24see147

Негізгі басымдықтарды айқындап берді

01 Қыркүйек 2026 03:31see143

Жанарға түскен салмақ

01 Қыркүйек 2026 04:36see141

Сирек металдар сыры

01 Қыркүйек 2026 06:48see137

Үсік жүреді: 1 қыркүйекке ауа райы болжамы

01 Қыркүйек 2026 00:05see129

Тоқаев пен Путин Бішкекте ШЫҰ саммиті аясында кездесті

31 Тамыз 2026 23:23see128

Қаламгер есімі ұлықталды

01 Қыркүйек 2026 03:56see117

БЖЗҚ дағы 63 миллиард мұрагерлерін күтуде қазақстандықтар бұл ақшаны қалай ала алады

02 Қыркүйек 2026 18:50see114

Қасым Жомарт Тоқаев: Қазақстан мен Қытай арасындағы ықпалдастықтың жаңа кезеңі басталды

02 Қыркүйек 2026 19:00see113

Қазақстандағы орташа жалақы мөлшері аталды

02 Қыркүйек 2026 18:45see113

Биыл да жатақханада оқиды : Алматы облысында 200 оқушы жаңа мектепке зар

02 Қыркүйек 2026 19:13see111

Некені ұзарту қажеттігі туралы жалған хабарлама тарап жатыр

02 Қыркүйек 2026 19:14see111

қосымшасында әскери есеп туралы анықтаманы алуға болады

02 Қыркүйек 2026 19:47see109

ҰҚК қызметкерлеріне берілетін төлем тәртібі жаңарды

02 Қыркүйек 2026 19:01see107

Алматы әуежайы автокөлік жүргізушілері үшін өзгерістер туралы хабарлады

02 Қыркүйек 2026 18:48see106

Ата заңның арқауы ар ұждан

01 Қыркүйек 2026 07:12see106

Қазақстан президенті технологияны Қытаймен ынтымақтастықтың негізгі бағыттарының бірі деп атады

02 Қыркүйек 2026 19:03see105

Ауысып мінетін билет сатып алдыңыз ба? Бірінші рейске отырмасаңыз, не болады?

02 Қыркүйек 2026 18:52see104

Пептидтік терапия: медициналық төңкеріс пе, әлде бизнес пе?

01 Қыркүйек 2026 06:01see103
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары