Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?

Жасанды интеллект ауаның ластануын алдын ала болжай ала ма?

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазір экология мәселелері адамзат үшін ең өзекті әрі күрделі проблемалардың біріне айналды. Табиғи ресурстардың шектен тыс пайдаланылуы, қоршаған ортаның ластануы, климаттың жаһандық өзгеруі және биоалуандылықтың азаюы табиғи экожүйелердің тұрақтылығына елеулі қауіп төндіріп отыр. Біріккен Ұлттар Ұйымының және Климаттың өзгеруі жөніндегі үкіметаралық сарапшылар тобының (IPCC) мәліметтері бойынша, кейінгі онжылдықтарда парниктік газдардың көлемі айтарлықтай артып, жаһандық орташа температураның көтерілуіне себеп болған.

Өнеркәсіптің қарқынды дамуы, урбанизация деңгейінің өсуі және автомобиль көліктерінің көбеюі атмосфераға бөлінетін зиянды заттардың көлемін арттырып, ауа сапасының төмендеуіне әкеліп отыр. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (World Health Organization) деректеріне сәйкес, ауаның ластануы жыл сайын миллиондаған адамның денсаулығына кері әсерін тигізіп, тыныс алу және жүрек-қан тамырлары ауруларының көбеюіне себеп болып отыр.

Сонымен қатар тұрмыстық және өндірістік қалдықтардың тиімсіз басқарылуы қоршаған ортаға қосымша қауіп төндіреді. Әсіресе пластик қалдықтары мен микропластиктердің су мен топырақта жиналуы экожүйелерге ұзақ мерзімді зиян келтіретіні ғылыми зерттеулерде дәлелденген. Джорджия Университетінің (University of Georgia, АҚШ) Jenna R. Jambeck экологиялық инженерия профессорының зерттеуіне сәйкес, жыл сайын миллиондаған тонна пластик қалдықтарының мұхиттарға түсуі, теңіз тіршілігі мен азық-түлік тізбегіне әсер етеді.

Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?

Мұндай күрделі жағдайда дәстүрлі экологиялық бақылау және басқару әдістері жеткіліксіз. Сондықтан кейінгі жылдары жасанды интеллект экологиялық мәселелерді шешудің тиімді құралы ретінде кеңінен қолданыла бастады.

Жасанды интеллектке негізделген технологиялар қоршаған ортаны бақылау жүйелерін түбегейлі өзгертті. Конволюциялық нейрондық желілер (бейне және кеңістіктік деректерді өңдеуге арналған терең оқыту модельдері) спутниктік суреттерді талдау арқылы орман алқаптарының қысқаруын, су айдындарының ластануын және жер жамылғысының өзгеруін анықтауға мүмкіндік береді. Машиналық оқытуға негізделген модельдер атмосфералық ауаның сапасын сипаттайтын негізгі ластаушы заттардың, атап айтқанда PM2.5 (диаметрі 2,5 микрометрден аспайтын ұсақ қатты бөлшектер), азот диоксиді (NO₂) және озон (O₃) концентрациясын болжауда жоғары болжамдық дәлдікке қол жеткізіп отыр.

Экологиялық мәдениет қалыптастыру – түбегейлі қағидат қатарында

Жасанды интеллект үлкен көлемдегі экологиялық деректерді өңдеу және болжау жасау саласында да маңызды рөл атқарады. Ұзақ-қысқа мерзімді жадқа негізделген нейрондық желілер (уақыттық қатарларды талдауға арналған модельдер) ауа сапасының, су ресурстарының және климаттық көрсеткіштердің өзгеру динамикасын болжауға кеңінен қолданылады. Сонымен қатар физика заңдылықтарын ескеретін нейрондық желілер экологиялық процестерді модельдеу кезінде табиғи механизмдерге сүйеніп, алынған нәтижелердің ғылыми негізді әрі сенімді болуын қамтамасыз етеді.

Қалдықтарды өңдеу және ластануды азайту жүйелерінде жасанды интеллект энергия тиімділігін арттыруға және ресурстарды үнемдеуге ықпал етеді. Терең нығайтпалы оқыту (Deep Reinforcement Learning), яғни ортаның жағдайына әсер ете отырып оңтайлы басқару стратегияларын үйрететін алгоритмдер, ағынды суларды тазалау станцияларында негізгі басқару параметрлерін автоматты түрде реттеуге мүмкіндік береді, бұл энергияны тиімді пайдалануға және тазалау нәтижелерін жақсартуға ықпал етеді.

Түтінге тұншыққан шаһар: Мегаполистің экологиялық ахуалы қашан түзеледі?

Сонымен қатар жасанды интеллект экологиялық апаттардың алдын алу және ерте ескерту жүйелерінде де тиімді қолданылуда. Машиналық оқыту модельдері метеорологиялық, өндірістік және экологиялық деректерді талдау арқылы ауа ластануы, су тасқыны немесе химиялық төгінділерді алдын ала болжай алады. Қытайдың Бейжің қаласында енгізілген жасанды интеллектке негізделген ауа сапасын болжау жүйелері 24-48 сағат бұрын ескерту жасау мүмкіндігін көрсетті.

Адам & жасанды интеллект: Дуэт пе, дуэль ме?

Жасанды интеллект экологиялық саясат пен басқару шешімдерін қабылдауда да маңызды құралға айналып отыр. Білім графтары және көп критерийлі шешім қабылдау модельдері экологиялық, экономикалық және әлеуметтік факторларды кешенді түрде талдап, табиғатты қорғау стратегияларын ғылыми негізде жоспарлауға мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, жасанды интеллект экологиялық проблемаларды бақылау, талдау, болжау және басқару салаларында тиімді құрал саналады. Ғылыми зерттеулер көрсеткендей, жасанды интеллект технологияларын экологиялық басқаруға жүйелі түрде енгізу климаттың өзгеруінің теріс әсерін азайтуға, табиғи ресурстарды сақтауға және тұрақты дамуға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Табиғатты қорғау – бүкіл қоғамның ортақ міндеті, ал жасанды интеллект осы мақсатқа жетудегі маңызды ғылыми-технологиялық серіктес.

Өрт және жасанды интеллект

Ербол ПАНҒАЛИЕВ,

Ш. Есенов атындағы

Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университетінің

Экология және тіршілік қауіпсіздігі кафедрасының қауымдастырылған профессоры

Соңғы жаңалықтар

Көктайғақ, тұман, жел: Бірқатар өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

Ауа райы • Бүгін, 09:47

Қаңтардағы ҰБТ: Тестілеу ережесін бұзған 120 адамның нәтижесі жойылды

Білім • Бүгін, 09:39

Ақша айырбастау орындарында доллар қаншадан саудаланып жатыр?

Қаржы • Бүгін, 09:20

Қысқы Олимпиада: Бүгін Михаил Шайдоров еркін бағдарламада өнер көрсетеді

Қысқы спорт • Бүгін, 09:06

Рухани дипломатияның маңызы арта түсті

Саясат • Бүгін, 09:00

Қызылша науқасына қатысты мәселе талқыланды

Саясат • Бүгін, 08:58

Халық пен салықтың есебін түгендеген жоба

Қоғам • Бүгін, 08:55

Жалпыұлттық коалиция құрылды

Саясат • Бүгін, 08:53

Жетісудың бал қымызы

Өндіріс • Бүгін, 08:50

Сенат халықаралық келісімдерді мақұлдады

Саясат • Бүгін, 08:48

Дрон жасаған инженерлер

Технология • Бүгін, 08:45

Орталық референдум комиссиясының ҮНДЕУІ

Референдум • Бүгін, 08:43

Экологиялық түйткілдің түйіні қашан тарқайды?

Экология • Бүгін, 08:40

Референдум өткізу жоспары бекітілді

Референдум • Бүгін, 08:38

Цифрлық емхананың онлайн кеңесі

Digital • Бүгін, 08:35

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:132
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Ақпан 2026 10:23
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Жас ғалымдар мәрмәр қой етін өндіру технологиясын әзірледі

11 Тамыз 2026 15:05see120

Еліміздің екі өңірінде мефедронның ірі партиясы тәркіленді

11 Тамыз 2026 14:28see120

Мектеп сөмкесі бала салмағының 10% нан аспауы тиіс министрлік

11 Тамыз 2026 22:14see119

Қазақстанда eGov 3.0 порталының жаңа нұсқасы іске қосылды

11 Тамыз 2026 15:05see118

Ауыл партиясы өндірушілер тәжірибесін мемлекеттік қолдауда ескеруді ұсынды

11 Тамыз 2026 22:12see117

Қазақстанда ипотеканы кімдер жиі рәсімдейді Отбасы банк статистикасы

11 Тамыз 2026 16:40see116

Qalqan медициналық қызметтерді тексеру мен төлемді бірыңғай цифрлық жүйеге біріктіреді

12 Тамыз 2026 11:23see113

Магистратура гранттары 2026 құжаттарды қалай тапсыру керек және қандай мерзімдерді жіберіп алмау қажет

12 Тамыз 2026 16:23see113

Ақ жол партиясы Жана Роса кәсіпорынның жұмысымен танысты

12 Тамыз 2026 22:15see113

Биологиялық қоспаларды таңбалау ережелері бекітілді

11 Тамыз 2026 15:50see112

Астанада газ желілеріне қосылу онлайн форматқа көшті

12 Тамыз 2026 13:53see112

“Ел өміріндегі маңызды оқиға болмақ“ Тоқаев Құрылтай сайлауы туралы

12 Тамыз 2026 15:13see112

eGov бұзылған жоқ : министрлік 15 миллион азаматтың жеке дерегі тарағанын жоққа шығарды

12 Тамыз 2026 19:42see112

Қазақстандық қақпашы Покатилов УЕФА Чемпиондар лигасының плей офф кезеңінде ойнайды

12 Тамыз 2026 16:27see112

Имантау көлінде қиын жағдайға тап болған Ресейдің төрт азаматы құтқарылды

12 Тамыз 2026 23:00see109

Лазерлік кешен, дрон мен орташа жылдамдықты бақылау жүйесі: Елімізде бұзақы жүргізушілерді қалай анықтауда

11 Тамыз 2026 14:27see109

Қайрат Нұртас пен Жұлдыз Әбдікәрімова қызының бір жасқа толған тойын жасады (видео)

13 Тамыз 2026 01:01see109

Орталық Азия экономикасының жартысынан астамы Қазақстанға тиесілі

11 Тамыз 2026 18:36see108

Шекара шебіндегі өндіріс серпіні

13 Тамыз 2026 04:41see107

Еңбек министрлігінде мүгедектік неге әртүрлі мерзімге белгіленетіні түсіндірілді

12 Тамыз 2026 08:00see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары