Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жасанды интеллект саяси жалған ақпарат таратудың басты құралына айналып барады Ерлан Смайлов

Жасанды интеллект саяси жалған ақпарат таратудың басты құралына айналып барады Ерлан Смайлов

Zakon.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Бұл туралы Алматыда өткен "Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты" атты сараптамалық алаңда қоғам қайраткері Ерлан Смайлов мәлімдеді. Іс-шараны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды.

Сарапшының айтуынша, қазіргі сайлау науқанының ерекшеліктерінің бірі – саяси партиялардың генеративті жасанды интеллект құралдарын белсенді қолдануы. Бұл әсіресе медиаконтент өндіру саласында айқын байқалады. Өйткені жаңа технологиялар контент әзірлеуге кететін уақыт пен қаржылық шығындарды едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.

Нейрондық желілерді баяндамалар мен мәтіндер әзірлеуге, партиялардың бағдарламаларын талдауға, үгіт-насихат материалдарын, пікірлерді, кескіндерді, аудио және бейнематериалдарды жасауға пайдалануға болады. Нәтижесінде саяси контент өндіру үдерісі жылдам әрі қолжетімді бола түсуде.

"Жасанды интеллект бүгінде жай ғана жаңа технология емес – ол мемлекеттік күн тәртібінің, қоғамдық пікірталастың және тікелей саяси бәсекенің бір бөлігіне айналып келеді. Бұл үрдіс сайлауалды бағдарламалар деңгейінен-ақ байқалады", – деді Ерлан Смайлов.

Сарапшының айтуынша, ЖИ тақырыбы партиялардың теледебаттары барысында да көтерілуде. Мәселен, саяси партиялардың бірінің бағдарламасында кемінде 5 млн қазақстандықты жасанды интеллект құралдарын қолдануға оқыту және ЖИ негіздерін мектеп бағдарламасына енгізу міндеті қойылған. Бұл жаңа технологияларға деген көзқарастың біртіндеп саяси күн тәртібі мен партиялар арасындағы бәсекенің дербес элементіне айналып келе жатқанын көрсетеді.

Сонымен қатар генеративті жасанды интеллекттің кең таралуы жаңа тәуекелдерді де туындатады. Контент өндірудің жеңілдеуі дезинформация мен дипфейктерді таратуға, сондай-ақ қоғамдық пікірді манипуляциялауға қосымша мүмкіндік береді. Смайловтың айтуынша, мұндай технологиялар жекелеген кандидаттардың, сайлау науқанының және мемлекеттік институттардың беделіне нұқсан келтіру мақсатында пайдаланылуы мүмкін.

"Қазіргі сайлау науқаны жасанды интеллект бірден екі қырынан көрініс табатын алғашқы науқандардың бірі болуы мүмкін: бір жағынан, ол саяси уәделердің тақырыбына айналса, екінші жағынан, саяси күрестің технологиялық құралы ретінде қолданылуда. Сондықтан мәселе енді ЖИ-дің сайлауда қолданылу-қолданылмауында емес, технологиялық даму саяси ақпаратқа және жалпы сайлау үдерісіне деген сенімге нұқсан келтірмеуі үшін оны пайдаланудың қандай қағидалары мен ережелері қалыптасуы керектігінде", – деп атап өтті сарапшы.

Ерлан Смайлов ЖИ-дің дамуы сайлау үдерісінің алдына қойып отырған үш негізгі сын-қатерге тоқталды.

Бірінші сын-қатер сенім мәселесімен байланысты. Сайлаушы үшін саясаткердің шынайы мәлімдемесін жасанды түрде жасалған немесе өзгертілген контенттен ажырату барған сайын қиындай түсуде. Қазірдің өзінде интернет кеңістігінде партия жетекшілерінің, шоу-бизнес өкілдерінің бейнесі мен есімдері дезинформация таратуға бағытталған роликтерді жасауда пайдаланылған жағдайлар тіркелген. Олардың қатарында Баян Алагөзова, Ермұхамет Ертісбаев, Айдарбек Ходжаназаров және басқа да тұлғалар бар. Осыған байланысты тиісті теріске шығаруларды Бас прокуратура, Дезинформацияға қарсы іс-қимыл орталығы және аталған тұлғалардың өздері жариялаған.

Екінші сын-қатер жалған және дәйексіз материалдарды өндіру мен таратқаны үшін жауапкершілікке қатысты. Жасанды интеллектіні пайдалану мұндай контент үшін кімнің жауап беруі тиіс екенін анықтауды күрделендіреді: сұранысты қалыптастырған автор ма, контентті пайдаланушы ма, оны таратқан тұлға ма, технологиялық платформа ма, әлде оны әзірлеген компания ма?

Үшінші сын-қатер қоғамның жаңа ақпараттық ортаға дайындығымен байланысты. Сарапшының пікірінше, бұл мәселені тек заңнамалық реттеу арқылы шешу жеткіліксіз. Генеративті технологиялар кеңінен тараған сайын азаматтардың ақпаратты сыни тұрғыдан қабылдау, дереккөздерді тексеру және манипуляциялық контентті ажырата білу қабілетінің маңызы арта түседі.

"ЖИ сауаттылығы мен сыни ойлауды дамыту бүгінде тек білім беру саласының ғана емес, саяси күн тәртібінің де маңызды міндетіне айналып отыр", – деп атап өтті Смайлов.

Сонымен қатар сарапшы Қазақстанда жасанды интеллектіні қолданудың заңнамалық және этикалық негіздері қалыптасқанын атап өтті. Оның пікірінше, бұл саяси және ақпараттық кеңістікте жаңа технологияларды ықтимал деструктивті мақсатта пайдалануды шектеуге мүмкіндік береді.

Ерлан Смайловтың пікірінше, технологиялардың қоғам өміріне кеңінен енуі қазіргі сайлау науқанын бұған дейінгі науқандардан түбегейлі ерекшелендіріп отыр. Жасанды интеллект саяси коммуникация құралдарын өзгертіп қана қоймай, партиялардың бағдарламаларының мазмұнына және ақпараттық тәуекелдердің сипатына да ықпал етуде. Бұл өз кезегінде отандық саяси технологиялардың дамуының жаңа кезеңін қалыптастыруда.

"Сайлау-2026: саяси науқанның сипаты" сарапшылар алаңы 13 тамызда Алматы қаласында өтті. Іс-шараны ҚР Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырды. Талқылауға саясаттанушылар, академиялық және сарапшылық қоғамдастық өкілдері, зерттеу және талдау орталықтарының мамандары, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ саяси коммуникациялар мен сайлау үдерістері саласының сарапшылары қатысты. Онлайн форматта пікірталасқа Қазақстанның барлық өңірінен сарапшылар қосылды.

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:81
embedДереккөз:https://kaz.zakon.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 13 Тамыз 2026 16:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары