Жасөспірім бір жылда екі рет көлік тізгініне отырған, анасына айыппұл салынды
Tengrinews.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Жамбыл облысында кәмелетке толмаған баланың ата-анасына ұлы бір жыл ішінде екінші рет көлік тізгініне отырғаны үшін айыппұл салынды, деп хабарлайды Tengri Auto.
Сот мәліметінше, А.-ның 14 жастағы ұлы 2026 жылы қазанда Мойынқұм ауылының көшелерінің бірінде әкесінің көлігін айдап жүрген. Ол қаңтарда да осындай әрекетке барған болатын, сол кезде анасы Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 127-бабы 1-бөлігі бойынша жауапкершілікке тартылған еді.
Әйел кәмелетке толмаған ұлын тәрбиелеу жөніндегі міндетін қайта орындамаған (ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігі). Оның кінәсі хаттамамен, тараптардың түсініктемелерімен және істің басқа да материалдарымен дәлелденген.
"Сотта А. кінәсін толық мойындап, өкінетінін айтты және ұлымен сөйлесетінін түсіндірді", - деп жазылған сот хабарламасында.
Анықтама: ӘҚБтК-нің 127-бабы 2-бөлігінің санкциясында 15 АЕК (64 875 теңге) мөлшерінде айыппұл салу немесе 5 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу көзделген.
Дегенмен сот айыппұл сомасын 30 пайызға қысқартты. Бұл шешім кінәні мойындау, асырауында кәмелетке толмаған үш бала болуы және жауаптылықты ауырлататын мән-жай жоқтығына байланысты қабылданды.
А. кінәлі деп танылып, оған 45 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. Қаулы заңды күшіне енді.
Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз
Қосу
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:52
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2026 11:53 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















