Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Жасөспірімдер агрессиясы елемеуге болмайды

Жасөспірімдер агрессиясы елемеуге болмайды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

 Оқиға былтыр  болған еді. Бұл  мысалдар жасөспірімдер агрессиясының алаңдатарлық күйде екенін көрсетіп отыр. Мектептегі жанжалдар, буллинг және әлеуметтік желілердегі эмоциялық қатыгездік назар аудармай кететін мәселе емес.  Сол себепті біз психолог Альма Аслыковамен сұхбаттастық. Психология саласында 20 жылдық  өтілі мен 2 мың сағаттан асатын тәжірибелік жұмысы бар Альма Эдуардовна Аслыкова мазасыздық, апатия, ішкі күйзеліс, өзін кінәлау, сенімсіздік және эмоционалдық қиындықтармен жұмыс істеуге маманданған. 

– Кейде бізге қазіргі жасөспі­рімдер бұрынғы буынмен салыс­тырғанда әлдеқайда агрессивті болып көрінеді. Шынымен солай ма? 

– Мен қазіргі жасөспірімдер табиғатынан бұрынғыдан агрес­сив­ті болды деп кесіп айтпас едім. Керісінше, олардың өсіп-жетіле­тін ортасы мен тұлға ретінде қа­лыптасу жағдайлары өзгерді деп айтуға болады. Бүгінгі жасөспірім үздіксіз ақпарат ағынында өмір сүреді: әлеуметтік желілер, мес­сенджерлер, жаңалықтар лентасы, бейнеконтент, оның ішінде зор­лық-зомбылық көріністері мен әлемдегі алаңдатарлық оқиғалар. Мұның бәрі тұрақты эмоциялық жүктемені арттырады. Жасөс­пі­рімнің психикасы жас ерекше­лі­гіне байланысты мұндай көлемдегі ақпаратты толық өңдеуге әлі да­йын емес. Соның салдарынан ішкі күйзеліс, мазасыздық пен ашушаңдық жиналып, агрессия түрінде сыртқа шығуы мүмкін. Сонымен қатар жасөспірімдік кезеңнің өзі адам өміріндегі ең күрделі кезеңдердің бірі екенін ұмытпау керек. Бұл – гормондық өзгерістер, жеке тұлғалық бол­мыстың қалыптасуы және ата-анадан психологиялық тұрғыдан бөліну үдерісі жүретін уақыт. Осындай жағдайда агрессия кейде психологиялық құрал қызметін атқарады: ол жасөспірімге өз ше­карасын белгілеуге, өзін танытуға және дербестікке ұмтылуға кө­мектеседі. 

– Жасөспірімдер агрессиясы­ның қалыптасуына қандай фак­торлар көбірек әсер етеді? 

– Агрессивті мінез-құлықтың қалыптасуын бір ғана себеппен түсіндіруге болмайды. Бұл әр­да­йым бірнеше фактордың ықпа­лының нәтижесі. Әрине, отбасы­ның рөлі өте маңызды, бірақ мек­теп, әлеуметтік орта, интернет кеңістігі және жалпы мәдени орта да кем емес әсер етеді. Бүгінде әлеуметтік желілердің ықпалы ерекше. Жасөспірім күн сайын сансыз ақпаратқа, салыстыру­ларға, бағалауларға, кейде жа­ғым­сыз әрі жанжалға толы контентке тап болады. Ал оның эмоциялық жүйесі әлі толық қалыптасып үл­гермегендіктен, мұндай ақпаратты әрдайым сыни тұрғыдан саралай алмайды. Егер жанында түсін­ді­ріп, қолдау көрсетіп, эмоция­ларын реттеуге көмектесетін ере­сек адам болмаса, жасөспірім­нің бойында ішкі күйзеліс, ма­засыздық пен ашу жинала береді. Ал бұл сезімдер уақыт өте келе ауызша немесе физикалық агрес­сия түрінде көрінуі мүмкін. 

– Неліктен буллингтің құрбаны болған жасөспірімдер уақыт өте келе агрессорға айналады? 

– Бұл – күрделі әрі, өкінішке қарай, жиі кездесетін психоло­гиялық механизм. Психологияда ол «агрессормен сәйкестену» деп аталады. Оның мәні – ұзақ уақыт бойы жәбірленуші болған адам өзін қорлаған адамның мінез-құлқын бейсаналы түрде қабыл­дай бастайды. Осылайша, психика қайтадан қорлану, қорқыныш пен дәрменсіздікті сезінуден қор­ға­нуға тырысады. Жасөспірім әлсіз рөлден күшті адамның рөліне өтеді. Өкінішке қарай, бұл «күш» агрессия арқылы көрінуі мүмкін. Маңыздысы – көп жағдайда бұл саналы таңдау емес, психология­лық жарақаттың және қауіпсіз ортаның болмауының салдары­нан қалыптасатын қорғаныс механизмі. 

Жалпы, жасөспірімдер агрес­сиясын қоғамнан бөліп қарауға болмайды. Менің ойымша, бұл көбіне қоғамдағы әлеуметтік үде­рістердің көрінісі. Егер қо­ғамда тұрақсыздық, шиеленіс, эмо­ция­лық қолдаудың жетіспеушілігі мен сенім тапшылығы болса, мұ­ның бәрі жас ұрпаққа әсер етеді. Сонымен қатар көптеген жасөс­пірімнің өмірінде сенім арта ала­тын маңызды ересек адамның жоқтығы да үлкен мәселе. Олар өз уайымдарын бөлісіп, эмоциялық тірек ала алмайды. Мұндай адам ата-ана, мұғалім немесе тәлімгер болуы мүмкін. Жасөспірімдік шақ­та белгілі бір топқа тиесілі бо­луға деген қажеттілік өте жо­ғары болады. Егер бұл қажеттілік спорт, шығармашылық немесе білім беру ортасы арқылы қана­ғаттандырылмаса, жасөспірім өзін асоциалды немесе деструк­тивті топтардан іздеуі мүмкін. Ондай ортада агрессия қалыпты қарым-қатынас тәсіліне ай­налады. 

– Кейінгі жылдары қыздар арасында да агрессия байқалып қалатын болып жүр. Бұл туралы не дейсіз? 

– Негізінде агрессия тек ер адамдарға немесе әйелдерге ғана тән құбылыс емес. Ол барлық адамда болады, тек оның көріну формалары әртүрлі. Кейінгі жылдары қыздардың агрессивті мінез-құлқы көбірек байқал­ға­нымен, бұл агрессияның түбегейлі көбейгенін білдірмейді. Себептері де ұқсас: мойындалуға деген қа­жеттілік, құрдастары арасында өз орнын табуға ұмтылу, беделді бо­луға деген ниет. Бұған қоса әлеу­меттік желілерде эмоцияға толы жанжалдар мен қақтығыстардың көбірек назар аудартуы да әсер етеді. Тарихта мұндай құбылыстар қоғамдағы құндылықтар мен мінез-құлық үлгілері өзгерген кезеңдерде де байқалған. 

– Кейбір ата-аналар баланың агрессивті мінез-құлқын «қиын жас» деп ақтайды. Бұл дұрыс па? 

– Бұл – ересектер жиі жі­бе­ретін қателіктің бірі. Иә, жасөспі­рімдік кезең күрделі. Бірақ бұл басқа адамдарға физикалық немесе эмоциялық зиян келтіруге себеп бола алмайды. Жасөспі­рімнің ашулануға, ренжуге, ыза сезінуге құқығы бар. Алайда ере­сектердің міндеті – бұл эмоция­ларды басып тастау емес, оларды дұрыс әрі қауіпсіз түрде білдіруді үйрету. Егер отбасында сезімдерді ашық айтуға мүмкіндік болмаса, егер баланың эмоциялары ес­керілмесе немесе құнсыздан­ды­рылса, жиналған агрессия мін­дет­ті түрде мектепте, көшеде немесе интернетте сыртқа шығады. 

– Интернет пен медиадағы зорлық-зомбылыққа толы контент жасөспірімдердің мінез-құлқына қалай әсер етеді? 

– Мұндай контенттің әсерін біржақты бағалауға болмайды. Зорлық-зомбылық көріністері бар контенттің өзі агрессияның ті­келей себебі емес. Бұдан әлде­қайда маңыздысы – жасөспірімнің эмоциялық тұрақтылығы және оның отбасымен қарым-қатына­сының сапасы. Егер бала өзін қауіпсіз сезінсе, жақындарының қолдауын көрсе, мұндай ақпа­ратты сыни тұрғыдан қабылдай алады және оны шынайы өмірге көшірмейді. Ал эмоциялық қол­дау болмаған жағдайда, ішкі мазасыздық пен жалғыздық мұн­дай контенттің кері әсерін кү­шей­тіп, бұрыс мінез-құлық үлгілерін қалыптастыруы мүмкін. 

– Жасөспірімдердің агрессивті мінез-құлқының артында қандай психологиялық жарақаттар немесе ішкі мәселелер тұр? 

– Көп жағдайда агрессия – екінші реттік реакция. Оның ас­тарында әлдеқайда терең әрі ауыр сезімдер жасырынып жатады. Олар: қабылданбау сезімі, үнемі сынға ұшырау, эмоциялық немесе физикалық зорлық-зомбылық, буллинг, қолдаудың жоқтығы және өзін қажетсіз сезіну. Жасөс­пірім бұл жағдайларды әрдайым саналы түрде түсіне бермейді. Ол «маған ауыр тиді» немесе «мен жалғызбын» деп айтпайды. Оның орнына бұл сезімдер ашу, ашу­шаңдық және агрессивті әрекет­тер арқылы көрінеді. 

– Егер жасөспірім агрессиясы­на уақытында назар аударылмаса, ол қандай зардаптарға апарып соғуы мүмкін? 

– Жасөспірімнің агрессиясын елемеу оның психикалық денсау­лығына, мінез-құлқына және әлеу­меттік қарым-қатынастарына ұзақмерзімді теріс әсер етуі мүм­кін. Уақыт өте келе агрессия тұ­рақты мінез-құлық үлгісіне айна­лып, адамның отбасы мүшеле­рі­мен, достарымен және әріптес­терімен қарым-қатынасын қиын­датады. Егер жасөспірімнің эмо­цияларын ашық білдіруіне мүм­кіндік берілмей, үнемі қысым көр­сетілсе, қорланып немесе өзге­лермен салыстырылып отыр­са, агрессия өзіне бағытталуы ық­тимал. Мұндай жағдайда өзіне зиян келтіру әрекеттері байқалуы мүмкін. Сонымен қатар іште жи­налған жағымсыз эмоциялар депрессияның дамуына, ал ішкі күйзелістен арылу мақсатында әртүрлі тәуелділіктердің қалып­тасуына себеп болуы ықтимал. 

– Қоғам жасөспірімдер ара­сындағы агрессияны қалай азайта алады? 

– Ең алдымен агрессияның өзі тек жағымсыз құбылыс емес еке­нін түсіну қажет. Бұл – дұрыс ба­ғыт­талса, білімге, спортқа, шы­ғар­машылыққа, дамуға және қо­ғамдық белсенділікке жұмса­латын қуат. Қоғам мен отбасының басты міндеті – жасөспірімге өз эмоцияларын түсінуді, күйзеліске төтеп беруді, жанжалдарды зор­лық-зомбылықсыз шешуді және өзін маңызды тұлға ретінде се­зінуді үйрету. Ең тиімді алдын алу жолы – ересектердің эмоциялық қолдауы мен шынайы қамқор­лығы. Жасөспірім қандай қиын кезеңде болса да, өзін жалғыз емес екенін, оны тыңдайтын әрі қа­былдайтын адамдар бар екенін сезінуге тиіс. 

– Мазмұнды  сұхбатыңызға рақмет! 

Әсемай ЖӘНІБЕК, ЕҰУ-дың 2-курс студенті

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:109
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Шілде 2026 07:19
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see137

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары