Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

Жастар жобасына қызығушылық артқан

Жастар жобасына қызығушылық артқан

Qazaq24.com, Aikyn.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат жариялайды..

Іс-шара ҚР Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясында өтті. Жиынға Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай, Президент Әкімшілігінің, Мемлекеттік басқару академиясының өкілдерімен қатар жастар резервіне өткен үздік мамандар қатысты. Биыл резервке төртінші мәрте іріктеу өтті. Жобаны ұйымдастырудың басты мақсаты – мемлекеттік басқару жүйесіне іскер, бастамашыл жаңа буынды араластыру, білім-білігі жоғары мамандарды кәсіби қолдау. Жоба 2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен, қолдауымен іске аса бастаған.

Биылғы іріктеу, расында да, тартысты әрі күрделі болды. Жастардың да жобаға қызығушылығы артқан. Іріктеуге 31 мыңнан аса үміткер өтінім берген, оның 7436-сы келесі кезеңдерге қатысуға мүмкіндік алды. 50 жас үміткер 6 кезеңдік тартысты бәсекеден оқ бойы оза шауып, мыңдаған қатысушыдан суырылып алға шықты. Кездесуде агенттік төрағасы Дархан Жазықбай финалистерді құттықтап, алдағы істеріне бағыт-бағдар беріп, жобаның стратегиялық маңызы мен мүмкіндіктерін түсіндіріп өтті. 

– 2019 жылы Мемлекет басшысының сайлауалды Жолдауында жастарды мемлекеттік басқаруға тарту және әлеуметтік лифт қалыптастыру қажет деген бастама жасаған еді. Содан бері тиісті жұмыстар жүріп жатыр, басқа да жобаларды ұсынып жатырмыз. Мемлекет басшысы мәселе үлкен бастық болуда емес, резерв өкілі болудың мәні ел үшін аянбай еңбек етуде деген болатын. Жастарымыздың бойындағы тасқындаған күш-жігер мен білімді ел мүддесіне бағыттау, кәсіби мемлекеттік қызметшілердің жаңа легін қалыптастыру – агенттіктің стратегиялық мақсаттарының бірі, – дейді Д.Жазықбай.

Агенттік қатысушыларды алты сала аясында таңдауды жөн көрген, ол үшін алдымен әр сала бойынша қандай маман иелеріне мұқтаждық барын зерттеп, талдау жасаған. Биылғы жобаның ерекшелігі де осында. Нәтижесінде, инфрақұрылымды өнеркәсіпті дамыту және сауда саясаты, агроөнеркәсіптік кешен және қоршаған ортаны қорғау, сыртқы саясат және инвестициялар, экономика және қаржылық саясат, цифрландыру, әлеуметтік саясат және азаматтық қоғам сынды салалар бойынша квота бөлінді. Кандидаттардың басым көбі әлеуметтік саясат бағытын таңдаса, сыртқы саясат саласына қатысушылар аз тіркеліпті. Ақтық кезеңде 100 қатысушы Ұлттық комиссияның сынағына қатысты. Президенттік кадр резервіне қабылдана алмағандар өңірлік резервке жолдама алу мүмкіндігіне ие болды. Ал президенттік резервке енген тұлғалар конкурссыз негізде «А» корпусының саяси және әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына, «Б» корпусының басшылық лауазымдарына тағайындала алады.

Dauletten қайырымдылық қорының президенті Жасұлан Бостандықұлы да резервке мүше болды.  Біз жеңісімен құттықтап, жоба жайында пікірін білдік.

– Бұл резервке 2019 жылдан бері қатысып келе жа­тырмын. Биыл ғана кадрлық резерв мүшесі болу бұйырыпты. Әрине, әр кезеңнің өз қиындығы мен ауыртпалығы бар, себебі мәтіндік, логикалық, ситуациялық, стреске төзімділік сынды түрлі-түрлі кезең бойынша бізді бақылады, зерттеді, сынады. Барынша тырысып, толыққанды жауап беріп, кадрлық резерв мүшесі атанып отырмын. Мемлекеттік қызметке тағайындалу ашық конкурс негізінде өтсе, дәл осы резерв мүшелері тікелей тағайындалу мүмкіндігіне ие болады, – дейді финалист. 

Д.Жазықбайдың айтуынша, іріктеуден өткен мамандардың жеке дерегі Үкімет аппаратына, Президент Әкімшілігіне, жергілікті атқарушы органдарға,  басқа да мемлекеттік органдарға жіберілді, алда сұранысқа сай мүмкіндіктер де болмақ. Ендігі кезекте мамандардың жаңа ісі мен кәсіби жолына сәттілік серік болсын дейміз.

Айсұлу СЪЕЗХАН

Қосымша ақпарат пен соңғы жаңалықтар үшін Qazaq24.com сайтын бақылаңыз.
seeКөрілімдер:185
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 03:55
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see169

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see164

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see160

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see160

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see144

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see131

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see125

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see125

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see124

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see121

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see119

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see118

Ауыл шаруашылығы өкілдері аграрлық саланы дамыту мәселелерін талқылады

05 Қараша 2026 14:56see114

Рыбакина қатысатын WTA қорытынды турнирінің алғашқы ойындарының кестесі жарияланды

05 Қараша 2026 14:15see110

Жыл сөзі аталды. Сіз оны міндетті түрде естідіңіз

03 Қараша 2026 18:15see109

Ақтөбе облысында мұнай өңдеу зауыты салынады

05 Қараша 2026 14:21see108

Путин Ресей халқы бөлінбеуі үшін көп жұмыс жасады Мемлекеттік Дума депутаты

05 Қараша 2026 14:21see107

Өсімдік майының өндірісі 25 пайызға өсті

05 Қараша 2026 14:21see107

Кушнер АҚШ тың Украинадағы қақтығысты тоқтату мақсатын түсіндірді

05 Қараша 2026 14:21see106

Жолдау жаңа жоспарлар мен іс қимылдың доктринасы

05 Қараша 2026 14:59see105
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары