Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жасыл энергия жаһан үдерісі

Жасыл энергия жаһан үдерісі

Egemen.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып, Qazaq24.com түсініктеме жасады..

Желдің күші – табиғаттың сарқылмас байлығы. Кейінгі жылдары әлем елдері осы мүмкіндікті тиімді пайдаланып, жаңартылатын энергия көздерін дамытуға басымдық беріп келеді. Еліміз де жаһандық үдерістен шет қалып отырған жоқ. Аталған бағыттағы іргелі жобалардың бірі Қарағанды облысы Осакаров ауданында табысты жүзеге асып жатыр.

Суретті түсірген – Жангелді ӘБДІҒАЛЫМ

Игілігі көп инвестиция

Мемлекет басшысы ел экономикасын әртарап­тан­­­­­дыру әрі экологиялық қауіпсіздікті күшейту мақ­са­­­тында жаңартылатын энергия көздерінің үлесін арт­­­­тыру жөнінде нақты міндет қойғаны белгілі. Соған сәй­­­­­кес алдағы жылдары елімізде өндірілетін электр энер­­­­­­­гиясының кемінде 30 пайызы «жасыл» энергетикадан алынуға тиіс.     

Осы стратегиялық бағытты жүзеге асыру жолында еліміздің әр өңірінде бірқатар ірі жобалар қолға алынып жатыр. Солардың бірі – Осакаров ауданында са­­лынып жатқан жел электр стансасы. Қуаттылығы 150 мегаватт болатын стансаның құрылысы өңірдің энер­­­­­гетикалық әлеуетін арттырып қана қоймай, ин­вес­­­­­тициялық белсенділікті күшейтіп, экологиялық тұр­­­­ғыдан таза қуат өндіруге жол ашпақ. Мұнда қазір құ­­­ры­лыс жұмысы қарқынды жүргізіліп жатыр. Бұл жоба өңірдің өндірістік әлеуетін күшейтуге бағыт­тал­ған маңызды бастамаға айналып отыр.

Жел электр стансасы толық іске қосылған кезде ай­мақ­­тың электр энергиясына деген сұранысын қам­та­ма­сыз етіп қана қоймай, зиянды қалдықтардың азаюы­на да оң әсерін тигізеді.

Сарап­шылардың пікірінше, еліміздің табиғи-кли­мат­­тық ерекшеліктері жел энергетикасын дамытуға қо­­­лайлы. Әсіресе орталық және солтүстік өңір­лер­де жел­­­дің жылдамдығы жоғары болғандықтан, мұн­дай жо­ба­­лардың экономикалық тиімділігі де зор. Осакаров ау­да­­нындағы жаңа станса осы әлеуетті тиімді пай­да­ла­ну­­дың жарқын мысалы десек болады.

Осакаров кентіндегі құны 42,6 млрд теңге болатын жел электр стансасының құрылысын «Гиперборея» ЖШС қолға алған. Жалпы, аудан аумағында құны 301 млрд теңгеге бағаланатын үш ірі инвестициялық жоба жүзеге асырылады. Электр стансасы жобасы аясында әрқайсысының номиналдық қуаты 7,7 мегават бола­тын 21 жел энергетикалық қондырғысы орнатылады. Сонымен қатар қосалқы станса салынып, электр жет­кізу желілері тартылып жатыр. Бұл нысан салынып біт­кен соң, өңірдің энергетикалық жүйесіне қосылып, тұ­рақ­ты қуат көзі ретінде энергияны молайтуға тиіс.

Жобада әлемдік тәжірибесі мол жетекші ком­пания­лар­дың озық технологиялары қол­данылып жатқанын атап өткен жөн. Электр жабдықтарының бір бөлігі Германияның әйгілі өнеркәсіптік концерні – «Siemens AG» өндірген құрылғылармен жабдықталған. Маман­дар­дың айтуынша, бұл жабдықтар кемінде жиырма жыл бойы үздіксіз қызмет көрсетуге қабілетті.

«Гиперборея» ЖШС-нің техника жөніндегі директоры Дмитрий Силантьевтің айтуынша, станса іске қосылғанда өндіріс үдерісі толық автоматтандырылған жүйемен басқарылатын болады.

«Жасыл» энергетика – болашақтың сенімді қуат көзі. Ол көмір мен газға тәуелділікті азайтып қана қоймай, қор­шаған ортаға келетін зиянды да төмендетеді. Қа­зірдің өзінде жел энергетикасының жеті қондырғысы орнатылды. Жалпы саны – 21 қондырғы. Қазір елімізде ТМД мен Еуропада орнатылған ең қуатты жел генераторлары пайдаланылады. Әрбір генератордың бірлік қуаты – 7,7 МВт. Осындай бір генератор бүкіл бір елді мекенді толық энергиямен қамтамасыз етуге қауқарлы. Барлық жүйе толық автоматтандырылып, жел турбиналарының жұмысын операторлар компьютер арқылы бақылап отырады. Қазір құрылыс жұмысына 150-ге жуық адам тартылған», дейді ол. 

Экология мен экономикаға тиімділігі

Жел электр стансасының құрылысы басталғанға дейін мамандар желдің күшін алдын ала өлшеу мақсатында арна­йы мұнара орнатқан. Бұл мұнара ауа ағынын өлшейді. Әртүрлі биіктікте орналасқан төрт сенсор жел ағы­нының дерегін тіркеу үшін қажет.

«Өлшеу нәтижелері бойынша қаржылық модель жасалды. Ол стансаның тиімді екенін көрсетіп, осы аудан­дардағы желдің орташа жылдамдығын анықтады – секун­дына 8,5 метр. Бұл – өте жақсы көрсеткіш. Бізге осын­дай стансаларды салуда тәжірибесі бар Қытай, Гер­мания, Франция, басқа да елдердің кеңесшілері келеді. Олар генераторлардың биіктігіне, желдің күші­не, сондай-ақ стансаның далалық және таулы жерге ор­на­лас­­қанына таңданысын жасырмады», дейді Дмитрий Силантьев.

Энергетикалық нысан жұмысын бастаған соң, 20 жаңа тұрақты жұмыс орны ашылады. Соны­мен қатар стан­са көмір мен газдан өндірілетін энер­гияға деген тәуел­ділікті азайтып, зиянды шыға­рын­­дылардың төмен­деуіне мүмкіндік береді.

«Бізде жаңа, заманауи жабдық бар. Ол Германия мен Қытайдан жеткізілген. Стандарттар бо­йынша электртехникалық жабдықтың қызмет ету мерзімі – 20 жыл. ЖЭС-тің өзі де осы уақыт аралығында сенімді жұмыс істейді. Бұл мерзім ішінде ақаулар мен төтенше жағ­дайдың болмауына сенімдіміз, қажет болған жағ­дайда ғана қызмет көрсету жүргізіледі. Біз өндірген энер­гияны ортақ желіге жеткіземіз, ол өңірлер бо­йынша бөлінеді. Ал Осакаровка қосалқы стансасы Қарағанды мен Астана арасындағы жоғары вольтты желілерді байланыстырады. Бұл біздің өңірлерге тұрақты, сенімді электр энергиясын қамтамасыз етуімізге мүмкіндік береді. Жел генераторларының турбиналары Қытайда жасалған, ал модель шамамен екі жарым жыл бұрын әзірленген. «Эксперименттік модель бір жылға жуық Қытайда жұмыс істеп, өзін сенім­ді көрсетті. Сол себепті компания осы турбиналар­ды таң­дау­ға шешім қабылдады», дейді техникалық директор.

Турбиналар өз саласындағы ең танымал компания – аме­рикалық-канадалық UWL Solutions сертификатынан өткен. Бұл олар­дың сапасы мен сенімділігін растай­ды және стан­саның тұрақты жұмысын қамтамасыз ете­ді.

Қарағанды өңірінде жасыл энергия бағытындағы жұмыс жалғасын табады. Алдағы уақытта Теміртау қа­ла­сында қуаттылығы 500 мегаватт болатын жел электр стансасын салу жоспарланып отыр. Ал Қарқа­ра­лы ауда­­нында 200 мегаватттық тағы бір жоба жүзеге асуы мүм­­кін. Қазір бұл бастамалардың техникалық-эконо­ми­­ка­лық негіздемелері әзірленіп жатыр.

Осакаров даласында бой көтерген алып турбиналар – жасыл экономиканың жарқын көрінісі. Бұл жоба сәт­ті іске қосылғанда өңірдің ғана емес, тұтас елдің энер­гети­ка­лық жүйесіне серпін беріп, экологиялық тұр­ғыдан таза әрі тұрақты энергия ретінде құндылығы арт­пақ.

Қарағанды облысы,

Осакаров ауданы

Соңғы жаңалықтар

Жанкүйерлер Ербол Хамитовты әуежайда салтанатты түрде қарсы алды

Спорт • Бүгін, 09:31

«Жасыл» энергия – жаһан үдерісі

Энергетика • Бүгін, 09:00

Баспана бәсекесі: бақ шаба ма, бап шаба ма?

Ипотека • Бүгін, 08:55

Ұлыс пен ырыстың негізі

Наурызнама • Бүгін, 08:50

ОРК: Жаңа Конституцияны қолдағандар – 87,15 пайыз

Референдум • Бүгін, 08:48

Қарлығаш – құт-береке рәмізі

Наурызнама • Бүгін, 08:45

Кемел әулетінің кемеңгері

Қоғам • Бүгін, 08:40

Тарихи кезеңмен тұспа-тұс келген Наурыз

Мереке • Бүгін, 08:38

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 08:35

Тасқынның алдын алу шаралары күшейтілді

Аймақтар • Бүгін, 08:33

Ақтүтек боран әбігерге салды

Аймақтар • Бүгін, 08:30

Басқа басылымдардан: Парламент бір палаталы жүйеге ауысады

Басылым • Бүгін, 08:27

Заманауи медициналық нысандар

Аймақтар • Бүгін, 08:25

«Amanat» партиясының үндеуі

Партия • Бүгін, 08:22

Брайль қарпіндегі Ата заң

Ата заң • Бүгін, 08:20

Барлық жаңалықтар

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:173
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 17 Наурыз 2026 10:12
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары