Қазақстанда жасыл энергия өндірісі 15% ға өсті
Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..
2026 жылдың I тоқсанының қорытындысы бойынша, Қазақстандағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) нысандарынан электр энергиясын өндіру көлемі 2,3 млрд кВт·сағ құрады, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 15%-ға жоғары.
Биыл жалпы қуаты 245 МВт болатын 10 жаңа ЖЭК нысанын іске қосу жоспарланған. Оның ішінде 4 жел электр стансасы, 5 күн электр стансасы және 1 гидроэлектр стансасы бар.
ЖЭК-тің электр энергиясын өндіру құрылымындағы үлесі 2025 жылдың қорытындысы бойынша 7%-ға жетті. Қазақстан бұл көрсеткішті 2030 жылға қарай 15%-ға дейін арттыруды жоспарлап отыр.
Еліміз таза энергетика секторын белсенді дамытуда. Салаға TotalEnergies, China Power, Masdar және China Energy сияқты белгілі халықаралық компаниялар тартылды.
Энергетика министрлігінің мәліметінше, ұзақмерзімді перспективада 2035 жылға дейін елде ЖЭК-тің 8 ГВт-тан астам қуатын енгізу жоспарланып отыр. Бұл жобалар ұлттық энергетикалық жүйенің тұрақтылығын күшейтіп, энергетикалық қауіпсіздікті арттыруға және энергия теңгерімін әртараптандыруға мүмкіндік береді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» Telegram арнасынан таба аласыз.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:77
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 06 Мамыр 2026 10:15 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар



















