Жазғы ыстықта тамақтан уланудан қалай сақтануға болады?
Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып жаңалық таратты..
Комитет азаматтарға қоғамдық тамақтану орындарын таңдағанда абай болуға кеңес береді. Мамандар тек сенімді, беделі қалыптасқан әрі өзіңіз немесе жақындарыңыз ұсынған мейрамхана мен дәмханаларға баруды ұсынады.
Сондай-ақ мамандар термиялық өңдеуден өтпейтін тағамдарды, әсіресе теңіз өнімдерінен дайындалған ас түрлерін тұтынудан бас тартуға шақырды.
Бұдан бөлек, қоғамдық тамақтану орындарынан қалған тағамды үйге әкеліп, туыстарға ұсынбауға және рұқсат етілмеген көше саудасы орындарынан азық-түлік сатып алмауға кеңес берілді.
Кәсіпкерлерге қызметін бастамас бұрын қажетті рұқсат құжаттарын рәсімдеу, ал тағам дайындауға медициналық тексеруден өтпеген қызметкерлерді жібермеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар қызметкерлердің мерзімдік медициналық тексеруден уақытылы өтуі қатаң бақылауда болуға тиіс.
ҚСЭК талаптарына сәйкес, өндірістік орынның аумағы жеткіліксіз немесе санитариялық жағдай талапқа сай болмаса, кәсіпкерлерге технологиялық процесті дұрыс сақтау үшін тағам түрлерінің санын қысқарту ұсынылады.
Сондай-ақ азық-түлік шикізатын тек сенімді жеткізушілерден сатып алып, өнімдерді сақтау, дайындау және тасымалдау талаптарын қатаң сақтау, әсіресе тез бұзылатын тағамдарға ерекше бақылау жасау қажет.
Комитет бұл ұсынымдардың еліміздегі аптап ыстыққа байланысты әзірленгенін атап өтті. Синоптиктердің болжамынша, 30 шілдеде еліміздің оңтүстігінде ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі. Мұндай жағдайда азық-түліктің бұзылу қаупі артып, тамақтан улану жағдайлары жиілей түсуі мүмкін.
Еске салайық, Алматыда 65 адам уланған дәмханадан санитарлық заңбұзушылықтар анықталды. Боралдай кентіндегі «Алатау» базары аумағында орналасқан дәмханадан тағам сатып алғаннан кейін 19 адам улану белгілерімен ауруханаға түсті.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:
Көрілімдер:62
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Шілде 2026 15:39 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















