Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Just жұбайлар жыры

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Қазақстанға қатты ыстық келе жатыр одан қалай қауіпсіз сақтануға болады

Қазақстанға қатты ыстық келе жатыр одан қалай қауіпсіз сақтануға болады

Qazaq24.com, Tengrinews.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып жаңалық жариялады..

Қазақстанда аптап болады деп күтіледі. Кейбір өңірде термометр бағаны қазірдің өзінде 45 градусқа дейін көтеріліп жатыр, ал Алматы дәрігерлері күн өту жағдайлары екі есе артқанын тіркеп жатыр. Tengri Health қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысынан қандай симптомдарды елеусіз қалдыруға болмайтынын және аптапта өзіңді қалай қорғау керек екенін білді.

Қазгидромет мәліметінше, Қазақстанның басым бөлігінде +33-тен +40 градусқа дейін қатты ыстық сақталады, ал оңтүстік пен оңтүстік-батыста термометр бағаны +45 °C-қа дейін көтеріледі.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы қалыптан тыс ыстық салдарынан тұрғындардың жедел жәрдемді жиі шақыра бастағанын хабарлады.

Тек шілденің алғашқы екі аптасында жедел жәрдем қызметіне 33,6 мыңнан аса шақырту түскен.

"Оның 1,5 мыңға жуығы артериялық қан қысымының көтерілуіне, 300-ден астамы миокард инфарктісін қоса алғанда, жүрек-қан тамырлары ауруларына қатысты болды. Ми қанайналымының жедел бұзылуы бар 50-ге жуық пациент қалалық стационарларға шұғыл жеткізілді. Алдыңғы кезеңмен салыстырғанда жедел жәрдем шақыруды талап еткен күн өту жағдайларының саны екі есеге артты", – деп хабарлады басқарма.

Ыстықта ағзада не болады және кімдер қауіп тобында?

Жанар Тюлюбаева - Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Гигиена және денсаулықты қорғау департаментінің директоры аптап ыстықтың несімен қауіпті екенін түсіндірді.

"Қатты ыстық кезінде ағза қызып кетіп, көп мөлшерде сұйықтық жоғалтуы мүмкін. Бұл сусыздануға, жүрек, бүйрек және ми жұмысының нашарлауына әкеп соғады. Адам тез шаршайды, әлсіреп, есінен танып қалуы мүмкін. Дененің қатты қызуы өмірге қауіп төндіруі ықтимал", – деп түсіндірді сарапшы.

Ең жоғары қауіп тобына жататындар:

5 жасқа дейінгі балалар, 65 жастан асқан қарттар, жүкті әйелдер, жүрек, қан тамырлары, бүйрек, өкпе аурулары бар және қант диабетімен ауыратын адамдар.

Сарапшы далада жұмыс істейтіндерге немесе ыстықта ауыр физикалық еңбекпен айналысатындарға ерекше тоқталды. Оларға мүмкіндігінше ең қарқынды жұмысты таңертеңгі немесе кешкі уақытқа ауыстыру, көлеңкеде немесе салқын бөлмеде тұрақты үзіліс жасау, жеткілікті мөлшерде су ішу, жеңіл ашық түсті киім мен бас киім кию, сондай-ақ өз денсаулығын мұқият қадағалау ұсынылады.

Бас айналу, әлсіздік, жүрек айну немесе дененің қызып кетуінің басқа да белгілері пайда болған жағдайда жұмысты дереу тоқтатып, медициналық көмекке жүгіну қажет.

"Созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше назар аудару қажет"

Сарапшы аптап көптеген созылмалы аурулардың барысын қиындататынын атап өтті. Жүрек аурулары кезінде жүрек-қан тамырлары жүйесіне жүктеме артады, диабет кезінде сусыздану және қант деңгейінің ауытқу қаупі жоғарылайды, ал бүйрек ауруларында ағзаға су теңгерімін сақтау қиындай түседі.

"Дәрі-дәрмектің мөлшерін өз бетінше өзгертуге немесе одан бас тартуға болмайды. Егер сұрақтар туындаса немесе денсаулық жағдайы нашарласа, емдеуші дәрігерге хабарласу қажет. Егер сіздің осындай таныстарыңыз немесе туыстарыңыз болса, ыстық күндері олардың жағдайын үнемі біліп тұруға немесе оларға барып тұруға тырысыңыз", – деді Тюлюбаева.

Ыстық басқа аурулар қаупін арттырады

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы ыстықтың ең алдымен жүрек-қан тамырлары жүйесіне соққы болатынын растады.

"Ауа температурасының жоғары болуы артериялық қан қысымының күрт көтерілуіне, жүрек ырғағының бұзылуына, ентігуге, сондай-ақ миокард инфарктісі мен инсульт қаупін арттыруы мүмкін", – деді Алматы қалалық жедел медициналық жәрдем қызметі директоры орынбасарының міндетін атқарушы Азамат Құрманбеков.

Сондай-ақ ведомство ыстықтың сусыздану, тағамнан улану, ішек инфекциялары және маусымдық аллергияның асқыну қаупін арттыратынын ескертті.

Қатты бас ауруы, бас айналу, әлсіздік, жүрек айну, есеңгіреу, жоғары температура немесе есінен тану кезінде жедел жәрдем шақыру қажет.

Фото:depositphotos.com

Ыстық өту және күн өту

Анықтама: Ыстық өту – күн астында да, сондай-ақ қапырық немесе нашар желдетілетін бөлмеде де болуы мүмкін ағзаның жалпы қызып кетуінен туындайды. Күн өту – күн сәулесінің бас пен мойынға ұзақ уақыт тікелей әсер етуінен болады.

Тюлюбаеваның сөзінше, екі жағдайдың да алғашқы белгілері – қатты әлсіздік, бас ауруы, бас айналу, жүрек айну, дене температурасының көтерілуі, терінің қызаруы, жүрек соғысының жиілеуі, есеңгреу немесе естен тану.

"Ыстық өту ағза өздігінен қалыпты дене температурасын сақтай алмай қалғанда, дененің қызып кетуінен болады. Уақтылы көмек көрсетілмесе, ыстық өту ми, жүрек, бүйрек және басқа да өмірлік маңызды мүшелердің зақымдануына, ал ауыр жағдайларда – өлімге әкелуі мүмкін", – деп түсіндірді Денсаулық сақтау министрлігі.

Күн немесе ыстық өткенде, адам есінен танғанда, денесі тартылғанда немесе жағдайы күрт нашарлағанда дереу жедел жәрдем шақыру қажет.

Алғашқы көмек: 103 қызметі келгенше адамды қалай аман алып қалуға болады?

Егер көшедегі жолаушы немесе жақын адамыңыз ыстық өтіп кетіп, бірақ есін білсе, Жанар Тюлюбаева келесі әрекеттерді орындауды ұсынады:

оны көлеңкеге немесе салқын бөлмеге апару; артық киімін шешу; басына, мойнына және қолтық астына дымқыл сүлгі басу; салқын суды аз-аздан ішкізу.

"Ауыр жағдайда адамды қозғалуға мәжбүрлеуге немесе бақылаусыз дәрі ішкізуге қатаң тыйым салынады. Егде жастағы адамдар мен жүрек ауруы бар науқастарды медициналық бақылаусыз мұздай суға бірден салуға болмайды", – деді сарапшы.

Қауіпті ыстық тек аптап пен күннен ғана болмайды. Дәрігерлер жоғары ылғалдылықты, физикалық жүктемені, ағзаның сусыздануын, алкогольді, тар әрі қара түсті киімді және қапырық бөлмелерді де қауіп факторларына жатқызады.

Аптап: сарапшы кеңестері Қанша су ішу керек және не ішуге болмайды?

Ересек адамға ыстықта тәулігіне шамамен 2–3 литр сұйықтық қажет. Ең дұрысы – кәдімгі ауыз су, тәтті емес шай және газдалмаған минералды су. Ал алкоголь, энергетиктер, тәтті газдалған сусындар мен қою кофені шектеген жөн, өйткені олар сусыздану процесін тездетеді.

Дегенмен, сарапшы суды тым көп ішу де қауіпті болуы мүмкін екенін ескертеді.

"Қысқа уақыт ішінде тым көп су ішу гипонатриемияға әкеп соғуы мүмкін. Бұл – қандағы натрий деңгейінің қауіпті төмендеуі, ол ауыр жағдайларда мидың ісінуін тудыруы ықтимал. Егер адам бірнеше сағат ішінде 3-4 литр суды өте тез ішіп қойса және бұл ретте электролиттердің орнын толтырмаса, қауіп арта түседі", – деді Жанар Тюлюбаева.

Сарапшының айтуынша, ылғал тепе-теңдігінің ең қарапайым көрсеткіші – зәрдің түсі. Ашық сары түс қалыпты жағдайды білдіреді, ал қою сары түс ағзаға шұғыл түрде су қажет екенін көрсетеді.

Ыстық ауа райында ағзаға салмақ түсірмейтін жеңіл тағамдарды тұтынған абзал. Егер аллергия болмаса, рационға балғын көкөністерді, жемістерді, көк шөптер мен майлы емес тағамдарды көбірек қосқан жөн. Ауыр, майлы, ащы және тым тұзды тағамдарды, әсіресе күн ең ыстық кезде шектеген дұрыс.

Далаға қашан шығу керек және қалай киіну қажет?

Сарапшының сөзінше, ең қауіпті уақыт – сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін. Егер далаға шығу қажет болса, Тюлюбаева бірнеше ережені сақтауды ұсынады:

көлеңкеде жүру; табиғи матадан тігілген ашық түсті, кең киім кию; бас киім мен күннен қорғайтын көзілдірік тағу; өзіңізбен бірге су алып жүру.

"Ауа райы болжамында ультракүлгін сәулелердің деңгейіне назар аудару маңызды. Бұл әр адам үшін үйреншікті әдетке айналуы тиіс", – деп толықтырды сарапшы.

Анықтама: Ультракүлгін деңгейін білу арқылы алдын ала қорғаныс шараларын жасауға болады: күннен қорғайтын кремді пайдалану, бас киім мен көзілдірік тағу, сондай-ақ мүмкіндігінше күннің ең ыстық уақытында далада жүруді шектеу қажет.

Фото:depositphotos.com

Ыстық ауа райында не істеуге болмайды?

Сонымен қатар сарапшы аптапта жиі жіберілетін, бір қарағанда зиянсыз болып көрінетін қателіктерді де атап өтті.

Біріншісі – мұздай су ішу. Бұл қантамырлардың түйілуіне және тамақтың ауруына әкеледі, сондықтан салқын су ішкен дұрыс. Екіншісі – кондиционердің астында өте төмен температурада отыру. Дала мен бөлме арасындағы температураның күрт айырмашылығы суық тиюге әкелуі мүмкін. Температура айырмашылығы тым үлкен болмауы тиіс. Үшіншісі – шөлге шыдау. Қатты шөлдеуді күтпей, суды жүйелі түрде ішіп тұру керек. Төртіншісі – физикалық жүктеме кезінде бұлшықеттің түйілуіне мән бермеу.
"Ыстықта физикалық белсенділік кезінде қол, аяқ немесе іш бұлшықеттерінің тартылуы мен түйілуі – бұл терлеу салдарынан электролиттердің жоғалуының алғашқы белгісі. Бұл жағдайда жүктемені тоқтатып, көлеңкеге бару керек және тек суды емес, тұзды да толықтыру қажет. Мәселен, аздап тұз қосылған су немесе арнайы электролит ерітінділерін ішу керек", – деп түсіндірді сарапшы.
Бесіншісі – балаларды, қарт адамдарды немесе үй жануарларын жабық көлікте тіпті бірнеше минутқа болсын қалдыру.

"Ыстықта үй жануарларын да қорғау керек: оларды таңертең немесе кешкі уақытта серуендету, күн қызып тұрғанда асфальтпен жүргізбеу (ол қатты қызып, табандарын күйдіреді), су мен көлеңкеге тұрақты қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Жануарлардағы ыстық өту белгілері – ауыр тыныс алу, қозғалудан бас тарту", – деді Тюлюбаева.

Негізгі қорытынды

Ыстыққа төзімділікті арттыру үшін салқын бөлмелерде болуға тырысыңыз және әсіресе сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін тікелей күн сәулесінің астында ұзақ жүруден аулақ болыңыз. Шөлдемесеңіз де, жеткілікті мөлшерде су ішіңіз, сондай-ақ ағзаның сусыздануына әкелетін алкоголь мен тәтті газдалған сусындардан бас тартыңыз. Табиғи матадан тігілген жеңіл киім киіп, бас киім мен күннен қорғайтын көзілдірік тағыңыз, ал сыртқа шығар алдында күннен қорғайтын крем жағыңыз.

Аптапта балаларға, қарттарға, жүкті әйелдерге және созылмалы аурулары бар адамдарға ерекше көңіл бөлу керек, өйткені олар күн өтуге немесе дене қызуының көтерілуіне өте сезімтал келеді. Сондай-ақ қажетті қорғаныс шараларын алдын ала қабылдау үшін ауа райы болжамын, соның ішінде ультракүлгін сәулелену деңгейін бақылап отыру пайдалы.

Анықтама: Жанар Тюлюбаева, қоғамдық денсаулық сақтау сарапшысы, қоғамдық денсаулық сақтау және мемлекеттік басқару магистрі. ҚР ДСМ Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының Гигиена және денсаулықты қорғау департаментінің директоры, жұмыс өтілі – 13 жылдан астам.

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ

Астана мен Алматыда аптап салдарынан жедел жәрдем шақырушылар саны артқан

Аптап ыстықта су көп ішу неге қауіпті? Сарапшы қазақстандықтарға ескерту жасады

Google News арқылы жаңалықтарымызды қадағалаңыз

Жазылу

Ауа райы

Болжам

Қазақстан

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:138
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Шілде 2026 15:43
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Эр Риядтағы әуежайға жасалған шабуыл: 12 адам қаза тауып, 300 ден аса адам жараланды

11 Қазан 2026 22:08see146

АҚШ та жаппай атыс болып, тоғыз адам қаза тапты

12 Қазан 2026 00:34see142

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see135

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see133

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see131

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see131

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see130

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see130

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see128

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see128

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see127

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see127

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see126

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see123

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see121

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see116

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see116

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see115

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see113

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары