Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті орнықтыру қажет

Жемқорлыққа қарсы мәдениетті орнықтыру қажет

Egemen.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

Елде адалдық идеологиясы қайтсе орнығады? Бұл сұрақ кейінгі үш жылда мемлекеттік басқару жүйесі мен қоғам үшін аса маңызды тақырыптың біріне айналды. Өйткені бұл қағидат жең ұшынан жалғасқан жемқорлықтың алдын алатын, халықтың билікке деген сенімін арттыратын фактор. Осы бағытта Мемлекеттік қызмет істері агенттігі арнайы диалог алаңын құрып, алғашқы отырысын өткізді.

Басқосудың басты мақсаты – адалдық мәдениетін қалып­тастыруға және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу­ға бағытталған ортақ әрі тиімді тәсілдерді айқындау. Талқылауға Парламент депутаттары, Қазақстан халқы Ассамб­лея­сының өкілдері, академиялық қауым­дастық, азаматтық қоғам институттары мен бұқаралық ақпарат құ­рал­дарының өкілдері қатыс­ты.

– Президент «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің алдына сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетті қалыптастыру, ағар­тушылық жұмысты кү­шейту жөнінде нақты мін­деттер қойды. Осы тапсыр­маларды жүзеге асыру – агент­тіктің негізгі басым­дық­та­рының бірі. Заңнамалық және нормативтік-құқықтық актілердің қатаңдығына қарамастан, қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністері әлі де кездесіп отыр. Бұл жағдай жемқорлықпен күресте тек құқықтық тетіктермен шек­телу жеткіліксіз екенін көрсетеді. Сондықтан оның алдын алудың тиімді жолы ретінде қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мә­дениетті орнықтыру мәсе­лесі айрықша маңызға ие болып отыр. Халықаралық тәжірибелерде, мұндай мә­дениетті қалыптастыру жүйелі әрі кешенді жұмысты талап етеді. Осы орайда Агент­тік қоғам өкілдерін, заң­герлерді, сарапшылар мен азаматтық қоғам институттарын бір алаңға жинап, тақырып төңірегінде ой алмасып, бірлесе талқылауды маңызды деп санайды. Мұндай пікірталас алаңы ағартушылық жұмыстың нақты мақсатын айқындауға, қолданыстағы механизмдерді жетілдіруге және оларды тиімді іске асыру жолдарын белгілеуге мүмкіндік береді, – деді Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Дархан Жазықбай.

Сарапшылар адалдық құнды­лық­тарын ерте жастан бастап қалыптастыру, білім жүйесінде парасаттылық қағи­даттарын кеңінен енгі­зу және мемлекеттік қыз­метшілердің жеке жауап­кер­шілігін арттыру қажеттігін айтты.

– Мәдениет адамның бойындағы тәрбиеден, мінез-құлқынан және әлеуметтік ортасынан қалыптасады. Мемлекет басшысы атап өткендей, адалдық пен әділдік қағидаттары отбасы, мектеп, студенттік орта сынды адам болмысы қалыптасатын әр кезеңде тұрақты түрде дәріптелуге тиіс. Қарапайым ұрандармен немесе бір реттік насихатпен бұл мақ­сатқа қол жеткізу мүмкін емес. Адалдық мәдениеті мен мемлекетшілдік идеясы азаматтың бойына ерте жастан сіңуі қажет. Осы бағытта әр министрлік өз міндеттері аясында белсенді түрде атсалысуы маңызды. Сонымен қатар мемлекеттің саясатын, ұстанымын, Пре­зи­дент айқындаған негіз­гі қағидаттарды халыққа кеңі­нен түсіндіру үшін арнайы ақпараттық топтар құрыл­ғаны жөн. Олар шалғайдағы аймақтарға барып, жергілікті тұр­ғындарға түсіндірме жұ­­мысын жүргізеді. Әри­не, әлеуметтік желі, БАҚ өкіл­де­рі бар. Десек те ел орта­сына барып, бетпе-бет ашық әңгі­мелерді айту бөлек дүние. Мұндай жүйелі және кешенді тәсіл қоғамдағы адалдық пен әділдік қағидат­та­рының орнығуына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға септігін тигізеді, – деді Сенат депутаты Нұртөре Жүсіп.

Жиында «Қоғамдық пікір» институты жүргізген әлеу­меттік сауалнама нәтиже­лері жарияланды. Онда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағы­тындағы жұмыстың аза­маттардың құқықтық сана­сының артуына ықпал етіп, қоғамдық бағалауларда оң өзгерістерге әкелгені айтылды.

Мәселен, халық арасында жемқор­лықты қабылдау деңгейі өткен жылмен са­лыстырғанда 32,9%-дан 31,9%-ға дейін төмендеген. Ал қылмыстық қудалауға тар­тылған мемлекеттік қыз­метшілердің үлесі 2023–2024 жылдардағы 0,4%-дан өткен жылдың қорытындысы бо­йынша 0,3%-ға дейін қыс­қарды.

Бұл мәселеде ақпарат­тық-ағарту жұмысы мен азаматтық қоғамның парасат­­ты­­лықты, моральдық-әдеп бағ­дар­ларды, сондай-ақ рухани құн­дылықтарды ілгері­летуге қатысу дәре­жесі маңыз­ды рөл атқарған.

Іс-шара қорытындысында қатысу­шылар жемқорлыққа қарсы тұрақты мәдениетті қалыптастыру білім ордаларынан бастап, отбасылық және қоғамдық кеңістікті дәйекті түрде қамтитын жү­йелі және ұзақмерзімді сипатта болуға тиіс деген тұжырым жасады. Өйткені тек бүкіл қоғамның белсенді қатысуымен ғана тұрақты сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға болады. 

Соңғы жаңалықтар

24 отбасы қоныстойын тойлады

Қоғам • Бүгін, 08:20

Адамды алмастырмайды

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:15

Тұлғатанудағы ерекше туынды

Басылым • Бүгін, 08:10

Барқында тұқым жинау басталды

Аймақтар • Бүгін, 08:05

Ажырасу тіркелмеген аудан

Аймақтар • Бүгін, 08:02

Америкада білім алу мүмкіндігі

Білім • Бүгін, 08:00

Аида Балаева кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі өңірлік комиссиялардың құрамын жаңартуды тапсырды

Үкімет • Кеше

Оқушылар өмірдің өзін сахналады

Мектеп • Кеше

Отандық стартап саласына 73 млн доллар инвестиция тартылды

Инвестиция • Кеше

Президент: Жаңа Конституция бойынша түпкілікті шешімді халық референдумда қабылдайды

Президент • Кеше

Еліміздің 16 өңірінде ауа райына байланысты дауылды ескерту жарияланды

Ауа райы • Кеше

Биометриялық деректерді пайдалану тәртібі нақтыланды

Қоғам • Кеше

Жаңа Конституция жобасының мәтіні қайда жарияланады?

Ата заң • Кеше

Биыл Жамбыл облысында 76 канал жөнделеді

Аймақтар • Кеше

Елордада оқушылар арасында әдеби байқау өтті

Елорда • Кеше

Барлық жаңалықтар

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:203
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 31 Қаңтар 2026 09:22
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары