Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

Президент көлік министрін қызметінен босатты

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

Жетісу облысы Достық ауылында Келешек мектебі ашылды

Жетісу облысы Достық ауылында Келешек мектебі ашылды

Qazaq24.com, Inform.KZ дереккөзінен алынған мәліметтерге сүйене отырып ақпарат бөліседі..

Алты жүз орынға арналған бұл білім мекемесі аталған жоба аясында тұрғызылған облыстағы екінші мектеп. Бұған дейін осындай 1200 орындық Панфилов ауданының Жаркент қаласында ашылған болатын.

Фото: Жетісу облысы әкімдігі

Жаңа мектептің ашылуына арнайы барған облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов ауыл тұрғындарын қуаныштарымен құттықтады.

— Республикалық Тамыз конференциясында Президентіміз қала мен ауыл мектептеріндегі білім беру деңгейін теңестіру міндетін қойған болатын. Соған сәйкес облыста әсіресе ауылдық жерлердегі білім саласының инфрақұрылымын жақсартуға көп көңіл бөлініп келеді. Жыл сайын мектептердің материалдық-техникалық базасын нығатуға да ерекше назар аударылады. «Келешек мектебі» жобасының да негізгі мақсаты осы, — деген Диас Есдәулетов оқушыларға оқуда табыс, мектеп ұжымының еңбектеріне жеміс тілеп, мектепке автобус көлігінің кілтін тапсырды.

Фото: Алакөл ауданы әкімдігі

Сол сияқты «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Ұлттық жобаны іске асыру және өңірлік даму жөніндегі құрылыс департаментінің директоры Қайрат Өтегенов тілегін білдірді. Мұнан соң «VentKarkara service» құрылыс компаниясының директоры Еркін Ахметжанов мектеп директоры Айнагүл Садиеваға мектептің символдық кілтін ұсынды.

Осыдан кейін қонақтар, жалпы жиналған қауым мектептің ішін аралап көрді. Бұл жаңа мектеп талапқа сай жабдықталған, мұнда оқушылардың жан-жақты дамуына барлық жағдай жасалған. Жаңа пән кабинеттері, робототехника, лингвистика кабинеттері, STEM зертханасы, кітапхана, шеберхана, хореография залы, асхана және басқа да қажетті сыныптар мен залдар қарастырылған. Мектепте 59 мұғалім жұмыс істейді. Солардың ішінде жаңадан оқу бітіріп келген жас мамандар да бар.

Фото: Алакөл ауданы әкімдігі

— Мен мектепті осы Достық ауылынан оқып бітіргенмін. Жоғары оқу орнын тәмамдап, жас маман ретінде өз ауылыма еңбегімді сіңіруге келіп отырмын. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімімін. Алғашқы еңбек жолымды осындай «Келешек мектебінен» бастау — мен үшін мәртебе. Көрсетіліп жатқан әдістемелік көмектер, қолдануға ыңғайлы инфоқұрылымдық технологиялар жас мамандарға үлкен қолдау болады деп ойлаймын, — дейді Гүлнұр Абылайханова.

Фото: Алакөл ауданы әкімдігі

Ата-аналар қауымы да жаңа мектептің салынғанына дән разы.

— Бүгін баршамыз үшін ерекше қуанышты күн. Шалғай орналасқан Достық ауылында білім мен тәрбиенің жаңа ордасы ашылып отыр. Ата-аналар қауымы да, балаларымыз да осы күнді асыға күттік. Атына заты сай заманауи техникамен жабдықталған осындай мектепте оқу — біздің балаларымыз үшін керемет мүмкіндік. Сапалы білім алып қана қоймай мұнда түрлі үйірмелерге қатысып, жан-жақты дамуларына барлық жағдай жасалғаны бізді қатты қуантты. Енді тек қана жақсы оқып, алаңсыз білім алуын ата-ана ретінде қадағалап, мұғалімдермен қоян-қолтық жұмыс істейміз, — дейді Жадыра Мұжыбаева.

Жалпы Жетісу облысында Бүгінгі күні облыста 6 мектептің құрылысы жүргізілуде, соның 3-еуі биыл қолданысқа беріледі. 

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:151
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 03 Қараша 2025 20:06
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Мемлекет басшысына елімізді газбен қамтамасыз ету және жаңа газ өңдеу зауыттарының құрылысы туралы есеп берілді

03 Қараша 2026 13:47see167

Алматыда тарихи ескерткіштер тізіміне тағы 27 нысан енгізілуі мүмкін

03 Қараша 2026 13:02see165

Джонни Депп өзінің аңызға айналған рөліне оралуы мүмкін. Актер маңызды сұраққа жауап берді

03 Қараша 2026 16:33see163

Министр нақты кімдердің жалақысы өсетінін айтты

03 Қараша 2026 17:37see160

Ақтөбеде неке сарайында бойжеткенді өлтіріп кетті

03 Қараша 2026 17:42see156

Орталық әмбебап дүкен (ОӘД), ҚазҰУ және Атакент : Алматыдағы қай ғимараттар ескерткіш атануы мүмкін

03 Қараша 2026 17:01see156

Әділет партиясы Adilet 365 цифрлық экожүйесін дамытып келеді

03 Қараша 2026 12:38see144

Қазақстандық жасанды интеллект әлемдік нарыққа шықты: отандық әзірлеушілер инвесторлардың назарын аударды

03 Қараша 2026 16:58see140

3 қарашадағы сауда саттықта доллар бағамы төмендеуін жалғастырды

03 Қараша 2026 15:52see137

Еуразиялық экономикалық одақтың нарықтарды қорғау тәжірибесі таныстырылды

03 Қараша 2026 14:08see133

Өзгенің көлігін майыстырып алды немесе біреу зардап шекті: жүргізушіні не күтіп тұр

03 Қараша 2026 12:32see130

Қазақстан жолдары жапон технологиясымен тексерілуі мүмкін

03 Қараша 2026 16:51see127

Президент көлік министрін қызметінен босатты

03 Қараша 2026 18:25see121

Ұмай ипотекасына талас: Алматыда тұрғындар банкке кіру үшін бірін бірі итермеледі

03 Қараша 2026 17:44see121

Әсел Жанасова көлік министрі болып тағайындалды

03 Қараша 2026 18:18see120

Ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге дейін көтеріледі: қазақстандықтардың қайсысының табысы артады

03 Қараша 2026 16:49see117

Сарапшы Украинада туыстарын іздегендердің Киев маңындағы көтерілісі туралы ойын айтты

03 Қараша 2026 17:05see115

Атырауда өндіріс өкілдерімен ашық диалог өтті

03 Қараша 2026 16:50see114

Президент Жолдауы: дәуірдің жаңа дәптері

03 Қараша 2026 13:47see110

“Ұмай“ ипотекасы үшін кептеліс пе? Алматыдағы Отбасы банк бөлімшесінің алдында халық жиналды

03 Қараша 2026 13:51see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары