Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

Жетісу университетінде AI стартаптары бастау алды

Жетісу университетінде AI стартаптары бастау алды

Aikyn.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com мәлімдеме жасады..

«AI Sana» мемлекеттік бағдарламасы аясында және елдегі цифрлық трансформацияны қолдау мақсатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде «AI Sana – Digital Kazakhstan: Projects of the Future» атты республикалық студенттік жобалар конкурсы өтті.

Студенттердің цифрлық инновациялық әлеуетін дамытуға бағытталған республикалық конкурс елімізде алғаш рет ұйымдастырылып отыр.

Байқаудың іріктеу кезеңінен еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының 14 командасы финалға өтті. Олардың қатарында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, Satbayev University, Yessenov University және басқа да оқу орындарының командалары бар.

Байқаудың ашылу салтанатында І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Басқарма төрағасы – ректор Ермек Бөрібаев студенттердің цифрлық технологиялар мен ЖИ саласындағы бастамалары болашақта табысты стартаптарға айналып, ел игілігіне қызмет ететініне сенім білдірді.

Сондай-ақ, Ғылым және жоғары білім вице-министрі Динара Щеглова шараға онлайн форматта қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Байқауға IT және бизнес саласының өкілдері: Жетісу облысы әкімдігінің ақпараттық технологияларды енгізу және дамыту бөлімінің басшысы А. Хамзинова, Жетісу облысы кәсіпкерлер палатасының адами капиталды дамыту бөлімінің жетекшісі Ә. Исмаил, «Қазақтелеком» АҚ өкілі С. Қалиев, «ASMA Industrial» ЖШС IT бөлімінің басшысы С.Чернышев және «Еуразиялық банк» АҚ филиалы директорының орынбасары С. Осинская қазылық етті.

Байқауда медициналық қызметкерлерге, жүргізушілерге, оқытушыларға арналған интеллектуалды қосымшалар мен ЖИ стартаптары, сондай-ақ туристерге, инклюзивті оқытуға, әлеуметтік мәселелерді шешуге, кибер алаяқтықтан қорғауға және басқа да инновациялық қосымшалар таныстырылды.

Идеяның жаңашылдығы мен бірегейлігі, практикалық маңыздылығы, технологиялық деңгейі және жобаны таныстыру білігі бойынша жүлделі I орынды (500 мың теңге) М.Х. Дулати атындағы Тараз университетінің «IPT Group» командасы жеңіп алды. Байқаудың II орынын (300 мың теңге) І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің «Zhetysu AI» командасы мен Yessenov University «NB-371» командалары иеленді. III орын (100 мың теңге) Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ - «QalqanAI» командасына, ҚазҰҚызПУ -«SERPIN» командасына және Абылай хан атындағы ҚазХҚжӘТУ - «AI-OSINT» командасына берілді. Сондай-ақ, барлық қатысушы командаларға номинациялар бойынша марапаттар табысталды.

Жеңімпаздарды марапаттаған І. Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің Цифрландыру және стратегиялық даму жөніндегі проректоры Тимур Жумагулов барлық командаларға алғысын білдірді.

Тілеукулова Еркежан, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің студенті:

Ақпараттық технологиялар және жасанды интеллект факультетінің студенті:

- Біз медициналық мекемелерге арналған модульді қосымшаны жасадық. Ол туғаннан кейінгі көмек пен алғашқы 1000 күнге арналған балаларға қолдау көрсетуге бағытталған және барлық деректер Қазақстан аумағында сақталады. Әрбір мекеме жүйені өз серверінде орната алады (24 ГБ), ал модульдерді әртүрлі медициналық салаларға бейімдеуге болады — мысалы, онкология, психология және т.б. Қазіргі уақытта медициналық қызметкерлер қағазбасты жұмыстарға көп уақыт жұмсайды. Біздің қосымша осы процестерді автоматтандырып, дәрігердің жұмысын жеңілдетеді. Сонымен қатар, біз дәрігерлермен бірлесіп жұмыс істеп, олардың нақты қажеттіліктеріне сай шешім ұсынамыз және ЖИ көмегімен консультативтік процесті оңтайландырамыз».

Келгенбай Жанерке, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің студенті:

- Бүгінгі байқауды тек жарыс емес, үлкен мүмкіндіктер алаңы деп есептеймін. Біздің “Drive Service” жобасы — жүргізушілердің қауіпсіздігін жаңа деңгейге көтеретін интеллектуалды жүйе. Біз жүргізушінің эмоциясын анықтап, қауіпсіздік белбеуін тағу, телефон қолдану сияқты маңызды факторларды бақылап, осы деректерді ЖИ арқылы өңдейміз және құнды аналитикалық база қалыптастырамыз. Жоба гибридті форматта жұмыс істейді — мобильді қосымша және веб-платформа арқылы. Біздің басты мақсатымыз — бұл технологияны автомобиль индустриясына интеграциялап, жаһандық нарыққа шығару және жол қауіпсіздігін арттыруға үлес қосу.

Ержүрек Шыңғыс, Satbayev University, Computer Science мамандығының 4 курс студенті:

- Біз оқытушыларға арналған модульді қосымшаны жасап, қазір экожүйеге көшіп жатырмыз. Біздің өз веб-сайтымыз, Telegram-ботымыз және оқытылған моделіміз бар. Модельдің ерекшелігі — университеттің барлық деректерін жинап, нақты әрі дәл жауап беруінде. Сайттың негізгі мақсаты — есеп беру процесін автоматтандыру. Яғни мұғалімдер жыл соңында қолмен жасайтын есепті біз автоматты түрде қалыптастырамыз, ал студент сабаққа қатыспай қалса немесе үлгерімі төмендесе, жүйе мұғалімді автоматты түрде хабардар етеді. Біздің шешімнің басты артықшылығы — мұғалімнің уақытын үнемдеп, оның негізгі міндеті — сапалы білім беруге назар аударуына мүмкіндік жасау. Сонымен қатар, біз дайын API қолданбай, өз моделімізді оқытып жатырмыз, бұл жүйенің дәлдігін арттырып, қажетсіз ақпаратты болдырмауға көмектеседі.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM   арнасынан табасыз.

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:195
embedДереккөз:https://aikyn.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 02 Сәуір 2026 22:28
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Президентке Қорғаныс министрлігіндегі жоспардан тыс аудиттің барысы туралы баяндалды

05 Қазан 2026 16:26see138

Мүгедектігі бар адамдарды жұмысқа орналастыру квотасының орындалуы тоқсан сайын бақыланады

05 Қазан 2026 15:44see136

Қазақстандағы Тікенектер белгісі айыппұл болмаса, оны жабыстырудың не қажеті бар

05 Қазан 2026 09:29see135

Алматыдағы түнгі ойын сауық орнында қызғаныштан жаппай төбелес болды

05 Қазан 2026 19:06see135

Алматыда сазандар мен ақ амурлар мекендейтін құпия су айдыны табылды

05 Қазан 2026 18:33see134

Қазақстанда Иранның үш азаматы сотталды

05 Қазан 2026 13:04see133

13 жастағы баланың өлімі: Ақтауда хирург күдікті ретінде ұсталды

05 Қазан 2026 12:30see132

ҰҚК ұстаған сот төрағасы мен судья ірі көлемде пара алғаны үшін 9 жылға сотталды

05 Қазан 2026 17:52see126

Венгрия Украинаның Еуроодаққа кіру келіссөздеріне қойылған ветоны алып тастайды БАҚ

05 Қазан 2026 22:07see126

Үржар және Атырау әуежайларында өзгерістер күтілуде: жолаушылар үшін не өзгереді

05 Қазан 2026 15:34see124

Қазақстанда кептеліс мәселесімен жаңаша айналысады: премьер әкімдіктерге тапсырма берді

06 Қазан 2026 10:57see122

Сапарды кейінге қалдырыңыз : Көлік министрлігі жүргізушілерге ескерту жасады

06 Қазан 2026 10:24see121

Банктер қандай жағдайда адамның несиесін толық кешіретіні белгілі болды

06 Қазан 2026 14:54see121

Министр цифрландырудың арқасында үнемделген қаржы көлемін айтты

06 Қазан 2026 12:42see120

Қолайсыз ауа райы: полиция азаматтарды жолда сақ болуға шақырды

05 Қазан 2026 19:42see120

Тоқаев балаларға ерте жастан не түсіндіру керектігін айтты

05 Қазан 2026 15:02see119

Астанада шатырдан құлаған құрылыс материалдарынан автомобильдер зардап шекті

06 Қазан 2026 13:27see118

БАӘ Қазақстанға іздеуде жүрген үш адамды берді: олар не үшін күдікті деп танылды

06 Қазан 2026 11:27see114

Тоқаев Қазақстан мен Оман қандай салаларда бірлескен жобаларды жүзеге асыра алатынын айтты

06 Қазан 2026 19:40see113

Тоқаев қылмыстық істер бойынша Еуропамен өзара құқықтық көмекті реттейтін заңға қол қойды

06 Қазан 2026 20:27see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары