Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

Ордабасы футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

Инфрақұрылымдық дамудың жаңа серпіні

БҚО да құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

Ресей Украинаға 36 баллистикалық зымыран ұшырған: оның төртеуі ғана атып түсірілді

Екі ел арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті шамамен 7 миллион тоннаны құрады

Жіберіп алмаңыз: қазан айының басты астрономиялық оқиғалары

Жіберіп алмаңыз: қазан айының басты астрономиялық оқиғалары

Tengrinews.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Қазанда түнгі аспанды тамашалауды ұнататындар үшін бірнеше қызықты оқиға болады. Ай бойы қазақстандықтар Драконидтер мен Орионидтер метеор ағынын, Сатурн мен Веста астероидының қарсы тұруын және басқа да құбылыстарды көре алады, толығырақ - Tengri Life-та.

Фесенков атындағы Астрофизика институтының маманы Светлана Мошкина қандай оқиғаларға назар аударған жөн және аспанды қашан бақылаған дұрыс екенін айтып берді.

Бір айда екі метеор ағыны

Қазандағы ең қызықты астрономиялық оқиғалардың бірі - Драконидтер мен Орионидтер метеор ағыны болмақ, олардың шарықтау шегі 8–9 және 21–22 қазанға сәйкес келеді.

Драконидтер - 8 және 9 қазан

Драконидтер метеор ағынының ең белсенді кезеңі 8-інен 9-ына қараған түні болжанады. Сарапшының айтуынша, оны 6 және 10 қазан аралығында бақылауға болады, бірақ ең жоғары белсенділік 8-інен 9-ына қараған түнге келеді.

"Метеор ағынының радианты Айдаһар шоқжұлдызында орналасқан. Әдетте сағатына бес метеорға дейін байқалады, алайда кейде белсенділік қысқа уақытқа күшеюі мүмкін. Ағын 21P/Джакобини - Циннер кометасымен байланысты (яғни метеор ағынының көзі осы кометаның ғарышта қалдырған бөлшектері - еск.)", - деді маман.

Ол биыл Драконидтерді бақылау үшін жағдай қолайлы болатынын атап өтті: Айдың жарығы кедергі келтірмейді.

"Бақылау уақыты - 8 қазан кешкі уақыттан 9 қазан таң атқанға дейін. Драконидтер метеоры төмен жылдамдығымен және ұзаққа созылатын жарқыраған іздерімен танымал", - деп толықтырды Светлана Мошкина.

Орионидтер - 21 және 22 қазан

Орионидтер метеор ағынының шарықтау шегі 21-інен 22-сіне қараған түні болжанады. Оның белсенділік кезеңі 2 қазаннан 7 қарашаға дейін созылады.

"Радиант Орион шоқжұлдызында орналасқан, белсенділігі - сағатына 20 метеорға дейін. Бақылау кезеңі - 2 қазаннан 7 қарашаға дейін. Метеор нөсері 1Р/Галлей кометасымен байланысты", - деп атап өтті Светлана Мошкина.

Instagram-дағы бұл жазбаны көру

A post shared by Vaishnav K V (@vaishnav_k_v)

Маманның айтуынша, толып келе жатқан Ай ағынның белсенді кезеңінде бақылауға сәл кедергі келтіруі мүмкін. Сондықтан Орионидтерді бақылау үшін таң алдындағы уақытты таңдаған дұрыс.

"Метеор ағынының белсенділігі бірнеше түнге созылады, ал кейбір жылдары белсенділік бірнеше рет күрт артқаны байқалған", - деп бөлісті ол.

Қазандағы басқа да астрономиялық оқиғалар

Метеор ағынынан бөлек, қазанда Қазақстан тұрғындары Айдың планеталармен бірнеше рет жақындасуын, Сатурн мен Веста астероидының қарсы тұруын, сондай-ақ Айдың түрлі фазасын тамашалай алады.

1 қазан - Ай Уранның жанынан өтеді; 3 қазан - Айдың соңғы ширегі, Астана уақытымен 18:25; 4 қазан - Сатурнның қарсы тұруы: ең аз қашықтық 8,43 а.б., көрінетін диаметрі 19,7 бұрыштық секунд, жарықтығы 0,3 жұлдыздық шама, Кит шоқжұлдызы.
Яғни, қарсы тұру кезеңінде Сатурн түнгі аспанда анық көрінеді. Планета Кит шоқжұлдызында орналасады, оның жарықтығы 0,3 жұлдыздық шама, ал көрінетін диаметрі 19,7 бұрыштық секунд болады; 5 қазан - Ай Марстың қасынан 1 градус қашықтықта өтеді; Айдың Марсты жабуы Чукоткада байқалады;

Ескерту: Яғни, маманның деректері бойынша, Ай Марстан шамамен 1 градус қашықтықта өтеді. Бұл ретте Айдың Марсты жабуын - Ай планетаны бақылаушыдан уақытша тасалаған сәтін Чукоткадан көруге болады.

6 қазан - Ай Юпитерге өте жақын келеді; Африканың, Солтүстік және Оңтүстік Американың кейбір аймақтарында Айдың Юпитерді жабуы байқалады; 10 қазан - жаңа ай, Астана уақытымен 20:50; 12 қазан - Меркурийдің кешкі максималды элонгациясы, 25 градус; Ай Меркурий мен Шолпанның жанынан өтеді. Қарапайым тілмен айтқанда, Меркурий Күннен кешкі ең жоғарғы қашықтыққа - 25 градусқа ұзайды. Бұл уақытта Ай Меркурий мен Шолпанға жақын жерден өтеді; 13 қазан - Веста астероидының қарсы тұруы, оның жарықтығы 6,3 жұлдыздық шамаға жетеді, астероид Кит шоқжұлдызында болады; 18 қазан - Айдың бірінші ширегі, Астана уақытымен 21:12; 23 қазан - Ай Нептунның қасынан өтеді; 24 қазан - Ай Сатурнға жақын маңнан өтеді; 26 қазан - Ай толады, Астана уақытымен 09:11; 28 қазан - Ай Уранның жанында болады.

Сонымен қатар қазан 4-10 қазан аралығында өтетін Дүниежүзілік ғарыш апталығымен ерекшеленеді.

АФИФ мәліметінше, бұл мерекені БҰҰ Бас Ассамблеясы 1999 жылы ғарыш ғылымдарының адамзатқа тигізер пайдасын еске салу үшін белгілеген. Күндер кездейсоқ таңдалмаған: 1957 жылғы 4 қазанда КСРО Жердің алғашқы жасанды серігін ұшырды, ал 1967 жылғы 10 қазанда Ғарыш кеңістігін зерттеу қағидаттары туралы халықаралық шарт күшіне енді.

Жұлдыз ағынын қалай көруге болады: астрофотограф кеңесі

Бағлан есімді алматылық фотограф тамыздағы Персеидтер ағынын түсіріп үлгерген. Сол кезде ол метеорларды бақылауға дайындық және сәтті кадрлар жасау туралы айтып берген болатын.

Оның айтуынша, бұл үшін телескоп немесе арнайы жабдық қажет емес. Ең бастысы - қаладан алыс, жасанды жарық аз түсетін жерді таңдау керек.

"Аспанға бес минут қарап, қайтып кетпеу керек. Метеорлар болжап білуге келмейді, сондықтан камераға бірнеше сағат жұмыс істеуге мүмкіндік берген дұрыс. Кадр неғұрлым көп болса, шын мәнінде әдемі ағынды түсіріп алу мүмкіндігі соғұрлым жоғары болады", - деп атап өтті астрофотограф.

Егер суретке түсіргіңіз келсе, Бағлан кең бұрышты объективі бар камераны алып, оны тұрақты штативке орнатуды ұсынды. Оның айтуынша, түсірілім алдында фокусты жұлдыздарға бағыттап, камераны бірнеше сағатқа қалдыру керек болған.

Ол түнгі бақылау кезінде жылы киім, жамылғы, шай және жеңіл тамақ алып алуға кеңес берді.

Ал метеорлар ағыны кезінде Асы үстірті сияқты танымал орындардан аулақ болуды ұсынды: ол жерге адамдар мен көліктер көп барады, ал көлік шамдары, қолшам мен от қосымша жарық беріп, жұлдыздар мен метеорларды бақылауға кедергі келтіреді.

Сонымен қатар Бағлан ауа райын ескеруді және гидтердің, әсіресе ауа райы тез өзгеретін таулы жерлерде, "жұлдыз ағынына кепілдік берілетіні" туралы уәдесіне сенбеуді ескертті.

Тағы оқыңыз: “Шығу тегі әлі күнге дейін жұмбақ“. Қазақстандықтар қыркүйекте сирек жұлдыз жаууын тамашалай алады

Бізді Google-дың негізгі дереккөздер тізіміне қосыңыз

Қосу
Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:121
embedДереккөз:https://kaz.tengrinews.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 30 Қыркүйек 2026 19:40
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Что мы вдыхаем? Жители Усть Каменогорска получили доступ к данным о качестве воздуха

06 Қараша 2026 19:55see165

Павлодар облысында жас қызбен жыныстық қатынас үшін сотталған жігіт түрмеде өлі табылды

06 Қараша 2026 17:53see162

Әділет партиясы тау кен металлургия кешенінің тұрақты дамуына бағытталған жүйелі шешімдер әзірлейді

06 Қараша 2026 17:51see161

Енем өзімнен бес жас қана үлкен : әнші Бүркіт отбасы туралы айтты (видео)

06 Қараша 2026 21:45see159

Қазақстан отын экспортына шектеуді күшейтті

06 Қараша 2026 17:03see157

2027 жылы көп адамның бетпердесі шешіледі : Көріпкел Ақгүл Әсетқызы елді елең еткізді

07 Қараша 2026 09:53see148

Ақтаудағы мектепте мұғалімнің әдепсіздігі: оқиға салдарынан еңбек шарты бұзылды

06 Қараша 2026 17:20see148

Меруерт Өтекешова: Қыз Жібек өмірімдегі ең үлкен мектеп

07 Қараша 2026 07:15see148

Күліп барып, жылап шықтық... : Астанада деменцияға шалдыққан қарттарға арналған балабақша ашылды

07 Қараша 2026 01:50see144

Астанадағы Соғым FEST жәрмеңкесінде ет арзанға сатылып жатыр

07 Қараша 2026 16:27see144

Қасым Жомарт Тоқаев пен Эмомали Рахмон Қазақстандағы Тәжікстан елшілігінің жаңа ғимаратын ашты

07 Қараша 2026 16:55see140

Школьник высмеял опоздавшего на урок одноклассника: суд наказал его отца

06 Қараша 2026 16:46see140

Медициналық мекемелердің әрбір бесінші басшысы аттестациядан өте алмады

06 Қараша 2026 18:08see140

Эмомали Рахмон Қазақстандағы реформаларға жоғары баға берді

07 Қараша 2026 16:19see136

Ордабасы футболдан Қазақстан кубогын жеңіп алды

07 Қараша 2026 19:23see133

Инфрақұрылымдық дамудың жаңа серпіні

07 Қараша 2026 07:31see122

БҚО да құрылыс алаңында кран құлап, жұмысшы көз жұмды

07 Қараша 2026 17:56see116

Қазақстан мен Тәжікстан 14 құжатқа қол қойды

07 Қараша 2026 15:24see116

Ресей Украинаға 36 баллистикалық зымыран ұшырған: оның төртеуі ғана атып түсірілді

07 Қараша 2026 20:50see114

Екі ел арасындағы авто және теміржолмен жүк транзиті шамамен 7 миллион тоннаны құрады

07 Қараша 2026 16:11see113
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары