Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

Just жұбайлар жыры

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

Тәуелсіздік шыңына шықты

Өңірлер қазан айының соңына дейін нашақорлыққа қарсы жоспар әзірлеуі тиіс

Өңірлер қазан айының соңына дейін нашақорлыққа қарсы жоспар әзірлеуі тиіс

Inform.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сүйене отырып, Qazaq24.com хабарлама жасады..

Премьер-министр Олжас Бектенов Нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі республикалық штаб отырысын өткізді.

Ішкі істер, денсаулық сақтау, оқу-ағарту, мәдениет және ақпарат министрлері Мемлекет басшысының биылғы тамыз айында өткен Қауіпсіздік кеңесі отырысында берген нашақорлықтың таралуына қарсы шаралар қабылдау жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру барысы туралы баяндама жасады. Үкімет жанындағы Құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның тапсырмалары аясында атқарылып жатқан шараларға назар аударылды.

Премьер-министр нашақорлық пен есірткі қылмысы ұлттық қауіпсіздікке қатер төндіретін және жүйелі әрі ведомствоаралық тәсілді талап ететін өзекті мәселе ретінде қала беретінін атап өтті.

— Мемлекет басшысы жариялаған «Заң мен тәртіп» қағидатын қамтамасыз ету — қоғамның орнықты дамуының, құқықтық тәртіпті нығайтудың, азаматтар құқықтарын қорғаудың маңызды шарты. Мемлекеттік органдар нашақорлықтың алдын алу және есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл бойынша ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. Бірқатар заң қабылданып, салалық институттар мен инфрақұрылымдар құрылуда, бұл саладағы халықаралық ынтымақтастық кеңейіп келеді. Аталған жұмыс қарқынын төмендуге болмайды, ол жалпыұлттық сипатқа ие болуы керек, — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Бүгінгі таңда Қазақстанда 2026–2028 жылдарға арналған нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің кешенді жоспары әзірленуде, онда жаңа стратегия мен тәсілдер қолданылады. Жастар арасында, оның ішінде NEET санатындағы оқымайтын және жұмыс істемейтін жастар арасында, алдын алуға ерекше назар аударылады. Бұқаралық спорт пен шығармашылық шешімдердің мүмкіндіктерін белсенді пайдалану қажеттілігі атап өтілді.

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов есірткінің интернет-саудасына қарсы іс-қимыл жөніндегі жұмыстың жанданғаны туралы баяндады. «Кибернадзор» жүйесінің көмегімен анықталған және бұғатталған сайттар саны 11 есеге өсті. Барлығы 26,5 мыңнан астам интернет-ресурс жабылды. 35 мыңнан астам карталық шот бұғатталды, 4 мыңнан астам адам қылмыстық жауапкершілікке тартылды. Осы жылдың 9 айында есірткіге қатысты 6 210 құқық бұзушылық анықталды, 26,1 тонна есірткі алынды.

Премьер-министр ІІМ-ге жыл соңына дейін әкімдіктердің есірткіге қатысты құқық бұзушылықтардың алдын алу жөніндегі қызметін бағалаудың алғашқы жинақталған рейтингін дайындауды тапсырды.

Денсаулық сақтау министрлігі есірткіге тәуелді адамдарды емдеу мен оңалтудың тиімділігін арттыруға бағытталған шараларды қабылдауда. Наркология бойынша клиникалық хаттамалар қайта қаралды және емдеу сапасының халықаралық бағдарламасы енгізілуде.

Фото: Үкімет

ІІМ ұсынысы шеңберінде Мәдениет және ақпарат министрлігімен, отандық өндірушілермен бірлесіп, халықты есірткіге арналған қолжетімді экспресс-тестермен, оның ішінде әлеуметтік осал топтарды тегін қамтамасыз ету мәселесін пысықтау тапсырылды. Бұл бастапқы тұтыну фактілерін анықтайтын алдын алу шарасы болады. Сондай-ақ бір ай ішінде жекеменшік наркологиялық оңалту орталықтарының қызметін реттейтін құқықтық тәсілдерді әзірлеп шығару талап етіледі.

Білім беру саласы тарапынан профилактикалық жұмыстар жүргізілуде: тәрбиелік функцияларды педагог-психологтар мен әлеуметтік педагогтарды қоса алғанда, 360 мың педагог жүзеге асыруда, оқушылар қауіпсіздік сабақтарымен 100% қамтылған, ата-аналарды педагогикалық қолдаудың 6,8 мың орталығы жұмыс істейді. Сондай-ақ тиісті әдістемелік ұсынымдар әзірленді.

Фото: Үкімет

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева есірткіге қарсы насихат бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы баяндады.

Олжас Бектенов профилактикалық жұмыста насихаттаудың заманауи нысандары мен әдістерін қолдану қажеттілігіне назар аударды. Танымал онлайн-платформаларда, кинотеатрларда, қоғамдық көліктерде және азаматтардың жаппай жиналатын орындарында әлеуметтік жарнаманы орналастырудың маңыздылығы атап өтілді. Осыны ескере отырып, «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын жүзеге асыру жөніндегі ақпараттық жұмысты түзету тапсырылды.

Бұдан бөлек, Мәдениет және ақпарат, Жасанды интеллект министрліктері Ұлттық қауіпсіздік комитетімен бірлесіп, мақсатты жарнама мен есірткі сайттарын анықтауға және автоматты түрде бұғаттауға белсенді түрде қосылуы керек.

Синтетикалық есірткінің жаңа түрлерін анықтау үшін Әділет министрлігі Сот сараптамасы органдарын заманауи жабдықтармен жарақтандыру, сарапшыларды іріктеу және даярлау, сондай-ақ рәсімді жетілдіру және сараптама жүргізу уақытын оңтайландыру қажет.

Шекарадағы өткізу пункттері қазіргі заманғы тексеру құралдарымен, шекаралық бақылау мен радиомониторингтің техникалық құралдарымен қамтамасыз етілетін болады.

Өңірлердің әкімдеріне нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі облыстық штабтарды басқару және осы жылдың қазан айының соңына дейін жергілікті жағдайлар мен бюджеттердің мүмкіндіктерін ескере отырып, нашақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі нақты шараларды әзірлеу тапсырылды.

Премьер-министр бұл шаралардың барлығы кешенді жоспарда көрініс табуы тиіс екенін атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша штабтың 2026 жылға арналған жұмыс жоспары мақұлданды.

Айта кетелік Алматыда биыл жарты тоннадан астам есірткі тәркіленді. 

Маңызды жаңалықтар мен жаңартуларды өткізіп алмау үшін Qazaq24.com сайтын қадағалаңыз.
seeКөрілімдер:204
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 15 Қазан 2025 17:41
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Тоқаев Ақордада Бельгия королі мен патшайымын қабылдады

12 Қазан 2026 12:25see141

Саясаттанушы: Қоғам ел басқаруға сайлау арқылы ғана қатыспайды

12 Қазан 2026 17:49see139

Тоқаев пен Король Филипп БАҚ өкілдеріне арналған брифинг өткізді

12 Қазан 2026 17:08see137

ЕАЭО елдерінің астаналарында орташа жалақыға қанша азық түлік сатып алуға болады

12 Қазан 2026 15:49see137

Көкшетауда жұмысшы биіктен құлап кетті

12 Қазан 2026 11:07see137

Ақмола облысында кредит алмақ болған әйел 2 млн теңгесін алаяқтарға беріп жіберген

12 Қазан 2026 17:59see136

АҚШ Украинадағы қақтығыстың соңғы кезеңде екенін мәлімдеді

12 Қазан 2026 09:28see136

Эр Рияд әуежайындағы жойқын жарылыс видеоға түсіп қалды: қаза тапқан адам бар

12 Қазан 2026 10:51see135

Белгілі ақын Жанна Елеусіз дүниеден озды

12 Қазан 2026 16:18see135

Перизат Қайраттың туыстарының Дубайдағы пәтерлері: ҚМА не анықтады

12 Қазан 2026 15:46see134

Қазақстанда музыка мен бейнелеу өнерінің майталмандарына екі жаңа мемлекеттік награда тағайындалады

12 Қазан 2026 17:49see132

Қазақстан 2028 жылға қарай май экспортын 1,5 млрд долларға жеткізуді жоспарлап отыр

13 Қазан 2026 01:18see130

Қазақстанда 450 мыңға жуық баланың мектепке дайындығына 23 миллиард теңге қарастырылды

13 Қазан 2026 01:18see129

Just жұбайлар жыры

13 Қазан 2026 07:01see122

Жасыл энергетика: жаңа кезеңнің жаршысы

13 Қазан 2026 06:56see122

Ақтауда санитариялық эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының міндетін атқарушы ұсталды

12 Қазан 2026 15:18see121

Телефондарды верификациялау eGov жүйесіне көшірілді

13 Қазан 2026 06:42see119

Күн сәулесі Сырдағы сарқылмайтын ресурс

13 Қазан 2026 06:16see117

Король Филипп ілтипатпен қарсы алғаны үшін Тоқаевқа алғыс айтты

12 Қазан 2026 17:20see115

Тәуелсіздік шыңына шықты

13 Қазан 2026 04:31see115
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары