Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

Уақытпен үндескен ұрпақ

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

Цифрлық дәуірдегі дала

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

Жол сапасы туризмді дамыту тетігі

Жол сапасы туризмді дамыту тетігі

Qazaq24.com, Egemen.KZ дереккөзінен алынған ақпаратқа сүйене отырып мәлімет бөліседі..

Аспантау аясының көркем табиғатын тамашалауға жыл сайын мыңдаған турист жолға шығады. Даңқы әлемге жайылған көрікті Көлсай, Қайыңды көлдері, шұғылалы Шарын шатқалдарына жыл он екі ай келушілер толастамайды.

Әсіресе жаз маусымында бұл жерлерге келетін адам қарасы қалың. Оған қоса әйгілі Хан Тәңірі шыңының етегі мен Шалкөде, Қарқара жайлауына, одан әрі Ыстықкөлге қатынайтын туристер де аз емес. Осы тұрғыда Алматы облысында тау туризмін қалыпты дамыту ісінде аталған жерлерге жеткізер күре жолдардың жасалуы аса маңызды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жергілікті жолдардың кемінде 95%-ын жақсартуды тапсырды. «Автожол құрылысына, соның ішінде жергілікті жолдардың сапасына баса мән беру керек. Бюджеттен қыруар қаржы бөлінсе де, бұл мәселе әлі шешім таппай отыр. Үкімет бұл мәселені тікелей бақылауға алсын», деп атап өтті.

Сондай-ақ биылғы Жолдауында: «Мен шілде айында туристік жерлердің барлығын ретке келтіру туралы тапсырма бердім. Бұл жұмыс жеке бақылауымда. Жұрт жиі баратын демалыс орындарынан бөлек, болашағы зор басқа да бағыттардың әлеуетін арттыру маңызды. Осы орайда, Алматы қаласы мен Алматы облысындағы тау туризмі мен тау шаңғысы туризміне арнайы тоқталғым келеді. Қазіргі бұл бағыттағы ең өзекті мәселе – заманауи инфрақұрылым салу. Егер осы міндетті ойдағыдай орындасақ, еліміздің курорттары жер жүзіне танылып, Қазақстанның бетке ұстар ұлттық бренді болмақ», деп қосымша пысықтады.

Президент тапсырмасы бүгінде Алматы облысында қарқынды жүзеге асыры­лып жатыр. Биыл өңірдің респуб­ликалық маңызы бар жолдарының 247 шақырымында орташа жөндеу, оның ішінде Райымбек, Кеген, Ұйғыр аудандарында 200 шақырым жолда жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр. Жобаның жалпы құны 23 млрд теңгенің көлемін құрайды. Туризмі мен тіршілігі қайнаған облыстағы жол сапасының жақсаруы таулы өлке тұрғындарының тыныс-тіршілігін түрлендіріп, көлік инфрақұрылымын дамытып, экономикалық әлеуетін арттыра түседі. Сондай-ақ таулы аймақта туризмнің дамуына, шағын және орта бизнестің өріс алуына да оң ықпал етеді.

Жол жөндеу жұмыстарына келер болсақ, бүгінде таулы өлкенің таңғажайыбы – Көлсай көлдеріне жет­кізетін Жалағаш-Саты автомобиль жолындағы жөндеуден өткен ең соңғы учаскесі 18 бен 24 шақырым ара­лығын­да асфальт төсеу жұмыстары толық аяқталып, тақтайдай тегіс жол ел игілігіне берілді.

– Осы аралықта үш шақырым ескі жол болған. Былтыр халықтың сұрауы, әкімдіктің өтінімі негізінде жөндеуді қолға алдық. Алайда геодезиялық зерттеу барысында жолды жылжыту туралы шешім қабылданды. Себебі таулы аймақ болғандықтан, жолға лай су жиналып, тез тоздырып жібереді. Осыны ескеріп, жолды үш шақырымға созып, жылжыттық. Жөндеу жұмыстары биыл мамыр айында басталған еді, белгіленген мерзімде аяқтап отырмыз», – деді «ҚазАвтоЖол» ҰК Алматы облыстық филиалының бөлім басшысы Досбол Тепышев.

Көлсайға жыл басынан бері 450 мыңнан аса турист келген. Бұл өз кезегінде жергілікті халықтың табыс көзін еселеуге септігін тигізіп отыр.

– Таулы аймақтың халқы туризммен күн көріп отыр. Көлсай мен Қайыңдыға ғана емес, жер жәннатты Орта, Шет Меркіге жаңа бағыттар ашылып жатыр. Жол құрылысы аяқталса, жасыл кілемдей құлпырған сол бағыттарға келетін туристер көбейіп, өрісіміз кеңейеді деп отырмыз. Біздің кәсіптің барлығы да жол арқылы жүзеге асады. Өңірімізге келген әрбір туристің жол амандығы аса маңызды», – дейді ауыл кәсіпкері Мейірбек Тұрлықожаев.

Ақбас шыңдары алыстан «мен мұндалайтын» таулы өлкеге алып баратын Кеген-Нарынқол республикалық маңызы бар тасжолында да жөндеу жұмыстары басталғалы бері жергілікті халықтың қуанышында шек жоқ. Өйткені бұл аралықтағы жолдардың жөндеу көрмегеніне жарты ғасырға жуықтаған. Жергілікті жұрт «құрақ көрпе» атап кеткен  қырық жамау жолдың азабы аудан жұртшылығын әбден қажытқан еді. Енді міне, жолдың тегістеле бас­та­ғаны жолаушылардың көңілін көкке бір көтеріп тастағандай. Биыл ұзын­дығы 74 шақырымды құрайтын тас жол жаңғыртылып жатыр. Қазір 15 шақы­рымның негізгі, 14 шақырым жабынның төменгі қабаты салынған. Қалған бөлігінде де жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр.

– Осы жобаға 50-ден астам техника мен 70-тен аса адам жұмылдырылған. Жұмыс кестеге сай жүзеге асырылады. Жыл аяғына дейін 47 шақырымның жартысына асфальт төсеуді жоспарлап отырмыз. Жалпы құны 7,9 млрд теңгені құрайтын жоба екі жылға бекітілген. Келер жылдың соңына дейін халық игілігіне беріледі, – дейді жоба жетекшісі Қанат Әбілқайыров.

Бұл игілікті іске ең алдымен такси жүргізушілері қуанып жүр. Шұрық тесік жолдан көліктері бүлінумен қатар, қайғылы жағдайға душар еткен жол-көлік оқиғаларының да жиілегенін өкінішпен еске алып, «жол сапасы жақсарса қиындық атаулыдан құтылар күн жақындай түсер» деген үмітте.

«Ыстық суымен» әйгілі Қарадала өңірінде де 85 шақырым күрежолда орташа жөндеу жұмыстары жүріп жатыр. Жоба құны – 8 млрд теңге. Нысандағы жұмысқа 50 жұмысшы, 40 арнайы техника жұмылдырылған.

– Қазір Ұйғыр ауданында екі учаскеде жол құрылысы қарқын алған. Көк­пек-Шонжы бағытында 43 шақырым, Шонжыдан Жаркентке қарай бетон жолға дейін 42 шақырым жол жасалып жатыр. Жұмысқа жергілікті тұрғындардың 40%-ы тартылды. Жол жөндеу жұмысы күн суыт­қ­анша жалғасады. Қалғаны келер жыл­дың аяғына дейін аяқталады», – дейді Д.Тепышев.

Айта кетелік, «ҚазАвтоЖол» ҰК Алматы облысындағы филиалы Алматы облысы бойынша республикалық маңы­зы бар автомобиль жолдарын жөн­деу­мен, күтіп ұстаумен айналысады. Қазірде филиалға қарайтын облыстағы респуб­ликалық жолдар же­лісінің ұзындығы – 1 734 шақырым. Оның 681 шақырымы 1-санаттағы жол, 328 шақырымына цементбетонды жабыны төселген.

Алматы облысы 

Соңғы жаңалықтар мен жаңартуларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан бақылауды жалғастырыңыз, біз жағдайды қадағалап, ең өзекті ақпаратты ұсынамыз.
seeКөрілімдер:239
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 04 Қараша 2025 07:58
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Талдықорғандағы түнгі төбелес видеоға түсіп қалды

19 Қыркүйек 2026 09:36see159

Уақытпен үндескен ұрпақ

19 Қыркүйек 2026 05:07see149

Бізге келген америкалық конгрессмендер қалалардың тазалығына таңғалды Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 17:11see149

Ұлттық тазалық стандартын әзірлеу қажет деп санаймын. Бұл уақыт талабы Тоқаев

19 Қыркүйек 2026 15:29see148

Қостанай облысында аурухана медициналық жабдықтарды сатып алуда бәсекелестікті әдейі шектеген

19 Қыркүйек 2026 11:28see147

Көкшетауда студент қыз көлік тұрағына байланысты ер адаммен болған жанжал кезінде жарақат алды

19 Қыркүйек 2026 10:05see145

Қазақстаннан 558 спортшы қатысады: Нагояда ХХ жазғы Азия ойындары ашылды

19 Қыркүйек 2026 19:12see141

Жамбыл облысында бұрынғы әйелін қорқытқан ер адам қамауға алынды

19 Қыркүйек 2026 20:17see140

Дания Украинаға 276 млн доллар көлемінде жаңа көмек пакетін жіберуді жоспарлап отыр

19 Қыркүйек 2026 20:17see137

Әрқашанда еліміз туралы ойлап, Қазақстанға қамқоршы болыңыздар Президент қазақстандықтарға үндеу жасады

19 Қыркүйек 2026 17:01see135

Хуситтер Сауд Арабиясына зымырандар мен дрондар арқылы шабуыл жасады

20 Қыркүйек 2026 09:51see131

Қазақстанның бірқатар өңірінде найзағай, бұршақ пен күшті жел күтіледі

20 Қыркүйек 2026 09:27see130

Трамп БҰҰ Бас ассамблеясында бейбіт келісімдер мен егемендікті талқылайды Уолц

20 Қыркүйек 2026 11:06see126

Қарағанды облысында 200 ге жуық шошқа тиелген жүк көлігі жол апатына түсті

19 Қыркүйек 2026 13:07see125

Қазақы тазылар асылдандыру жүйесіне енгізіледі

20 Қыркүйек 2026 11:51see122

Цифрлық дәуірдегі дала

19 Қыркүйек 2026 06:47see122

Жаңа iPhone 18 сатылымға шықты: әлемнің бірнеше қаласында ұзын сонар кезек пайда болды

19 Қыркүйек 2026 14:33see121

90 км/сағат жылдамдық: Алматыда электр самокат мінген ер адам көз жұмды

20 Қыркүйек 2026 08:01see120

Таразда тәулігіне 3000 тонна қызылша өңдейтін зауыт іске қосылады

19 Қыркүйек 2026 11:06see116

Ресейдегі парламенттік сайлау: бақылау күшейіп, оппозиция шеттетілді

20 Қыркүйек 2026 22:23see114
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары