Жол жабылғаны туралы ескертуді елемеген жүргізушілер қомақты айыппұл төлейді
Aikyn.KZ парақшасынан алынған ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабарлайды..
Енді қыста жолдағы қауіпті елемей, тыйым салынған уақытта жолға шыққандар жауапқа тартылады. Ережеге сай, жол жабылғаны туралы хабарламаға құлақ аспаған жүргізушілер 118 мың теңге айыппұл төлеуге міндеттеледі, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап.
Бұл айыппұл алғаш рет ереже бұзғандарға қолданылады. Ал заң бұзу қайталанса, 15-тен 20 тәулікке дейін әкімшілік қамауға алу жазасы қарастырылған.
Дегенмен кейбір жүргізуші жабық жолға шығарда байланыс аумағынан тыс жерде болғанын немесе телефон қуаты таусылып, шектеу туралы хабарламаны көрмегенін алға тартады. Мұндай жағдайда уәкілетті органдар жол ережесін бұзған уақытты нақты тексеріп барып шешім қабылдайды.
– Құқық бұзу қайталанса, әкімшілік қамауға алу шарасы қолданылуы мүмкін. Бұл әрекет Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 667-бабына сәйкес қарастырылады. Негізінен мұндай істерді полиция органдары жүргізеді. Қазір нақты мәлімет толық емес, бірақ бұған қатысты әкімшілік жауапкершілік бар екенін атап өтеміз, – деді Төтенше жағдайларды жою департаментінің бас маманы Магомед Ахриев.
Бұл тақырыптағы басқа жаңалықтар:1 желтоқсаннан бастап заң бұзған жүргізушілер айыппұл төлейді
01 Желтоқсан 2025 11:38
Қазақстанда тоқтау сызығын бұзғаны үшін жүргізушілер қанша төлейді?
25 Қараша 2025 12:19
Тараз тұрғыны баласы сабаққа бармағаны үшін айыппұл төлейді
30 Қазан 2025 20:14
Медициналық қалдықтарды дұрыс сақтамаған павлодарлық компания қомақты айыппұл арқалады
10 Қазан 2025 15:37
Ниқаб кигендер айыппұл төлейді: мәжіліс заңды екінші оқылымда қабылдады
03 Желтоқсан 2025 16:24
Көрілімдер:61
Бұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 16 Желтоқсан 2025 18:17 



Кіру
Жаңалықтар
Ауа райы
Магниттік дауылдар
Намаз уақыты
Қымбат металдар
Валюта конвертері
Кредит есептегіш
Криптовалюта бағамы
Жұлдыздар
Сұрақ - Жауап
Интернет жылдамдығын тексеріңіз
Қазақстан радиосы
Қазақстан телевизиясы
Біз туралы








Ең көп оқылғандар


















