Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Жошының жорығы мен жосығы

Жошының жорығы мен жосығы

Egemen.KZ парақшасындағы ақпаратқа сәйкес, Qazaq24.com хабар таратты..

Осыдан шамамен 800 жыл бұрын Жошы хан айтты деген сөз бар. Оған дейін орман елдерін бағындырып, қаншама халықты қантөгіссіз тізе бүктірген Шыңғыс қағанның тұңғыш ұлы сол кездегі Қыпшақ даласы, қазіргі Қазақ даласына біткен Ұлытауды көргенде: «Төрткүл әлемді шарласаң да мұндай жанға жайлы жер, таза ауа, дәмді су, кең шалқар соныны іздесең таппассың», деп тұрып қалған екен.

Суретті түсірген – Ерлан ОМАР, «EQ»

Мұны осы дәуірлердің шежі­ресін байыптап хатқа түсірген Әнес Сарай Жүз­жани атты ежелгі тарихшыдан алғанын жазады. Ұлы қағанның басқа ұлдарынан бөлініп, өзі сүйген осы ұлы далаға бет бұрып хандық құрған Жошының жүріп өткен жолынан оның жүрегі мен ұстанған жөні мен жосығы көрінеді.

Қазақ хандығының ежелгі атасы Жошы ұлысы туралы кейінгі онжылдықта аз айтылып жүрген жоқ. Даламыздағы ең ұлы сарын да, жыр үлгісі де, тіпті хан мен қараша жұрт арасындағы ұлы диалог та Қазақ хандығының түпбастауында жатқан Жошы ханнан басталады. Ұлы «Ақсақ құлан – Жошы хан» күйінің елімізде оннан астам түрі сақталған деседі. Ұлтымыздың ең байырғы күй­лерінің бірегейі Жошы хан есімімен байланысты, қазақ жанының бөлінбесі домбыраға тіл бітіргенін көрмейсіз бе? Шыңғыс қаған тұңғыш ұлымен қош айтысса, Алаш баласы ұстаған домбыраның өзі сол кезде бір ішегінен айырылып қападар күй кешіпті деседі тауарих. Ал киіз туырлықты қыпшақтар ше? Жүрек қалауымен келген аяулы ханынан көз жазды. Осыны ойлағанда ақсақ құлан емес, алдыңнан асқақ күмән қылаң ұратыны, әрине басқа әңгіме. Сондықтан Жошының жұмбақ өлімі хақында мәңгі өлмес дүниелер ғасырлардың иығын талдырып, дәуірлерді артқа тастап бізге жетуінің өзі ерекше мәнге ие. 

Ұлытау жерінде күмбезі жарқырап Жошы хан кесенесі осы күнге жетіп, бүгінде мазар айналасы тарихи-мәдени үлкен кешенге айналып, туристік нысан болғаны, әрине мақтанарлық жағдай. Ұлы Шыңғыс қаған балаларының арасында ерте өлген ең тағдырлы тұлға һәм ерекше дарынымен тарих есіне тұтқан ақылы кемел ханның кесенесі қазақ жерінде қалуы – ұлттық мерейіміз. Басқа ұлдарының кесенесі тұрмақ, жатқан жері белгісіз деседі білетіндер. Ал Жошы ханның жөні де, жосығы да бөлек.

Жошы жастайынан махаббатқа малшынып өседі. Шыңғыс ханның басқа балаларындай, туған бауырлары Шағатай мен Үгедейдей қиғаштығы жоқ, өзімен өзі біртоға әрі үлкен жүректі парасат иесі ретінде қалыптасады. Ол бала күнінен анасы Бөрте ғана емес, әжесі Өгеліннің, қала берді Темулін апасының бауырында аунап-қунап, қулық-сұмдығы былай тұрсын, жауыздықтың не екенін білмей ержетеді. Үнемі кешірімді, жаны ізгілікке қаншалықты жуық болса, қайсарлығы мен батырлығы да бір мысқал кем түспейтін Жошының әкесі қағанның басқа ұлдарына қарағанда қасіреті де сол болады. Жолы да болғыш, сонысына қарай тағдыры да ауыр жеңімпаз тұлға. Жүрегінде махаббат, елге деген жанашырлық сезім молайған сайын адам тағдыры да ауырлай берері тарихтан белгілі болса, соның бір мысалы Жошы дер едік. Шыңғыс хан ұлдарының кім екенін тану мақсатында төрт ұлына қойған сұрағы мен олардың жауабы айтылатын ел аузында жүрген аңыз бар еді ғой. Қалған үш ұлының жауабы бір-бірінікіне ұқсас: жер жүзін жаулау, дүниені бағындыру, билігін күшейту болса, Жошының жауабы ғана өзгеше тұрыпты шықпаушы ма еді? Онда ел шауып, қан ағызу жоқ, үйір-үйір жылқы айдап, бейбіт елдің берекелі тіршілігін елестету ғана көрінеді. Сол ниеті мен пейіліне берген шығар, барлық қазақ ханының атасы Жошы ұлысы бүгінге дейін қарашаңырақ, түгел түркі жұртының төрі ретінде атын жоймады. Сонау мыңжылдықтардан тамыр тартқан ру-тайпалар мен ірілі-ұсақты елдер байырғы мекенінде отырғанын көреміз. Қаншама ғасырлар мен дәуірлерден бері үзілмей келе жатқан алтын жүлгенің арналы басында ұлы Шыңғыс қаған мен оның парасатты һәм даңқты ұлы Жошының тұрғаны қазіргі Қазақстанға мақтаныш қана емес, өлмес мұрат, сөнбес шырақ, ұрпаққа рухани қуат дер едік. Жошыдан туатын Орда Ежен мен Бату ханның тұқым-тұяғы – ұлт жолында жан беріп, жан алысқан төрелердің соңы күні кешегі Әлихан Бөкейханға бір-ақ тіреледі. Әкесі, ұлы қаған жарлығымен қылышын қанға суарып, ел шапқан оның жорық сайын қыбы қанып, мерейі асқанын көрмейміз. Жан-жағын жаулап, тәмам түркіні біріктірем деп жүргенде, ол мұраты төрткүл дүниені бағындыруға ұласып кеткен әке жарлығы төбесінде тұрса; көзі ақиып, жүрегіне кек қатып, қан тілеп тұратын Шағатайдың шалдуар, кесір мінезі алдынан шыға берсе... Қанша қаһарман, батыр болғанымен, онымен тайталасар ішіңде соншама ақыл-парасат жатса, Жошының тағдыры әкесінікінен де ауыр да азапты, күрделі де мехнатты өмір. Оның Шыңғыс ханнан бұрын қайтуында да осындай сырдың ұштығы жатса керек. Сырттан келген дау емес, қаруланған қол емес, іштен жеген «жау» жаман. Ол қандай «жау» десеңіз, ханзада кезінде әке жарлығымен ұлы жорықта жүріп, Құтұқа бастаған екі мыңға жуық ойратты қапыда қырып салудың орнына, аман-есен жібере салатыны бар. Сонда тұтқиылдан тап берер жерде тұрып былай ойлайды: «Қаны бір, жаны егіз, салты ұқсас осыншама жұрт бір-бірімен неге сонша бітіспес жаулыққа барады, осыншама қан-қасаптан пайда көретін кім?» деп ойлады. Күшейген са-йын маңын жайпап бара жатқан әкесінің мінезін түсіне алар емес». Осындай жақсылығының арқасында Жошы таңғұттар мен тағы басқа орман елдерін қан шығармай, қарамағына өткізеді. Тіпті кейбір жанашырлықтарына бола әке тарапынан жазаланатынын жазады Ұларбек Дәлейұлы «Жошы хан» романында. Бұл хан жүрегінің ізгілігіне қатысты жалғыз-ақ әңгіме. Жошыға салса, қосындары сол кездегі өркениеттің шоқтығындай Үргенішті де қан төкпей алу қисыны тұрған. Онда да Шағатай мен Үгедей інілері шабайық та, шабайықтың астына алып, ақыры ағаларын әкелеріне жазықты қылып, Жошы қосынымен қыпшақ даласындағы ордасына тартып тұрады. Оған дейінгі ұлы жорықтарында да Сібірдің орманындағы түбі түркі халықтарын қантөгіссіз, бейбіт бағындырғаны туралы деректер жетерлік. Міне, осылардың басын қоса келе сараптағанда, Жошы ұлысының негізінде жаулап алудан гөрі жанашырлық, қан төгуден гөрі қамқорлық, ақыл мен парасат ұрығын еккен ізгілік жатқанын мақтан етуге тиіспіз. Жорықтан гөрі жөн-жосықты мұрат тұтқан Жошы ханның жұрты мүмкін сондығынан жасап келе жатыр. Лайым солай болсын!

Соңғы жаңалықтар

Астана – Шымкент бағытында ұшақтар күніне 4 рет ұшатын болады

Қазақстан • Бүгін, 11:47

Енді борышкерлердің банк шоттары толық бұғатталмайды

Банк • Бүгін, 11:38

Израиль мен Ливан арасындағы бітім үш аптаға ұзартылды

Әлем • Бүгін, 11:35

«Барселонамен» келісімшартқа отырған қазақ баласы Ұлттық құрамаға шақырту алды

Спорт • Бүгін, 11:20

Теміртауда құрылыс алаңында 3 баланы тоқ соқты: Қылмыстық іс қозғалды

Оқиға • Бүгін, 11:15

Қостанайда соғыс ардагерлеріне 5 миллион теңгеден аударылды

Өшпес даңқ • Бүгін, 11:05

Қоғамдық орындарда тұмшаланып жүру: Алматы полициясы даулы видеоға қатысты мәлімдеме жасады

Қоғам • Бүгін, 10:57

Еуропалық одақ еліміздің тағы бір компаниясына санкция салды

Экономика • Бүгін, 10:47

Астанада төрт қабатты ғимарат өртенді

Оқиға • Бүгін, 10:38

Депутат: Стационардан шыққан нашақорларға әлеуметтік қолдау қажет

Парламент • Бүгін, 10:22

Енді «Сергек» камералары күмәнді әрекеттерді автоматты түрде тіркейді

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 10:10

Алматыда аялдамада зейнеткерді аяусыз соққыға жыққан ер адам ұсталды

Оқиға • Бүгін, 09:58

Ақтауда 2 жасөспірімге бір топ адам шабуыл жасады

Оқиға • Бүгін, 09:54

Астанадағы көшелердің бірінде көлік қозғалысы ішінара шектеледі

Елорда • Бүгін, 09:50

Еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады

Ауа райы • Бүгін, 09:45

Барлық жаңалықтар

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:168
embedДереккөз:https://egemen.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 24 Сәуір 2026 13:02
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Астанада ұйымдасқан қылмыстық топ 51 адамның 400 млн ақшасын иемденіп кеткен

23 Қазан 2026 11:45see135

Абу Дабидегі Украина бойынша келіссөздер үшжақты форматта өтеді Песков

23 Қазан 2026 15:58see134

Мемлекет басшысы ұлт мәдениеті мен біліміне үлес қосқан тұлғаларды марапаттады

23 Қазан 2026 13:47see133

Қыз Жібекке сын айтқан Әуезов пен үнсіз отырған Жансүгіров: Брусиловскийдің естелігі

23 Қазан 2026 01:28see132

Әділет партиясының Іскерлік кеңесі мұнай газ секторында жаңа жұмыс орындарын ашуға бағытталған нақты қолдау шараларын әзірлеуде

23 Қазан 2026 09:44see132

Алматыда автобуста ер адаммен жанжалдасқан қызға айыппұл салынды

23 Қазан 2026 09:42see130

Елу жастан асқан 10 мыңнан астам қазақстандық жұмысқа орналасты

23 Қазан 2026 19:26see130

Алдағы сайлау партия үшін маңызды саяси кезең

24 Қазан 2026 01:43see129

Republic Day және Bereke Fest: жекелеген тауарларға 50% ға дейін жеңілдік

23 Қазан 2026 18:33see129

Республика күнінде мамандандырылған ХҚКО мен ХҚКО лар қалай жұмыс істейді кесте

23 Қазан 2026 11:34see129

​Атырауда мерекелік демалыс алдында екі ХҚКО кезекпен жұмыс істейді

23 Қазан 2026 20:38see126

​Атырауда TikTok та бейәдеп сөз айтқан қыздың анасы жазаланды

23 Қазан 2026 20:38see123

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

23 Қазан 2026 23:56see123

Орташа жалақы 486 мың теңгеден асты

23 Қазан 2026 21:12see123

Вице Президент қоғам қайраткерлерін марапаттады

24 Қазан 2026 03:29see115

Құлсарыда мектеп жанындағы жер қараусыз тұр

23 Қазан 2026 20:38see114

Нұртан Ыдырысов Нидерландтағы әлем чемпионатының финалында өнер көрсетті

23 Қазан 2026 22:07see112

Дженсен Хуанг: интернатта өскен бала NVIDIA компаниясын қалай құрды

24 Қазан 2026 15:44see112

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты

24 Қазан 2026 15:04see111

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

24 Қазан 2026 14:06see111
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары