Qazaq24.com
Qazaq24.com
close
up
RU
Menu

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыста бесінші орын алды

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

Референдум әлемдік БАҚ назарында

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

Жошының хандық құрған кезінен қазіргі мемлекетіміздің сұлбасын анық көре аламыз Ұларбек Дәлейұлы

Жошының хандық құрған кезінен қазіргі мемлекетіміздің сұлбасын анық көре аламыз Ұларбек Дәлейұлы

Inform.KZ парақшасынан алынған деректерге сүйене отырып, Qazaq24.com жаңалық жариялайды..

– Ұларбек Дәлейұлы, сіз елге ақын ретінде танылдыңыз, соңғы кездері тарихи көркем прозажазып жүрсіз. Бұл бағытқа қалай келдіңіз?

– Айта берсек, әңгіме көп қой. Өлең-жыр қанына сіңген ұлтпыз. Туған тау, өскен жеріміздің бәрі өлеңдетіп тұрады. Содан болар, жастай кітапқа, өлеңге әуестендік. Уақыт өте келе ұлт мәдениетіне бір үлес қосып кету үшін өлең аздық ететінін түсіндім. Жастайымнан оқыған тарихи кітаптардың әсерімен өткен замандарға әуесім ауа бастады. Оның үстіне қызылдар жазған жалған тарихтың кесірінен рухымыз қаншама жапа шегіп отырғанын түсіндім де, тарихи-деректі романдар жанрына бірден ден қойдым. Оқыған мамандығым да осы салаға сай еді. Қазіргі соншама дамыған интернет заманында көлемді тарихи дүниелер жазудың да мүмкіндігі ұлғая түскені тағы бар.

– Қазақ хандарының атасы болған Жошы хан туралы роман жазуға қалай тәуекел еттіңіз, қандай дайындықпен келдіңіз?

– Оған тәуекел ету оңайға түскен жоқ. Мысалы, Шыңғыс қаған жайлы жазу одан гөрі оңайырақ болар деп ойлаймын. Ал Жошы хан образын алып шығу, оның төңірегіндегі түрлі алыпқашпа өсек-аяңға ұласқан хикаялардың ішінен ең дұрысын таңдау оңай емес еді. Бұл тұрғыдан келгенде Рашид ад-Дин, Жувәйни қатарлы тұлғалардың еңбектері әжептәуір ес қатқан жайы бар. «Жошы хан жайлы жазамын» деген бекімге келген соң, осы тақырыпты арнайы зерттеуге, ежелгі құнды деректер мен бертінгі мықты деген ғалымдардың еңбектерін саралауға біраз уақыт жұмсадым. Жошы хан жүріп өткен жорық жолдарын (Қытайдан өзге) шарлап шықтым. Дайын болдым-ау деген кезде жазу үстеліне біржола отырдым.

– Роман жазылғалы бір жыл өтті. Оқырман бағалады, зиялы қауым не дейді?

– Роман жарық көріп, бірер ай өткен соң оқырмандар оң бағасын беріп, жан-жақтан хаттар да жауып кетті. Қиыр аудан-ауылдардан хабарласып немесе іздеп келіп, жолығып әңгімелескендер көп болды. Ал зиялы қауым санатындағы біраз ағаларым да жақсы бағасын беріп, бет алған сапарыма ақжол тіледі. Мысықтілеу аға-бауырлар да жоқ емес екенін көрдік… Өз басым бір нәрсеге – қашан да әділ уақыттың бағасына жүгінгенді жөн көремін.

Фото: Midjourney

– Бұл шығарма желісімен телехикая түсіру туралы ұсыныстар болды ма?

– Бірнеше қордан, жеке студиялардан хабарласты. Оларға: «Есугейден бастап, Жошы хан өлімінен аяқталатын, үш буын ұрпақтың жанкешті заманын, сұрапыл соғыс майдандарын көрсететін телехикая түсіру үшін өте қомақты қаржы керек. Оған мемлекет қолдау көрсетпесе, жеке қорлардың шамасы жетпейді», – дедім. Шынымен де, тарихи сериалдар түсіру үшін кететін қаржы мөлшері өте көп. Оны енді алдағы уақытта көрерміз.

– Жошы ханның қазақ тарихында алатын орны қандай?

– Біздің тарихымыз Шыңғыс пен Жошыдан басталмайтыны ақиқат. Арыдағы ғұндар мен көк түріктер заманының өзі аздық етеді. Біз – әлемге ұлы өркениет шуағын сепкен, адамға тән тәртіп пен бақытты өмір үлгісін көрсеткен көшпенділер тұқымымыз. Алайда енді ғана тәуелсіздік алып, етек-жеңімізді енді жинап жатқандықтан, бізге әлі талай жұмыс атқаруға тура келеді. Жошы ханның Дешті Қыпшақта хандық құрған мезгілінен қазіргі мемлекеттігіміздің сұлбасын анық көре аламыз. Алтын Орда сияқты алып империя құрған Бату ханнан бастап, кешегі Кенесары, Әлихан Бөкейханға дейін сол Жошы ханның тұқымы болғандықтан, Жошы бейнесі біз үшін аса қастерлі, қымбат.

Кей зерттеушілер «Жошы хан тағына отырған жоқ, Қыпшақ даласын даруғашы ретінде басқарды» деген пікір айтады. Десе де, Рашид ад-Дин бастаған ғұламалар жазып қалдырған деректерге үңілсеңіз, Шыңғыс қаған көзі тірісінде-ақ төрт ұлына хан атағын беріп тастағанын аңғару қиын емес. Сол дәуірде ең ұлы билеуші қаған болды да, оған қарасты қиыр ұлысты басқарушылар хан лауазымымен билік жүргізді.

Фото: Midjourney

– Жошы ханның жұмбақ өлімінің сыры неде? Жошының өлімі туралы әртүрлі аңыздар бар, сіз қай нұсқаға сенесіз?

– Бір істі анық білу керек: Жошы хан өлгенге дейін қағанаттың Шыңғыстан кейінгі тағына отыратын мұрагері ретінде арнайы сынақтардан, тәрбиеден өтті. 1207 жылы, 25 жасында, қаған әкесінің жарлығымен қазіргі Якутия жері, Саян таулары мен Байкөл маңын мекендейтін, сол заманда «Ағаш елі» атанған түрік тайпаларын түгел бағындырып келіп, тұңғыш рет сол байтақ аумақты иелігіне алды. Әкесінің ризашылығымен һәм жарлығымен. Содан бастап оның өмір жолы небір сұрапыл шайқастарға, даңқты жеңістерге толы болды. Түстік Қытайды, батыста Хорезмді шабу соғыстарында Жебе ноян мен Сүбітай баһадүр үшеуі ең алдыңғы шепте, майдан өтінде жүріп әбден сыналды.

Оның өлімін әкесінен көретіндер де, Құлан қатыннан көретіндер де бар. Өзінің тағына мұрагер ретінде тәрбиелеп отырған, ең ақылды, парасатты, батыр ұлын не үшін өлтіруі керек? Ал Құлан қатын 1224 жылы Хорезм жорығынан қайтқан жолда, қазақ жерінде қайтыс болғаны мәлім. Жошыдан үш жыл бұрын өлген Құлан қатын қайтып көрінен тұрып келіп Жошыны өлтіре алады?

Қысқасы, әркім өз көзқарасын дәлелдеуге тырысады ғой. Өз басым оны не өз ажалынан кетті, болмаса інісі Шағатайдың қастандығынан өлді деген тұжырымға келемін. Анығын бір Жаратушы өзі білер.

– Жошы ханның анасы туралы айтып берсеңіз. Жошының жастық шағы қалай өтті?

– Жошы ханның анасы Бөрте қатын – бала жігіт Темужіннің ең сенімді, адал серігі бола білді. Өлер алдында Жамұқа айтты деген сөз бар ғой: «Сенің соғыс тактикаң да, әдіс-айлаң да, парасатың мен ерлігің де менен артық емес еді. Менен артық жерің – Бөртедей мықты жарың болғанында», – дейтін мағынада айтылатын. Демек, адамзат тарихында айрықша орны бар төрт қасқыр ұл мен бес қыз туып, тәрбиелеген Бөрте қатынды ешқашан айтпай кетуге болмас.

Өмірінің соңғы жылдарында қағанаттағы ең құрметті адамға айналған оған Шыңғыс қағанның өзі Жошының өлімі жайлы естіртуден сескенген. Қасындағы атақты нояндар мен баһадүрлер де не істерін білмей тосылып қалады. Сонымен қаһарлы Шыңғыс мынадай айла табады. Әрине, қаған жарлығы Тәңір бұйрығы ретінде қабылданады, ешкімнің бұлтаруға мүмкіндігі жоқ. Сол ізбен Бөрте-енеге арнап арнайы жарлық жаздырады:

«Мәртебелі хан ұлдар мен бегім қыздардың анасы, Тәңірі алқаған Шыңғыс қағанның ханымы Бөрте енеге мәлім болғай! Біздің бабаларымыз Марал көлінде Тәңір шапағатынан жаралған. Олар Бөрте-бөрі мен Ғуа марал еді. Ұлымыз Жошы да Тәңір шапағатымен Бөрте ененің құрсағында жаралып, бізге уақытша ханзада ретінде жіберілген екен. Көктен жарлық келіп, Жошы ұлың Бөрі бабамыз туған мекенде Тәңір ғұзырына кетіпті. Қазаға қарсыласу Көкті қаһарландырады. Көкте – Тәңір, жерде – қаған бір. Әлем иесінің таңба мөрі».

Тұңғыш ұлының қаралы хабарын зарлы Бөрте ене осылай естіген екен.

Коллаж: Midjourney / DALL-E

Жошының балалық шағы Өгелін әжесі, Бөрте шешесі және апа-екесі Темужін қатарлы үш ананың баулуында өткені белгілі. Оның кез келген соғыста бірден қырғын жасауға, қалаларды қиратуға қарсы болуы да содан. Үш ананың өнегесін алған оның қанға шөлдеген осынау зұлмат ғасырда ерекше мейірімді болуына ықпал етті. Үргеніш түбіндегі інілерімен болған қатты ерегес те осындай мейірімділігінен болғанын тарих айшықтап тұр.

– Жошы ұлысының сол кезде шаңырағын көтеріскен тайпалар кімдер болды?

– Жошы ұлысы ғана емес, Шыңғыс құрған алып қағанаттың, кейінгі Бату хан туын көтерген Алтын Орданың уығын шанышқан, мерейін асқақтатқан, қан кешу жорықтарына қатысып, «Шеп ішінен ту алған, дулығалы бас кескен» батырлар мен түмендердің барлығы қазіргі қазақ ішіндегі тайпалар мен рулар. Қазіргі қазақтар – Шыңғыс құрған алып қағанаттың негізгі діңі, тіреуі болды.

«Біздің тарихымыз соншама даңқты, соншама әйгілі, рухты еді» дейтінім содан. Сондықтан біздің болашағымыз әлі алда.

Фото: Ұларбек Дәлейұлының мұрағатынан

– Қазір не жазып жүрсіз?

– Таңдап түскен тақырыбым Жошы хан болған соң, келесі кітаптарым да Бату хан және Алтын Орданың жазылмаған ақтаңдақ тұстары болары белгілі. Жоспар үлкен, мақсат зор. Оның бәрін өз уақытында көрерміз.

Қазір айта кететін жаңалығым – сол «Жошы хан» тарихи-деректі романының жалғасы іспетті «Бату хан» деген романымды аяқтап қалдым. Бұйырса, алдағы қараша айында оқырманға жол тартады деген үміт пен жоспар бар. «Фолиант» баспасымен келісімшартқа отырып, редакциялық жұмыстары басталып та кетті.

Бұл роман да әуелгі бағытым бойынша тарихи-деректі дүние. Одан соншама бір көркемдік пен қиял іздеп әуре болудың керегі шамалы дер едім. Нақты тарихи құжаттар мен деректерге, анық таңбаға түскен жазбаларға негізделген соң, «роман жазғанның жөні осы» деп артық қиялға бой ұрып, шын тарихтан алшақтап кетуді жөн көрмедім. Бағасын патша көңіл оқырманым өзі берер.

Айта кетейік, жазушымен кездесуді MARWIN/Meloman дүкендер желісі ұйымдастырды.

Жыл сайын мыңдаған оқырманды біріктіретін BOOKFEST биыл да ауқымды бағдарлама ұсынып отыр:

• үздік кітаптар жеңілдікті бағамен;

• сыйлықтар мен тосынсыйлар ұтыстары;

• отандық және шетелдік авторлармен кездесулер;

• танымал кәсіпкерлермен ашық сұхбаттар;

• шеберлік сағаттары, дәрістер және автограф-сессиялар.

Фестиваль аясында әртүрлі жастағы, түрлі қызығушылықтағы адамдарды біріктіретін үлкен әдеби алаң қалыптасады. Оның басты мақсаты – оқырмандарды әлемдік әдеби жауһарлармен таныстыру, оқу мәдениетін күнделікті өмір салтына айналдыру және отандық авторларды қолдау.

Шара аталған дүкен желісі бар қалалардың бәрінде 31 қазанға дейін жалғасады.

Бұған дейін, белгілі тарихшы Жақсылық Сәбитов Алтын Орда тарихы туралы қате түсініктерді түзеп, жаңа кітап жазатынын айтқан еді.

Оқиғаларды жіберіп алмау үшін Qazaq24.com сайтынан ең өзекті жаңалықтарды қарап отырыңыз.
seeКөрілімдер:84
embedДереккөз:https://kaz.inform.kz
archiveБұл хабарлама дереккөзден мұрағатталған 21 Қазан 2025 12:49
0 Пікірлер
Кіру, пікір қалдыру үшін...
Жарияланымға бірінші жауап беріңіз...
topЕң көп оқылғандар
Қазір ең көп талқыланатын оқиғалар

Ерлан Қарин: Қазақстандықтар ел болашағын таңдау туралы шешім қабылдауда

15 Наурыз 2026 08:08see115

Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан қаза тапқандар саны 23 адамға жетті

15 Наурыз 2026 04:41see114

Алматы 2024 жылғы референдумда дауыс беру көрсеткіші бойынша белгіленген межеден асып түсті

15 Наурыз 2026 18:08see114

Алматыда Тәуелсіз бақылаушылардың Ақпараттық штабының алдын ала қорытынды брифингі өтті

15 Наурыз 2026 21:39see114

Формула 1 Бахрейн мен Сауд Арабиясындағы Гран при жарыстарын өткізбейтін болды

15 Наурыз 2026 06:38see114

Референдум 2026: Геннадий Головкин Таиландта дауыс берді

15 Наурыз 2026 09:38see113

Лондондағы қазақстандықтар таңғы уақыттан бері референдумда дауыс беріп жатыр

15 Наурыз 2026 18:08see112

Референдум күні Алматыдағы учаскелердің бірінде Әжелер хоры ән айтты

15 Наурыз 2026 10:43see111

Тосын қошемет : Ақмола облысындағы учаскелерде ерекше акция өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 17:23see111

Қысқы Паралимпиадада Қазақстан құрамасы эстафеталық жарыста бесінші орын алды

15 Наурыз 2026 00:48see111

Қызылорда облысында референдум заң талабына сай өтіп жатыр Бақтияр Таубайұлы

15 Наурыз 2026 15:12see110

СОЦИС А exit poll сауалнама нәтижесі белгілі болды

16 Наурыз 2026 01:20see110

Референдум 2026. Шетелдегі қазақстандықтардың белсенділігі жоғары

15 Наурыз 2026 14:44see109

Өңірлердегі байқаушылар: Референдум заң шеңберінде өтіп жатыр

15 Наурыз 2026 20:01see109

Референдум әлемдік БАҚ назарында

15 Наурыз 2026 10:44see109

Дауыс беру учаскелерінде қоғамдық тәртіп бұзу фактілері тіркелген жоқ ІІМ

15 Наурыз 2026 10:05see109

Үйренетін нәрсе көп: ТМД бақылаушылары Қазақстандағы референдум туралы айтты

15 Наурыз 2026 18:19see109

Конституция есімді Тараз тұрғыны референдумда өз дауысын берді

15 Наурыз 2026 19:20see108

Референдум Қазақстан үшін жаңа тарихи кезеңді ашады Өзбекстан ОСК төрағасы

15 Наурыз 2026 16:32see108

Бүгін Маңғыстау облысында автобустар жолаушыларды тегін тасымалдайды

15 Наурыз 2026 11:20see107
newsСоңғы жаңалықтар
Күннің ең жаңа және өзекті оқиғалары